Azattyq - Азаттық
前往频道在 Telegram
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
显示更多📈 Telegram 频道 Azattyq - Азаттық 的分析概览
频道 Azattyq - Азаттық (@azattyq) 哈萨克语 语言赛道中的 是活跃参与者。目前社区聚集了 10 828 名订阅者,在 新闻与媒体 类别中位列第 17 401,并在 哈萨克斯坦 地区排名第 820 位。
📊 受众指标与增长动态
自 невідомо 创建以来,项目保持高速增长,吸引了 10 828 名订阅者。
根据 27 九月, 2026 的最新数据,频道保持稳定运转。过去 30 天订阅人数变化为 95,过去 24 小时变化为 -8,整体触达仍然可观。
- 认证状态: 已认证(Telegram 官方确认)
- 互动率 (ER): 平均受众互动率为 12.91%。内容发布后 24 小时内通常能获得 10.35% 的反应,占订阅者总量。
- 帖子覆盖: 每篇帖子平均可获得 1 398 次浏览,首日通常累积 1 121 次浏览。
- 互动与反馈: 受众积极参与,单帖平均反应数为 26。
📝 描述与内容策略
作者将该频道定位为表达主观观点的平台:
“Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/”
凭借高频更新(最新数据采集于 28 九月, 2026),频道始终保持新鲜度与高覆盖。分析显示受众积极互动,使其成为 新闻与媒体 类别中的关键影响点。
10 828
订阅者
-824 小时
-37 天
+9530 天
帖子存档
10 828
🔴 Нью-Йоркте Қазақстанда қамалған Мовлаев пен Емельянованы қолдау акциясы өтті
Қазақстанның Нью-Йорктегі бас консулдығы орналасқан ғимараттың алдында акция өткізген бір топ адам қазір Алматыдағы тергеу изоляторында отырған ресейліктер Юлия Емельянова мен Мансур Мовлаевты Ресейге экстрадициялауға қарсылық білдірген. Мовлаев пен Емельянова Ресейдің сұрауы бойынша Қазақстанда ұсталғаннан кейін бір жылдан астам уақыттан бері Алматыдағы тергеу изоляторында отыр.
Нью-Йорктегі наразылық акциясын бұрын Мәскеу қаласының жергілікті басқару органы депутаты болған Сергей Власов құрған Russian Refugee Foundation қоры ұйымдастырған. Акцияға шыққандар Қазақстан билігінен белсенділерді Ресейге бермеуді және халықаралық міндеттемелерін орындауды талап еткен.
Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінен ешқандай жауап болған жоқ.
Бұған дейін осыған ұқсас наразылық акциялары Еуропа, Австралия мен Арменияның кейбір қалаларында өткен деген хабар болған.
10 828
Ясмина Токсанбаева Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен жарысты бірінші болып аяқтады. Алайда кейін оның нәтижесі аяқ-киіміне қатысты наразылықтан соң жойылып, спортшы жарыстан шеттетілді. Жағдайдың анық-қанығы.
10 828
Алматы маңында тағы бір жерасты дүмпуі тіркелді
28 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 13:53 кезінде Алматы облысы аумағында тағы бір жер сілкінісі тіркелді. Магнитудасы 4,2 деп бағаланған жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 254 шақырым қашықта болған деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Жерасты дүмпуі Нарынқол мен Кеген ауылдарында сезілген.
Бұған дейін, 28 қыркүйек таңертең Алматыда арасына бірнеше сағат салып, екі жер сілкінісі болған. Жер сілкінісінен адамдар зардап шеккені я мүліктің қирап-бүлінгені жайлы ақпарат түспеген.
