cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Тіл кеспек жоқ

Либерал қазақ басылымы Жаңалық ұсыну @nazerkenb YouTube арнамыз: https://www.y Либерал қазақ басылымы Жаңалық ұсыну @nazerkenb YouTube арнамыз: https://www.youtube.com/@tilkespekjoq outube.com/@tilkespekjoq

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
3 345
Suscriptores
-624 horas
+17 días
+7930 días
Archivo de publicaciones
Photo unavailableShow in Telegram
43 мыңнан астам адам үйіне оралды Бұл туралы ТЖМ өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді.
Атырау облысы бақылауда. Жайық өзені су деңгейіне мониториң жалғастырылып жатыр. Су тасқыны жағдайының мониториңі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте 70 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды, 202 мың қапшық төселді, — деді ол
Осы сағатта республика бойынша 43 015 адам өз үйлеріне оралды. 6 338 адам эвакуациялау пункттерінде. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
Photo unavailableShow in Telegram
Қайрат Боранбаевқа тиесілі болған Comfort Hotel Astana қонақүйі сатылды Қонақүй 3,9 млрд теңгеге сатылған. Кімнің сатып алғаны белгісіз. Қонақүйдің кірісі өткен жылы 496,5 млн теңгені құраған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤔 1
Photo unavailableShow in Telegram
Салтанат Нүкенова атында қор құрылды Қорды Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді құрды. 
Жақында Салтанат Нүкенова қорының жарғысы мен стратегиялық жоспарын жариялаймыз. Қор тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек береді. Біз жеке тұлғалардан қаржы жинамаймыз, бірақ ұсыныстарға дайынбыз, — деп жазды ол Instagram-парақшасында. 
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
❤‍🔥 14 6🤮 3👎 1
Photo unavailableShow in Telegram
Грузия парламенті «Шетел ықпалының ашықтығы туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады Оппозиция бұл заңды Ресейдің «шетел агенті» деп аталатын заңына ұқсатады. Оппозиция депутаттары дауыс беруге қатысқан жоқ. Құжатты түпкілікті түрде мақұлдау үшін құжатты үшінші оқылымда қабылдау керек. Даулы жоба 17 мамырда дауысқа салынады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 11🤯 3
Photo unavailableShow in Telegram
Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша іс жүргізу тоқтатылды Астанада азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы «қатыгездікпен өлтірді» деген айып тағылған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр Судья сотталушы Бақытжан Байжановқа тағылған «Қылмыс туралы хабарламады» айыбын алып тастады. Оған «Қылмысты жасыру» айыбы тағылған. Судья сот тергеуі аяқталып, жарыссөз кезеңі басталғанын мәлімдеді. Іс Қазақстан Жоғарғы сотының YouTube-арнасында тікелей эфирден көрсетіліп жатыр. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 9
Photo unavailableShow in Telegram
Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты қылмыстық істі сотқа жолдады Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Агенттік Гүлмира Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан өзін-өзі басқару күдігі бойынша тергеуді аяқтады.Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды, — делінген хабарламада.
Гүлмира Сатыбалды — Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 6👏 3 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қаңтар құрбандарына арналған көрме ресми түрде бүгін, 1 мамырда 101 Dump Gallery заманауи өнер галереясында ашылады. Көрмені ұйымдастырушылар — құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина мен суретші Асхат Ахмедьяров. Фотокөрме 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына арналған. «Қайғылы оқиғадан бері екі жыл өтсе де, бірқатар маңызды сұрақтарға әлі жауап жоқ. Қаңтар 2022 кім және қалай ұйымдастырды? Бейбіт халықты атып, азаптағандардың бәрі неге жауапқа тартылған жоқ? Неліктен құзырлы органдар тергеуді объективті және жан-жақты жүргізбей тоқтатып қойды және қылмыстық істерді құпиялады? … билікке Қантардың ұмытылмағанын және қоғам тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беру қажеттігін еске саламыз», — дейді ұйымдастырушылар. 📍Көрме 10 мамырға дейін жалғасады. Сондай-ақ, көрме күндері адвокаттар мен құқық қорғаушылар заңгерлік көмек және кеңес береді.
Mostrar todo...
🙏 15🔥 5 4
⚡️⚡️Бағдат Мусин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымынан босатылды.
Mostrar todo...
🔥 12😢 7👏 3🤔 3👍 1
⚡️Талдықорған полициясының экс-басшысы Марат Күштібаев 11 жылға сотталды Ол қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша бас бостандығынан айырылды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🔥 12🤷‍♂ 1🤔 1
👀 Соңғы қоңырау өтетін болды Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді. Жақында «Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау соғылмайды» деген ақпарат тараған еді.
