uk
Feedback

Не попадись на ботовода! Telemetrio знаходить і позначає такі канали мітками 👉 Хочеш бачити мітку, оформляй підписку

Қазақ әдебиеті

Қазақ әдебиеті

Відкрити в Telegram

Қазақ әдебиеті

Показати більше
2 269
Підписники
+324 години
+157 днів
+2230 днів
Архів дописів
Телегейге тел жаңғырық, Ұшқан құсқа жел жаңғырық. Тәңір ием сендерге қанат беріп, Бізді бөлек жаратқан енжар қылып. Әлқиса, с
Телегейге тел жаңғырық, Ұшқан құсқа жел жаңғырық. Тәңір ием сендерге қанат беріп, Бізді бөлек жаратқан енжар қылып. Әлқиса, сендер жұмбақ айтасыңдар: “Қос қанаты болмаса, Жан не керек екен-ау. Ұша алмайды ұшпайды – Бұлар кімдер, көкем-ау?”. Бұл деген біз, ұшпаймыз, ұшпағанбыз, Қысы-жазы бір жерде қыстағанбыз. Қызығып-ақ қараймыз ту төменнен, Қиқу салып қайтқанда құстар әр күз. Қимай-қимай қош айтып көл мен құрақ, Зулайсыңдар тау асып, өрден құлап, Сол керуенде мен де ұшып бара жатам, Ілмейсіңдер көзге әттең сендер, бірақ. Шықпаймын деп неге мен самғап алға, Айқай салғым келеді бар ғаламға. ...Қар жауады. Қайтадан ораламын, Қала. Тірлік. Шымшық пен қарғаларға. // Есенғали Раушанов - Құстар қайтқанда
19 лист, 10:06

Бір қарасам ұқсайды қаралыға, Бір қарасам ұқсайды жаралыға. Дүниенің қайғысы тұнып қалған Жамалына, жанының жанарына. Ақ әлемге әуелден әні ғашық, Басындағы баянсыз бағы қашып. Күйеуі өлген келіншек барады әні Жарық күнге жаутаңдап жаны жасып. Ажарлы адам, мен сізді аяп көргем, тажал да оған талтүсте таяп келген... Жеткізеді аңсарын қай қиырға Өткізеді білмеймін қай өткелден? Қайғы қысып, толғанның мұңға етегі, Өзіменен арманы бір кетеді. Үр күндерге жаным-ай, үрке қарап Тереземнің алдынан күнде өтеді. Көгермейтін көңілдің хошы қандай, Сынаққа алған тағдыры өші бардай. Отырады торығып той-жиында Тобырға да, топқа да қосыла алмай. Тұнжырайсың, мен болсам тұншығамын, Баяғыдай жайраңдап, жүр шырағым! Қыздың қырық шырағы бар деуші еді Жанып қалар жақында бір шырағың. Түмен ойға батырса түпсіз жалған, Осы өлеңнің астарын ұқсын қарғам! Күйеуі өлген кенеттен келіншектей Қорқам кейде сыбыс пен сыпсыңдардан... Базарының бар шағын кие көрген, Иығыма қалқам-ай, сүйенер ме ең? ...тереземнің алдынан күнде өтеді күйеуі өлген келіншек, күйеуі өлген. // Ғалым Жайлыбай - Күйеуі өлген келіншек
18 лист, 10:30

