ch
Feedback
Azattyq - Азаттық

Azattyq - Азаттық

前往频道在 Telegram

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

显示更多

📈 Telegram 频道 Azattyq - Азаттық 的分析概览

频道 Azattyq - Азаттық (@azattyq) 哈萨克语 语言赛道中的 是活跃参与者。目前社区聚集了 10 886 名订阅者,在 新闻与媒体 类别中位列第 17 378,并在 哈萨克斯坦 地区排名第 820

📊 受众指标与增长动态

невідомо 创建以来,项目保持高速增长,吸引了 10 886 名订阅者。

根据 04 九月, 2026 的最新数据,频道保持稳定运转。过去 30 天订阅人数变化为 154,过去 24 小时变化为 -1,整体触达仍然可观。

  • 认证状态: 已认证(Telegram 官方确认)
  • 互动率 (ER): 平均受众互动率为 12.13%。内容发布后 24 小时内通常能获得 9.97% 的反应,占订阅者总量。
  • 帖子覆盖: 每篇帖子平均可获得 1 321 次浏览,首日通常累积 1 086 次浏览。
  • 互动与反馈: 受众积极参与,单帖平均反应数为 27

📝 描述与内容策略

作者将该频道定位为表达主观观点的平台:
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

凭借高频更新(最新数据采集于 05 九月, 2026),频道始终保持新鲜度与高覆盖。分析显示受众积极互动,使其成为 新闻与媒体 类别中的关键影响点。

10 886
订阅者
-124 小时
+1597 天
+15430 天

数据加载中...

标签云
无数据
有任何问题?请刷新页面或联系我们的客服
进出提及
---
---
---
---
---
---
吸引订阅者
九月 '26
九月 '26
+22
在3个频道中
八月 '26
+335
在10个频道中
Get PRO
七月 '26
+82
在8个频道中
Get PRO
六月 '26
+101
在8个频道中
Get PRO
五月 '26
+110
在8个频道中
Get PRO
四月 '26
+95
在7个频道中
Get PRO
三月 '26
+366
在9个频道中
Get PRO
二月 '26
+141
在5个频道中
Get PRO
一月 '26
+175
在5个频道中
Get PRO
十二月 '25
+90
在6个频道中
Get PRO
十一月 '25
+66
在5个频道中
Get PRO
十月 '25
+95
在4个频道中
Get PRO
九月 '25
+84
在7个频道中
Get PRO
八月 '25
+96
在6个频道中
Get PRO
七月 '25
+74
在3个频道中
Get PRO
六月 '25
+115
在5个频道中
Get PRO
五月 '25
+132
在4个频道中
Get PRO
四月 '25
+120
在8个频道中
Get PRO
三月 '25
+153
在6个频道中
Get PRO
二月 '25
+315
在15个频道中
Get PRO
一月 '25
+297
在10个频道中
Get PRO
十二月 '24
+1 135
在15个频道中
Get PRO
十一月 '24
+349
在11个频道中
Get PRO
十月 '24
+602
在8个频道中
Get PRO
九月 '24
+493
在8个频道中
Get PRO
八月 '24
+347
在13个频道中
Get PRO
七月 '24
+1 054
在14个频道中
Get PRO
六月 '24
+478
在17个频道中
Get PRO
五月 '24
+358
在19个频道中
Get PRO
四月 '24
+536
在14个频道中
Get PRO
三月 '24
+424
在16个频道中
Get PRO
二月 '24
+264
在15个频道中
Get PRO