10 828
🇰🇿🇷🇺 Астана Мәскеуге Ресейде әскери келісімшартқа отыруға мәжбүр болған қазақстандықтар жайлы нота жолдаған
Қазақстан Ресейге жұмысқа кетіп, кейін өзін мәжбүрлі түрде Украинадағы соғысқа әкетіп бара жатқанын отбасына хабарлаған Қазақстан азаматы Мирас Тасжарғановтың және тағы бірнеше қазақстандықтың елге қайтуына жәрдем көрсетуді сұрап, Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жолдаған. Мұны Азаттықтың сауалхатына берген жауабында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"2026 жылғы 18 қыркүйекте елшілік Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігіне аталған азаматтардың Қазақстанға қайтуына жәрдем көрсету туралы нота жолдаған" деп жазған Қазақстан СІМ жауап хатында.Бұған дейін Астана тұрғыны Гүлжан Тасжарғанова интернеттегі хабарландыруға сеніп Ресейге табыс табуға кеткен ұлы Мирас Тасжарғанов уәде етілгеннен басқа жұмыс істегенін, кейін оны мәжбүрлеп Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырғызғанын Азаттыққа айтқан. 22 қыркүйекте видеобайланыс арқылы анасымен сөйлескен Мирас өзін соғысқа алынған басқа адамдармен бірге әскери көлікпен Украинаға әкетіп бара жатқанын хабарлап үлгерген. Жігіт "қатты өкінетінін" айтып, жақындарынан кешірім сұраған. Қазір Мирас Тасжарғановтың нақты қай жерде екені белгісіз.
10 828
Астана Мәскеуге әскери келісімшартқа отыруға мәжбүр болған қазақстандықтар жайлы нота жолдаған
Қазақстан Ресейге жұмысқа кетіп, кейін өзін мәжбүрлі түрде Украинадағы соғысқа әкетіп бара жатқанын отбасына хабарлаған Қазақстан азаматы Мирас Тасжарғановтың және тағы бірнеше қазақстандықтың елге қайтуына жәрдем көрсетуді сұрап, Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жолдаған. Мұны Азаттықтың сауалхатына берген жауабында Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"2026 жылғы 18 қыркүйекте елшілік Ресей Федерациясының сыртқы істер министрлігіне аталған азаматтардың Қазақстанға қайтуына жәрдем көрсету туралы нота жолдаған" деп жазған Қазақстан СІМ жауап хатында.
Бұған дейін Астана тұрғыны Гүлжан Тасжарғанова интернеттегі хабарландыруға сеніп Ресейге табыс табуға кеткен ұлы Мирас Тасжарғанов уәде етілгеннен басқа жұмыс істегенін, кейін оны мәжбүрлеп Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырғызғанын Азаттыққа айтқан.
22 қыркүйекте видеобайланыс арқылы анасымен сөйлескен Мирас өзін соғысқа алынған басқа адамдармен бірге әскери көлікпен Украинаға әкетіп бара жатқанын хабарлап үлгерген. Жігіт "қатты өкінетінін" айтып, жақындарынан кешірім сұраған. Қазір Мирас Тасжарғановтың нақты қай жерде екені белгісіз.
10 828
⚡️ 14 сарбаздың қазасына байланысты ұсталған Данияр Хайрушевтің әке-шешесі үндеу жасады
Каспийдегі жаттығу кезінде қаза болған 14 сарбаздың қазасынан соң күдікті ретінде ұсталған Қазақстанның әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы Данияр Хайрушевтің әке-шешесі ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, оқиғаның мән-жайын тергеп-тексеру әділ әрі объективті жүргізілуін сұраған.
Олар қаза тапқан әскери қызметкерлердің туыс-туғанына қайғыра көңіл айтатынын жеткізген.
10 828
Бір топ сенатор Трампты Путинді G20 саммитіне шақырмауға үндеді
Ресей президенті Владимир Путинді биыл желтоқсанда Майамиде өтетін G20 саммитіне шақырған АҚШ президенті Дональд Трампқа АҚШ-тың өзара бәсекелес екі партиясының өкілдеріне жататын 14 сенатор хат жазып, ол ниетінен бас тартуын сұраған деп жазды хат мазмұнымен танысқан The Washington Post газеті.
Трампқа жазылған хатта Ресейдің Украинаға қарсы ауқымды басқыншылық соғыс бастағанына бүкіл жауапкершілікті Путин бір көтеретіні айтылған. "Оның АҚШ-тағы G20 саммитіне қатысуы Украинадағы азаматтық нысандарға күн сайын шабуылдап жатқан үкіметті заңды және қалыпты етіп көрсетеді деген елеулі алаңдаушылық тудырады" делінген құжатта. G20 саммитіне Путин шақырылғанын өткен аптада АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио хабарлаған еді.