Басталмаған қаланың дастаны әлі Бірінші жыл Дала деп жас тамады. Бірінші жыл ауылы естен кетпей, Бесінші жыл қимайды астананы. Бес жыл бойы қызартып, имендіріп, Біреуі үшін қуанып, күйген бірі: Бірін-бірі ұзатып өз қолынан, Бірін-бірі қолынан үйлендіріп. О жастық-ай, алмайтын өлмей тыным, Ойын-тойсыз өмірге көнбейтұғын. Биге барса баратын бір топ болып, Жалғыз жүру дегенді білмейтұғын. О жастық-ай, мойымас тау-тасыңа, Омыртқаңды үзеді ол, Дау тасыма. Ортақ оның қайғысы, қуанышы, Ортақ оның малтасы, қалтасы да! Ғашық болсаң түн пана, терек пана, Сұлу демі – дем емес – шарапхана. Қызға барсаң кигенің – өзгенікі, Өзіңдікі – жалғыз-ақ жүрек қана! Өмір! Өмір! – Деп жастық ұрандай ма, Көкіректі кернейді бір ән майда. Бір жігітке он қонақ мейрам күні, Он жігітке бір билет трамвайда. Алматымыз жастықтың бағы іспеттес, Қаншама гүл сол баққа қоныс тепті. Бір жігіттің ойында он арманнан, Он жігітке жалғыз-ақ конспекті. Тауысса да ақыры нандық пұлды, Тартпай қойған серілік, сәндік кімді! Түніменен дуылдап, Келесі күн Отырғаны сабақта қалғып-мүлгіп. Керемет қой, Қызық қой сезім деген, Көктемде кім үйден безінбеген! Он ай бойы масайрап ойнағандар Емтиханда отыз күн көз ілмеген. Лайланып кетсе де тұнық ойы, Қыдыруға болмайды мұны қойып: Баррикада жасап ап Қалың томнан Бас алмайды енді олар күні бойы. Шақырады қол бұлғап тау алыста, Шырқап кеткің келеді жалау ұстап. Өстіп жүріп бітеді емтихан да, Өстіп жүріп болады демалыс та. Содан кейін әлгіні ащысынбай, Жұтып-жұтып жіберіп тұщы судай, Туған жерге ұзатып тұрғандары Бірін-бірі Бір елдің басшысындай! // Қадыр Мырза Әли - Студент
16 лист, 23:37

Тұрады ұят тұрған жерде иман, Әдебі пайғамбардың бұған илан. Әртүрлі бұзықтықтан адамзатты Тек жалғыз бұ дүниеде ұят тиған. Ұ
Тұрады ұят тұрған жерде иман, Әдебі пайғамбардың бұған илан. Әртүрлі бұзықтықтан адамзатты Тек жалғыз бұ дүниеде ұят тиған. Ұятсыз маған десе патша болсын, Адамдық еш заты жоқ бойға жиған. Анасы – бар бұзықтың ұятсыздық Жоқ мұндай бұ жиhанда құдай ұрған. Ұрлық кісі өлтіру, мәтке басу – Ұятсыз деп біліңіз бәрін қылған. Дүниеде не жаман зат түгелімен Келеді бәрі бірдей ұятсыздан. Әртүрлі бұзықтықтың бар кесірі Ұятсыз кесіріне жетпейді сан. «Түзелдім» десе жауыз нансаңыз нан, Нанбаңыз ұятсызға берсе де жан. Құдайым өзі сақтап тап болмағай Отына ұятсыздың еш мұсылман. Дүниеден ұятсыздық көтерілсе, Тазарар еді сонда бүтін жиhан. // Ғұмар Қараш – Ұят t.me/adebiett
16 лист, 07:22

Тұрады ұят тұрған жерде иман, Әдебі пайғамбардың бұған илан. Әртүрлі бұзықтықтан адамзатты Тек жалғыз бұ дүниеде ұят тиған. Ұятсыз маған десе патша болсын, Адамдық еш заты жоқ бойға жиған. Анасы – бар бұзықтың ұятсыздық Жоқ мұндай бұ жиhанда құдай ұрған. Ұрлық кісі өлтіру, мәтке басу – Ұятсыз деп біліңіз бәрін қылған. Дүниеде не жаман зат түгелімен Келеді бәрі бірдей ұятсыздан. Әртүрлі бұзықтықтың бар кесірі Ұятсыз кесіріне жетпейді сан. «Түзелдім» десе жауыз нансаңыз нан, Нанбаңыз ұятсызға берсе де жан. Құдайым өзі сақтап тап болмағай Отына ұятсыздың еш мұсылман. Дүниеден ұятсыздық көтерілсе, Тазарар еді сонда бүтін жиhан. // Ғұмар Қараш – Ұят
16 лист, 07:22

Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз, Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз. Барлығына уақыт жоқ жететұғын, Күн көзіне отырып жылын
Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз, Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз. Барлығына уақыт жоқ жететұғын, Күн көзіне отырып жылынбаймыз. Қаппаса да қармақты күміс балық, Ауасымен арманның тыныстадық. Міндет тауып аламыз өзімізге, Күні бойы бітпейтін жұмыс тауып. Арқамызға жүктерін күн артады, Бақыт тауып аламыз бұдан тағы. Қуантуға біреуді асығамыз, Біздерді де біреулер қуантады. Жеткізсек деп ойлаймыз жас баланы, Аялайды тіршіліктің асқақ әні. Көңіл гүлін сыйлаумен тұрғыласқа, Өмір күнім менің де басталады... // Тұманбай Молдағалиев
15 лист, 10:15

Жақтырыспай отырмыз, кінәлі ме ем, Жаным, саған ескертем мынаны мен: Кекшіл адам емеспін, Жылап қалсам, Жұбанамын Естайдың бі
Жақтырыспай отырмыз, кінәлі ме ем, Жаным, саған ескертем мынаны мен: Кекшіл адам емеспін, Жылап қалсам, Жұбанамын Естайдың бір әнімен. Ақ лақтай ойнаған жар жағалап, Асыр салам, өзіңді тауға балап. Жоқ нәрсені іздемей, Жадыраймын, Жауып тұрған әдемі қарға қарап. Сұлық қарап қалмашы, Сұранамын. Бұл өмірді ұзатар бір амалым — Сәл нәрсеге кірпіше жиырылмай, Бар нәрсеге балаша қуанамын. Қабағыңды аш, Аларып қараған кім? Жадырашы, Жоғалсын арадан мұң. Асыл тасқа, әр затқа алданғанмен, Махаббатына жетпейді бәрі адамның! // Күләш Ахметова
14 лист, 09:46

Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи. Арың сатпа, терің сат, адалды ізде, Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи. Ерінбесең еңбекке, дәулет дайын, Жаратқан жоқ жатсын деп бір құдайың. Ойласын деп ой берді, көруге көз, Аяқ берді, тапсын деп басқан сайын. Үйде отырып салғанмен сарыуайым, Тілегенің тұра ма саған дайын. Жүріп-тұрып, ойланып істеп көрсең, Харекеттің білесің сонда жайын. Жатып ішкен жан - тыныш, салғырт-салақ, Оған арам - харекет, ой ойламақ. Іздемеген кісіге қайдан келсін Таза киім, жылы орын, тәтті тамақ. Егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ, Білім білмек – әр іске бапкер болмақ. Қол өнерден пайда қыл үйреніп ап, – Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ. Қол өнер - өзің өлсең - бірге өледі, Сонда-дағы қалғандар үйренеді. Сен кетсең де өнерің елде қалып, Талай жанға азық пен мал береді. Әрі ермек, әрі пайда, әрі дұрыс, Демейді қол өнерді ешкім бұрыс. Көрінгенге көз сатып жалынғанша, Күндік өмір қалса да соған тырыс. Деп ойлама бұйрықсыз дәулет қайда, Жалықпай талап етсең - дайын қайда. Адал қол аштан өлмес, құры қалмас, «Жүрген алар» деген ғой осындайда. Талаппен адал істі істемекпіз, Тапсырдық бір аллаға біз демекпіз. Ындының таза болса, именбеңіз, Дәулетті осылайша іздемекпіз. Баста таза жаратты, сен таза бол, Ұқсаң, анық айттым ғой бұл – тура жол. Мақтан күйлеп, арамнан мал жинасаң, Орның – дозақ, сорлы – сен, айтқаным сол! // Шәкәрім Құдайбердіұлы - Мал жимақ
13 лист, 09:31

