en
Feedback
Тіл кеспек жоқ

Тіл кеспек жоқ

Open in Telegram

Либерал қазақ басылымы Жаңалық ұсыну @qaramenbirge YouTube арнамыз: https://youtube.com/@tilkespekjoq?si=gokZeuGDIQ3Udpnn

Show more
5 119
Subscribers
+424 hours
+107 days
+11230 days
Posts Archive
⚡️Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу тәртібі өзгерді 1 қазаннан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға әлеу
⚡️Қазақстанда жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу тәртібі өзгерді 1 қазаннан бастап Қазақстанда жұмысынан айырылғандарға әлеуметтік төлем тағайындау тәртібі өзгереді. Бұл туралы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы Алмас Құрманов хабарлады. Негізгі өзгеріс — төлем алудың ең ұзақ мерзімі қысқарады. Енді жәрдемақы бұрынғыдай алты ай емес, үш ай бойы төленеді. Жәрдемақы жоғалтқан табыстың 45%-ы мөлшерінде тағайындалады. Алайда төлем көлемі сақтандырылған табыс сомасынан аспайды. Бұл шектеу жекелеген адамдардың 1 млн теңгеге дейін жәрдемақы алуына мүмкіндік берген көлеңкелі жүйені жою үшін енгізіледі. Telegram ~ Instagram ~ Threads

👀 Депутаттар 1 млн теңгеге дейін жалақы алмақ Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Есбай айтты. Құрылтай депутат
👀 Депутаттар 1 млн теңгеге дейін жалақы алмақ Бұл туралы Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Есбай айтты. Құрылтай депутаттары 600 мың теңге мен 1 млн теңге аралығында жалақы алады. Telegram ~ Instagram ~ Threads

⚡️«Иә Алла, Қазақстанды күйретші» Қазақстанға экономикалық күйреу тілеген мұғалім кешірім сұрап, жұмыстан шығарылды. Толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз! Telegram ~ Instagram ~ Threads

👀 Алматыда бүлінбеген жабын тастарды ауыстырып жатыр Бұл туралы журналист Асхат Ниязов айтып отыр. Алматыдағы Абай көшесінде бүлінбеген, ескі емес жабын тастарды ауыстырып жатыр. 📹 Видео: Асхат Ниязов | Instagram Telegram ~ Instagram ~ Threads

👀 «Президенттің тапсырмасы 2» Депутат 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салуды ұсынды Бұл туралы Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжан айтып отыр. «Интернетті шамадан тыс пайдалану баланың оқуына, кітап оқуына, спортпен айналысуына және отбасымен араласуына кері әсер етуі мүмкін», — деді ол. Бұған дейін бұл ұсынысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Естеріңізге сала кетейік, Үкімет 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң жобасын әзірлеген. Бұл құжат биыл маусым айында парламенттің қарауына ұсынылған еді. Президент Құрылтайдың бірінші отырысында депутаттарға осы мәселені талқылауды тапсырған еді.

👀 Қазақстан бейбітшілік рейтиңінде Өзбекстанға көшбасшылықты беріп қойды Қазақстан Global Peace Index 2026 жаһандық бейбітші
👀 Қазақстан бейбітшілік рейтиңінде Өзбекстанға көшбасшылықты беріп қойды Қазақстан Global Peace Index 2026 жаһандық бейбітшілік индексінде көрсеткішін жақсартып, 5 сатыға көтеріліп, 44-орынға жайғасты. Алайда Қазақстан ТМД-дағы ең бейбіт ел мәртебесі бойынша Өзбекстаннан төмен тұр. Өзбекстан рейтиңде 10 сатыға көтеріліп, 37-орынға шықты. ТМД елдері арасындағы орындар:37-орын — Өзбекстан; — 44-орын — Қазақстан; — 47-орын — Тәжікстан; — 51-орын — Армения (+21 саты); — 55-орын — Молдова; — 61-орын — Қырғызстан; — 66-орын — Түрікменстан. Telegram ~ Instagram ~ Threads

😍 Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина US Open жарысының жартылай финалына шығып, мансабын
😍 Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан теннисшісі Елена Рыбакина US Open жарысының жартылай финалына шығып, мансабында алғаш рет WTA рейтиңінің көшін бастады. Елена Рыбакина US Open жарысының ширек финалында қытай теннисшісі Чженді үш сетте жеңді жартылай финалға жетті. Рыбакина келесі аптадан бастап әлемдегі рейтиң бойынша Арина Соболенконы артта қалдырып, бірінші орынға шығады. Telegram ~ Instagram ~ Threads

