uk
Feedback
Хадис жазбалары

Хадис жазбалары

Відкрити в Telegram
1 073
Підписники
+124 години
-47 днів
-1030 днів

Триває завантаження даних...

Хмара тегів
Немає даних
Виникли проблеми? Будь ласка, оновіть сторінку або зверніться до нашого support-менеджера.
Вхідні та вихідні згадування
---
---
---
---
---
---
Залучення підписників
вересень '26
вересень '26
+4
в 0 каналах
серпень '26
+11
в 1 каналах
Get PRO
липень '260
в 0 каналах
Get PRO
червень '260
в 0 каналах
Get PRO
травень '260
в 0 каналах
Get PRO
квітень '260
в 1 каналах
Get PRO
березень '260
в 0 каналах
Get PRO
лютий '260
в 0 каналах
Get PRO
січень '260
в 0 каналах
Get PRO
грудень '250
в 0 каналах
Get PRO
листопад '250
в 0 каналах
Get PRO
жовтень '250
в 0 каналах
Get PRO
вересень '250
в 0 каналах
Get PRO
серпень '250
в 0 каналах
Get PRO
липень '250
в 0 каналах
Get PRO
червень '250
в 0 каналах
Get PRO
травень '250
в 0 каналах
Get PRO
квітень '250
в 0 каналах
Get PRO
березень '250
в 0 каналах
Get PRO
лютий '250
в 0 каналах
Get PRO
січень '250
в 0 каналах
Get PRO
грудень '24
+30
в 0 каналах
Get PRO
листопад '24
+44
в 0 каналах
Get PRO
жовтень '24
+63
в 0 каналах
Get PRO
вересень '24
+37
в 0 каналах
Get PRO
серпень '24
+48
в 0 каналах
Get PRO
липень '24
+61
в 1 каналах
Get PRO
червень '24
+34
в 0 каналах
Get PRO
травень '24
+67
в 1 каналах
Get PRO
квітень '24
+41
в 0 каналах
Get PRO
березень '24
+47
в 0 каналах
Get PRO
лютий '24
+64
в 0 каналах
Get PRO
січень '24
+81
в 0 каналах
Get PRO
грудень '23
+47
в 0 каналах
Get PRO
листопад '23
+39
в 0 каналах
Get PRO
жовтень '23
+32
в 0 каналах
Get PRO
вересень '23
+39
в 0 каналах
Get PRO
серпень '23
+33
в 0 каналах
Get PRO
липень '23
+45
в 0 каналах
Get PRO
червень '23
+19
в 0 каналах
Get PRO
травень '23
+29
в 0 каналах
Get PRO
квітень '23
+38
в 0 каналах
Get PRO
березень '23
+54
в 0 каналах
Get PRO
лютий '23
+34
в 0 каналах
Get PRO
січень '23
+36
в 0 каналах
Get PRO
грудень '22
+37
в 0 каналах
Get PRO
листопад '22
+35
в 0 каналах
Get PRO
жовтень '22
+28
в 0 каналах
Get PRO
вересень '22
+38
в 0 каналах
Get PRO
серпень '22
+32
в 0 каналах
Get PRO
липень '22
+35
в 0 каналах
Get PRO
червень '22
+32
в 0 каналах
Get PRO
травень '22
+36
в 0 каналах
Get PRO
квітень '22
+21
в 0 каналах
Get PRO
березень '220
в 0 каналах
Get PRO
лютий '220
в 0 каналах
Get PRO
січень '220
в 0 каналах
Get PRO
грудень '210
в 0 каналах
Get PRO
листопад '210
в 0 каналах
Get PRO
жовтень '210
в 0 каналах
Get PRO
вересень '21
+3
в 0 каналах
Get PRO
серпень '21
+10
в 0 каналах
Get PRO
липень '21
+5
в 0 каналах
Get PRO
червень '21
+5
в 0 каналах
Get PRO
