cookie

Ми використовуємо файли cookie для покращення вашого досвіду перегляду. Натиснувши «Прийняти все», ви погоджуєтеся на використання файлів cookie.

avatar

Тіл кеспек жоқ

Либерал қазақ басылымы Жаңалық ұсыну @nazerkenb YouTube арнамыз: https://www.y Либерал қазақ басылымы Жаңалық ұсыну @nazerkenb YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq outube.com/@tilkespekjoq

Більше
Рекламні дописи
3 345
Підписники
-624 години
+17 днів
+7930 днів
Архів дописів
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Қаңтар құрбандарына арналған көрме ресми түрде бүгін, 1 мамырда 101 Dump Gallery заманауи өнер галереясында ашылады. Көрмені ұйымдастырушылар — құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина мен суретші Асхат Ахмедьяров. Фотокөрме 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына арналған. «Қайғылы оқиғадан бері екі жыл өтсе де, бірқатар маңызды сұрақтарға әлі жауап жоқ. Қаңтар 2022 кім және қалай ұйымдастырды? Бейбіт халықты атып, азаптағандардың бәрі неге жауапқа тартылған жоқ? Неліктен құзырлы органдар тергеуді объективті және жан-жақты жүргізбей тоқтатып қойды және қылмыстық істерді құпиялады? … билікке Қантардың ұмытылмағанын және қоғам тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру қажеттігін еске саламыз», — дейді ұйымдастырушылар. 📍Көрме 10 мамырға дейін жалғасады. Сондай-ақ, көрме күндері адвокаттар мен құқық қорғаушылар заңгерлік көмек және кеңес береді.
Показати все...
🙏 14🔥 4 2
⚡️⚡️Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды.
Показати все...
🔥 12😢 7👏 3🤔 3👍 1
⚡️Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев 11 жылға сотталды Ол қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша бас бостандығынан айырылды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🔥 12🤷‍♂ 1🤔 1
👀 Соңғы қоңырау өтетін болды Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Жақында «Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау соғылмайды» деген ақпарат тараған еді.
Су тасқынынан орын алған жағдай мен 25 мамырдың демалыс күніне  сәйкес келуіне байланысты, — деп түсіндірген еді оқу-ағарту министрлігі.
Бұл шешім қоғамда наразылық тудырды. Түрлі қарсы пікір мен жазба жазылды. «Мұғалімдерден соңғы қоңыраудың өтпейтінін қолдап, пост жазуды талап етіп жатыр» деген де мәлімет тарады. Бүгін Ғани Бейсембаев сынып сағатының 24 мамыр күні өтетінін, соңғы қоңырау соғылатынын мәлімдеді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🔥 6👎 1🐳 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
TikTok Еуроодақ елдерінде де бұғатталуы мүмкін Бұл туралы Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен хабарлады.
ЕО-да TikTok-қа тыйым салу жоққа шығарылмайды, — деді ол.
Оның айтуынша, Еурокомиссия былтырғы ақпанда осы платформаны өзінің корпоративтік құрылғыларында пайдалануға тыйым салған алғашқы ұйым болды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🤬 8👍 5👏 2🔥 1
«Шетел агенті», «Орыс заңы»: Грузияда не боп жатыр? Тбилисиде парламент ғимаратының маңында оппозиция мен үкіметтік емес ұйымдардың «Еуропаға – иә, орыс заңына – жоқ» атты митиңі өтті. Митиңге жиналғандар биліктегі «Грузия арманы» партиясының «Сыртқы ықпалдың ашықтығы туралы» деп аталатын заң жобасына наразы. Оппозиция мен үкіметтік емес ұйымдар бұл заңды Ресейдің «шетел агенті» заңына ұқсас деп санайды. Грузиядағы протест туралы толығырақ оқыңыз Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
👍 7🔥 3 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Су тасқынынан зардап шеккен 40 мыңға жуық адам үйіне оралды Бұл туралы төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді.
Республика бойынша 7 089 жеке тұрғын үй мен 2 834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды, 39 352 адам үйіне оралды және 6 552 адам эвакуациялау пункттерінде қалып отыр. Су тасқыны бастағалы 13,1 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,6 миллионнан астам қапшық және 1,5 миллионнан астам тонна инертті материал төселді, , — деді ол.
