4 003
Подписчики
-124 часа
+387 дней
+1230 день
Архив постов
4 003
Әхкәм әз-зәбәих кітабы
Автор: шейх Мұхаммед Тақи әл-Усмани
Кітап шариғи жолмен мал бауыздаудың үкімдерін қамтыған. Сондай-ақ заманауи автоматты техникамен малды, тауықты бауыздаудың үкімдерін кеңінен қарастырған.
Кітап иелерінің бауыздаған малы. “Оның үкім қалай, олардың бауыздаған малдарын жеуге бола ма; малды бауыздар кезде Алланың есімін айтып, одағы мақсаты Иса Мәсіх болса, бұл малды жеуге бола ма; малды бауыздаған адам белгісіз болса, оның үкімі қалай?” деген сынды актуалды сұрақтардың жауабы қамтылған.
Қазіргі батыстық христиандардың діндерін ұстанбайдығын және олардың бауыздаған малдарын жеуге болмайтынын айтады.
Мұсылман емес елді мекеннен мұсылман елдеріне жеткізілетін еттердің үкімі баяндалған. Сондай-ақ “ислам шариғатына сай сойылған” деген мұсылман емес елді-мекендердің барлығы дерлік малдарды ислам шариғатына сай емес бауыздайтынын келтіреді.
Шейх Мұхаммед Тақи әл-Усманидің бірден-бір ерекшелігі ол кісі тек теория жағынан емес, бұл мәселелерді практика тұрғысынан зерттегенін жеткізеді. Және үкімдерді талдау әдісі де өзгеше.
Кітапша 100 беттен тұрады. Бірақ ішінде өзекті тақырыптар қозғалған.
4 003
Жеп жүрген асына мән бермейтіндерге…
Оған мысал ретінде ет пен оның өнімдерін жеуден өздерін тыйған (вегетариан) адамдардың ұстанымын келтірейін. Бұлар бүкіл әлемге белгілі және олар өздерінің тағам таңдауында өте сақтық танытады. Тіпті олардың кейбіреулері сақтықта шектен шығып, нарықта сатылатын пешене мен йогурттарды жануар майынан жасалған ба деп күдіктеніп, олардан аулақ жүреді. Сондай-ақ сатып алар алдында тағамның құрамы туралы сұрайды және барлық жерде өздеріне тән дүкендері болады.
Міне, бұл адамдар өз заңдарын өздері жасап, оны құрметтейді және ұстамдылық пен дәлдікті (тамақ таңдауда) фанатизм немесе уақыт пен күшті ысырап ету деп санамайды. Ал мұсылмандарға Алла тарапынан құран түсіп, оларға Пайғамбардың ﷺ сүннеті жете тұрса да, неге олар бұған (адал асқа) мән бермейді және сақтық шараларын танытпайды?!
Әхкәм әз-зәбәих, Мұхаммед Тақи әл-Усмәни
4 003
Әйелдеріңе жақсылық қылыңдар. (Бұхари)
Пайғамбарымыз ﷺ бір хадисте осы сөзін екі мәрте қайталап айтқан екен.
4 003
Біз құранға қызмет ету керекпіз. Яғни құранға қызмет көрсетілу керек.
Бірақ өкінішке орай кейбір адамдар құранды қызметші қылады. Яғни құран арқылы атаққа, дүниеге кенелгісі келеді.
Құран біздің жоғарымызда, ал біз құранның астында болуымыз қажет. Құран – біздер ойлағаннан да жоғары әрі ұлы кітап.
Шейх Әймән Суәйд
4 003
Шейх Омар әл-Хижәзи – усул әл-фиқһ және фиқһ саласын терең меңгерген ғалымдардың бірі. Білімі терең, әдебі ерекше. Көптеген шәкірттерге пайдасы тиіп жатқан кісілердің бірі.
Стамбұл, Түркия.
4 003
Шейх Халид Харсаның батасын алу нәсіп болды. Шейхтің отырып-тұруының барлығы – дұға, зікір, салауат екен. Алла Тағала біздерді де амал қылушылардан еткей.
4 003
Истиғфар айтуды тастап қойған едім. Сөйтіп ұстазымды көрдім. Қабағын шытып маған қарады. Кейін ояна сала ұстаздың бізге тапсырған күнделікті истиғфарын айтып, тастамауға тырысып жүрмін. Сол бір күндері истиғфар айтуды тастап қойып едім.
4 003
Repost from Сырымбек Әділболатұлы
Кейбір ұстаздар шәкірттерін тек өзіне ғана байлап, олардың өзге ғалымдардан білім алуын қаламайды. Тіпті шәкірті басқа ұстаздан пайда көріп жүрсе, оны қызғанышпен қабылдайтындары да кездеседі. Ал шынайы ұстаздың мақсаты – шәкіртін өзіне тәуелді ету емес, оны ілімде кемелдендіру. Ол шәкіртінің қай жерден болса да пайдалы білім алғанына қуанады.
Осыған орай «Тәбйин әл-хақаиқ» кітабының авторы, имам Зәйлағи (р.а) шәкірттеріне былай деп өсиет еткен:
«Ілімді тек менен ғана оқумен шектеліп қалмаңдар. Өйткені мен өзімді сендердің біріңнен артық көрмеймін. Егер ғылымда менен артықшылығы бар біреуді тапсаңдар, одан да дәріс алыңдар. Сонда білімдерің артып, көбірек пайда мен игілікке кенелесіңдер».
© әл-Кәфәуи, «Кәтаибу аъләмил-әхияр».
4 003
Намазым дұрыс болсын десеңіз кітабы орыс тілінде. Кітапта актуалды сұрақтардың жауабы қамтылған.
Кітапты алу үшін осы сілтемеге өтіңіз.
4 003
Repost from Ilim_ordasy📚
Күнәдан аулақ бол! Ризықтың тоқтау себебі – содан.
— Ибн Атаиллаһ әс-Сәкәндари (рахимаһулла)
4 003
Repost from Ilim_ordasy📚
Бауырларым, күнә жүректі қарайтады. Жүректің айнасы кірлеген сайын, ақиқат көмескіленіп, тура жол бұлыңғыр көріне бастайды. Сондықтан жүректеріңді тәубемен, истиғфармен және ізгі амалдармен тазартыңдар.
— Ибн әл-Жаузи (Алла оны рақымына алсын)
4 003
Біз адамшылығымызға ірге болатын құлықты әкеміз қандай ғалым болса да, ешкі сауып, тезек теріп жүрген анамыздан аламыз.
(с) Мұхтар Әуезов
4 003
Белгілі бір саланы меңгерудің ең жақсы әдіснамасын (методологиясын) сұрай беретіндерге…
Кейбір білім ізденушілер бар. Олар түрлі әдіснамаларды жатқа біледі. Адамдарға сол жүйені үйретіп та жатады. Бірақ өзі ешнәрсені оқып жаратпаған.
Әңгіменің осындай да тұсы бар)