一月 '24
+1 010
在24个频道中
Get PRO
十二月 '23
+323
在16个频道中
Get PRO
十一月 '23
+290
在18个频道中
Get PRO
十月 '23
+540
在14个频道中
Get PRO
九月 '23
+146
在0个频道中
Get PRO
八月 '23
+164
在0个频道中
Get PRO
七月 '23
+212
在0个频道中
Get PRO
六月 '23
+1 486
在0个频道中
Get PRO
五月 '23
+196
在0个频道中
Get PRO
四月 '23
+2 181
在0个频道中
Get PRO
三月 '23
+563
在0个频道中
Get PRO
二月 '23
+105
在0个频道中
Get PRO
一月 '23
+136
在0个频道中
Get PRO
十二月 '22
+74
在0个频道中
Get PRO
十一月 '22
+121
在0个频道中
Get PRO
十月 '22
+128
在0个频道中
Get PRO
九月 '22
+209
在0个频道中
Get PRO
八月 '22
+85
在0个频道中
Get PRO
七月 '22
+111
在0个频道中
Get PRO
六月 '22
+109
在0个频道中
Get PRO
五月 '22
+139
在0个频道中
Get PRO
四月 '22
+258
在0个频道中
Get PRO
三月 '22
+1 067
在0个频道中
Get PRO
二月 '22
+420
在0个频道中
Get PRO
一月 '22
+3 485
在0个频道中
Get PRO
十二月 '21
+59
在0个频道中
Get PRO
十一月 '21
+56
在0个频道中
Get PRO
十月 '21
+71
在0个频道中
Get PRO
九月 '21
+49
在0个频道中
Get PRO
八月 '21
+76
在0个频道中
Get PRO
七月 '21
+86
在0个频道中
Get PRO
六月 '21
+101
在0个频道中
Get PRO
五月 '21
+103
在0个频道中
Get PRO
四月 '21
+125
在0个频道中
Get PRO
三月 '21
+120
在0个频道中
Get PRO
二月 '21
+111
在0个频道中
Get PRO
一月 '21
+479
在0个频道中
Get PRO
十二月 '20
+3 483
在0个频道中
日期
订阅者增长
提及
频道
05 九月0
04 九月+7
03 九月+9
02 九月+2
01 九月+4
频道帖子
Путин жарым түннен бастап үш күн Киевке соққы жасамауды бұйрық етті Бұл жөнінде Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мемлекеттік ТАСС агенттігіне хабарлады. Бұған дейін майдан сызығында атысты уақытша тоқтату туралы шешімді Украина жағы да қабылдаған. Песковтың сөзінше, бүгін Путин Америка президентінің арнайы уәкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнерді қабылдайды. Уиткофф пен Кушнер Путинмен кездескеннен кейін Киевке аттанады, онда Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездеспек. Трамптың айтуынша, арнайы уәкілдер Мәскеу мен Киевке соғысты аяқтау бойынша кезекті ұсыныспен бармақ.

