cookie

Sizning foydalanuvchi tajribangizni yaxshilash uchun cookie-lardan foydalanamiz. Barchasini qabul qiling», bosing, cookie-lardan foydalanilishiga rozilik bildirishingiz talab qilinadi.

avatar

Теңіз түсті махаббатым🌊

Бұл каналда болашақ кітабымның үзінділерімен бөлісемін✨ Инстаграмда @baqytty_jamal

Ko'proq ko'rsatish
Qozog'iston2 604Qozoq1 091Toif belgilanmagan
Reklama postlari
1 402
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
+107 kunlar
+1330 kunlar

Ma'lumot yuklanmoqda...

Obunachilar o'sish tezligi

Ma'lumot yuklanmoqda...

Құшағына құлағанда туған үйіңді сезінетін жігітті ізде Қолыңнан ұстағанда жүрегің дүрсілдейтін жігітті емес, құшағына құлағанда туған үйіңде жүргендей еркіндікті сезінетін жігітті ізде. Сұңғақ бойлы, сымбатты, тартымдысын іздеме. Адал, мінезі ашық, азаматтығын ешқашан төмендетпейтін жігітті ізде. Әдемі сөйлейтінін емес, әрекеті өздігінен сөйлеп тұратын жігітті ізде. Келешектің көркем суретін салатынды емес, арманыңды жүзеге асыратын жігітті ізде. Саған бар болғаны 5 не 50 пайыз уақытын бөлетін емес, саудаласпайтын жігітті ізде. Өзің кездесуге шақырып, шаршайтынды емес, сенімен әр сәтті ынтыға күтетін жігітті ізде. Жүрегіңді ойыншық көретінін емес, шын күлдіретін жігітті ізде. Өміріңді қиындататын емес, сенсіз өмір сүре алмайтынын жігітті ізде. Қиялыңдағыны іздеме, қасыңнан табылған, махаббатын арнаған жігітті ізде. Қалтасы қалыңы, не лауазымы барын іздеме. Сен үшін тұрысатын жігітті ізде. Сен үшін не істей алады деп іздеме. Бір-бірің үшін не істей алатындарыңа қарап ізде. Кәсібі мықтысын іздеме. Жақсы әке, жақсы күйеу болатынын ізде. Қыз атаулы көз тігетін жігітті іздеме. Тек сені қалайтын жігітті ізде. Білектісін іздеме. Ержүрек, сенімді жігітті ізде. Ешқашан сүйіп көрмеген жігіт үшін оны өзгертетін жалғыз махаббат болам деп тыраштанба. Жүрегі жараланса да сезімнің қуатын бойынан өткізе алған жігітті ізде. Тез ғашық болғыш жігітті іздеме. Саған жақындауға асықпайтын жігітті ізде. Әйелді сыйламайтын, сезімін пайдаланғысы кеп тұратын жігітті іздеме. Сенің нәзіктігіңді құрметтейтін, аялайтын жігітті ізде. Сұлулығың мен пәктігіңе қызығатын жігітті іздеме. Сенің қайсарлығың мен батылдығыңды құрметтейтін жігітті ізде. Сенің бойыңдағы тек мақтаулы мінезді жақсы көретін жігітті іздеме. Сені бар кемшілігіңмен жақсы көретін жігітті ізде. Сені ыңғайлы нұсқа ретінде бағалайтынды іздеме. Сені жоғалтып алуға қорқатын жігітті ізде. Бір болайық дегізіп өзіңді жалындыратын жігітті іздеме. Саған үйленейік дей алған жігітті ізде. Еркіндігінен айырылып қалам деп қорқатын жігітті іздеме, сенімен бірге өмір дейтін саяхатты бастауға асыққанын ізде. Соңынан қуып жүретін жігітті іздеме, саған таңдауға амал қалдырмайтынын ізде. Шынар Әбілда
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Өмір ғажап. Қалғаны- сенің таңдауыңның нәтижелері. Ал өмір ғажап. Теңіз түсті махаббатым» © Жамал Жақсытай, 2021
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Қайырлы түн, жаралы жүрек💔
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Жара🫀... Өлшеусіз терең жаралар. Ұзақ уақыт өтірік пен сатқындықты көтерген мұң. Сіз аман қаласыз. Ауырсыну өтеді. Бірақ сен енді бұрынғыдай болмайсың. Ал сенімнің үміттің орнына салқындық, бостық келеді.
Hammasini ko'rsatish...
Кеше біраз ойлар санамда ақтарылып, шабытым күшті келді. Ыдысты жуып тастайын, жазамын дегенде бәрі ыдыспен бірге жуылып кетті ғой. Қайта келіп, каналды ашып, бірдеңе жазайын десем, бәрі ойымда ештеңе қалмаған :) 🫢
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Адамға жұп табу қиын емес. Бірақ сезім тек Алладан. Сезім берілген адамға сен ештеңе істей алмайсың. Ол сенің талғамыңдағы адам болмауы да мүмкін. Аллаһтың қалауынан аттап кете алмайсың. Сезімің оянған адамда не сынақ бар. Не сенің ана болу бақытыңның себепкері сол адам.
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Рақмет, жандарым🤍 каналдан жігіттерді шығарып тастадым. Біздің сезімді тек өзіміз түсінеміз. Оларға ондай сентиментализм мазақ болуы мүмкін
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Уақыт өте келе түсінгенім. Мен ол кезде одан кетпегенмін. Оның жанындағы бақытсыз өзімнен кеткенмін. -Өзіңді таңдаудан артық бақыт жоқ екеніне көзім жетті. Өзіңді таңдай тұрып, біреуді сүйе алу - бұл махаббат. Қалғаныңның бәрі - ауру ғана екен, құрбым…
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Ол қазір оны жамандыққа қимайды. Бірақ ол күндердің бір күнінде махаббаттан емес, адамнан шатасқанын мойындайды…
Hammasini ko'rsatish...
Photo unavailableShow in Telegram
Уақыт бәрін өзгертеді. Әсіресе ойлар мен ниетті.
Hammasini ko'rsatish...
Boshqa reja tanlang

Joriy rejangiz faqat 5 ta kanal uchun analitika imkoniyatini beradi. Ko'proq olish uchun, iltimos, boshqa reja tanlang.