👀 Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы бұрынғы қонақүйі 12,7 млрд теңгеге сатылымға қойылды Алмптыдағы аумағы 16,1 мың шаршы метр
👀 Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы бұрынғы қонақүйі 12,7 млрд теңгеге сатылымға қойылды Алмптыдағы аумағы 16,1 мың шаршы метр DoubleTree by Hilton қонақүйі қазір бос тұр. Құжатта ғимараттың бағасы шамамен 13,7 млрд теңге, ал нарықтағы құны 12,7 млрд теңге деп көрсетілген. Сауда 25 қыркүйекте сағат 09:55-те өтеді. Бастапқы бағасы — 1,9 млрд теңге. Telegram ~ Instagram ~ Threads

⚡ Ресейді сынаған Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды Бұл ақпаратты Ақмола облысының полиция департаменті растады. Қоғам
+1
Ресейді сынаған Арман Шораев 20 тәулікке қамауға алынды Бұл ақпаратты Ақмола облысының полиция департаменті растады. Қоғам белсендісі Арман Шораев әлеуметтік желіде Ресейге қатысты бейәдеп сөзі бар суретті репост жасағаны үшін 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Полиция Шораев нақты қай сөзі үшін қамалғанын нақты айтпаған. Арман Шораев — журналист әрі қоғам белсендісі. Қоғам белсендісі бұған дейін Геннадий Головкинді «Украина дұшпаны» тізіміне енгенде сынаған еді. Telegram ~ Instagram ~ Threads

🛢️ NCOC-тан 2,3 трлн теңге айыппұл өндіру уақытша тоқтатылды Қашаған кен орнын игеріп жатқан NCOC компаниясынан экологиялық
+1
🛢️ NCOC-тан 2,3 трлн теңге айыппұл өндіру уақытша тоқтатылды Қашаған кен орнын игеріп жатқан NCOC компаниясынан экологиялық айыппұл өндіру уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлап отыр. Компания сот орындаушысының әрекетіне шағым түсірген, ал сот айыппұлды өндіріп алуға қатысты құжаттарды сұратқан. Заң бойынша құжаттар сотта болған кезде, өндіріп алу тоқтатылуы керек. Сот құжаттарды қайтарғаннан кейін жұмыс жалғасады. Айыппұл Қашағандағы экологиялық талаптардың бұзылуына байланысты салынған. Тексеру кезінде, белгіленген нормадан артық 1,2 млн тоннадан астам күкірт жиналғаны және тазартылмаған газдың рұқсатсыз жағылғаны анықталған. Компания тексеру қорытындысына дау айтқан, алайда бірнеше сот инстанциясында, соның ішінде Жоғарғы сотта да жеңіліп қалған.

👀 «Президенттің тапсырмасы» Қазақстанда теледидар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін Бұл тур
👀 «Президенттің тапсырмасы» Қазақстанда теледидар мен әлеуметтік желілерде фастфуд жарнамасына шектеу қойылуы мүмкін Бұл туралы Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі айтып отыр. Министрлігі фастфуд жарнамасын шектеуге қатысты заң жобасын әзірледі. Заң жобасында фастудқа қатысты «әлеуметтік желі, телеарна мен радиодағы жарнамаға шектеу қою керегі айтылған».
«6-9 жастағы балалардың 23%-ында артық салмақ бар, ал 6%-ы семіздікке шалдыққан. Оған қоса жасөспірімдердің 17,5%-ы энергетикалық сусындарды апта сайын тұтынады», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тоқаев балаларды фастфуд пен тәтті жарнамасынан қорғауды талап еткен. Telegram ~ Instagram ~ Threads

💡Алматы мен Алматы облысында жарық қымбаттайды Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» хабарлап отыр. Компания Алматы қаласы ме
💡Алматы мен Алматы облысында жарық қымбаттайды Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» хабарлап отыр. Компания Алматы қаласы мен облысында электр энергиясының тарифі 12 қыркүйектен бастап өзгеретінін хабарлады. Тұрғындар үшін – ҚҚС-сыз 32,69 теңге, ҚҚС-пен 37,92 теңге; Яғни электр энергиясын тұтыну көлемі артқан сайын тариф те жоғарылайды. Бизнес пен коммерциялық нысандар үшін тариф 50,03 теңге/кВт·сағ, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар үшін 50,38 теңге, ал арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы тұтынушылар мен әлеуметтік маңызы бар өнім өндірушілер үшін 45,59 теңге/кВт·сағ болады. Естеріңізге сала кетейік, Kanye West-тің концерті өтер алдын Алматы қаласы мен облысында электр жарығы өшіп қалған еді. «Алатау Жарық Компаниясы» ақпаратына қарағанда, апатқа «KEGOC-тың үш электр желісі ажырап кеткені» себеп болған. Telegram ~ Instagram ~ Threads