травень '21
+15
в 0 каналах
Get PRO
квітень '21
+11
в 0 каналах
Get PRO
березень '21
+26
в 0 каналах
Get PRO
лютий '21
+36
в 0 каналах
Get PRO
січень '21
+76
в 0 каналах
Get PRO
грудень '20
+1 579
в 0 каналах
Дата
Залучення підписників
Згадування
Канали
04 вересня0
03 вересня+2
02 вересня0
01 вересня+2
Дописи каналу
Пайғамбарға ﷺ салауат айту тәрбие беруші шейхтың орнын баса ма? Белгілі ғалым, шейх Ахмад ибн Абд әл-Фаттах аш-Шафиғи әл-Азһари, «әл-Мәуләу әл-Кәбир» деген атпен танылған (1181 һ. қайтыс болған), былай дейді: «Салауат айтудың артықшылықтарының бірі — оның жүректі нұрландыруға және адамның жігері мен ынтасын арттыруға тигізетін әсері әрі одан келетін пайда тәжірибе жүзінде байқалған. Мұны автор да өзінің түсіндірмесінде ишара еткен. Тіпті: “Салауат тариқат жолындағы шейхтың орнын басып, оған деген қажеттіліктен жеткілікті етеді”, — деп айтылған. Мұны шейх әс-Сануси өзінің “Суғраның суғрасы” атты еңбегіне жазған түсіндірмесінде және Сиди Ахмад Зарруқ та келтірген. Сондай-ақ шейх Әбу әл-Аббас Ахмад ибн Мұса әл-Йамани өзінің бір жауабында осыған ишара жасаған. Алайда мен шейхтен*: “Мұндағы ‘оның орнын басады’ деген сөз тек нұрлану тұрғысынан оның орнын басуды білдіреді. Ал уәлаят дәрежесіне (Алланың әулиесі болу дәрежесіне) жету үшін міндетті түрде шейх қажет. Бұл — осы жолдың адамдарында белгілі нәрсе”, — дегенді естідім». * Мұндағы шейх — Абдулла әл-Кинксий әл-Қасри. Әл-Мәуләу одан Шәзилия тариқатын алған.

2
Пайғамбарға ﷺ салауат айту тәрбие беруші шейхтың орнын баса ма? Белгілі ғалым, шейх Ахмад ибн Абд әл-Фаттах аш-Шафиғи әл-Азһари, «әл-Мәуләу әл-Кәбир» деген атпен танылған (1181 һ. қайтыс болған), былай дейді: «Салауат айтудың артықшылықтарының бірі — оның жүректі нұрландыруға және адамның жігері мен ынтасын арттыруға тигізетін әсері әрі одан келетін пайда тәжірибе жүзінде байқалған. Мұны автор да өзінің түсіндірмесінде ишара еткен. Тіпті: “Салауат тариқат жолындағы шейхтың орнын басып, оған деген қажеттіліктен жеткілікті етеді”, — деп айтылған. Мұны шейх әс-Сануси өзінің “Суғраның суғрасы” атты еңбегіне жазған түсіндірмесінде және Сиди Ахмад Зарруқ та келтірген. Сондай-ақ шейх Әбу әл-Аббас Ахмад ибн Мұса әл-Йамани өзінің бір жауабында осыған ишара жасаған. Алайда мен шейхтен*: “Мұндағы ‘оның орнын басады’ деген сөз тек нұрлану тұрғысынан оның орнын басуды білдіреді. Ал уәлаят дәрежесіне (Алланың әулиесі болу дәрежесіне) жету үшін міндетті түрде шейх қажет. Бұл — осы жолдың адамдарында белгілі нәрсе”, — дегенді естідім». * Мұндағы шейх — Абдулла әл-Кинксий әл-Қасри. Әл-Мәуләу одан Шәзилия тариқатын алған.