Су тасқынымен күресте ел бойынша 17 мыңнан астам адам мен 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
4🙏 3
Үкімет Кентау, Риддер және Қызылордадағы ЖЭО-ны реконструкциялау және күрделі жөндеуге 16 млрд теңге бөлді Кентаудағы ЖЭО-5-тің № 7, 8, 9, 10, 11 және 12 қазандықтарын реконструкциялауға 9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Риддер ЖЭО үшін 4,9 млрд теңге, Қызылордадағы оңтүстік қазандықтың үш қазандығын реконструкциялауға 2 млрд теңге бөлінді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🤡 4🐳 4🍌 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
«Алға, Қазақстан»оппозициялық партиясын құру тобының белсенділері қамалды Бұл туралы «Азаттық» радиосы жазды.
Астанадағы сот «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясын құру тобының белсенділері Амангелді Жахин мен Марат Мұсабаевты 15 тәулікке қамады, — деп жазды «Азаттық».
Сот оларды «полицияның талабына бағынбады» деп айыптаған. Белсенділер өздеріне тағылған айыпты мойындамады. Жахин мен Мұсабаевтың соты онлайн өткен. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
👎 9😡 7👍 2
⚡️Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды Бас прокуратура ақпаратты растады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
👍 12👏 4 1
Бишімбаев сотына қатысқан Собчак пен Грейске аккредитация берілмеген Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер Наталья Грейс аккредитацияға өтініш бермеген. Олардың сот отырысына қандай жағдайда қатысып жатқанын сот өкілдерінен білуге ​​болады, — деді ол.
Еске салайық, Бишімбаев сотына Ксения Собчак пен Наталья Грейстің келгені қоғамда қызу талқыланған. Журналистер сотта Ксения Собчакқа ерекше жасалған жағдай жасалғанын айтып, «алалау» деп атаған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🤬 25💘 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
«Ресей түрмелерінде отырған қазақ азаматтарының бірде-бірі соғысқа әкетілген жоқ» Бұл сөзді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Сәуірдің басында Қазақстанның әр өңірінен жиналған бір топ ата-ана Ресей абақтысына түскен балаларына араша сұрап, бас прокуратураға барған еді. Ата-аналар Ресей түрмесінде отырған балалары үшін алаңдайтынын айтып, балаларын елге алдыруды сұрап, бас прокуратураға арызданған.
Бұл тек шу көтеріп, елге қайтарып алу… Егер басқа елдің заңын бұзса, сол елдің заңымен жауап беруі керек. Егер сол елдің заңымен жаза шығып, түрмеге ауысқаннан кейін прокуратура іске кірісіп, бері қарай жазасын өтеуге ғана ауыстыра алады. Біздің сотпен соттай алмаймыз, — деді Айбек Смадияров.
СІМ өкілі Ресей тарапынан әлеуметтік желілерде ұсынылған жұмыстарды мұқият тексеруге кеңес берді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🤡 16🤔 4🤬 1🙏 1🖕 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
2030 жылға дейін сұранысқа ие ТОП-10 мамандық анықталды Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары кадрларға қажеттіліктің 2024-2030 жылдарға арналған орта мерзімді болжамын жасады. Сұранысқа ие TOP-10 мамандық: • Есепшілер – 93 мың адам; • Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер – 77 мың адам; • Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 77 мың адам; • Жүргізушілер мен автокөлік жүргізушілері – 44 мың адам; • Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 35 мың адам; • Күтім бойынша орташа медициналық персонал – 33 мың адам; • Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер – 32 мың адам; • Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері-31 мың адам; • Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) – 30 мың адам; • Бастауыш сынып мұғалімдері – 26 мың адам; Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
5
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Мемлекеттік айыптаушы Бақытжан Байжановқа тағылған айыпты өзгертуді сұрады Прокурор Бақытжан Байжановқа тағылған аса ауыр қылмыс туралы хабарламау бабын алып тастап, аса ауыр қылмысты жасырып қалғаны үшін соттауды ұсынды. Сот отырысы 2 мамырда жалғасады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🤡 9
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Билік миллиардтардың қайдан келіп жатқаны туралы неліктен нақты ақпарат бермейді? 💬👇🏻 Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🤬 10🤷‍♂ 3😁 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңге қайтарылды Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Осы отырыста заңсыз жолмен алынған 40 млрд теңгенің мемлекетке ерікті түрде қайтарылғаны туралы айтылды. Оның 38 млрд теңгеден астамы — ақшалай қаражат, қалғаны — Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
😁 3🤔 3
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайды Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары және Сиань қаласы үкіметінің (ҚХР) делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселесін талқылады, — делінген хабарламада.