2
Министрлік ҰҚШҰ жаттығуы қарсаңында үш облыста әскери техника қозғалатынын ескертті 12–19 қыркүйек аралығында Жетісу облысынд
Министрлік ҰҚШҰ жаттығуы қарсаңында үш облыста әскери техника қозғалатынын ескертті 12–19 қыркүйек аралығында Жетісу облысындағы «Көктал» полигонында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуы өтеді. Осыған орай оқу-жаттығуға дайындық және оны өткізу кезеңінде Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстарында әскери техника мен жеке құрам жоспарға сай жылжымақ. Бұл жөнінде Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство БАҚ, желі қолданушыларынан "тексерілмеген ақпаратты таратпауды" сұрады.
778
3
Ақтөбеде сарбаздардың бірі әскери бөлімде өзін ұрып-соққанын айтты Ақтөбедегі №6655 бөлімде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өзін сонда үнемі ұрып-соғатынын айтты. Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ жазды. Сарбаздың анасы ұлының ауруханаға түскенін 4 қыркүйекте білген. Ауруханада травмотолог сарбазды қарағаннан кейін оның денсаулығындағы кінәратты алған жарақатымен байланыстырған. Сабазбен сөйлескеннен кейін дәрігер полиция шақырып, сарбаздан арыз қабылдаған. “Ұлттық Ұлан” өкілдері оқиғаның мән-жайын тергеу органдары анықтайтынын айтқан. Соның қорытындысына қарай оқиғаға құқықтық баға берілмек.
771
4
Уиткофф пен Кушнер Мәскеуге барды АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнер
Уиткофф пен Кушнер Мәскеуге барды АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнер Мәскеуге барды деп хабарлады ресейлік БАҚ. Ресей астанасында олар Путиннің кеңесшісі, ресейлік тіке инвестиция қорының жетекшісі Кирилл Дмитриевпен келіссөз жүргізуі керек. Уиткофф пен Кушнер Мәскеуден Киевке ұшуы керек, бұл олардың алғашқы сапары болмақ.
796
5
Тоқаев вице-президенттің өкілетін бекітті Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. Оған сәйкес, вице-президенттің өкілетіне өзге міндеттермен қатар “мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты саласындағы стратегиялық сипаттағы бастамаларды әзірлеп, президентке ұсыну”, “мемлекеттік органдармен, сонымен бірге саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде президент атынан өкілдік ету” кіреді. Өз кезегінде вице-президент: өз өкілеті аясында өкім шығара алады; өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма бере алады; мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрата алады. 31 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстанның вице-президенті лауазымына тағайындады. Қазақстанда биыл шілде айында күшіне енген жаңа Конституция бойынша, елде вице-президент лауазымы жаңадан енгізілген. Вице-президентті қызметке Құрылтайдың келісімі бойынша президент тағайындайды және босатады. Ал мемлекет басшысы қайтыс болған немесе қызметінен кеткен жағдайда, Конституцияға сәйкес, оның өкілеті вице-президентке өтеді. 50 жастағы Қарин бұған дейін президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, мемлекеттік хатшы, президенттің көмекшісі, президенттің кеңесшісі қызметтерін атқарған.
865
6
Непалда екі адам су басқан туннельден құтқарылды Жойқын селден зардап шеккен Непалда 4 қыркүйекте құтқарушылар су басқан жера
Непалда екі адам су басқан туннельден құтқарылды Жойқын селден зардап шеккен Непалда 4 қыркүйекте құтқарушылар су басқан жерасты туннелінен екі адамды құтқарды. Олар бітеліп қалған туннельде 9 күн болған. Олардың жанындағы тағы бір адам қаза болған. Құтқарушылар мәйітті сыртқа шығарды. Жұма күні таңертең құтқарушылар жерасты туннелінен дыбыс естіген. Құтқарушылар соның көмегімен туннельде қалып қалған адамдардың жүрген анықтап, бұрғылаған. Осылайша зардап шеккендерді тапқан. Екеуі де Катмандудағы ауруханаға жеткізілді, біреуінің жағдайы өте ауыр. Аман қалған біреуі құтқарушыларға туннельде тағы адамдар бар екенін айтқан. Жедел іздестіру тобы құтқару операциясын доғармау туралы шешім қабылдады. Тасқыннан кейін құтқарушылар мен әскерилер 7 туннельге кіруге күш салып жатыр. Сел басқан кезде туннельдің жолы тас, лаймен бітеліп қалған. Болжам бойынша онда 150-ге дейін адам қалуы мүмкін. Өлі-тірісі белгісіз. Жедел қызмет туннельге ауа кіргізуге тырысып жатыр.