Трампқа үндеудің авторлары АҚШ Путинге, Ресейдің қаржы министрі Антон Силуановқа және Ресей делегациясының басқа мүшелеріне санкция салғанын еске салған. Сенаторлар егер АҚШ өз әрекеттерімен Путинді халықаралық қауымдастықтан оқшаулаудың қажеті жоқ екенін көрсетсе, ол Украинамен соғыста атысты тоқтатуға келісуге бәлендей ынталы болмауы мүмкін деп санайды.
Бұған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мәскеудің "америкалық тарапқа бұл шақыру үшін разы" екенін, бірақ жиынға қатысу туралы әлі шешім қабылдамағанын мәлімдеген еді.
10 828
‼️ Алматыда жерасты дүмпуі сезілді
27 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 9:37 шамасында Алматы қаласында жерасты дүмпуі сезілді. Кейбір тұрғындар үй ішінде жихаз теңселіп, әлсіз дүмпуі сезілгенін айтты. Іле-шала мобильдік байланыс желісі арқылы тұрғындарға төтенше жағдайлар қызметінің жер сілкінісі туралы шұғыл ескерту хабары түскен.
10 828
Сербия президенті отставкаға кетті
Сербия президенті Александр Вучич қызметі мерзімі аяқталуына бірнеше ай қалғанда қызметінен кетті.
"Маған екі рет сенім артқан азаматтарға алғыс білдіремін. Бүгін менің қызметінен кететін күнім" деді Вучич 27 қыркүйекте.
Сербия парламентінің спикері Ана Брнабич жаңа президент сайланғанға дейін президент міндетін уақытша атқарады.
Жаңа президентті сайлау желтоқсан айының аяғына жоспарланған.
10 828
Тоқаев 14 адам қаза болған Каспийдегі жаттығу туралы: Аталған оқу-жаттығу жиынының мәні де, мақсаты да түсініксіз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 сарбаздың өмірін қиған Каспийдегі оқиғаға қатаң баға беріп, жаттығудың мән-мақсатын сынады.
“Аталған оқу-жаттығу жиынының мәні де, мақсаты да түсініксіз. Оны кім әзірлеп, бекітті? Бас штабтың рөлі қандай? Үйлестіру жұмыстарына неге мән бермеген? Неліктен оқу-жаттығу жиынында Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болмаған? Жауапсыздық, салғырттық, көзбояушылық белең алған. Жүйелі жұмыс жоқ. Дағдарыс жағдайындағы іс-қимыл жоспары сын көтермейді. Мұның бәрі – әскери ведомство басшылығының немқұрайдылығының салдары” деді мемлекет басшысы. Оның сөзінен Ақорда үзінді келтіреді.Ол бейбіт күнде сарбаздардың өмірін жалмаған бұл қайғылы жағдайға бірінші кезекте офицерлердің, соның ішінде генералдардың салғырттығы және кәсіби біліксіздігі себеп болды деді. Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев мұны 27 қыркүйекте қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізген кезде айтқан.
10 828
🥇Қазақстан семсершілері Азиада чемпионы атанды
Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесуден Қазақстан шпага құрамасы командалық жарыста алтын медаль алды. Кирилл Проходов, Вадим Шарлаимов, Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай бастаған құрама финалда Оңтүстік Кореяны жеңді. Финалдың ортасында Қазақстан тоғыз ұпай қалып тұрған еді. Кейін есепті теңестірді. Алтын тағдыры «алтын уколда» шешіліп, Проходов қарсыласына қылышты бірінші тигізіп үлгерді.
Осылайша Қазақстан шпагадан командалық жарыста Азиада чемпионы атанды. Бұл құрама биыл әлем чемпионатында командалық жарыстың финалында Украинаны жеңіп, алтын медаль алған еді.
Азия ойындарында қола медальды Жапония мен Гонконг құрамасы алды.
10 828
Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев қаза болған 14 сарбаздың бірі Алмас Көбеновтің туыстарына кіріп көңіл айтып шыққанын, отбасының ауыр жағдайда екенін жазды.
