3 998
مشترکین
-324 ساعت
-187 روز
+1530 روز
آرشیو پست ها
3 998
Біз адамшылығымызға ірге болатын құлықты әкеміз қандай ғалым болса да, ешкі сауып, тезек теріп жүрген анамыздан аламыз.
(с) Мұхтар Әуезов
3 998
Белгілі бір саланы меңгерудің ең жақсы әдіснамасын (методологиясын) сұрай беретіндерге…
Кейбір білім ізденушілер бар. Олар түрлі әдіснамаларды жатқа біледі. Адамдарға сол жүйені үйретіп та жатады. Бірақ өзі ешнәрсені оқып жаратпаған.
Әңгіменің осындай да тұсы бар)
3 998
Әрбір үнсіз адам жауап бере алмайды деген сөз емес. Кейбіреулер басқаларды жараламау үшін үнсіз қалады, ал кейбіреулер қайғыға қарсы тұрып үнсіз қала береді. Себебі олардың сөзі қайғырудан да күшті келуі мүмкін.
3 998
Егер (саған тоқтамай кеп тұрған) нығметтердің жалғасымды болуын қаласаң, адамдарға ол жайлы айтпа. Себебі естуші адамдардың барлығы (сол нығметтің сен үшін болуын) жақсы көре бермейді.
Әли ибн Әбу Тәліп(Алла ол кісіден разы болсын)
3 998
Repost from Ilim_ordasy📚
Өтіп кеткен кездерге қайғыру үшін кеткен уақыт — уақытты қайтадан өлтіру.
📚 قيمة الزمان عند العلماء
3 998
Repost from Абылай Кенжалы
«Қалай уақыт өлтірсем болады» дейсің бе?
Біз уақытты емес, уақыт бізді өлтіріп жатыр ғой.
©️Шейх Хамза Юсуф
3 998
Бүгін Мысырдағы қазақ шәкірттермен Шейхул-ислам Бурһануддин әл-Марғинәнидің (Алла Тағала ол кісіні рақымына бөлесін) «әл-Һидая» еңбегінің ғибадат бөлімін аяқтадық.
3 998
Бұл сабақтар келесі сейсенбі (яғни 23-і күні) басталады. Тіркеліп үлгерсеңіздер болады.
3 998
Әссәләму алейкум!
Жақында Шейх Мұхаммед Тақи әл-Усманидің сауда-саттыққа қатысты «машруғ ли қанун ислами» атты еңбегін бастаймыз. Кітап жеңіл жазылған. Пайдасы өте көп. Дәріс ақылы!
Қосымша ақпарат және тіркелу үшін осы сөздің үстін басыңыз.
3 998
Repost from Beisenali Olzhas
Білім сен үшін ауыр жүк болып, жүрегіңе уайым салуы мүмкін, себебі оны әлі толық түсінбегенсің.
Ал оны түсінген кезде, оның тәттілігін сезініп, одан ләззат пен рахат табасың. Білім жолының ұзақтығына қарамастан, оны оқуда шаршау мен ауырлық сезбей қаласың.
Керісінше, шаршау мен ауырлықты білім іздемеген кезде табасың.
Біліммен ғана адам боласың!
(с) Шейх Әбу Муса
3 998
Білім арқылы ғана шынайы діндар боласың. Білімсіз Алла Тағалаға құлшылық етілмейді.
Мысырлық әдебиетші, философ Мұстафа Махмұт.
3 998
Интернет желісінде жүрген көптеген коуч болсын, дәрігер болсын проблемаларды үйіп-төгіп айтады. Бірақ шешімін айтпайды. Ал шешімі болса ақылы. Осыдан-ақ олардың саған жаны ашымайтынын түсінсей. Ал тегін үйретіп жүргендері болмашы дүниелер. Пайдасы шамалы.
3 998
Бүгін қажылар қажылықтың негізгі рүкіні болған арафатта тұру рәсімін орындап жатыр. Алда оларды ерекше түн күтіп тұр. Муздалифа түні. Пайғамбарымыздың ﷺ дұғасы толықтай қабыл болған мекен.
3 998
Бүгін әлемнің түкпірінен жиналған қажылар үлкен қажылықтың ихрамына кіріп, Мина жазығына шығып барады. Ол жерде арапа күнінің таңына дейін болып, бес уақыт намаздарын сол мекенде атқарады. Бұл қажының өзгеше күндерінің бірі. Кісінің бойынан кетпейтін естеліктер күні.
3 998
Ибн Аббастан: «Алла елшісі ﷺ тұрғылықты кезде төрт рәкағат, сапарда екі рәкағатты парыз етті. Осы жерде парыз намазынан бұрын және кейін нәпіл намаздарды оқығаны секілді, сапарда да парыз намазынан алдын және кейін нәпіл намаздарды оқи береді», – деген (Шарх мағанил-әсәр/Имам Тахауи).
اکنون در دسترس! پژوهش تلگرام ۲۰۲۵ — مهمترین بینشهای سال 