803
7
💬Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті ҚР президенті туралы заңға сәйкес, Қауіпсіздік кеңесіне Қасым-Жомарт Тоқа
💬Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жаңа құрамын бекітті ҚР президенті туралы заңға сәйкес, Қауіпсіздік кеңесіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі жетекшілік етеді. Қауіпсіздік кеңесінің құрамына президентті есептегенде барлығы 13 адам кіреді. Оның құрамына вице-президент Ерлан Қарин, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева, Құрылтайдың төрағасы Айбек Дәдебай, премьер-министр Олжас Бектенов, президент әкімшілігінің төрағасы Роман Скляр, бас прокурор Берік Асылов, ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаев, мемлекетті күзет қызметінің басшысы Сәкен Исабеков, сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, төтенше жағдай министрі Мұрат Мұханов енді. Бұл жолы Қауіпсіздік кеңесіне алғаш рет төтенше жағдай министрі еніп отыр. 5 қыркүйекте Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшыларын тағайындады.
843
8
Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшыларын тағайындады Тоқаев Мұрат Баймұқашевті Қауіпсіздік кеңесі аппаратының басшысы етіп тағайындады. Нұржан Каджиақбаров – Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары, бұрынғы қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен Геннадий Зуев аппарат төрағасының орынбасарлары болды.
848
9
АҚШ-тың Невада шөлінде өтіп жатқан әйгілі Burning Man фестивалінде қазақтар 11 киіз үй тігіп, жиналған жұртқа ет пен бауырсақ
АҚШ-тың Невада шөлінде өтіп жатқан әйгілі Burning Man фестивалінде қазақтар 11 киіз үй тігіп, жиналған жұртқа ет пен бауырсақ таратты. Бұл қандай шара? Неге 80 мың адам аптап ыстық пен құмды дауылға қарамастан, шөл ортасында уақытша қала құрады? Саудаға, жарнамаға тыйым салынған және ақша мүлде жүрмейтін қауымдастықтың басты ережелері қандай?
3 850
10
Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина 4 қыркүйекте үйлерін полиция тінтіп, өздерін бөлімшеге әкеткен белсенділер Әлнұр Ілияшев пен Марат Тұрымбетов туралы жазды. “Әлнұрға 190-бап “Алаяқтық” бабы бойынша істе қорғануға құқығы бар куәгер статусы берілді, тергеуден кейін оны босатты. Марат Тұрымбетовті денсаулығына байланысты ауруханаға әкеткен” деп жазды ол.
880
11
"Украинская правда": Украина әскеріне майданда атысты уақытша тоқтату туралы бұйрық берілді Украина әскеріне 5 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап, 8 қыркүйек сағат 23:59-ға дейін майдан сызығында тыныштықты сақтау туралы бұйрық берілді. Бұл жөнінде «Украинская правда» басылымы жазды. Украина президенті кеңсесі ресми түрде ақпаратты растамады. Бұған дейін Украина басшысы Владимир Зеленский Дональд Трамптың арнайы уәкілдерінің елге сапары кезінде Киев Ресей аумағына әуеден соққы жасауды уақытша доғаратынын айтқан еді. Сенбі, 5 қыркүйекте Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер Мәскеуде – Владимир Путинмен , ал жексенбі Киевте Зеленскиймен кездеседі. New York Times басылымы дереккөздерге сүйене отырып, олардың сапары алдында Вашингтон Мәскеу мен Киевті өзара соққыны уақытша тоқтатуды сұрағанын жазған еді.
949
12