1
3
[هل الصلاة على النبي ﷺ تقوم مقام الشيخ المربّي؟] قال العلامة الشيخ أحمد بن عبد الفتاح الشافعي الأزهري المعروف بالملوي الكبير تـ 1181 هـ (ومن فضائلها ما جُرِّب من تأثيرها والنفع بها في التنوير ورفع الهمة، كما أشار إلى ذلك المصنف في الشرح، حتى قيل: إنها تكفي عن الشيخ في الطريق وتقوم مقامه، كما حكاه الشيخ السنوسي في شرح صغرى صغراه، وسيدي أحمد زروق، وأشار إليه الشيخ أبو العباس أحمد بن موسى اليمني في جواب له. لكنني سمعت من الشيخ*: «أن المراد أنها تقوم مقامه في مجرد التنوير، أما الوصول إلى درجة الولاية فلا بد فيه من شيخ، كما هو معلوم عند أهله».). * - أي الشيخ عبد الله الكِنْكْسِيّ القَصْرِي. أخذ عنه الملوي الطريقةَ الشاذلية. #التصوف #محمد_ﷺ
46
4
Нағыз ұстаздық — оқу бағдарламасын жай ғана аяқтап шығу емес. Ол — шәкірттердің қажеттіліктерін түсіну, қиналып жүргендерге ерекше көңіл бөлу және білімді даналықпен, мейіріммен әрі тақуалықпен үйрету.
78
5
Мабади Усул 6.m4a
88
6
Сира кітаптарындағы деректердің барлығы бірдей сенімді емес. Оның үстіне, бұл кітаптардың авторлары да өз еңбектеріне енгізген әрбір риуаяттың міндетті түрде сахих болуын мақсат етпеген. Мысалы, уахи түсе бастаған алғашқы кезеңде Пайғамбарымыз ﷺ өзін таудан тастағысы келгені, алайда Жәбірейіл періште келіп, оны тоқтатып, жұбатқандығы туралы хабар сахих емес. Бұл риуаят атақты кіші табиғин әз-Зуһриден жеткен. Алайда әз-Зуһри бұл мәліметті кімнен алғанын көрсетпейді. Ол тек «бізге жеткен хабар бойынша» (قال: بلغنا) деп баяндайды. Яғни, риуаяттың иснады үзіліп қалған және бұл хадис ғылымында «мурсал» (مرسل) деп аталады. Ерте дәуірдегі хадис ғалымдары әз-Зуһридің мурсал риуаяттарын айтарлықтай әлсіз деп санаған. Сондықтан бұл хабарды Пайғамбарымыздың ﷺ өмірінде болғаны анық әрі сенімді оқиға ретінде қабылдауға негіз жоқ.
115
7
Мабади Усул 5 сабақ.m4a
96
8
У каждого исследователя есть в голове вопрос, на который он пока не знает ответа. Такова природа как научной деятельности, так и человеческой любознательности. Как только ты находишь ответ на один вопрос, тут же появляется другая проблема, которую необходимо исследовать. Ирония заключается в том, что чем более любознателен и интеллектуально развит человек, тем длиннее становится этот список! Это учит нас двум вещам: 1. Часть научной работы заключается в том, чтобы не спешить с выводами, особенно когда перед тобой недостаточно данных, чтобы прийти к определённому ответу. Фраза «Я не знаю» — один из признаков настоящей научной добросовестности. 2. Любознательность требует умения спокойно относиться к неизвестному. Единственный способ чувствовать себя комфортно, говоря «я не знаю», — принять тот факт, что ты не располагаешь ответами на все вопросы. И если это является частью человеческой природы — не говоря уже о научной работе и исследованиях, — то неизвестность следует не бояться, а принимать с открытыми объятиями.