Күнім, айым, Еркетайым, Бөлейін енді. Тыста дауыл, Жатқан ауыл, Ұйқың да келді. Жұмсақ бесік, Жылы төсек, Жата ғой, қозым. Әлди, бөпем, Әлди, бөпем, Ұйықта, жұм көзің. Құлыншақтар, Қозы, лақтар – Бәрі де ұйқыда. Сен – жұлдызым, Сен – көз нұрым, Кір тәтті ұйқыға. Сая жаным, Балапаным, Соқса дауыл, жел, Болма алаң, Сүйген анаң Сақтар, анық біл. Бәу-бәу, бөпем, Бәу-бәу, бөпем, Әлди, әлди-ай! Сәулем, еркем, Күні ертең Толарсың сен-ай. Пісіп алмам, Толып бағлан, Жүгіріп жүрерсің. Сұлу сүйрік, Жорға, жүйрік Тайға мінерсің. Қара жарғақ, Түлкі тымақ Шоқтап киерсің. Қуанып, қалқам, Ерке марқам, Қысып сүйермін. Мініп тұлпар, Алып сұңқар, Тауға кетерсің. Сен боп сөзім, Жасты көзім, Сағынып күтермін. Қызық іздеп, Қыздар көздеп, Елдер кезерсің. Тарлан шүйіп, Сұлу сүйіп, Үйден безерсің. Қуып бақыт, Тілеп тақыт, Жолдар шегерсің. Жүрек жара, Мен бейшара Жастан төгермін. Қайнап қаның, Батыр жаның Ерікке ұмтылар. Сен еріме – Жас бөріме Қарсы кім тұрар! Алмас қылыш, Найза құрыш Белге буарсың. Сен, сырттаным, Арыстаным, Жауды қуарсың. Туған жерден, Өскен елден, Ерге не қымбат! Жас жолбарыс, Жаумен алыс, Шаңға, қанға бат! Айбатыңды, Қайратыңды, Көріп қарт анаң, Төгіп жасын, Жайып шашын, Тілер: «Бол аман!» Күтем, күйем, Көрсет, Ием, Сол алтын күнін. Ұйқың тәтті, Ұйқың қатты, Қозым, құлыным. Жаным да сен, Тәнім де сен, Қарашығым-ай! Әлди, бөпем, Әлди-бөпем, Әлди, әлди, әлди-ай! // Мағжан Жұмабаев - Бесік жыры
12 лист, 10:30

Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз, мас күнің — Кімді көрсең, бәрі дос. Махаббат, қызық, ма
Есіңде бар ма жас күнің, Көкірегің толық, басың бос, Қайғысыз, ойсыз, мас күнің — Кімді көрсең, бәрі дос. Махаббат, қызық, мал мен бақ Көрінуші еді досқа ортақ. Үміт жақын, көңіл ақ, Болар ма сондай қызық шақ? Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар? Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар! Жалынасың, боқтайсың, Сағынасың, жоқтайсың. Махаббат кетті, дос кетті — Жете алмайсың, тоқтайсың. Көзіме жас бер, жылайын, Шыдам бер, сабыр қылайын. Жаралы болған жүрекке Дауа бер, жамап сынайын. // Абай Құнанбайұлы - Есіңде бар ма жас күнің
11 лист, 10:06

