cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

Azattyq - Азаттық

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Больше
Рекламные посты
10 346
Подписчики
+524 часа
+1877 дней
+26730 дней

Загрузка данных...

Прирост подписчиков

Загрузка данных...

00:41
Видео недоступноПоказать в Telegram
💬 Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жиені Ләззат Нұрқожаеваның үйленуге ұсыныс алған видеосына байланысты пікір білдіріп, халықтан кешірім сұрады Жас жұбайлар жалға алған ТЖМ тікұшағы мен Бішкек маңындағы тауда өткен іс-шараның ауқымы көрінетін видео желі қолданушылары мен ақпарат құралдарының назарын аударған-ды. 🔸 Жапаровтың сөзінше, мемлекет басшысының жақын туыстары ысырапшыл емес, басқа қырынан үлгі болуға тиіс. Ол жар таңдаған жігіт мұны алдын ала ойлануы керек еді деп санайды. 🔸 Жапаров төтенше жағдайлар министрлігі тікұшақ мемлекеттік шаруалардан бос болса, коммерциялық мақсатта пайдалануға оны кез келген адамға беретінін айтты. Президенттің пікірінше, одан түскен қаржыға жаңасын сатып алу үшін тікұшақтар табыс әкелгені сөкет емес. Президент Жапаров ысырапшыл азаматтар мен шенеуніктерге бұған дейін бірнеше рет сын айтқан. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
Показать все...
570953599_An_RzW5h_0aYc73g27c4EF7TxdFfOWwbnl8nQ1CJL_v7I4xmXun0F.mp414.08 MB
👍 3🤡 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🔴 АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен "дос мемлекеттер" "Ростех", "Вертолеты России" сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. 🗣 "Ресей экономикасы құлдыраған сайын, теңге бағамы өзгереді. Кез келген құлдырау бізге әсер етеді. Ресейден сатып алатын тауарлармен бірге инфляция келеді. Бірден болмаса да, әсерін байқаймыз. Ресей экономикасы әлсірей береді, біз Еуразия экономика одағына мүшеміз, Кеден одағындамыз, Ресеймен сауда көлемі үлкен. Сондықтан бұл мәселе біздің экономиканы да айналып өтпейді. Оларда девальвация болса, рубльдің ізінше теңге де құнсыздануы мүмкін" дейді экономист Арман Байғанов. 🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз ❤️Азаттыққа жазылыңыз
Показать все...
👍 3
Фото недоступноПоказать в Telegram
🗣 Боливияда бетперде таққан әскери адамдар тобы беренді көлікпен президенттің ресми резиденциясы мен парламент ғимараты орналасқан Ла-Пас қаласындағы Мурильо орталық алаңын басып алды Олардың әрекетін алаңдағы ғимараттардың бірінде отырған қазіргі ел президенті Луис Арсе айыптады. Ол әскери қызметкерлерді "демократияны құрметтеуге", ал ел азаматтарын "төңкеріс әрекетіне" қарсы тұруға шақырды. Бүлік шығарғандарды генерал Хуан Хосе Суньига басқарып тұр. Оны сейсенбі, 25 маусымда армия қолбасшысы қызметінен босатқан. Ол өзіне бағынышты топтың әрекетін қарулы күштердің елдегі жағдайға "наразылығының көрінісі" деп атады. Луис Арсені қолдайтындар Мурильо алаңына шығуға тырысқан. Бірақ әскери адамдар оларға жас ағызатын газ шашып, күштеп таратты. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
Показать все...
👎 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
💬 Ауған журналисі Кобра Хассани Ресейден Отанына ұшып кетті, өз елінде оған өлім жазасы қаупі төніп тұр Хассанидің адвокаттарына сүйеніп "Фонтанка" сайты осылай деп хабарлады. Олардың сөзінше, ауған диаспорасы Хассаниге қауіпсіз елге ұшуға көмектесуге тырысқан. Албаниядан бастап Германияға дейін бірнеше елді қарастырған, бірақ оған күш-жігер, уақыт, ақша керек болды. Ресей журналиске саяси баспана бермеді. Ауғанстанда журналиске өлім жазасы қаупі төніп тұр. Себебі ол 2021 жылы Ауғанстанда билікті басып алған "Талибан" қозғалысына ашық түрде қарсы шыққан. Кейін Хассани шетелге қашып кеткен. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
Показать все...
👍 1
📹 Грузиндер жеңісті былай тойлады Грузия ойыншысы Хвича Кварацхелия матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында "Испания да Португалия сияқты мықты құрама. Бірақ бүгін біз Португалияны жеңу арқылы бәрімен де ойнауға, жеңіске жетуге болатынын көрсеттік. Еуропа чемпионатында осал команда жоқ, сондықтан Испаниямен ойында да барымызды саламыз" деді. 🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз Видео: Эхо Кавказа ❤️Азаттыққа жазылыңыз
Показать все...
IMG_2824.MOV1.56 MB
IMG_2846.MOV1.20 MB
IMG_2835.MOV1.36 MB
15👍 3😍 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🗣 Қырғызстан соты Украинада "Вагнер" тобында соғысқан азаматын мерзімінен бұрын босатты Соттың мәліметінше, Қырғызстан президентінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы "Сотталғандарға кешірім беру туралы" жарлығына сәйкес, Бекназар Бөріғұлұлының жаза мерзімін 4 жыл 2 айға азайтты, сол себепті ол түрмеден босап шықты. Былтыр желтоқсанның басында Нарын облыстық соты Бөріғұлұлын 5 жылға бостандығынан айырған. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті 27 жастағы Бекназар Бөріғұлұлын 2023 жылы тамызда ұстаған. Комитет бұл адам "Вагнер" қатарына Ресей түрмесінде жазасын өтеп жүргенде қосылды деп хабарлаған. Бөріғұлұлы Қырғызстанға оралғаннан кейін үш аптадан соң қамалған. ❤️Азаттыққа жазылыңыз
Показать все...
🤬 5👍 1
Грузин фанаттары мен футболшыларының қуанышы Грузияның Португалияны жеңген матчынан фотолар ұсынамыз. Фото: Reuters
Показать все...
🔥 19👍 2😱 1
Еуро-2024. 1/8 финалдағы қарсыластар ⚽Сонымен Еуропа чемпионатының 1/8 финалына шыққан құрамалар белгілі. Бұл кезеңде мына құрамалар бір-бірімен ойнайды: 29 маусым: Испания - Грузия 30 маусым: Германия - Дания 1 шілде: Португалия - Словения 1 шілде: Франция - Бельгия 2 шілде: Румыния - Нидерланды 2 шілде: Австрия - Түркия 30 маусым: Англия - Словакия 29 маусым: Швейцария - Италия t.me/azattyq
Показать все...

👍 13👏 8 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Түркия да 1/8 финалға шықты F топтағы екінші матчта Түркия Чехияны 2:1 есебімен жеңіп, топтан екінші орынмен 1/8 финалға өтті. Чехия бір ұпаймен жарысты аяқтады. F тобындағы жағдай: Түркия - Грузия 3:1 Португалия - Чехия 2:1 Португалия - Түркия 3:1 Чехия - Грузия 1:1 Грузия - Португалия 2:0 Түркия - Чехия 2:1 Португалия - 6 ұпай, Түркия - 6 ұпай, Грузия - 4 ұпай, Чехия - 1 ұпай
Показать все...
🔥 10👍 2
Түркия да - плей-офф кезеңіне шықты
Показать все...
Выберите другой тариф

Ваш текущий тарифный план позволяет посмотреть аналитику только 5 каналов. Чтобы получить больше, выберите другой план.