uk
Feedback

Не попадись на ботовода! Telemetrio знаходить і позначає такі канали мітками 👉 Хочеш бачити мітку, оформляй підписку

Жазушы - كاتب

Жазушы - كاتب

Відкрити в Telegram

Бұл арнада өз ойларым, кітаптан, өмірден алынған үзінділер. Арнайы бір бағытта емес. Мәлімет алынған жағдайда міндетті түрде арнаның сілтемесі көрсетілуі керек. Анонимдік байланыс: t.me/anonaskbot?start=3y5d8iym4zb18

Показати більше
6 445
Підписники
-324 години
-157 днів
-11330 днів
Архів дописів
Хадис ‎تَهَادَوْا تَحَابُّوا «Бір-біріңе сыйлық беріңдер, сонда араларыңда сүйіспеншілік пайда болады».

Сен біреулерден ақша сұрайсың. Мысалы, саған 50 000 теңге керек болды. Біріншісі бермеді. Екіншісінде 50000 теңге жоқ, тек 15000 теңгесі бар екен. Қолындағы барын берді. Үшіншісі сұраған 50000 тг-ні толық берді. Бірінші адамға реніш пайда болады, себебі ол бермеді. Ойлағандай болмады. Екінші адамның берген еңбегі бағаланбайды. Ал үшінші адам сұрағаныңды толық бергендіктен, оның көмегі ерекше бағаланады. Қызығы - қолындағы барын берген жандардың жақсылығы да кейде бағаланбай қалады.

50% жеңілдікпен алып жатқандар бар ма?)
50% жеңілдікпен алып жатқандар бар ма?)

Адамдар бай болғысы келеді. Бірақ қоғамдағы байлардың кейбір істерін көріп, сонда да байлықтан бас тартпайды. Ал бір мұсылманның қателігін көріп, толықтай Исламнан бас тартады. Екінші жағынан алсақ, халқымыздың бәрі бай болғанда, бір-бірімен соғысып кетер ме еді? #түнгіой

Айнұр ұстазды бәріміз білеміз ғой. Жасы да үлкен, еңбегі де бар. Бірақ қаншама қыздар жеке басына өтіп те, қарсы сөздерін айтып жатқандар жоқ емес. Ұят болу керек қой. Роза коучқа қатысты пікірін білдіріп еді, сонша тегі атылды коуч муридтері.

Салафизмнің бір тармағында - такфиризм деген бар. Сен олардың пікірімен келіспедің бе болды, кәпірсің. “Біздікі ғана дұрыс, ұстазымыз ғана дұрыс”. Опшым, кәпірсің. 😃 Ал Роза әпшеге еріп, “феминизм” деп жүргендердің кейбірі сол бағыттың арғы жағы мен бергі жағы секілді. “Әпшенің айтқаны ғана дұрыс”. Келіспедің бе - болды, “еркек емессің” дегендей. 😌 Радикалды, догматтық феминизмнің иісі аңқып тұрғандай. Неткен агрессия деймінда. Бұларға билік берсең, хауариждің дәл өзі 🫣🤯

Бір қыз: “Тоқал жайлы нәпсілеріңе жағымды ғой. Басқа да әйел ақысын неге айтпайсыңдар? Демек, нәпсілеріңе ауып болып тұр”, - депті. Феминизмге қарсы жазбаға аргумент ретінде маған айтып жатқаны ғой енді.)) “Аа”, - дедім де, қоя салдым. Қайдан білсін бұл арнаға қаншама жыл бойы, парақшаға да қаншама дүние толтырғанымды… Діндегі барды - бар, жоқты - жоқ деп айтып келген жоқпыз ба?!! Қолдан келгенше Бұрынғы оқырмандар біледі ғой. 🙂

“Намазхандар мен хиджабтағы қыздар агрессивті” дейді. Бірақ фембикелер мен коучтардың мүридтері одан да агрессивті емес пе?!🫨 Шаршадық” дейді. Кімнен? Неден? Өздері де білмейді. Бір надан еркекті көріп, барлық еркекті тиран санайды. Еркек пікір айтса - “қысым”, талап қойса - “токсик”, келіспесе - “манипулятор”. Сосын өздерінің агрессиясын - “өзін қорғау” деп ақталады. Өздерімен өздері күресіп жүріп, шаршағандары да содан шығар бәлкім. 😏 Қысқасы, бәрі кінәлі. Тек өздері ғана-“жарақат алған періште” 😀 Оқыған-тоқыған қыздар да жүр ғой. Нәормальный, өз-өздерімен, ешкіммен дауласпай. Хиджаптағы болсын, хиджапсыз болсын. Шыны керек.