👀 «Қыркүйек» қалай «қыргүйек» болды? 🔗Толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз! Telegram ~ Instagram ~ Threads
👀 «Қыркүйек» қалай «қыргүйек» болды? 🔗Толығырақ сілтемеге өтіп оқыңыз! Telegram ~ Instagram ~ Threads

🤺Қазақстанда хиджаб киюге рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін Бұл туоалы Оқу-ағарту министрі Жұлды
🤺Қазақстанда хиджаб киюге рұқсат берген жекеменшік мектеп лицензиясынан айырылуы мүмкін Бұл туоалы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтып отыр. Министр үкіметте өткен жиында журналистің «кейбір жекеменшік мектептердің діни киім киюге рұқсат беруі талаптарға сай келе ме?» деген сұрағына жауап берді.
«Бізде бірыңғай мектеп формасы бар. Барлық мектеп осы талаптарға сай болуы керек. Иә, мұндай жағдайлар кездеседі. Біз олармен жұмыс істеп жатырмыз, бізбен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жұмыс істейді. Әкімдермен, әкімдіктермен және жергілікті атқарушы органдармен бірге жұмыс істейтін үлкен комиссиямыз бар. Сондықтан қазір, оқу жылының басында, мұндай мектептер жоқ. Өткен жылы, соның ішінде жекеменшік мектептер арасында да, мұндай мектептер болған», — деді министр.
Ол мұндай талаптарды бұзған мектептердің лицензиясынан айырылуы мүмкін екенін айтты.

⚡️«Ақорданы басып алмақ болған» деп айыпталған бес белсенді сотталды 8 қыркүйек күні Алматы қаласы Алмалы ауданының қылмыстық
⚡️«Ақорданы басып алмақ болған» деп айыпталған бес белсенді сотталды 8 қыркүйек күні Алматы қаласы Алмалы ауданының қылмыстық соты белсенділерге «Ақорданы басып алмақ болған» деп айып тағып, үкім шығарды. Бұл туралы «Азаттық» радиосы жазып отыр. Қайсар Өзбек пен Талғат Әшіровті бес жарым жылға, ал Асқар Нұрмаған, Әбдуәли Тағай және Дүйсенбек Жақашевты бес жылға сотталды Нұрмаған, Тағай мен Жақашевке «топ болып билікті күшпен басып алуды оқталды» деген, ал Өзбек пен Әшіровке бұған қоса «топ адам болып жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау»айыбы тағылған. Әбдуәли Тағайдың қорғаушысы Ғалым Нұрпейісовтің сөзінше, сотталушылар – тәртіпсіздік ұйымдастыратындай қаржыcы да, құрылымы да болмаған қарапайым жұмысшылар.

👀 Елде «жұмыс жоқ» деген сөз болмауы керек — Бектенов Үкімет Қазақстанда жұмыс орны жеткілікті екенін, бірақ көпшілігі бос т
👀 Елде «жұмыс жоқ» деген сөз болмауы керек — Бектенов Үкімет Қазақстанда жұмыс орны жеткілікті екенін, бірақ көпшілігі бос тұрғанын айтты. Еңбек министрлігінің ақпаратына қарағанда, жыл басынан бері жұмыс берушілер Электронды еңбек биржасына 845 мың бос жұмыс орнын жариялаған. Оның жартысына жуығы — жұмысшы мамандықтарға арналған. Еңбек министрі Асқарбек Ертаевтың сөзінше, портал арқылы жұмыс іздегендердің шамамен 60-70 пайызы жұмыс табады. Алайда бос жұмыс орындарының 40 пайызына дейін толтырылмай қалады. Сондықтан кәсіпкерлерге шетелден жұмысшы тартуға тура келеді. Қазақстанға жыл сайын шамамен 300 мың шетел азаматы келеді. Осыған байланысты премьер-министр Олжас Бектенов елде «жұмыс жоқ» деген сөз болмауы керек екенін айтып отыр.
«Яғни жұмыс істегісі келген адам жұмыс таба ма? Солай ма? (...) Мұны халыққа түсіндіру керек. Елде жұмыс жоқ деген сөз болмауы керек», — деді Бектенов.
Сонымен бірге бұған қатысты басқа статистика да бар. Бұған дейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жұмысшы мамандықтары бойынша колледж бітірген әр үш түлектің біреуі жұмысқа орналаса алмайтынын айтқан. 51 мың түлектің 34,6 мыңы жұмыс тапқан, ал 16,4 мыңы жұмысқа орналаса алмаған. Telegram ~ Instagram ~ Threads

