ru
Feedback
Jai Sandar

Jai Sandar

Открыть в Telegram

-Аналитика, визуализация авторға жазу: https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly

Больше
1 147
Подписчики
+324 часа
+47 дней
+8230 день

Загрузка данных...

Облако тегов
Нет данных
Возникли проблемы? Пожалуйста, обновите страницу или обратитесь к нашему support-менеджеру .
Входящие и исходящие упоминания
---
---
---
---
---
---
Привлечение подписчиков
июль '26
июль '26
+59
в 1 каналах
июнь '26
+71
в 5 каналах
Get PRO
май '26
+40
в 1 каналах
Get PRO
апрель '26
+47
в 1 каналах
Get PRO
март '26
+44
в 1 каналах
Get PRO
февраль '26
+203
в 12 каналах
Get PRO
январь '26
+123
в 3 каналах
Get PRO
декабрь '25
+181
в 8 каналах
Get PRO
ноябрь '25
+151
в 2 каналах
Get PRO
октябрь '25
+192
в 1 каналах
Get PRO
сентябрь '25
+61
в 0 каналах
Get PRO
август '25
+84
в 0 каналах
Get PRO
июль '25
+24
в 2 каналах
Get PRO
июнь '25
+31
в 0 каналах
Get PRO
май '25
+23
в 2 каналах
Get PRO
апрель '25
+178
в 3 каналах
Get PRO
март '25
+1 512
в 2 каналах
Get PRO
февраль '25
+219
в 1 каналах
Get PRO
январь '25
+5 434
в 19 каналах
Get PRO
декабрь '24
+2 599
в 2 каналах
Get PRO
ноябрь '24
+1 637
в 5 каналах
Get PRO
октябрь '24
+493
в 1 каналах
Get PRO
сентябрь '24
+1 267
в 2 каналах
Get PRO
август '24
+1 519
в 1 каналах
Get PRO
июль '24
+1 013
в 1 каналах
Get PRO
июнь '24
+544
в 1 каналах
Get PRO
май '24
+520
в 1 каналах
Get PRO
апрель '24
+731
в 0 каналах
Get PRO
март '24
+708
в 0 каналах
Get PRO
февраль '24
+2 377
в 3 каналах
Get PRO
январь '24
+1 626
в 3 каналах
Get PRO
декабрь '23
+9 157
в 3 каналах
Дата
Привлечение подписчиков
Упоминания
Каналы
23 июля0
22 июля+3
21 июля+2
20 июля+1
19 июля+2
18 июля+4
17 июля+3
16 июля0
15 июля+4
14 июля+12
13 июля+4
12 июля+4
11 июля0
10 июля+3
09 июля+4
08 июля0
07 июля+3
06 июля+2
05 июля0
04 июля0
03 июля0
02 июля+3
01 июля+5
Посты канала
🇰🇿Теңге 460 дәлізіне ұмтылуда Теңгенің долларға шаққандағы нығаюы жалғасып жатыр. 23 шілде күні түстен кейін ICE нарығындағ
🇰🇿Теңге 460 дәлізіне ұмтылуда Теңгенің долларға шаққандағы нығаюы жалғасып жатыр. 23 шілде күні түстен кейін ICE нарығындағы USD/KZT бағамы 466,6 теңгеге дейін төмендеді. Ұлттық банктің осы күнге белгілеген ресми бағамы — 467,65 теңге. Нарықтағы баға ресми бағамнан да төмен саудаланып отыр. Соңғы бір айда доллар айтарлықтай арзандады. 23 маусымда бағам 💵487,37 теңге болған. Содан бері доллар 20,77 теңгеге немесе 4,3%-ға төмендеді. Ал жыл басынан бергі өзгеріс әлдеқайда анық. 1 қаңтарда бір доллар шамамен 507,36 теңге тұрған. Қазіргі 466,6 теңгемен салыстырғанда, АҚШ валютасы 40,76 теңгеге немесе 8%-ға арзандады. Шілденің басында доллар 480–490 теңге аралығында саудаланған еді. Қазір бағам қайтадан 460 теңгелік дәлізге кірді. Ендігі маңызды психологиялық шек — 460 теңге. Бағам осы деңгейге жақындаған сайын нарықтағы валюта сатушылары мен сатып алушыларының белсенділігі артуы мүмкін.