“Феминизм әйелдерге бақыт әкеледі деген түсінік - қате”. ©️ Камиль Палья Феминист, жазушы, мәдени сыншы Playboy interview, 1995.

Ер адамның әйелінен сұрануы жараспайды. Ер, ер болып қалуы керек. Сұранатын - әйелі. Ердің табиғаты жауапкершілік алу, шешім қабылдау, отбасын қорған болу. Ал әйелдің табиғаты еріне құрметпен қарау, оның көңілін табу, шаңырақтың берекесін сақтау.

Тойда отырмын. 40 жасар жас жігіт пен 26 жасар ару шаңырақ көтеріп жатыр. 30-ға келген бойдақтар, депрессия болып, жалғыздан шарап жүргендер, уайымдамаңдар. Сендердің де бақтарың алда. ))

Имам Шафиғи رحمه الله: تكبر على المتكبر مرتين “Тәкаппарға екі есе тәкаппар бол”.

Коучтардың муридтері покинул чат болып жатыр))

Олар отбасын тікелей бұзбайды. Оны астарлап бұзады. Тахбиб (التَّخْبِيب - at-takhbīb) ерлі-зайыптылардың арасын әдейі бұзу, бірін екіншісіне қарсы айдап салу, әсіресе әйелді күйеуінен алыстату немесе күйеуін әйелінен алыстату.

“Сұранып айтып кеткен” дұрыс. Қайдағы жоқ сайқымазақтар отбасылық институтты талқандамақшы.

Алламенің нәзірі хит болып жатыр ғой. Байлық үшін. Иә, рұқсат, бірақ бұл қауіпті. Ертең уәдесін беріп алып, сараң болып кетсе, міне, осы жерде сынақтың көкесі болады. Айтпағым - байлық сұрамаңдар емес. Абай болу керек.

Ақыретте кедейлер байлардан бұрын Жәннатқа кіреді деген хадисті кейбір атеистер мұсылмандардың кедей болуына дәлел етеді. Бұл негізі дәлел емес. Алайда хадистің түпкі мағынасы әрбір адамның дүниесін қайдан тапқаны және қайда жұмсағаны туралы сұралады. Байлар әрбір тиынына жауап беретіндіктен, олардың есебі көп уақыт алады. Ал кедейлерде ондай байлық болмағандықтан, олардың есебі мұншалықты көп уақыт алмайды. Опшым, байлық қайда кетті ата-ана, туыс-бауыр, қатын-балашаға, любовница, боди, ставка(

Егер әйелі кофе қаласа, ханбали мәзһабы бойынша күйеуі алып беруі міндет (уәжіп) деген есіме түседі, әр кофе ішкен сайын. Бұл
Егер әйелі кофе қаласа, ханбали мәзһабы бойынша күйеуі алып беруі міндет (уәжіп) деген есіме түседі, әр кофе ішкен сайын. Бұл есіме түскеннен кейін Ибн Қудама әл-Ханбалидің: “Әйелге қажет болған барлық тағамы мен сусыны күйеуі алып беру міндет” деген сөзі де есіме түседі. Енді біз ханбали емес, ханафи болсақ та, әйеліңнің ішкісі, жегісі келгенін алып бергенің, жерік болғасада қажеттісін алып бергенің нұр үстіне нұр. Алайда біздің ханафиде де әйелін, отбасын қамтамасыз ету - міндет (уәжіп) 😀😎

Жаның қысылса да, жүрегіңдегі иманды өшірме.

‎لا تقارن زوجتك بغيرها Әйеліңді басқа әйелдермен салыстырма. ‎هَمْسَةٌ فِي أُذُنِ زَوْجَيْنِ 📕 Һамсатун фи узуни заужайн