uk
Feedback
Мирас Ерланұлы

Мирас Ерланұлы

Відкрити в Telegram

Пайдалы бол!

Показати більше
3 998
Підписники
-324 години
-187 днів
+1530 день
Архів дописів
Біз адамшылығымызға ірге болатын құлықты әкеміз қандай ғалым болса да, ешкі сауып, тезек теріп жүрген анамыздан аламыз. (с) Мұхтар Әуезов

Белгілі бір саланы меңгерудің ең жақсы әдіснамасын (методологиясын) сұрай беретіндерге… Кейбір білім ізденушілер бар. Олар түрлі әдіснамаларды жатқа біледі. Адамдарға сол жүйені үйретіп та жатады. Бірақ өзі ешнәрсені оқып жаратпаған. Әңгіменің осындай да тұсы бар)

Әрбір үнсіз адам жауап бере алмайды деген сөз емес. Кейбіреулер басқаларды жараламау үшін үнсіз қалады, ал кейбіреулер қайғыға қарсы тұрып үнсіз қала береді. Себебі олардың сөзі қайғырудан да күшті келуі мүмкін.

Егер (саған тоқтамай кеп тұрған) нығметтердің жалғасымды болуын қаласаң, адамдарға ол жайлы айтпа. Себебі естуші адамдардың барлығы (сол нығметтің сен үшін болуын) жақсы көре бермейді. Әли ибн Әбу Тәліп(Алла ол кісіден разы болсын)

Repost from Ilim_ordasy📚
Өтіп кеткен кездерге қайғыру үшін кеткен уақыт — уақытты қайтадан өлтіру. 📚 قيمة الزمان عند العلماء

«Қалай уақыт өлтірсем болады» дейсің бе? Біз уақытты емес, уақыт бізді өлтіріп жатыр ғой. ©️Шейх Хамза Юсуф

Бүгін Мысырдағы қазақ шәкірттермен Шейхул-ислам Бурһануддин әл-Марғинәнидің (Алла Тағала ол кісіні рақымына бөлесін) «әл-Һида
Бүгін Мысырдағы қазақ шәкірттермен Шейхул-ислам Бурһануддин әл-Марғинәнидің (Алла Тағала ол кісіні рақымына бөлесін) «әл-Һидая» еңбегінің ғибадат бөлімін аяқтадық.

Бұл сабақтар келесі сейсенбі (яғни 23-і күні) басталады. Тіркеліп үлгерсеңіздер болады.

Әссәләму алейкум! Жақында Шейх Мұхаммед Тақи әл-Усманидің сауда-саттыққа қатысты «машруғ ли қанун ислами» атты еңбегін бастай
Әссәләму алейкум! Жақында Шейх Мұхаммед Тақи әл-Усманидің сауда-саттыққа қатысты «машруғ ли қанун ислами» атты еңбегін бастаймыз. Кітап жеңіл жазылған. Пайдасы өте көп. Дәріс ақылы! Қосымша ақпарат және тіркелу үшін осы сөздің үстін басыңыз.

Repost from Beisenali Olzhas
Білім сен үшін ауыр жүк болып, жүрегіңе уайым салуы мүмкін, себебі оны әлі толық түсінбегенсің. Ал оны түсінген кезде, оның тәттілігін сезініп, одан ләззат пен рахат табасың. Білім жолының ұзақтығына қарамастан, оны оқуда шаршау мен ауырлық сезбей қаласың. Керісінше, шаршау мен ауырлықты білім іздемеген кезде табасың. Біліммен ғана адам боласың! (с) Шейх Әбу Муса

Білім арқылы ғана шынайы діндар боласың. Білімсіз Алла Тағалаға құлшылық етілмейді. Мысырлық әдебиетші, философ Мұстафа Махмұт.

Интернет желісінде жүрген көптеген коуч болсын, дәрігер болсын проблемаларды үйіп-төгіп айтады. Бірақ шешімін айтпайды. Ал шешімі болса ақылы. Осыдан-ақ олардың саған жаны ашымайтынын түсінсей. Ал тегін үйретіп жүргендері болмашы дүниелер. Пайдасы шамалы.

Бүгін қажылар қажылықтың негізгі рүкіні болған арафатта тұру рәсімін орындап жатыр. Алда оларды ерекше түн күтіп тұр. Муздалифа түні. Пайғамбарымыздың ﷺ дұғасы толықтай қабыл болған мекен.

Бүгін әлемнің түкпірінен жиналған қажылар үлкен қажылықтың ихрамына кіріп, Мина жазығына шығып барады. Ол жерде арапа күнінің таңына дейін болып, бес уақыт намаздарын сол мекенде атқарады. Бұл қажының өзгеше күндерінің бірі. Кісінің бойынан кетпейтін естеліктер күні.

Ибн Аббастан: «Алла елшісі ﷺ тұрғылықты кезде төрт рәкағат, сапарда екі рәкағатты парыз етті. Осы жерде парыз намазынан бұрын және кейін нәпіл намаздарды оқығаны секілді, сапарда да парыз намазынан алдын және кейін нәпіл намаздарды оқи береді», – деген (Шарх мағанил-әсәр/Имам Тахауи).

Мирас Ерланұлы - Статистика та аналітика Telegram каналу @meraserlan