Мен сені ұнатамын. Дегенменен, Басқадан көрмегенді сенен көрем. Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр, Бір күні ғайып болсам егерде ме
Мен сені ұнатамын. Дегенменен, Басқадан көрмегенді сенен көрем. Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр, Бір күні ғайып болсам егерде мен. Басқадан көрмегенді сенен көрем, Сен биікте жүрсін деп төмендегем. Кім екен мені өзіңе дуалаған, О, тоба! Мен неғылған өлермен ем?! Кім екен мені өзіңе дуалаған, Сенсіз де көңілденем, қуана алам. Кім екен, Мені сенен айналдырып, Цирктің аттарындай қуалаған. Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп, Көрсетпеймін зәредей асау қылық. Сенің ғана ырқыңа бас алдырып, Бұға берем.. Неғылған жасандылық?! Мен сені ұнатамын. Бірақ, бірақ... Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап. Ұнатамын дегенім – жасандылық, Саған деген жүрегім құрақ-құрақ. // Мұқағали Мақатаев - Мен сені ұнатамын
10 лист, 08:55

Бұл өмірге келген соң күлген жақсы, Күліп-ойнап өмірде жүрген жақсы. Еңбегінің жемісін көрген жақсы, Білмегеннен, әрине, білг
Бұл өмірге келген соң күлген жақсы, Күліп-ойнап өмірде жүрген жақсы. Еңбегінің жемісін көрген жақсы, Білмегеннен, әрине, білген жақсы. Берген жақсы, Бергеннен алған жақсы, Орта жақсы, Ортадан толған жақсы. Бірі болса, біреуі жеткізбейтін, Өмірі таусылмайтын арман жақсы. Барған жақсы, Барған соң қайтқан жақсы, Жетпей жүрген жетімді байытқан жақсы. Ауызға келген сөзді іркіп қалмай, Бетіне былш еткізіп айтқан жақсы. // Ақылбек Шаяхмет – Жақсы
09 лист, 09:31

– Мен король! Мен король!– деп шыр-шыр етіп жүргені. Сол үшін де құстар оны мазақ қылып, «қалақайшы» деп атап кетеді. // Ағайынды Гриммдер. Титтей король
07 лист, 11:37