Су тасқынынан орын алған жағдай мен 25 мамырдың демалыс күніне  сәйкес келуіне байланысты, — деп түсіндірген еді оқу-ағарту министрлігі.
Бұл шешім қоғамда наразылық тудырды. Түрлі қарсы пікір мен жазба жазылды. «Мұғалімдерден соңғы қоңыраудың өтпейтінін қолдап, пост жазуды талап етіп жатыр» деген де мәлімет тарады. Бүгін Ғани Бейсембаев сынып сағатының 24 мамыр күні өтетінін, соңғы қоңырау соғылатынын мәлімдеді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🔥 6👎 1🐳 1
Photo unavailableShow in Telegram
TikTok Еуроодақ елдерінде де бұғатталуы мүмкін Бұл туралы Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен хабарлады.
ЕО-да TikTok-қа тыйым салу жоққа шығарылмайды, — деді ол.
Оның айтуынша, Еурокомиссия былтырғы ақпанда осы платформаны өзінің корпоративтік құрылғыларында пайдалануға тыйым салған алғашқы ұйым болды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 8👍 5👏 2🔥 1
«Шетел агенті», «Орыс заңы»: Грузияда не боп жатыр? Тбилисиде парламент ғимаратының маңында оппозиция мен үкіметтік емес ұйымдардың «Еуропаға – иә, орыс заңына – жоқ» атты митиңі өтті. Митиңге жиналғандар биліктегі «Грузия арманы» партиясының «Сыртқы ықпалдың ашықтығы туралы» деп аталатын заң жобасына наразы. Оппозиция мен үкіметтік емес ұйымдар бұл заңды Ресейдің «шетел агенті» заңына ұқсас деп санайды. Грузиядағы протест туралы толығырақ оқыңыз Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 7🔥 3 1
Photo unavailableShow in Telegram
Су тасқынынан зардап шеккен 40 мыңға жуық адам үйіне оралды Бұл туралы төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді.
Республика бойынша 7 089 жеке тұрғын үй мен 2 834 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды, 39 352 адам үйіне оралды және 6 552 адам эвакуациялау пункттерінде қалып отыр. Су тасқыны бастағалы 13,1 миллионнан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7,6 миллионнан астам қапшық және 1,5 миллионнан астам тонна инертті материал төселді, , — деді ол.
Су тасқынымен күресте ел бойынша 17 мыңнан астам адам мен 2 мыңға жуық техника жұмылдырылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
4🙏 3
Үкімет Кентау, Риддер және Қызылордадағы ЖЭО-ны реконструкциялау және күрделі жөндеуге 16 млрд теңге бөлді Кентаудағы ЖЭО-5-тің № 7, 8, 9, 10, 11 және 12 қазандықтарын реконструкциялауға 9 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген. Риддер ЖЭО үшін 4,9 млрд теңге, Қызылордадағы оңтүстік қазандықтың үш қазандығын реконструкциялауға 2 млрд теңге бөлінді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤡 4🐳 4🍌 2
Photo unavailableShow in Telegram
«Алға, Қазақстан»оппозициялық партиясын құру тобының белсенділері қамалды Бұл туралы «Азаттық» радиосы жазды.
Астанадағы сот «Алға, Қазақстан» оппозициялық партиясын құру тобының белсенділері Амангелді Жахин мен Марат Мұсабаевты 15 тәулікке қамады, — деп жазды «Азаттық».
Сот оларды «полицияның талабына бағынбады» деп айыптаған. Белсенділер өздеріне тағылған айыпты мойындамады. Жахин мен Мұсабаевтың соты онлайн өткен. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👎 9😡 7👍 2
⚡️Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды Бас прокуратура ақпаратты растады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 12👏 4 1
Бишімбаев сотына қатысқан Собчак пен Грейске аккредитация берілмеген Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.
Ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер Наталья Грейс аккредитацияға өтініш бермеген. Олардың сот отырысына қандай жағдайда қатысып жатқанын сот өкілдерінен білуге ​​болады, — деді ол.
Еске салайық, Бишімбаев сотына Ксения Собчак пен Наталья Грейстің келгені қоғамда қызу талқыланған. Журналистер сотта Ксения Собчакқа ерекше жасалған жағдай жасалғанын айтып, «алалау» деп атаған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 25💘 1
Photo unavailableShow in Telegram
«Ресей түрмелерінде отырған қазақ азаматтарының бірде-бірі соғысқа әкетілген жоқ» Бұл сөзді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. Сәуірдің басында Қазақстанның әр өңірінен жиналған бір топ ата-ана Ресей абақтысына түскен балаларына араша сұрап, бас прокуратураға барған еді. Ата-аналар Ресей түрмесінде отырған балалары үшін алаңдайтынын айтып, балаларын елге алдыруды сұрап, бас прокуратураға арызданған.