118
9
Ибн Джаузи айтты: 1. Ол болмашы нәрсеге ашулана береді. 2. Беруге лайықты емес адамға береді. 3. Ешқандай пайдасы жоқ сөздерді айтады. 4. Кездескен әрбір адамға сене береді. 5. Адамдардың сырларын жария етеді әрі дос пен дұшпанның арасын ажыратпайды. 6. Өзін адамдардың ішіндегі ең ақылдысы деп ойлап, жүрегіне келген нәрсенің бәрін айта береді. — «Ахбар әл-Хамқа уәл-Муғaффилин» («Ақымақтар мен аңғалдардың хикаялары»)
102
10
Мабади Усул 4 сабақ.m4a
94
11
Ахмад Санобардың «السلطة السياسية وحركة رواية الحديث ونقده» атты кітабын оқып шықтым. Кітапта хадистің риуаят етілуі мен сына
Ахмад Санобардың «السلطة السياسية وحركة رواية الحديث ونقده» атты кітабын оқып шықтым. Кітапта хадистің риуаят етілуі мен сыналуына саяси биліктің ықпалы мәселесі кеңінен қарастырылады. Меніңше, кітаптағы ең маңызды тұстардың бірнешеуі мыналар: Аббасилер дәуірінде Аббаси халифтері ақындар мен шуғараларды өз сарайларына жинап, Аббаси халифатын мадақтайтын өлеңдер айтқызатын болған. Осы тарихи құбылысты негізге алған кейбір ориенталистер хадистер саласында да осыған ұқсас саяси ықпал болған болуы мүмкін деген тұжырым жасаған. Шейх Ахмад Санобардың негізгі зерттеу тақырыптарының бірі — фадаил (فضائل), яғни белгілі бір тұлғаның, әулеттің немесе топтың артықшылықтары мен қасиеттері туралы хадистер. Ол мұндай хадистердің саяси билікті, әсіресе белгілі бір халифаттың легитимділігін күшейтетін құрал ретінде пайдаланылуы мүмкін деген мәселені қарастырады. Автор бірнеше хадистің тахрижін жасап, олардың риуаят жолдары мен дереккөздерін зерттейді. Атап айтқанда, Муғауияға, Аббасқа және Әлиге қатысты риуаяттарды талдайды. Сонымен қатар белгілі бір хадистің қай кезеңде және қай халифат тұсында көбірек таралғанына ерекше назар аударады. Яғни хадистің тек иснадын ғана емес, оның тарихи контекстін де зерттейді. Тарихта жалған хадистердің болғаны — даусыз мәселе. Алайда сол кезеңдегі хадис сыншыларының бәрін саяси биліктің айтқанын тарата берген адамдар ретінде көрсету дұрыс емес. Әли ибн әл-Мәдини, Яхъя ибн Мағин, Ахмад ибн Ханбал секілді хадис саласының алып ғалымдары әлсіз әрі жалған риуаяттарды анықтап, олардың таралуына қарсы тұрған. Кітаптағы маңызды мәселелердің бірі — кейбір ориенталистердің тарихи деректермен жұмыс істеу әдісіне қатысты сын. Автор олардың белгілі бір деректерді контекстен бөліп алу, кейінгі кезеңдегі мәліметтерді ертеректегі жағдайға қолдану немесе қарама-қайшы деректерді елемеу сияқты әдістемелік қателіктерге барғанын көрсетеді. Қорыта айтқанда, кітаптың негізгі құндылығы — хадистің саяси тарихпен байланысын біржақты қарастырмай, риуаят, иснад, хадис сыншыларының еңбегі және тарихи-саяси контексті қатар зерттеуге тырысуында.