Баяғы заманда құс атаулы жиналып, өздеріне билік жүргізетін король сайламақшы болыпты. Мұндай өте маңызды жұмысты жан-жақты талқылау үшін ойдағы, қырдағы құстар түгел ұшып келіпті: бүркіт те, шымшық та, жапалақ та, қарға да, бозторғай да, шөже торғай да, тіпті аты жоқ, ең елеусіз деген кішкентай құстар да қатардан қалмапты. Содан құстар әрі-бері кеңесіп, мынадай қаулы қабылдаған көрінеді: кім де кім ең биікке көтерілсе – сол король болсын. Кейбір құстар: «Мен бұдан да жоғары көтерілетін едім, қараңғы түсіп кеткендіктен ұша алмай қалдым» демеуі үшін, жарыс ертеңіне, елең-алаңнан басталатын болып келісіледі. Ертеңіне жарыс дабылы соғылған сәтте барлық құстар қанаттарын сабалап, улап-шулап ұша жөнеледі. Байтақ даланы бұрқыраған шаң қаптап, жердің бетін қара бұлт басқандай болады. Дегенмен де бірте-бірте кішкентай құстар шаршап, жерге қона бастайды. Тек ірі құстар ғана аспанда ұзағырақ қалықтап жүреді. Бірақ жарыстың соңында бірде-бір құс бүркітке тең келе алмайды. Осыны байқаған бүркіт төмен қараса, расында құс атаулының бәрі-бәрі тым төменде қалып қойған екен. «Енді бұдан әрі көтеріліп қайтем, онсыз да мен король болатын болдым ғой!»– деп, бүркіт біртіндеп төмен түсе бастайды. Басқа құстар тұс-тұстан: – Короліміз сен болдың! Өйткені бәрімізден жоғары көтерілдің!– деп шулай бастайды. Сол уақытта бір титтей құс шыр ете түседі: – Жоқ, бәріңнен жоғары көтерілген мен! Ол бүркіттің желке жүнінің арасына тығылып қалған екен. Кішкентай құс тығылып жатқан жерінен атып шығып, аспанға шарықтай жөнеледі. Бұған дейін қимылсыз тың жатқан ол әп-сәтте бүркіттен де жоғары көтеріліп кетеді. Сосын төмен қарай құлдилап келіп: – Король мен болам! Король мен болам!– дейді айналасына жар салып. – Сен қалайша король болмақсың?!– деп басқа құстар оған зекіп қоя береді. – Король болмайсың! Өйткені сен арамдықпен, қулықпен жоғары көтерілдің! Содан құстар қайтадан бас қосып, жаңа шарт қояды: кімде-кім жерге терең кірсе, сол король болсын! Құс атаулы қайтадан әбігерге түседі. Көлдің бетін сабалап, бір жағынан апай төс қаз шығады. Бір жағынан қоқиланған көк қораз шығады жерді шұқып. Бәрінен де үйрекке қиын болады. Ол орға секіріп түсемін деп аяғын сындырып алып: «Бүйтіп король болғанша, тек жүргенім артық!» - деп, қайтадан өзінің айдын көліне кері қайтып кетеді. Жолда бара жатып: – Қыр, қыр, қыр! Бос қайттым құрдан құр, құр! - дейді басы салбырап. Ал манағы аты жоқ кішкентай құс болса тышқанның ініне зып беріп кіріп кетеді де, сонда жатып: – Король мен! Король мен! - деп шырылдайды. Оған басқа құстар: – Сен тағы да арам әрекетке бардың ба?! Алайда сенің бұл қулығыңнан бәрібір ештеңе шықпайды, соны біліп қой! деп шулап қоя береді. Сөйтіп, барлық құстар ақылдаса келіп, жаза ретінде оны сол іннен шығармай, аштан өлтірейік деседі. Содан іннің аузын күзетіп тұруға жапалақты қалдырады. Ұзамай күн батып, кеш болады. Күні бойы жарысумен әбден шаршаған құстар жан-жаққа тарап кетеді. Жалғыз жапалақ қана інді күзетіп отыра береді. Інге қадала-қадала көзі талған ол: «Қой, бір көзімді жұмып, бір көзіммен қарасам да жетер, енді бұл жауыз ешқайда қаша алмас» деген ойға келеді. Сөйтіп, бір көзін жұмып, бір көзін ашып отырады. Аты жоқ кішкентай құс іннен басын шығарып қараса, жапалақ дәл төбеден төніп отыр екен. Ол қайтадан ішке қойып кетеді. Бір кезде күзеттегі жапалақ ашық көзін жұмып, жұмулы көзін ашып отырмақ болады. Бірақ ашық көзін жұмған уақытта, жұмулы көзін ашуды ұмытып кетеді. Содан екі көзі бірдей жұмылған соң, әрине, жапалақ көп ұзамай ұйықтап қалады. Мұны біліп қойған титтей тұтқын құс сол замат зып беріп қаша жөнеледі. Содан бастап құс атаулы жапалақты жек көріп кетеді. Сол үшін де ол күндіз көзге түсуден қорқып, тек түнде ғана ұшатын болады. Әрі осының бәрін тышқанның інінен көріп, оларға әбден өшігіп алады. Тышқандарды қуып жүріп, ұстап жейтіні де содан болса керек. Дәл сол сияқты кішкентай құс та көзге көп түскісі келмейді. Құстар ұстап алса мойнымды жұлар деп қорыққандықтан, үнемі шеттеп, қалақайлы дуалдарға жақын жүреді. Оның және бір әдеті, егер айналада қауіп-қатердің жоғына көзі жетсе:
07 лист, 11:37