⚡Ресей Украина қауіпсіздік қызметінің бас кеңсесіне дронмен шабуылдады Ресей дрондары 4 қыркүйекте Киевтегі Украина қауіпсіздік қызметінің (СБУ) бас кеңсесіне соққы жасады. Ғимаратта өрт шыққан. Интернетте тараған фотоларда бес қабатты ғимараттың екі терезесінен түтін шығып жатқаны байқалады. Киев мэрі Виталий Кличко жеті адам жараланып, оның алтауы ауруханаға түскенін хабарлады. Украина президенті Владимир Зеленский Украина қауіпсіздік қызметінің штаб-пәтеріне шабуыл жасалғанын, дрон қауіпсіздік қызметінің басшысы қызметін уақытша атқарып отырған Александр Покладтың кабинетіне бағытталғанын айтты. Покладтың өзі шабуыл кезінде орнында болмаған. Зеленский "Ресейге жауап болады" дейді.
1 098
13
❗Прокурор "Ақорданы басып алмақ болды" деп айыпталған бес адамға 8 жыл түрме жаза сұрады Алматы қаласы Алмалы ауданының қылмыстық сотында "Ақорданы басып алмақ болды" деп айыпталған алты белсендіге прокурор сегіз жыл түрме жазасын сұрады. Бұл туралы 4 қыркүйекте құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина хабарлады. Асқар Нұрмаған, Абдуәли Тағай, Дүйсенбек Жақашев, Қайсар Өзбек және Талғат Әшіров 2025 жылы маусымда ұсталып, содан бері ҰҚК-ның тергеу изоляторында отыр. Сот процесі биыл ақпанда басталған еді. Бесеуіне "топ болып билікті күшпен басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттады, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды" деген айып тағылған. Қайсар Өзбек пен Талғат Әщіровке "жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және тасымалдау" айыбы қосымша тағылған. 🔹Айыптың жай-жапсары Тергеу актісіне қарағанда, бесеуі 2025 жылы қыс-көктемде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, Ақорданы басып алуды жоспарлаған, сол үшін адамдар іздеп, қару-жарақ жайын және жолдарды жабу жағын ақылдасқан. Тергеу тарабы "олар 27 сәуірде президент резиденциясының аймағын қарауылдап, кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қажетті радиоқабылдағыш, дауыс ұлғайтқыш және басқа да заттар сатып алған" дейді. Сот процесі жабық өтіп жатыр. Айыпталушылар тағылған айыпты мойындамайды. 🔹Айыпталушылар жайлы не белгілі? Тағайдың қорғаушысы Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, сотталушылар – жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыратындай қаржылары да, құрылымдары да болмаған қарапайым жұмысшылар. Қайсар Өзбек 2022 жылы Қаңтар оқиғасына қатысып, Қазақстанға ҰҚШҰ әскерилерін кіргізуге қарсы шыққан. Асқар Нұрмаған бұған дейін митингілерге қатысып, әкімшілік және қылмыстық жауапқа тартылған. Абдуәли Тағай 2016 жылы жер митингілерінде және 2019 жылы Қытай инвестициясына қарсы наразылықтарға қатысқан. Қазақстанда бұған дейін де бірнеше адам Ақорданы басып алмақ болды деп сотталған. Мәселен, 2024 жыоы алты адам "Трактор ісі" бойынша түрмеге кесілген. Тергеу алты адам трактормен Ақорда аумағына кіріп, тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болды деген.  
1 091
14
🐎 Көшпенділер ойындарында Қазақстан мен Қырғызстан көкпардан финалға шықты Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынында көкпардан Қазақстан құрамасы финалға шықты. Құрама топта Ресей және Венгрияны жеңді. Финалда Қырғызстанмен ойнайды. Шешуші кездесу 6 қыркүйекке жоспарланған. Бұған қоса Қазақстан мен Қырғызстан көк бөрүден де финалға шығуға жақын тұр.  Ойындардың алдында көкпар мен көк бөрүден Қазақстан мен Қырғызстан фаворит саналған. Көкпар я көк бөрүден қазақ пен қырғыз ойыншылары арасында ережеге және төрелікке қатысты бірнеше рет дау болған. Мәселен, 2024 жылы Астанада өткен Көшпенділер ойынында көкпардың финалында екі елдің спортшылары бір-бірін қамшымен ұрды деп айыптаған. Финал уақытша тоқтап, ойыншыларды полиция ажыратқан. Кейін финал қайта жалғасып, Қазақстан 5:4 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал қырғыз спортшылары төрелік әділ болмады деп марапаттау рәсіміне шықпай қойған. Жанжалдан соң Қазақстан сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, «бұл жағдай екі елдің достығына әсер етпейді» деген еді.
1 059
15
