Jai Sandar
Открыть в Telegram
әріптестік, ұсыныс болса жазыңыз: https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Больше1 222
Подписчики
-124 часа
-37 дней
+6730 дней
Архив постов
1 222
Бүгін ФРЖ үш жылдан кейін алғаш рет мөлшерлемені көтеруі мүмкін
Нарық толығымен сеніп отыр. ФРЖ мөлшерлемені 25 базистік тармаққа көтеріп, 3,75–4,00% диапазонына жеткізеді деген сценарийді шамамен 93% ықтималдықпен бағалап отыр..
Қазір федералдық қорлар мөлшерлемесінің мақсатты диапазоны 3,50–3,75% деңгейінде. Шілдедегі отырыста 🔍ФРЖ оны өзгеріссіз қалдырған еді. Сол кезде комитеттің үш мүшесі мөлшерлемені 0,25 пайыздық тармаққа көтеруді қолдаған.
Мөлшерлеме жөніндегі шешім 16 қыркүйекте Вашингтон уақытымен 14:00-де, яғни Алматы уақытымен 23:00-де жарияланады.
1 222
Қазақстан мұнайының қымбаттауына әлемдік нарықтағы физикалық мұнай тапшылығы әсер етіп отыр. Сауд Арабиясының Янбу портындағы мұнай тиеудің тоқтауы және East-West мұнай құбырының жұмысына қатысты мәселе Еуропада балама шикізатқа сұранысты арттырды. Reuters мәліметінше, Еуропада кейбір физикалық мұнай партияларының бағасы $122-ға дейін көтерілген, ал мұнай өңдеушілер АҚШ, Қазақстан, Алжир және Гайана мұнайын белсенді іздей бастаған.
1 222
Кеше нарықта доллар ₸452-ге дейін түсті. Бұл 2024 жылдың 16-шы маусымынан кейінгі ең төменгі баға. Мұнай бағасы қайтадан барреліне 100 долларға жақындады, ал доллар индексі 98,8 тармаққа дейін төмен сырғыды. Кэрри трейдтің көкжиегі кеңейіп келеді. Кейбір мәліметте бойынша қадағалаушы доллар 500-ден төменге өтсе кері интервенцияға баруы мүмкін дейді. Осылайша кеше теңге психологиялық межеге бір табан жақын келді.
1 222
🔍Үкіметтің жаңа құрамы
4 жаңа минситр. Қалған 84% құрам орнын сақтап қалды. Әлеуметтік блоктың кураторы кім екені белгісіз.
1 222
👤Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін органдар
Президент толық құрамды жасақтады. Кейбірін қайта тағайындады. Осы тұста совбез енді Президентке есеп беретін ұйым ретінде жаңа сипат алды. Ал вице-президент иерархия бойынша президенттен кейінгі екінші персона.
Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін 14 органнан бөлек, Мемлекет басшысы Үкімет құрамындағы үш министрді – сыртқы істер, қорғаныс және ішкі істер министрлерін дербес тағайындайды. Бұл тағайындауларға Құрылтайдың келісімі талап етілмейді.
Вице-президентті де Президентке тікелей бағынатын 14 органның қатарына қосуға болмайды. Себебі ол мемлекеттік орган емес, Конституцияда жеке белгіленген жоғары мемлекеттік лауазым
1 222
Қазақстанда алтын бір күнде 4 мың теңгеге арзандады
🔍Нарықта алтын бағасы тым құбылмалы болып тұр. Әлемдік баға+ теңгенің нығаюы әсер етуде.
1 222
🛒Инфляция біртаңбалы санға өтті. Тамыздағы жылдық инфляция 9,8%.
Азық-түлік тауарларының өсімі баяулаған. Себебі маусымдық фактор.
Жұмада 🇰🇿Ұлттық банк базалық ставка бойынша шешім қабылдамақ. Бұл жерде сұрақ
түсіре ме? әлде
сақтай ма? дегенге келеді. Көтеретіндей негіз жоқ.
1 222
Әлем елдері AI жарысында кімді таңдады?
•••••••немесе•••••••
AI жарысында Қытай мен АҚШ әлемді қалай бөліп алмақ?
Сарапшы Исках Қазақстан екі үстелдің үстінде отыр деп топшалайды.
Инфографика: Исках
1 222
Қазақ мұнайы 90 доллар. Егер тайм-таймға қарасақ brent мұнайына 80 центтік дисконт бар.
1⃣Келесі аптаның бейсенбісі инфляция шығады. Маусымдық фактор аяқталуда. Президент бас банкир 👤Сүлейменовты өткенде қайта тағайындады. Рөлде осы кісі. Ал жұмада 🇰🇿бас банк кезекті базалық ставканы анықтайды.
2⃣ 📈📉 индексі максимумда.
3⃣ 🇰🇿 теңге. Валюта нарығында сауда саттық көлемі жоғары. Соңғы күндері $500-600 млн шамасында валютасы саудаланды. Жақында Carry trade есебі шықпақ.
1 222
📈📉 индексі кеше тағы бір мәрте тарихи рекордты жаңартты. Он компанияның нарықтық құны 100 млрд доллардан асты
1 222
Құрылтай депутаттарының 🚹гендерлік құрамы
Заң шығарушы органға 49 әйел депутат және олардың үлесі 33,8 пайызға жетті.
Бұған дейінгі рекорд:
VI шақырылым — 29 әйел немесе 27,1%;
VII шақырылым — 29 әйел немесе 27,1%;
VIII шақырылым — бастапқыда 18 әйел немесе 18,3%;
Демек тарихи рекорд!