Қосылып, бірнеше адам ортақтасып, Үй салып, ортасынан дүкен ашып, Саудасы жұғымды боп, байып әбден, Шат болып, көңілдері судай тасып, Ақшаны төбедей ғып үйіп қойып, Үлесіп отыр еді шуылдасып. «Үй жанып барады!» – деп хабар берді Жүгіріп келіп біреу түсі қашып. «Жүріңдер, - біреуі айтты, - барайық, - деп, Есепке қайтып келіп салайық», - деп. Айтады екіншісі: «Мың сомым кем, Тоқтаңдар, соны әуел санайық»,– деп. «Кем,– деді, – екі мыңым, - және бірі, - Қараңдар, ап-анық тұр кемі, міне!» «Қой,– десті өзгелері, - бұл өтірік, Болмаса керек қате ондай ірі». Тауыса алман сөздерінің бәрін теріп, Әйтеуір зор жанжалдың кірді түрі. Бірталай ерегіспен мезгіл өтті, Ұмытты, жанжалдасып, бәрі де өртті. Есептің бітуіне от қарар ма? О дағы түтіндетіп келіп жетті. Шығарға жол жоқ, жалын қамап алған – Бәрі де мал-мүлкімен күйіп кетті. . . . Ойласақ, уақиға емес болмайтұғын, Ел қайда өзін даудан қорғайтұғын? Қазіргі пайдасына бәрі жетік, Адам аз алдын қарап болжайтұғын. Аңдысқан бірін бірі жаудан жаман, Байқасам, ел белгісі – оңбайтұғын. Бұл белгі табылып тұр біздің жұрттан, Таласып, бір-бірінің жүзін жыртқан. Алданып арадағы дау-шарына, Қатерден қапері жоқ келер сырттан. // Ахмет Байтұрсынұлы - Үлес
06 лист, 10:06

Бірі – мақтау, Біреуі – сөгіс дейтін Екі қилы баға бар мен еститін. Жалғыз емес, Ішімде екі адам жүр, Біреуімен біреуі келісп
Бірі – мақтау, Біреуі – сөгіс дейтін Екі қилы баға бар мен еститін. Жалғыз емес, Ішімде екі адам жүр, Біреуімен біреуі келіспейтін. Бірі – боран, Біреуі – отты құйын. Арасында ашып–ақ кетті миым. Бірі – жомарт: Шашатын миллионды, Бірі – сараң: Шығармас көк тиынды. Түнде шаттық, Көргендей күндіз қайғы, Бір өртеніп жүрегім, Бір мұздайды. Біреуі – алғыр: Шаруаның шаңын қаққан, Бірі – жалқау: Төсектен тұрғызбайды. Тыныштықтың жоқтығы осында ма?! Көрген кезде кетеді шошып ана. Біреуі – аңқау: Сыр шашқан дұшпанына, Біреуі – сақ: Сенбейтін досына да! Екеуінің өзара дауы қызып, Болады деп ойлаймын елі қызық. Бірі – нағыз байсалды, Парасатты; Бірі сондай қызыл көз, Қаны бұзық. Бірі тентек, Біреуі жуас кісі – Екеуінің келеді таласқысы. Өмір – Ана тербеткен Мен кәдімгі Секілдімін егіздің коляскасы! // Қадыр Мырза Әли
05 лист, 00:02

Кәрілік жеңіп, төсек тартып жатқан бір атамыздан інілері: – Аға, өмірді бір кісідей-ақ көріп келесіз. Қандай екен өзі?– деп с
Кәрілік жеңіп, төсек тартып жатқан бір атамыздан інілері: – Аға, өмірді бір кісідей-ақ көріп келесіз. Қандай екен өзі?– деп сұрапты. Сонда атамыз жарықтық: – Оның несін сұрайсыңдар. Өмір дегенің есікті ашып-жапқандай-ақ екен,– деген екен. Сол айтқандай тұрлауы жоқ жарық дүние ғой. // Мырзатай Жолдасбеков
04 лист, 06:05

