uz
Feedback
süyiktim…

süyiktim…

Kanalga Telegram’da o‘tish

жазуды сүйетін қыз… https://t.me/qulaqqaptagyqyz 🎧

Ko'proq ko'rsatish
894
Obunachilar
+124 soatlar
+17 kunlar
-730 kunlar
Postlar arxiv
жұмыстан келгенде үйден кешкі асты емес, үйдің тазалығын емес “сені” іздеуі. жерік асыңды үйден өзі дайындап беруі. ас бөлмеде үлгермей жүргеніңде, оның үндемей келіп ыдыстарды жуып қоюы. дүкеннен сен ұнататындарды алып келуі. үйден шықса, үйге асығуы. оның маған осыған дейін сыйлаған гүлдерінен, көйлек, билет, ақшасынан да қымбат дүниелер осылар болған екен.

көп ер адамның арасында күйеуіме қарап, дұрыс таңдау жасағаныма мақтанам. тазалығына, ұқыптылығына, сөйлеуіне, тамақтануына, киім киісіне. аааа, қайта ғашықпын.

оятқышқа да, қоңырауларға да оянбайтын күйеуім: “сен қасымнан тұрып кеткен соң ояндым”

жан серігім болғаның үшін емес, шынымен де “жақсы адам” болғаның үшін жақсы көрем.

Repost from N/a
aIof9ckuBokGHaeyXnRA+wB8sq15HyEo.m4a2.93 MB

ерінің жанында өзін сүйікті сезіну - әйелге ең жарасымды хәл.
ерінің жанында өзін сүйікті сезіну - әйелге ең жарасымды хәл.

ерінің жанында өзін сүйікті сезіну - әйелге ең жарасымды хәл.

әйелім менсіз де өз жолын таба алады. менсіз де армандарына, қалауларына жете алады. бірақ оған менің қасымда “әйел” болып, иық сүйей алатын адамы барын сезінгені керек. күйеуім менсіз де тұрмысын құра алады: ас, киім, үй. менсіз де өмір сүре алады. бірақ оған қолындағы дүниесіне мән, жанына тыныштық сыйлайтын әйелі керек. отбасы болу - бір-біріне тәуелділік емес. екі адам да осыны мойындаса, “міндеттісің” деген сөздер айтылмаушы еді…

жамандықтың өлетін жері - жақсылардың кеудесі…🤍

дәл қазір Әуезов театрының кіші залын сағынып отырмын…

мен оны ‘ұнатпай’ қалған сәттерде де, ол мені өзінше сүйе берді. махаббаттың қандай екенін көрсетуден еш тайынған емес… жақсы көрем 🤍

Manyzdy emes.m4a3.46 MB

өзі туған айының бір ғажайыппен байланысы бар секілді, әр адамда… мен үшін ол ай - Тамыз. тамызда мен қоштасудың не екенін алғаш сезгем. тамызда орындалмастай көрінген армандарым орындалған. тамызда мен ең алғашқы жұмыс орнымды тапқанмын. тамызда мен өмірімде үшінші рет жалғыз өзге қалаға көшіп көрдім. тамызда мен жаңа жұмыс орныма орналастым. тамызда мен оны кездестіргенмін… тамызда мен ересек өмірге тағы бір қадам жақындап, отбасын құрдым. алда тағы бір тамыз жақындап келеді. не күтсем екен?

кеше аға жеңгемнің дүниеге қызы келді, есімін Ләйлә деп қойды. туған күні де, есімі де сұлу 🥹💔

Repost from N/a
Сен үмітің үзілген нәрседен азатсың, ал дәметкен нәрсеңе құлсың. ©️Ибн Атауллаһ

«Жасқа жас, ойға кәрі болыңдар» Абай @aitqynkeldineni

әлдекім атымды атап шақырғандай…

тағы отыз жылдан кейін де, осылай “өмірдің сосын сенің еркең” боп қалғым келеді.

адам өзін аялауды қойғанда, өмір оны аямайды екен ғой.

жылаған да жөн, болса егер анық жасыңды сүртер бір адам…🤍