uz
Feedback
Мирас Ерланұлы

Мирас Ерланұлы

Kanalga Telegram’da o‘tish

Пайдалы бол!

Ko'proq ko'rsatish
4 038
Obunachilar
+324 soatlar
+537 kunlar
+1430 kunlar
Postlar arxiv
Интернет желісінде жүрген көптеген коуч болсын, дәрігер болсын проблемаларды үйіп-төгіп айтады. Бірақ шешімін айтпайды. Ал шешімі болса ақылы. Осыдан-ақ олардың саған жаны ашымайтынын түсінсей. Ал тегін үйретіп жүргендері болмашы дүниелер. Пайдасы шамалы.

Бүгін қажылар қажылықтың негізгі рүкіні болған арафатта тұру рәсімін орындап жатыр. Алда оларды ерекше түн күтіп тұр. Муздалифа түні. Пайғамбарымыздың ﷺ дұғасы толықтай қабыл болған мекен.

Бүгін әлемнің түкпірінен жиналған қажылар үлкен қажылықтың ихрамына кіріп, Мина жазығына шығып барады. Ол жерде арапа күнінің таңына дейін болып, бес уақыт намаздарын сол мекенде атқарады. Бұл қажының өзгеше күндерінің бірі. Кісінің бойынан кетпейтін естеліктер күні.

Ибн Аббастан: «Алла елшісі ﷺ тұрғылықты кезде төрт рәкағат, сапарда екі рәкағатты парыз етті. Осы жерде парыз намазынан бұрын және кейін нәпіл намаздарды оқығаны секілді, сапарда да парыз намазынан алдын және кейін нәпіл намаздарды оқи береді», – деген (Шарх мағанил-әсәр/Имам Тахауи).

✨ Алланың қалауымен фиқһ саласынан тозақтың жеті есігіне тосқауыл, қақпақ болсын деген ниетпен жеті кітапты оқуды бастадық: �
✨ Алланың қалауымен фиқһ саласынан тозақтың жеті есігіне тосқауыл, қақпақ болсын деген ниетпен жеті кітапты оқуды бастадық: 📚 1. «Исғафул муридин» — Имам Мәйдәни 📚 2. «Нур әл-Идоҳ» — Имам Шурунбулали 📚 3. «Мухтасар әл-Қудури» — Имам Қудури 📚 4. «әл-Мухтар лил-Фәтуа» — Имам Маусили 📚 5. «Кәнз әд-Дақаиқ» — Имам Нәсәфи 📚 6. «Мултақа әл-Әбһур» — Имам Хәләби 📚 7. «әл-Хидая» — Имам Марғинани 🌿 Әлхамдулилләһ, алғашқы кітаптар бітіп, қазір Қудури мәтінін бастап кеттік. ✨ Сондай-ақ, ақида саласынан да жәннаттың сегіз есігіне кілт болсын деген ниетпен сегіз кітап бастаған едік. 📖 Әлхамдулилләһ, ақида дәрістері орта кезеңге жетті. 📌 Барша дәрістерге тіркелуге болады. 🎓 Ақылы және ақысыз түрде қарастырылады. 🤲 Дәріс оқушы: Қуаныш Мәлік

Ас – амалдың өзегі. Адал болса, пенде ізгі амалға; арам болса, күнәлі іске жақын келеді. Әрине Алла Тағала кеңшілігіменен сақтап қалған пенделерінен басқа. Кейде пендесін арам астың ластығынан тазартып қояды. Яғни арам нәрсе жеп қойса да, күнәдан сақтап қалады. 📚Муньят сайядин/Ибн Мәләк (Алла рақымына алсын)

Арам асты жеп жүрген кісіден күнәлі амал; күмәнды асты жеп жүрген кісіден (ізгі амалдан) ғапілетте қалу; адал асты жеуді дағдыға айналдырған адамнан тек жақсы амалдар ғана бой көрсетеді. 📚Муньят сайядин/Ибн Мәләк (Алла рақымына алсын)

Алла елшісі ﷺ: «Ой жүгіртпейтін (иммә’а) адамдардың қатарынан болма», – деген (Тирмизи) Айтқанға еріп кете беретін, өзінің ақылын қолданбайтын адамды – иммә’а (إمَّعة) деп атайды. Ислам шариғаты ақыл жүргізуді тыймайды. Керісінше, ақылды істетуге шақырады. 📚Мұхаммед Алланың елшісі

Тек діни салада ғана емес. Толық пісіп жетілмеген мамандар басқа да салаларда баршылық. Сондықтан өз басым кез келген саладағы маманға сыни көзбен қараймын. Пайғамбарымыз ﷺ да кез келген адамға еріп кете беруді құп көрмеген.

Алла жайлы жақсы ой – көркем құлшылықтың бір түрі. Тирмизи

Ықыластылықтың үш белгісі: 1. Жұрттың мақтауы мен жамандауын тең көру. 2. Жасаған игі амалдарды ұмыту. 3. Жақсы амалдың сауабын ақыреттен үміттену. Зуннун (Алла рахымына алсын)

Көзбояушылық жасайтын кісінің үш белгісі бар: 1. Жалғыз қалса, еріншек келеді. 2. Жұрттың ортасында болса, белсенді көрінеді. 3. Адамдар мақтаса ғана игі істерін көбірек орындайды. Али (Алла ол кісіге разы болсын)

Өмір бөліктерден тұрады. Сол бөліктердің арасында "Алланы еске алу бөлігі" жиі болсын. Шейх Абдуссалам Шаннар

Білген дүниеміз амал етуді жазсын. 🤲🏻🤲🏻🤲🏻

Кезінде тақуалық екеуміз ілім іздеген едік. Енді ілім екеуміз тақуалық іздеп жүрміз. ©️Ізгілер сөзі (нафахат рухания)

Өлім – уағызшы (ғибрат, өсиет) ретінде жеткілікті. Тәубе қылуды кешіктірме. Өлім аяқ асты келеді.

Мирас Ерланұлы - Telegram kanali @meraserlan statistikasi va tahlili