“Отбасында бес бала бар, қаза болған Алмас Көбенов кенже ұл болған, екі үлкен ағасы әскерде болып қайтқан. Анасы қатерлі ісікпен ауырады, екінші кезеңінде, қазір химия сәулесін қабылдап жатыр. Өкінішке қарай, ұлы өлген күні ол ем қабылдауы керек болған, бірақ қайғылы оқиғаға байланысты үй жағдайында өтуге мәжбүр болған. Қалай бар, солай айтайын, отбасы қараша тірлік кешіп жатыр, қайғы жамылған отбасы тұрып жатқан үйде өте ауыр атмосфера...” деп жазды блогер.2006 жылы туған Қарақалпақстан тумасы Алмас Көбенов Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Баянды ауылында тұрған. 29011 әскери бөлімінің матросы, граната атқышы болған.
10 828
Тоқаев Каспийдегі әскери жаттығу кезінде аман қалған үш сарбазды әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
10 828
Қырғыз ақыны Нұрсұлтан Малдыбаев Каспийдегі сарбаздардың қазасынан кейін Қазақстан халқына көңіл айтты. Көңіл айту ақынның Instagram-парақшасында жарияланды.
10 828
Каспийдегі әскери жаттығу кезінде тірі қалған үш сарбаздың бірінің отбасы мәлімдеме жасады
Маңғыстау облысындағы әскери жаттығу кезінде тірі қалған үш сарбаздың бірі Никита Удаловтың отбасы мәлімдеме жасады. Жақындарының сөзінше, ол жағаға өз күшімен жеткен, бірақ басынан кешкен оқиғаны баяндауға әзірге дайын емес. Туыстары оның тілегін құрметтеп, тексерілмеген ақпаратты таратпауды сұрады. Бұл жөнінде Tizgin.kz хабарлады.
“Никита өзін құтқарды. Қайғылы оқиға кезінде мән-жайды тез аңғарып, жағаға жетіп, аман қалды. Қазір көбі оның қалай тірі қалғанын және не болғанын сұрап жатыр. Бірақ ол әзірге, айтуға дайын емес. Бұған түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Ол бір күнде ұмтылмайтын нәрсені бастан кешірді” деп басылым отбасының мәлімдемесінен үзінді келтіреді.Туыстарының айтуынша, қазір олар үшін ең басты нәрсе – Никитаның өз-өзіне келуі. Олар оның тірі қалғанына қатты қуанып отырғанын айтып, бірақ оның сұхбат бермеу туралы тілегін де құрметтеуді сұрады. Отбасының мәлімдемесінің айтарлықтай бөлігі қаза болған 14 сарбазға арналған. Никитаның туыстары қаза болған сарбаздың әрқайсының ата-анасы, жақындары мен достары, өмірге жоспары болғанын, үйде оларды ет жақындары күткенін еске салды. “Қайғыны басатын сөз таба алмай отырмыз” деді мәлімдеме авторлары.
10 828
Жоғары аудиторлық палата қорғаныс министрлігін тексере бастағанын хабарлады
“Жоғары аудиторлық палатасы қорғаныс министрлігінде бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне, сондай-ақ әскери бөлімдердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне мемлекеттік аудит жүргізуді бастады” деп жазды ведомствоның телеграм-парақшасы.Хабарламада басқа ештеңе айтылмайды. Бір күн бұрын қорғаныс министрлігін “кешенді тексеретін” комиссия құрылған еді. Оның құрамында жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов та бар.
10 828
Маңғыстау облысындағы әскери жаттығу кезінде қаза болған сарбаздар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Әскери бөлім взводының командирі Олжас Мұхтарұлы – Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, қалған 13 сарбаз Рахымжан Қошқарбаев атындағы ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
10 828
🔴Жетісу облысында жеке үйде өрт болып, үш бала мерт болды
Жетісу облысы Ескелді ауданы Бақтыбай ауылындағы жеке үйде өрт болып, үш бала мерт болды. Ауыр оқиға 25 қыркүйекте болды.
Өрт кезінде балалардың анасы 13 жастағы баласымен үйден шығып кете алған. Тағы үш бала үйдің ішінде қалған. Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті сөндіру кезінде үйден 1 жас, 6 жас және 8 жастағы баланы өлі күйде тапты. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Мамандар оқиғаның себеп-салдарын анықтап жатыр деп айтылады.