Прокуратура өкілдері “Ұлысмедиаға” жіберген жауабында Әлнұр Ілияшев пен Марат Тұрымбетовтің үстінен шетел азаматы арыз жазғанын хабарлаған. Полиция қылмыстық іс қозғаған, тергеу жүріп жатыр. Белсенділердің ісіне қатысты басқа ештеңе айтылмайды.
1 008
16
Алматыда тағы бір белсендіні тінтіп, полицияға алып кетті 4 қыркүйекте таңғы сағат бес шамасында белсенді Марат Тұрымбетовтің үйіне арнайы жасақ келіп, тінткен. Бұл жөнінде белсендінің жақындарының сөзіне сүйенген Санавар Закирова жазды. “Тінту күндізгі шамамен үште аяқталды, одан кейін Марат Тұрымбетовті алып кетті... Марат Тұрымбетовтің үйінде тінту Әлнұр Ілияшевтікінен ертерек басталды. Оны алып бара жатқан кезде [Марат Тұрымбетов] өзіне бірдеңе сүңгітіп жібергенін айқайлап үлгерді” деп жазды Закирова. Адвокат Айнара Айдарханова жұма түстен кейін Марат Тұрымбетов пен Әлнұр Ілияшевке заңгерлік көмек көрсету үшін бас прокуратураның Алматыдағы өкілдігіне барғанын, бірақ ішке кіре алмай отырғанын хабарлады. Полиция әзірге түсініктеме бермеді. Марат Тұрымбетов қоғамдағы маңызды мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген белсенділердің бірі. Жуырда құрылтай сайлауы кезінде Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірін бақылап, онда тіркелген 1225 адамның небәрі 158-і яғни 11% ғана бюллетень алғанын жазған. Дауыс беру хаттамасын да жариялаған еді. Бұл оқиғаның оның ұсталуына қатысы бар-жоғы белгісіз. Қазақстанда құрылтай сайлауы 23 тамызда өтті. Сайлаудың ресми қорытындысы бойынша сайлаушылардың 71 пайыздан астамы “Әділетке” дауыс берген. Бес пайыздық межеден бес партия өтті. Бұл жолы заңнамалық өзгерістерге байланысты құрылтай сайлауын өте аз тәуелсіз бақылаушы бақылады.
1 058
17
2 қыркүйекке қараған түні әлдекімдер Hronika.kz журналисі Ольга Вороньконың дөңгелектерін тіліп, көлігіне бояу шашып кеткен. Воронько бұл оқиғаны өзінің кәсіби қызметімен байланыстырады. Дегенмен қандай да бір нақты адамдардың оқиғаға қатысы жөнінде дәлел жоқ. Журналист кейінгі кезде Павлодар облысындағы күштік құрылым басшыларының бірі, сонымен бірге жергілікті кәсіпкерлердің бірі туралы жазған деп айтылады. Мұндай оқиға елде құқық қорғаушылар мен заңгерлер сөз бостандығының аясы тарылып, журналистерге қысым күшейгенін айтқан тұста болып отыр. "Әділ сөз" баспасөз қорғау ұйымы 4 қыркүйек күнгі мәлімдемесінде елде тәуелсіз ақпарат құралдары сиреп, сөз бостандығы тарылғанына алаңдаушылық білдіреді. Баспасөз қорғау қорының хабарламасында Вадим Борейконың "Гиперборей" арнасы уақыша жұмысын тоқтатып, "Orda.kz" сайтының жабылғаны, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің жабылғаны жайлы фейктер тарағаны айтылады.
1 059
18
Ташкент жаңа ірі әуежай салып, алыс бағыттарға ұшатын ұшақтар сатып алып жатыр. Өзбекстан Орталық Азияның негізгі әуе хабына
Ташкент жаңа ірі әуежай салып, алыс бағыттарға ұшатын ұшақтар сатып алып жатыр. Өзбекстан Орталық Азияның негізгі әуе хабына айналғысы келеді. Көршісі Қазақстанның да осындай мақсаты бар. Ақырында аймақтың басты авиация орталығы қай елде болады?
1 054
19
Украина Ресейдің азаматтық авиациясын қаншалық бұғаттай алады? Украина президенті Владимир Зеленский азаматтық әуе компанияла
Украина Ресейдің азаматтық авиациясын қаншалық бұғаттай алады? Украина президенті Владимир Зеленский азаматтық әуе компанияларына үндеу жасап, Ресей аспанында ұшу қауіпті деп мәлімдегелі Ресейдегі бірқатар рейс тоқтатылып, әуежай жабылып, шектеулер енгізілді. 🔗Толығырақ оқыңыз
1 007
20
Ақтөбе облысында жол апатынан 6 адам қаза болды 3 қыркүйекте Ақтөбе – Астрахань автожолының 94-шақырымында – Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласына жақын жерде Toyota Camry маркалы екі көлік соқтығысып, алты адам қаза болды. Екі көлікте де ешкім тірі қалмаған. Жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады. Олар жүргізушілерді жол ережесін сақтауға, жылдамдықты асырмауға шақырды.
997