Бұл тек шу көтеріп, елге қайтарып алу… Егер басқа елдің заңын бұзса, сол елдің заңымен жауап беруі керек. Егер сол елдің заңымен жаза шығып, түрмеге ауысқаннан кейін прокуратура іске кірісіп, бері қарай жазасын өтеуге ғана ауыстыра алады. Біздің сотпен соттай алмаймыз, — деді Айбек Смадияров.
СІМ өкілі Ресей тарапынан әлеуметтік желілерде ұсынылған жұмыстарды мұқият тексеруге кеңес берді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤡 16🤔 4🤬 1🙏 1🖕 1
Photo unavailableShow in Telegram
2030 жылға дейін сұранысқа ие ТОП-10 мамандық анықталды Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары кадрларға қажеттіліктің 2024-2030 жылдарға арналған орта мерзімді болжамын жасады. Сұранысқа ие TOP-10 мамандық: • Есепшілер – 93 мың адам; • Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер – 77 мың адам; • Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 77 мың адам; • Жүргізушілер мен автокөлік жүргізушілері – 44 мың адам; • Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 35 мың адам; • Күтім бойынша орташа медициналық персонал – 33 мың адам; • Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер – 32 мың адам; • Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері-31 мың адам; • Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) – 30 мың адам; • Бастауыш сынып мұғалімдері – 26 мың адам; Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
5
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекеттік айыптаушы Бақытжан Байжановқа тағылған айыпты өзгертуді сұрады Прокурор Бақытжан Байжановқа тағылған аса ауыр қылмыс туралы хабарламау бабын алып тастап, аса ауыр қылмысты жасырып қалғаны үшін соттауды ұсынды. Сот отырысы 2 мамырда жалғасады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤡 9
Photo unavailableShow in Telegram
Билік миллиардтардың қайдан келіп жатқаны туралы неліктен нақты ақпарат бермейді? 💬👇🏻 Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 10🤷‍♂ 3😁 2
Photo unavailableShow in Telegram
Мемлекет кірісіне қосымша 40 млрд теңге қайтарылды Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Осы отырыста заңсыз жолмен алынған 40 млрд теңгенің мемлекетке ерікті түрде қайтарылғаны туралы айтылды. Оның 38 млрд теңгеден астамы — ақшалай қаражат, қалғаны — Астанадағы құны 2 млрд теңге тұратын бизнес-орталық. Қайтарылған қаражат әлеуметтік мақсаттарға, оның ішінде су тасқыны салдарын жоюға бағытталады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😁 3🤔 3
Photo unavailableShow in Telegram
Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайды Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары және Сиань қаласы үкіметінің (ҚХР) делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселесін талқылады, — делінген хабарламада.
№103/104 «Үрімші – Алматы-2» қатынасындағы туристік пойыз Қорғас-Алтынкөл шекарасы арқылы өтеді. Пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн тұрақтайды. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 7🤬 4 3🐳 1
Photo unavailableShow in Telegram
7 мыңға жуық адам эвакуациялау пункттерінде Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Республика бойынша 38 мың 521 адам өз үйіне оралды. 6 мың 726 адам әлі эвакуациялау пункттерінде, — делінген хабарламада.
Су тасқыны бастағалы бері 12,9 млн-нан астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😁 2🙏 2
Photo unavailableShow in Telegram
Қайырлы таң, оқырман😊🫶🏻 Назарларыңызға демалыс күні болған негізгі жаңалықтарды ұсынамыз: Ирак біржынысты қатынасқа түскендерді түрмеге жіберуді қарастыратын заң қабылдады. Осы заңға сәйкес гей немесе лезбилер 10-15 жыл аралығында түрме жазасына кесілуі мүмкін. Жайық өзенінің Атырау облысындағы тұсында су деңгейі көтерілді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдаймен күрес штабы хабарлады. Су деңгейі одан әрі көтеріледі деп күтілуде. Ресей әскері Украинаны атқылады. Николаев қаласында қонақүй қирады. Шабуыл кезінде 32 ракета пайдаланылған, әуеден 64 соққы жасалған. Жараланғандар бар. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
💔 7👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қазақстанда әйелдер еркектерден 9 жас ұзақ өмір сүреді Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, халықтың орташа жасы — 75,09. Олардың ішінде ерлердің үлесі 70,99 жас. Ал әйелдердің үлесі – 79,06 жас. Қалалық тұрғындарының орташа есеппен жасы 75,73 болса, ауыл тұрғындарының үлесі 74,02 жас. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😁 6🌚 4
Photo unavailableShow in Telegram
Су басқан өңірлерде 35 мыңнан астам адам үйіне оралды Бұл туралы төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді.