109
12
Хафиз ибн Хәджәр. Науажи — ол кісі туралы маған жеткен мәліметке қарағанда — былай деп әңгімелейді: «Бірде мен сирек кездесетін, ерекше бір кітапқа тап болдым. Оны Хафиз ибн Хәджәрға алып келдім. Ол кітапты менен алып, оның ерекшелігіне таңғалды. Науажи былай дейді: “Мен ішімнен қатты қуандым. Өйткені өзім оған ол бұрын көрмеген кітапты көрсеттім деп ойладым. Ал ол болса кітапты мұқият парақтап, зер салып қарап отырды. Көп ұзамай ол: “Мына жерде менің өз қолтаңбам тұр ғой, мен оған ескерту жазғанмын немесе соған ұқсас нәрсе қалдырғанмын”, — деді. Мен: “Бұл оның көптеген кітаптарды оқып, ұзақ уақыт өткеннен кейін бұрынғы жазбаларын ұмытып қалуынан болса керек. Екі рет қарағанының арасында қанша уақыт өтті десеңізші! Бұдан артық не болуы мүмкін?” — дедім. Кемшіліктен пәк болған Алла қандай ұлы! Ол ешқашан ұмытпайды». الجواهر والدرر ١/٣٧٧
104
13
Мысалы, «өкшелерді біріктіру» туралы риуаятты түсіндірген кезде де олар мұндағы біріктіруді «бір деңгейде ұстау» деп түсіндіреді. «әс-Са‘аяда» былай делінген: «Менің ойымша, мұндағы “жабыстыру” дегеннен мақсат — бір деңгейде ұстау болуы мүмкін. Яғни екі өкшенің әрқайсысы екіншісімен бір деңгейде болады, олардың ешқайсысы екіншісінен алға шықпайды». (әс-Са‘ая, 2/180) «Хашият ат-Тахтауиде» былай делінген: «Егер “дамм” сөзінен жақындатып ұстау, бірақ толық жабыстырмау мағынасы көзделсе, онда олардың арасында аз ғана аралықтың болуы бұған қайшы келмейді. Ал “екі алақанын біріктірді” деген сөз де бұған қайшы емес. Өйткені мұндағы мағына — екеуін қол көтеру кезінде бірге ұстады, олардың біреуін ғана көтеріп, екіншісін бөлек ұстамады дегенді білдіреді». (Хашият ат-Тахтауи ‘ала Марақи әл-Фалах, 317-бет) Алла Тағала бәрінен жақсы білуші
44
14
Сұрақ Дұға жасаудың дұрыс жолы не? Жауап Дұға үшін қол көтерген кезде екі қолдың арасында аз да болса аралық қалдыру — абзал әрі жақсы. Хадисте былай келген: Анас رضي الله عنه-дан: «Алланың Елшісі ﷺ дұға кезінде қолдарын көтеретін бе еді?» — деп сұралды. Ол: «Иә», — деді. Бір жұма күні Алланың Елшісі ﷺ адамдарға құтба жасап тұрған кезде: «Уа, Алланың Елшісі! Жаңбыр жаумай, қуаңшылық болды, жер құрғады, мал қырылды. Алладан жаңбыр сұрап дұға етіңіз», — делінді. Сонда ол ﷺ қолдарын көтерді. Тіпті мен оның қолтығының ағарғанын көрдім. Ол жаңбыр сұрап дұға жасады. Сол кезде аспанда ешқандай бұлт көрінбейтін еді. Намазымызды аяқтағанымызша, үйі жақын болған жас жігіт те үйіне қайтуды ойлайтындай дәрежеде жаңбыр жауа бастады. Жаңбыр бір апта бойы тоқтамады. Келесі жұма келгенде адамдар: «Уа, Алланың Елшісі! Үйлер құлады, жолаушылар жолда қалып қойды, мал қырылды», — деді. Сонда Алланың Елшісі ﷺ жымиып, екі қолын көтеріп, олардың арасын ашты да: «Уа, Алла! Жаңбырды айналамызға жаудыр, үстімізге жаудырма», — деді. Сөйтіп, ол ﷺ екі қолының арасын ажыратты. Анас رضي الله عنه: «Сонда Мединадан бұлт сейілді», — деді. (Муснад Әби Яъла, 4/71/3851) «Дурр әл-Мухтарда» былай делінген: «Дұға кезінде екі қолын көкірек тұсына, аспанға қарай жайып ұстайды. Өйткені аспан — дұғаның құбыласы. Екі қолының арасында аралық болады». «Радд әл-Мухтарда» бұл сөзге қатысты: «“Олардың арасында