2
17% әлде 16,75%: Ұлттық банктің ертеңгі шешімі қандай болады? Ертең 🇰🇿Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімі
17% әлде 16,75%: Ұлттық банктің ертеңгі шешімі қандай болады? Ертең 🇰🇿Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешімін жариялайды. Нарықтағы интрига жоғары: сарапшылардың пікірі екіге бөлінді. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы жүргізген соңғы сауалнамада қатысушылардың 53%-ы мөлшерлеме 17%-да қалады деп күтеді. Ал 47%-ы оны 16,75%-ға дейін төмендетеді деп болжаған. Яғни негізгі сценарий — мөлшерлемені өзгеріссіз сақтау. Бірақ айырмашылық өте аз. 🇰🇿Ұлттық банк неге үзіліс жасауы мүмкін? Маусымда реттеуші мөлшерлемені бірден 18%-дан 17%-ға түсірді. Енді сол шешімнің инфляцияға, теңге бағамына, несиеге және ішкі сұранысқа әсерін бақылауы ықтимал. Сонымен бірге төмендетуге де негіз бар. Инфляция біртіндеп баяулап келеді, ал қазіргі мөлшерлеме экономика үшін әлі де жоғары деңгейде қалып отыр. 🏛️BCC Invest мөлшерлеменің төмендеу циклі жалғасады деп күтеді. Компанияның бағалауынша, үшінші тоқсанның соңына қарай ставка шамамен 16,5%-ға дейін түсуі мүмкін. Бірақ бұл дәл ертең төмендейді деген сөз емес: Ұлттық банк 17%-ды сақтап, келесі қадамды қыркүйекке қалдыруы да мүмкін. Қазір нарық екі сценарийді қарастырып отыр: 17% — үзіліс жасау 16,75% — төмендетуді жалғастыру Ал мөлшерлемені көтеру негізгі болжамдардың қатарында жоқ. Ертеңгі басты сұрақ: Ұлттық банк маусымдағы батыл қадамнан кейін аялдай ма, әлде ставканы тағы төмендете ме? 🔍
457
3
🛢️Дрон шабуылынан кейін Теңіздегі мұнай өндірісі екі есе азайды Қазақстан 22 шілдеде мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемі
🛢️Дрон шабуылынан кейін Теңіздегі мұнай өндірісі екі есе азайды Қазақстан 22 шілдеде мұнай мен газ конденсатын өндіру көлемін күрт қысқартты. Бұған Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай айдаудың уақытша тоқтауы себеп болды. 🚁 Не болды? 21 шілдеде Қара теңіздегі танкерлерге дрондар шабуыл жасағаннан кейін КҚК мұнай қабылдауды тоқтатты. Бұл Қазақстан мұнайын сыртқы нарыққа шығаратын негізгі бағыт. Бұған дейін жазғанымыздай, 20 шілдеде де Новороссийск маңындағы Южная Озереевка терминалында мұнай тиеп тұрған «NELSA» танкеріне дрон түскен еді. Сол кезде кемеге Қазақстан мен АҚШ компанияларының мұнайы тиеліп жатқан. 🇰🇿Өндіріс қаншаға азайды? 22 шілдеде Қазақстандағы мұнай және газ конденсаты өндірісі тәулігіне 215,6 мың тоннаға, яғни 1,63 млн баррельге дейін төмендеген. Шілде айының басынан бергі орташа көрсеткіш тәулігіне 274 мың тонна немесе 2,07 млн баррель болған. Демек, өндіріс бір күнде шамамен 21%-ға қысқарды. 🛢️Ең үлкен соққы Теңізге тиді Теңіз кен орнындағы тәуліктік өндіріс 925 мың баррельден 406 мың баррельге дейін құлаған. Яғни өндіріс екі еседен астам азайды. Неге бұл маңызды? КҚК арқылы Қазақстан экспорттайтын мұнайдың 80%-дан астамы тасымалданады. Құбырға негізінен Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының мұнайы жіберіледі. Кейін ол Новороссийск маңындағы терминалда танкерлерге тиеледі. Қазақстанның Энергетика министрлігі мен «Теңізшевройл» әзірге түсініктеме берген жоқ.
