süyiktim…
الذهاب إلى القناة على Telegram
855
المشتركون
+224 ساعات
+57 أيام
+530 أيام
أرشيف المشاركات
855
Repost from N/a
«Өтпеймін» деген өткелдерден өткізіп, «төзбеймін» дегенге төздіретін тағдыр адамның шегін емес, оның шексіздігін өзіне дәлелдейтін ұлы күш.
855
соңғы демім қалғанша иісіңе тұншығып, көздеріңді сүю, таңға дейін қиялымдағыны айтып тауыса алмай, құшағыңда көз іліп кету… ең, ең, ең сүйікті әдетім.
855
сен берген махаббатты дәл солай өзіңе қайтара алмасымды біліп, өзімді аздап қатыгез көрем.
бірақ махаббат сауда емесі есіме түссе, ішімде тағы бір гүл бүр атып шығады.
855
жұмыстан келіп баласын айналып-толғанып, кешкі ас дайындап, ып-ыстық шай құйды. үстел үстін жинап, ыдыстарды жуып, қоқыс тастауға шығып кетті.
өзім өмірге жаңа келгендей боп жүрген осы күндерді, оның қолдауын ешқашан ұмытпаймын…
❤️
855
жұмыстан келгенде үйден кешкі асты емес, үйдің тазалығын емес “сені” іздеуі. жерік асыңды үйден өзі дайындап беруі. ас бөлмеде үлгермей жүргеніңде, оның үндемей келіп ыдыстарды жуып қоюы. дүкеннен сен ұнататындарды алып келуі. үйден шықса, үйге асығуы.
оның маған осыған дейін сыйлаған гүлдерінен, көйлек, билет, ақшасынан да қымбат дүниелер осылар болған екен.
855
көп ер адамның арасында күйеуіме қарап, дұрыс таңдау жасағаныма мақтанам. тазалығына, ұқыптылығына, сөйлеуіне, тамақтануына, киім киісіне. аааа, қайта ғашықпын.