№103/104 «Үрімші – Алматы-2» қатынасындағы туристік пойыз Қорғас-Алтынкөл шекарасы арқылы өтеді. Пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн тұрақтайды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
👍 7🤬 4 3🐳 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
7 мыңға жуық адам эвакуациялау пункттерінде Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Республика бойынша 38 мың 521 адам өз үйіне оралды. 6 мың 726 адам әлі эвакуациялау пункттерінде, — делінген хабарламада.
Су тасқыны бастағалы бері 12,9 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
😁 2🙏 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Қайырлы таң, оқырман😊🫶🏻 Назарларыңызға демалыс күні болған негізгі жаңалықтарды ұсынамыз: Ирак біржынысты қатынасқа түскендерді түрмеге жіберуді қарастыратын заң қабылдады. Осы заңға сәйкес гей немесе лезбилер 10-15 жыл аралығында түрме жазасына кесілуі мүмкін. Жайық өзенінің Атырау облысындағы тұсында су деңгейі көтерілді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдаймен күрес штабы хабарлады. Су деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. Ресей әскері Украинаны атқылады. Николаев қаласында қонақүй қирады. Шабуыл кезінде 32 ракета пайдаланылған, әуеден 64 соққы жасалған. Жараланғандар бар. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
💔 7👍 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Қазақстанда әйелдер еркектерден 9 жас ұзақ өмір сүреді Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, халықтың орташа жасы — 75,09. Олардың ішінде ерлердің үлесі 70,99 жас. Ал әйелдердің үлесі – 79,06 жас. Қалалық тұрғындарының орташа есеппен жасы 75,73 болса, ауыл тұрғындарының үлесі 74,02 жас. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
😁 6🌚 4
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Су басқан өңірлерде 35 мыңнан астам адам үйіне оралды Бұл туралы төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді.
Республика бойынша 35 122 адам өз үйіне оралды және 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды, — деді ол.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🙏 5
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Каспий жағалауынан бір ай ішінде 180 өлі итбалық табылды Оқиға орнына жергілікті атқару органдар мен инспекция өкілдері, гидробиология және экология институтының мамандары барған. Мамандар өлі итбалықтардың денесінен сынама үлгілерін алған. Басқарма мәліметінше, 29 наурыз бен 25 сәуір аралығында Каспий жағалауынан 182 өлі итбалық табылған. Итбалықтардың неден өлгені әзірге белгісіз. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
😭 15😢 4😱 2
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Көп мөлшердегі су Батыс Қазақстаннан Атырау облысына ауысып жатыр Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталып жатыр. Жайық өзенінде су деңгейі біртіндеп төмендеп жатыр, — делінген хабарламада.
Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан БҚО-ға барған құтқарушылар Атырау облысына жіберілген. Өңірде тасқынның екінші толқыны болады деген қауіп сейілмей тұр. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
😢 6 3
⚡️ Алматыда 3 адам қаза тапқан автобус апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр Прокурор соттан жүргізушіні ұрған жолаушыны 8 жылға соттауды сұрады. Марқұмдардың жақындары автобус жүргізушісі де жауапқа тартылуын талап етеді. Ол қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған. Еске салайық, былтыр желтоқсанда Алматыда автобус жаяу жүргіншілерді басып кеткен еді. Жолаушылардың бірі жүргізушіні басынан ұрып, жүргізуші есінен танып қалған. Салдарынан үш адам көз жұмды. 🖇️ Сілтемеден өтіп оқыңыз
Показати все...
😢 16🤯 5👍 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Қырғызстанның 3 өңірінде төтенше жағдай жарияланды Бұл туралы елдің төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Сәуірдің 20-сынан бастап бірнеше күн толассыз жаңбыр жауды. Осы аралықта 50-ге жуық сел тіркелді. Салдарынан 200-ден астам тұрғын үй мен 300 аула, бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысандар су астында қалды, — делінген хабарламада.
Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
😢 12
Показати все...