аралық болады” дегені — аралық аз болса да, деген мағынаны білдіреді», — делінген. (әд-Дурр әл-Мухтар ма‘а Радд әл-Мухтар, 1/507) «Фатауа әл-Һиндияда» былай делінген: «Дұға кезінде ең абзал амал — алақандарын жайып, олардың арасында, аз болса да, аралық қалдыру». (әл-Фатауа әл-Һиндия, 5/318) Қосымша мәлімет үшін: «Наф‘ әл-муфти уәс-сәил», 493-бет, Бейрут; «Хашият ат-Тахтауи ‘ала Марақи әл-Фалах», 317-бет. Алайда бұл мәселеге қатысты бір күмән туындауы мүмкін. Кейбір хадистерден дұға кезінде екі қолды бір-біріне қосып ұстау керек екені түсініледі. Мысалы, «Ихъяу ‘улум әд-динде» былай делінген: Ибн Аббас رضي الله عنه былай деген: «Алланың Елшісі ﷺ дұға жасаған кезде екі алақанын біріктіріп, олардың ішкі жағын жүзіне қаратып ұстайтын». Ал Ирақи: «Бұл хадистің иснады әлсіз», — деген. (Ихъяу ‘улум әд-дин, Ирақидың тахрижімен, 1/313) «Миръат әл-Мафатих шарх Мишкат әл-Масабихте» былай делінген: «Бұл хадисте дұға кезінде қол көтерудің және екі қолды біріктіріп ұстаудың мұстахаб екеніне дәлел бар. Өйткені әт-Табарани өзінің “әл-Му‘жам әл-Кабирінде” Ибн Аббас رضي الله عنه-дан мына хадисті жеткізген: “Алланың Елшісі ﷺ дұға жасаған кезде екі алақанын біріктіріп, олардың ішкі жағын жүзіне қаратып ұстайтын”. Бұл хадисті Ибн Раслан келтірген. “әс-Сирадж әл-Мунирде” де осылай айтылған. Ал “Тухфат әз-Закириннің” түсіндірме жиегінде “Ғиддат әл-Хисн әл-Хасиннен” نقل етіліп: “Ибн Аббастың رضي الله عنه осы хадисі келтірілгеннен кейін оның иснады әлсіз”, — делінген». (Миръат әл-Мафатих шарх Мишкат, 7/363) Жоғарыда келтірілген риуаят әлсіз болғанымен, бұл мәселеге қатысты қуаттырақ риуаят та бар. Абдулла ибн әл-Мубарактың «әз-Зуһд уәр-Рақаиқ» атты кітабында былай келген: Абдул-Азиз ибн Әби Раууад айтты: «Маған ‘Алқама ибн Марсад пен Исмаил ибн Умайяның екеуі де Алланың Елшісі ﷺ намазын аяқтаған кезде қолдарын көтеріп, оларды біріктіріп: “Раббым! Бұрын істеген және кейін істейтін күнәларымды, жасырған және жариялаған нәрселерімді, шектен шыққан істерімді және Сен менен жақсырақ білетін нәрселерімді кешір. Сен — алға шығарушысың, Сен — кейін қалдырушысың. Сенен басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ. Билік те, барлық мақтау да Саған тән”, — деп айтқанын жеткізді». (әз-Зуһд уәр-Рақаиқ, Ибн әл-Мубарак, 3/189/1141, «Алланы зікір етудің артықшылығы» тарауы) Бұл кітаптың зерттеушісі Ахмад Фарид: «Бұл — мурсал хадис, оның иснады хасан. Сондай-ақ бұл хадис Али ибн Әби Талиб رضي الله عنه арқылы марфу‘ түрде де жеткізілген», — деген. (Абдулхафиз әл-Мәкки, «Истихбаб әд-ду‘а баъд әл-фараид», 106-бет) Бұған берілетін жауап мынадай: Мұндағы «ضم» (дамм) — «біріктіру» деген сөзді фақиһ ғалымдар «бір деңгейде, бір сызықта ұстау» мағынасында түсіндірген.
49
15
Мабади Усул 3 сабақ.m4a
119
16
Шейх ‘Әли ат-Тантауи (р.а.) былай дейді: «Ата-аналары оларды оқуын аяқтаудан немесе табиғатынан қызығушылығы ауған әрі туа біткен қабілеті бар саламен айналысудан бұрғандықтан, ерекше дарын-қабілеттері зая кеткен қаншама балаларды көрдік». «Әл-Бауәкир», 50-бет. Кейде бұған ата-аналар себеп болады. Кейде мұғалімдер себеп болады. Екеуі де өздеріне артылған аманатқа қиянат жасайды.
