süyiktim…
رفتن به کانال در Telegram
872
مشترکین
-124 ساعت
-87 روز
-2130 روز
آرشیو پست ها
872
Repost from N/a
«Өтпеймін» деген өткелдерден өткізіп, «төзбеймін» дегенге төздіретін тағдыр адамның шегін емес, оның шексіздігін өзіне дәлелдейтін ұлы күш.
872
соңғы демім қалғанша иісіңе тұншығып, көздеріңді сүю, таңға дейін қиялымдағыны айтып тауыса алмай, құшағыңда көз іліп кету… ең, ең, ең сүйікті әдетім.
872
сен берген махаббатты дәл солай өзіңе қайтара алмасымды біліп, өзімді аздап қатыгез көрем.
бірақ махаббат сауда емесі есіме түссе, ішімде тағы бір гүл бүр атып шығады.
872
жұмыстан келіп баласын айналып-толғанып, кешкі ас дайындап, ып-ыстық шай құйды. үстел үстін жинап, ыдыстарды жуып, қоқыс тастауға шығып кетті.
өзім өмірге жаңа келгендей боп жүрген осы күндерді, оның қолдауын ешқашан ұмытпаймын…
❤️
872
жұмыстан келгенде үйден кешкі асты емес, үйдің тазалығын емес “сені” іздеуі. жерік асыңды үйден өзі дайындап беруі. ас бөлмеде үлгермей жүргеніңде, оның үндемей келіп ыдыстарды жуып қоюы. дүкеннен сен ұнататындарды алып келуі. үйден шықса, үйге асығуы.
оның маған осыған дейін сыйлаған гүлдерінен, көйлек, билет, ақшасынан да қымбат дүниелер осылар болған екен.
872
көп ер адамның арасында күйеуіме қарап, дұрыс таңдау жасағаныма мақтанам. тазалығына, ұқыптылығына, сөйлеуіне, тамақтануына, киім киісіне. аааа, қайта ғашықпын.
872
әйелім менсіз де өз жолын таба алады. менсіз де армандарына, қалауларына жете алады. бірақ оған менің қасымда “әйел” болып, иық сүйей алатын адамы барын сезінгені керек.
күйеуім менсіз де тұрмысын құра алады: ас, киім, үй. менсіз де өмір сүре алады. бірақ оған қолындағы дүниесіне мән, жанына тыныштық сыйлайтын әйелі керек.
отбасы болу - бір-біріне тәуелділік емес. екі адам да осыны мойындаса, “міндеттісің” деген сөздер айтылмаушы еді…
872
мен оны ‘ұнатпай’ қалған сәттерде де, ол мені өзінше сүйе берді. махаббаттың қандай екенін көрсетуден еш тайынған емес… жақсы көрем 🤍