😢 10😱 4🤯 1
Фото недоступнеДивитись в Telegram
АҚШ президенті TikTok желісі бұғатталуы ықтимал заң жобасына қол қойды Джо Байден 24 сәуірде қытайлық ByteDance компаниясына тиесілі TikTok платформасын бір жыл ішінде сатуды талап ететін заңға қол қойды. TikTok компаниясы бұл шартты орындамаса әлеуметтік желі АҚШ-та бұғатталады. TikTok бұл шешімді сотта даулап, жеңіске жететініне сенімді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🔥 3
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі журналист Жәмила Маричеваны ұстау себебін түсіндірді Полицияның хабарлауынша, ProTenge жобасының негізін қалаушы Жәмила Маричеваның үстінен Әкімшілік кодекстің 456-2-баптың 3-тармағы бойынша («Жалған ақпарат орналастыру, тарату») хаттама толтырылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🤬 14😡 1
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі журналист Жәмила Маричеваны ұстау себебін түсіндірді Полицияның хабарлауынша, ProTenge жобасының негізін қалаушы Жәмила Маричеваның үстінен Әкімшілік кодекстің 456-2-баптың 3-тармағы бойынша («Жалған ақпарат орналастыру, тарату») хаттама толтырылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
Су тасқыны болған 6 аймақ түлектері ҰБТ-ны бөлек кестемен тапсырады Талапкерлер төмен балл алған жағдайда қаңтар мен наурыз айларындағы ҰБТ нәтижесі ескерілетін болады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
👍 5
Фото недоступнеДивитись в Telegram
АҚШ президенті Украинаға көмек беру туралы заңға қол қойды Украинаға алғашқы көмек партиясына брондалған машиналар, зымырандар, артиллериялық снарядтар және басқа да қару-жарақ кіреді.
Біздің одақтастарымыз күшті болған кезде, Америка Құрама Штаттары да күшті болады, — деді Джо Байден.
Қаруды беру бүгін басталады деп күтіледі. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
9👏 1
⚡️ ProTenge басылымының негізін қалаушы Джамиля Маричеваны полиция бөлімшесіне алып кетті Бұл туралы Гульмира Биржанова Facebook-парақшасында жазды. ProTenge — мемлекеттік сатып алуларды тексеріп, жемқорлықты әшкерелеп жүрген жоба. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🤬 32😨 3👍 1👏 1😁 1
⚡️Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды Бишімбаев пен Байжанов тағылған айыпты мойындамады. Жарыссөз 29 сәуірде басталады. Сот 3-4 мамырда аяқталуы мүмкін. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
5👍 1🤯 1
Маңғыстауда мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеген Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасы хабарлады.
Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады, — деп жазылған хабарламада.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
💔 13
00:15
Відео недоступнеДивитись в Telegram
Афина аспаны сарғыш түске боялды. Аспанның сарғыш түске боялуына Солтүстік Африкадан желмен келген шаң себеп болған. Билік тұрғындарға далада ұзақ уақыт жүрмеу керек екенін ескертті. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
😍 11😱 4🙊 4
Фото недоступнеДивитись в Telegram
TikTok Аида Балаеваның пікіріне қатысты мәлімдеме жасады
Былтыр біз ережелерді бұзуға байланысты Қазақстанда 4 миллионнан астам бейнені өшірдік. Біз Қазақстан Республикасының мүдделі органдарымен, соның ішінде Мәдениет және ақпарат министрлігімен және Ішкі істер министрлігімен тікелей жұмыс істейміз, — делінген түсініктемеде.
TikTok Аида Балаеваның пікірін «дәйексіз» деп атады.
Соңғы айларда бізге кәмелетке толмаған пайдаланушылардың қауіпсіздігіне қатысты өтініштер келіп түскен жоқ. Осыған байланысты және ынтымақтастықтың ұзақ тарихын ескере отырып, министрдің мәлімдемесі дәйексіз екенін атап өткен жөн, — деп жазылған түсініктеме.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🔥 12😁 5
Фото недоступнеДивитись в Telegram
Бөгет салуға және жөндеуге бөлінген ақшаны кім ұрлады? Қаржылық мониториң агенттігі гидротехникалық құрылыстар мен жөндеу жұмыстарына қарастырылған қаржыны кім ұрлағанын айтты.
Алматы, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Ұлытау өңірінде ұрлықтың төрт фактісі ашылды. Бес мемлекеттік қызметкер күдікті деп танылды. Жалпы шығын бір миллиард теңгеден асты, — деді ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.
Бұл ұрланған миллиардтың  республика бойынша су тасқыны зардаптарын жоюға бөлінген қаржыға қатысы жоқ. Көп медиа «Су тасқынына бөлінген қаржы жымқырылды» деп жазған еді. Журналистер «ҚМА қате ақпарат таратты» дейді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Показати все...
🤬 9😁 2