Республика бойынша 35 122 адам өз үйіне оралды және 8 520 адам эвакуациялау пункттерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 25 мыңнан астам адам, 3 мың техника, 634 су сору құралы, 268 жүзу құралы, 14 әуе кемесі жұмылдырылды, — деді ол.
Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🙏 5
Photo unavailableShow in Telegram
Каспий жағалауынан бір ай ішінде 180 өлі итбалық табылды Оқиға орнына жергілікті атқару органдар мен инспекция өкілдері, гидробиология және экология институтының мамандары барған. Мамандар өлі итбалықтардың денесінен сынама үлгілерін алған. Басқарма мәліметінше, 29 наурыз бен 25 сәуір аралығында Каспий жағалауынан 182 өлі итбалық табылған. Итбалықтардың неден өлгені әзірге белгісіз. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😭 15😢 4😱 2
Photo unavailableShow in Telegram
Көп мөлшердегі су Батыс Қазақстаннан Атырау облысына ауысып жатыр Бұл туралы төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Батыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталып жатыр. Жайық өзенінде су деңгейі біртіндеп төмендеп жатыр, — делінген хабарламада.
Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан БҚО-ға барған құтқарушылар Атырау облысына жіберілген. Өңірде тасқынның екінші толқыны болады деген қауіп сейілмей тұр. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😢 6 3
⚡️ Алматыда 3 адам қаза тапқан автобус апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр Прокурор соттан жүргізушіні ұрған жолаушыны 8 жылға соттауды сұрады. Марқұмдардың жақындары автобус жүргізушісі де жауапқа тартылуын талап етеді. Ол қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде танылған. Еске салайық, былтыр желтоқсанда Алматыда автобус жаяу жүргіншілерді басып кеткен еді. Жолаушылардың бірі жүргізушіні басынан ұрып, жүргізуші есінен танып қалған. Салдарынан үш адам көз жұмды. 🖇️ Сілтемеден өтіп оқыңыз
Mostrar todo...
😢 16🤯 5👍 1
Photo unavailableShow in Telegram
Қырғызстанның 3 өңірінде төтенше жағдай жарияланды Бұл туралы елдің төтенше жағдай министрлігі хабарлады.
Сәуірдің 20-сынан бастап бірнеше күн толассыз жаңбыр жауды. Осы аралықта 50-ге жуық сел тіркелді. Салдарынан 200-ден астам тұрғын үй мен 300 аула, бірнеше мектеп пен әлеуметтік нысандар су астында қалды, — делінген хабарламада.
Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
😢 12
Mostrar todo...
😢 10😱 4🤯 1
Photo unavailableShow in Telegram
АҚШ президенті TikTok желісі бұғатталуы ықтимал заң жобасына қол қойды Джо Байден 24 сәуірде қытайлық ByteDance компаниясына тиесілі TikTok платформасын бір жыл ішінде сатуды талап ететін заңға қол қойды. TikTok компаниясы бұл шартты орындамаса әлеуметтік желі АҚШ-та бұғатталады. TikTok бұл шешімді сотта даулап, жеңіске жететініне сенімді. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🔥 3
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі журналист Жәмила Маричеваны ұстау себебін түсіндірді Полицияның хабарлауынша, ProTenge жобасының негізін қалаушы Жәмила Маричеваның үстінен Әкімшілік кодекстің 456-2-баптың 3-тармағы бойынша («Жалған ақпарат орналастыру, тарату») хаттама толтырылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
🤬 14😡 1
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі журналист Жәмила Маричеваны ұстау себебін түсіндірді Полицияның хабарлауынша, ProTenge жобасының негізін қалаушы Жәмила Маричеваның үстінен Әкімшілік кодекстің 456-2-баптың 3-тармағы бойынша («Жалған ақпарат орналастыру, тарату») хаттама толтырылған. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
Су тасқыны болған 6 аймақ түлектері ҰБТ-ны бөлек кестемен тапсырады Талапкерлер төмен балл алған жағдайда қаңтар мен наурыз айларындағы ҰБТ нәтижесі ескерілетін болады. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
👍 5
Photo unavailableShow in Telegram
АҚШ президенті Украинаға көмек беру туралы заңға қол қойды Украинаға алғашқы көмек партиясына брондалған машиналар, зымырандар, артиллериялық снарядтар және басқа да қару-жарақ кіреді.
Біздің одақтастарымыз күшті болған кезде, Америка Құрама Штаттары да күшті болады, — деді Джо Байден.
Қаруды беру бүгін басталады деп күтіледі. Telegram ~ Instagram ~ Facebook
Mostrar todo...
9👏 1