uz
Feedback
Жазушы - كاتب

Жазушы - كاتب

Kanalga Telegram’da o‘tish

Бұл арнада өз ойларым, кітаптан, өмірден алынған үзінділер. Арнайы бір бағытта емес. Мәлімет алынған жағдайда міндетті түрде арнаның сілтемесі көрсетілуі керек. Анонимдік байланыс: t.me/anonaskbot?start=3y5d8iym4zb18

Ko'proq ko'rsatish
6 959
Obunachilar
-1124 soatlar
-327 kunlar
-8830 kunlar
Postlar arxiv
Кезінде қызбен танысқанда: “Кімнің уағызын тыңдайсың?” деп сұрайтын едік, қазір: “Қай коучты тыңдайсың?” 😀

Бір мәнсіз, орынсыз, жора-жолдастың әйеліне қатысты әзілдің өзі бір отбасының ажырасуына себеп болады. Әсіресе ер адамдар осыны ескерсін. Сөз иесін табады. Ауызға ие болу керек - бұл кейбір ер адамдарға қатысты.

Бір мәнсіз, орынсыз әйеліне қатысты әзілдің өзі бір отбасының ажырасуына себеп болады. Әсіресе ер адамдар осыны ескерсін. Сөз иесін табады. Ауызға ие болу керек, кей ер адамдарға қатысты!.

Сөйлесіп жүрген жігіттің табысын қалай табатынын және оны қайда, қалай жұмсайтынын білу керек. Арам жолмен табатын болса, немесе бір уақытта шашып жіберетін болса, ондай жігітті қоя салу керек.

Кей әйелдің “глупая логикасы”. Егер күйеуі әйеліне қалағанын киюге, сыртта боянып, жарқырап жүруіне рұқсат берсе - ол еркектік.

Женский солидарность - деп алып, өтірік болсада қолдап сөйлеу қате ғой. Тіпті адам ақысына кіріп кетеді.

Чайлдфри адамдар, ұлтты сүймейді. Бірақ келіп, хиджаб таққандарға ұлт, дәстүр жайлы әңгіме айтады.

Имам Ахмад (Алла оған разы болсын) айтады: «Өткен өтті. Оны енді ғибрат алу үшін ойлауға болады. Келешекке арқа сүйелмейді. Себебі, бұдан кейін өмір сүретініңіз мәлім емес. Олай болса, көңіл бөлетін уақыт өзіңіз тірі тұрған сәтіңіз. Біз тек соған ғана иеміз. Не істей алсаң, қазір жасап қал».

Пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбар ﷺ айтты: «Раббысын еске алатын адам мен еске алмайтын адамның мысалы – тірі мен өлі сияқты.» 📕 Сахих әл-Бұхари

«Ей, иман келтіргендер! Алланы көп зікір етіңдер.» Құран Кәрім (Ахзаб сүресі, 41-аят)

«Кімде-кім әр намаздан кейін 33 рет “Субханаллах”, 33 рет “Әлхамдулиллах”, 33 рет “Аллаху әкбар” десе, және жүзін “Лә иләһә иллаллаһ…” деп толықтырса, оның күнәлары кешіріледі, теңіз көбігіндей көп болса да.» 📕Сахих Муслим

Сенсіз өткен түн мен күн уақытымның ысырабы. Айды көрсем, сенің жүзіңді көргендеймін. Жүректегі үнсіздік айқайдан да ауыр, Жү
Сенсіз өткен түн мен күн уақытымның ысырабы. Айды көрсем, сенің жүзіңді көргендеймін. Жүректегі үнсіздік айқайдан да ауыр, Жүрмін ауыр таспен, сағынышқа қамалғандаймын. Махаббат деген осы ма жанымды өртеген сағыныш. Саған деген махаббат, күннің сәулесіндей өшпес. - деп қоясың ғой. Кейде ақындық шеберім бар. Айды көріп, сәл пәл идея болып қалды 😀

Кеше ғана ораза басталған сияқты еді. Бүгін жаздың ортасы болыпты ғой… #ех

Қыздар талапшыл болып кетіпті дегенге айтқаным ғой. Әрине аспандағы жұлдызды пәшкі-пәшкі бірден доллар талап ету емес))

Қыздардың талабы бойынша екінші жағынан алып қарасақ, орынды. Жігітке қоятын талаптары бар ғой: “Әдепті, адал, иманды, білімді болуы, жұмысы, кәсібі болу керек деген секілді. Меніңше, бұл дұрыс. Оқыған, тоқыған, көзі ашық қыздар, ішінен намазхан қыздар, әсіресе ақида білетіндер майда-шүйде жігіттерге қарай бермейді. Ертең кейбір жігіттер де ойланып, “осылай жүре берсем, ешкім қарамай қояр, түзелейін, оқиын, кәсіп ашуға әрекет қылайын” деген ойға келсе, бұл да жақсы себеп болар деген ойдамын.

Егер досыңа сырыңды айтып, кейін ол оны көпшіліктің ортасында әзіл ретінде жариялап жіберсе немесе ертең ұрысып қалған кезде бетіңе басса, мейлі әзіл болсын, мейлі басқа жағдайда болсын, келесі жолы оған сырыңды айтпа. Және одан алыста. Өйткені сырды сақтау - аманат. Ал аманатқа қиянат жасау мен адамның сенімін ақтамау екіжүзділікке жатады.

Отбасын асырау – тек ақша табу емес, сенім мен тұрақтылық сыйлау.

Әйелге қатысты: ененің, яғни ер адам өз анасының қатесін айтса - қатынжанды. Келіннің, әйелінің қателігін айтса - мамсик. Ерлердің әйелдеріне қарым-қатынасына қатысты қателігін айтса - каблук!, деп анайды. Ешкімге әділдік жақпайды. Қазақта бітпейтін отбасылық соғыс.

Әйелінің ақшасын ала бермесін, кей ерлер. Әйтпесе кешірмесе, мойында қарыз болып қалады. Ал әйел ерінен ақша алса қарыз болмайды. 🙂

Біліп қой: адамдардың ешқайсысы сенің пайдаң үшін сенімен бірге жүрген жоқ. Олардың әрқайсысы - өз пайдасы, өз құлқының қамы үшін сенің жаныңда. Әйелің сенімен жақсы өмір сүргені үшін, әртүрлі киімдер алып бергенін үшін жүр. Балаң “мен сізге арқа сүйеймін” дейді, бірақ сенің колыңда күш-қуат қалмаса, мал-дүние бітсе - бәрі сенен сырт айналады. 📕 “Тәжул-Арус Әл-Хауи ли Таһзибин-нуфус Нәпсі тәрбиесінің асыл тәжі
https://t.me/kaatib0