⚡️Қазақстан азаматтары сталкиң үшін жазаны қатаңдатуды талап етіп отыр Петиция модерациядан өтті. Енді оны ресми деңгейде қар
⚡️Қазақстан азаматтары сталкиң үшін жазаны қатаңдатуды талап етіп отыр Петиция модерациядан өтті. Енді оны ресми деңгейде қарау үшін 50 мың адам қол қоюы керек. Петиция авторы Аянхан Омаров сталкинг көбіне ауыр қылмыстардың «алғашқы сатысы» болатынын айтып отыр.👇
«Тәжірибе көрсеткендей, адамды жүйелі түрде қудалау көбіне зорлау, адам ұрлау, некеге тұруға мәжбүрлеу, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету, денсаулыққа ауыр зиян келтіру және адам өлтіру сияқты қылмыстардың алдында болады»
Қазір сталкингке қатысты қылмыс құрамының нақты түрлері қарастырылмағандықтан, мұндай әрекет жасағандарды жазалау қиын. Сондықтан Аянхан бапты төрт бөлікке бөлуді маңызды деп санайды. Қазір сталкиң үшін 200 АЕК айыппұлдан 75 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған. Петицияда сталкингтен кейін қылмыскер жәбірленушіні зорласа, ұрласа немесе адамға қарсы өзге де ауыр қылмыс жасаса, жазаны 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру ұсынылған. Telegram ~ Instagram ~ Threads

⚡️Бақытжан Базарбек қағып адам 24 күннен кейін комадан шықты Бұл туралы бұрынғы депутат Бақытжан Базарбек жазып отыр. «24 күн
⚡️Бақытжан Базарбек қағып адам 24 күннен кейін комадан шықты Бұл туралы бұрынғы депутат Бақытжан Базарбек жазып отыр.
«24 күн. Нұржігіт комадан шықты, оянды. Есін жиып, анасын, әйелі мен балаларын, аға-інілерін, туған-туыстарын танып отыр», — деп жазды ол instagram парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 15 тамыз кешке Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданы тасжолында болған. Көліктердің бірі сиырды қағып кеткен. Бірнеше ер адам жолға шығып, жануардың өлексесін жолдан алып тастамақ болған. Осы кезде Бақытжан Базарбектің Toyota көлігі 36 жастағы ер адамды қағып кеткен. Ауыр жарақат алған азамат аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Фото: Instagram/bakytzhan.bazarbek Telegram ~ Instagram ~ Threads

⚡️Шакира Бішкекте Алматыдан бұрын концерт беруі мүмкін Бұл туралы Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Туманбаев х
⚡️Шакира Бішкекте Алматыдан бұрын концерт беруі мүмкін Бұл туралы Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Туманбаев хабарлады. Қырғызстан президентінің іс басқармасы тараптар әзірге келіссөз жүргізіп жатқанын айтты. Концерт қараша айында «Бішкек Аренада» өтуі мүмкін. Алайда нақты күні әзірге белгісіз. Алматыда Шакираның концерт беретіні туралы көктемде хабарланған еді. Бірақ бұл ақпарат әлі ресми расталған жоқ. Қалалық Спорт нысандары дирекциясының басшысы Есет Байтасов бұған дейін әншінің Орталық стадионда концертін өткізу жоспары барын айтқан. Алайда әкімдік ресми келісімдерге қол қойылмағанын, концерттің күні мен өтетін орны әлі бекітілмегенін хабарлаған еді. Telegram ~ Instagram ~ Threads

⚡️Көшпенділер ойынында бірінші орынды Қазақстан алды Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Аскат
⚡️Көшпенділер ойынында бірінші орынды Қазақстан алды Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың баспасөз хатшысы Аскат Алагозов хабарлап отыр.
«Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының медальдарын есепке алу туралы шешім шығарды. Соған сай, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қазақстан алды. Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз»,— деп мәлімдеді.
Бұған дейін медаль саны әртүрлі есептелген еді. Екі түрлі кесте жарияланып, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми парақшасында жарияланған қорытындыда Қырғызстан бірінші орында тұрған. Telegram ~ Instagram ~ Threads