Құшағына күллі әлем, күн сыйғандар Шуағымен жүрекке жыр құйғандар. Жаратылыс жандарын егіз еткен, Гүл сыйлаңдар, әйелге, гүл сыйлаңдар. Алақанда әлпештеп аялаңдар, Жан жылуын тарту ет, аямаңдар. Олар мәңгі көктейтін жап-жасыл бақ, Көлеңкесін көрікті саялаңдар. Қолдан келсе биікке көтеріңдер, Бір орнында тұрмайды өтер күндер. Пейіш-пейіл жүрегін жалындатып, Шаттық болып жолына төселіңдер. Керек емес артық сый, табылмасың, Сезім сыйла шуақты, жалындасын. Құрметтеңдер, тағзым ет, алдарында, Анаң, жарың, ол сенің – қарындасың. Жүрегіне шуақ боп жағылыңдар, Сағынсаңдар, әйелді сағыныңдар. Ұлы күш бар оларда құдіретті, Бас иіңдер алдында, табыныңдар. Олар жанды жаулаған жарғын елес, Көңіл-күйін сайратар алтын емес. Гүлді нәзік жанымен қауыштырып, Сыйласаң да күн сайын артық емес. Шуағы боп кун болса шашылыңдар, Қауызы боп гүл болса ашылыңдар. Тіршіліктің тұтқасын жарқыратып, Қуантуға әрдайым асығыңдар. Оралтыңдар күндерін кеткен өтіп, Жыр арнаңдар жүректен төкпелетіп. Жиі-жиі әйелге гүл сыйлаңдар, Жүрегін – жаз, көңілін – көктем етіп. // Алмагүл Қаржаубаева - Гүл сыйлаңдар, әйелге
03 лист, 07:22

Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр екен, шешесi қасына отырып, ақыл айтты: – Балам, дүниедегi жаратылған жанды-жан
Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр екен, шешесi қасына отырып, ақыл айтты: – Балам, дүниедегi жаратылған жанды-жансыздардың ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, – деп. Сол сөздi айтып отырғанда, қыз бала киiмiн жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады: – Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қалмас, – деп. Шешесi: – Балам, сол да жерде қалмайды, – дедi. Осылайша сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырды, мұны бiр торғай көрiп қуып барып, мақтаны тұмсығына тiстеп қана алып, ұшып кеттi. Қыз әжесiнен: – Манағы мақтаның қиқымын бiр торғай алып кеттi, оны неғылады?– деп сұрады. Әжесi айтты: – Көрдiң бе, балам, айналмай манағы айтқан сөздiң келгенiн. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi,– дедi. // Ыбырай Алтынсарин
01 лист, 23:36

Есімде, бәрі есімде бала кезім, Бармақтай ғана еді ғой сана сезім. Алматы арман болып көрінуші еді, Біздерге жүрген сонда дал
Есімде, бәрі есімде бала кезім, Бармақтай ғана еді ғой сана сезім. Алматы арман болып көрінуші еді, Біздерге жүрген сонда дала кезіп. Нарттай қызық алманы апам берсе, Бала емес пе ек қылығы әпендеше. Жеуге қимай сақтаушы ек сол алманы, Алматыдан тағы алма әкелгенше. Балалық па, жан бағу қиын еді, Жоқшылықтың білдіртпей күйін тегі. Ширап, тозып қалғанша киюші едік, Алматыдан әкелген киімдерді. Алматы тұрғандай боп басқа аралда, Арманым жүруші еді бастап алға. Мен алма әкеп беріп Алматыдан, Жүрсем деуші ем арман боп басқаларға. Сол бір арман жетелеп содан бері, Жырлап тұрмын сол арман қаламды енді. Келбетіне бар әлем бас ұрғандай, Алматыда екен ғой ғалам төрі. Кезім бүгін қиялдан сап арылған, Балалықтың оралып сапарынан. «Жастық» атты бағыңды бойлап барам, Алма-жырым үзіліп сабағынан. // Шырын Толқынова - Арман қала Алматы
01 лист, 01:11