154
17
Шейх Әууәма бұл шортста Бұхараға Ислам дінінің қалай келгені туралы айтып өтеді. Шейхтің айтқан мына бір сөзі ерекше назар ау
Шейх Әууәма бұл шортста Бұхараға Ислам дінінің қалай келгені туралы айтып өтеді. Шейхтің айтқан мына бір сөзі ерекше назар аударуға тұрарлық: ما من موطئ قدم إلا وفيها قدم عالم وإمام «Аяқ басқан әрбір жерде бір ғалымның немесе имамның ізі бар». Шейх сонымен қатар Мәсжид Кәлән туралы тарихи дерек келтіреді. Сондай-ақ Имам Бұхаридің өзінен жеткен дерек бойынша, осы мешітте 90 000 ғалым «Сахих әл-Бұхариді» тыңдағаны туралы айтылады. Бұдан бөлек, Шейх тағы бір тарихи деректі атап өтеді. Чокардиза қабірстаны туралы естігенсіз бе? Чокардиза — қазіргі Өзбекстанның Самарқанд қаласында, Имам Әбу Мансур әл-Матуридидің қабірі орналасқан тарихи аймақтағы көне қабірстан. Бұл қабірстанда көптеген ұлы ғалымдар мен имамдар жерленген. Олардың арасында Имам Матуриди, Әбу Ләйс әс-Самарқанди және басқа да Мәуараннаһрдың әйгілі ғұламалары бар. Шейхтің айтпағы да осы: Бұл жерлердің әрбір топырағында Ислам ғылымына қызмет еткен ғалымдардың ізі қалған. Самарқанд пен Бұхара — жай ғана тарихи қалалар емес. Олар ғасырлар бойы хадис, фиқһ, ақида және басқа да ислам ғылымдарының ірі орталықтары болған.
165
18
Хадис ілімінің білгірі Ибн Ражаб (р.а.) былай деген: ❝Адамдардың ең абзалы — Пайғамбардың ﷺ және оның таңдаулы сахабаларының жолын ұстанғандар. Олар: (а) сыртқы құлшылықтарында ұстамды әрі теңгерімді болып, (ә) сонымен бірге жүректерінің хәлін түзетуге бар күшін салады. Ақыретке сапар тәнмен емес, жүрекпен жасалады.❞ فأفضل الناس من سلك طريق النبي صلى الله عليه وسلم وخواص أصحابه في الاقتصاد في العبادة البدنية، والاجتهاد في الأحوال القلبية، فإن سفر الآخرة يقطع بسير القلوب لا بسير الأبدان. «Әл-Махажжа фи Сайр әд-Дулжа», 56-бет.
132
19
Сұрақ Бұл хадис сахих па және оны дәйексөз ретінде келтіруге бола ма? Нәби ﷺ былай деген: «Тәһәжжуд күндіз адамның жүзіне нұр (аспандық жарық) пен жарқырау береді». (Ибн Мәжаһ) Жауап Имам Ибн Мәжаһ (Алла оны рақымына алсын) бұл риуаятты өзінің кітабына енгізген. Риуаяттағы сөздер мынадай: «Кім түнде көп намаз (тәһәжжуд) оқыса, күндіз оның жүзі көркем әрі ажарлы болады». («Сунан Ибн Мәжаһ», хадис №1333) Алайда мухаддистер бұл хадисті ойдан шығарылған (маудуғ) хадис деп бағалаған. Бұл хадис әдейі емес, шәкіртінің ұстазын дұрыс түсінбеуінің салдарынан қате түрде Нәби ﷺ-ге телінген. («әл-Кәмил фи-д-Дуғәфа», 2-том, 580–581-б.; «әл-Кәфи әш-Шәфи», 263-б., хадис №1052; «әл-Мақасид әл-Хасана», хадис №1169; «әл-Әсрар әл-Марфуға», хадис №522.) Сондықтан бұл сөздерді Нәби ﷺ-нің хадисі ретінде емес, Шарик ибн Абдуллаһтың (Алла оны рақымына алсын) сөзі ретінде келтірген дұрыс.
142
20
Мабади Усул 2 сабақ.m4a
148