454
4
🛍Wildberries-тің екі ірі қоймасына шабуыл жасалды Ресейдегі Wildberries компаниясының Краснодар мен Невинномысск қалаларында
🛍Wildberries-тің екі ірі қоймасына шабуыл жасалды Ресейдегі Wildberries компаниясының Краснодар мен Невинномысск қалаларындағы логистикалық орталықтарына шабуыл жасалды. Компания негізін қалаушы Татьяна Кимнің айтуынша, қойма қызметкерлері эвакуацияланған. Соған қарамастан, зардап шеккендер бар. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Краснодардағы қоймада ірі өрт шыққан. Оны сөндіруге жүзден астам маман мен тікұшақ жұмылдырылды. Компания әзірге шығын көлемін және оқиғаның тапсырыстарды жеткізуге қалай әсер ететінін жариялаған жоқ. Ресейде қоймалар өртеніп жатқанда, Қазақстанда жаңалары салынып жатыр 🔍Finmentor мәліметінше, шабуылға ұшыраған Краснодардағы логистикалық орталықтың аумағы 150 мың шаршы метр болса, Ставрополь өлкесіндегі қойма 120 мың шаршы метрді алып жатыр. Бұлар — Wildberries-тің көлемі жағынан төртінші және алтыншы ірі қоймалары. Бұған дейін компанияның Коледино, Электросталь және Котовск қалаларындағы хабтары да шабуылға ұшыраған. Коледино мен Электростальдағы нысандардың әрқайсысының аумағы 250 мың шаршы метр, ал Котовскідегі қойма 108 мың шаршы метр болған. Осындай жағдайлар ресейлік компаниялардың логистикалық инфрақұрылымның бір бөлігін Қазақстанға көшіруін жылдамдатуы мүмкін. Wildberries, Ozon және Fix Price бұған дейін елімізде жаңа қоймалар мен фулфилмент орталықтарын салу жоспарын жариялаған еді. Енді Қостанайда аумағы 26 мың шаршы метр болатын А санатындағы алғашқы қойма кешенін салу жоспарланып отыр. Жобаны ресейлік Farvater девелоперлік компаниясы жүзеге асырмақ, ал кеңесшісі — IBC Global. Кешен Қазақстан мен Ресейді байланыстыратын М-36 Екатеринбург — Алматы тасжолынан небәрі 3 шақырым жерде орналасады. Жобаның құны шамамен 25 млн доллар деп бағаланып отыр. Бұдан бөлек, 2027 жылы Қостанайда «Тобыл» көлік-логистикалық кешенінің құрылысы аяқталуға тиіс. Аумағы 133,6 гектар болатын бұл нысан Қазақстандағы ең ірі ішкі құрғақ портқа айналмақ. Оның өткізу қабілеті жылына 400 мың ДФЭ-ге дейін жетеді. Finmentor авторының пікірінше, қоймаларды салуға ондаған жыл қажет емес. Сондықтан Ресейдегі қауіп күшейе берсе, логистикалық инфрақұрылымның бір бөлігі Қазақстанның шекаралас өңірлеріне салыстырмалы түрде тез көшірілуі мүмкін. Фото: 🖊️reuters
551
5
🚢КТК қайта тоқтады. КТК терминалындағы танкерге тағы да дрон шабуылдады 20 шілдеде Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының терминалында мұнай тиеп тұрған NELSA танкеріне дрон түсті. Кемеге Қазақстан мен АҚШ компанияларының мұнайы тиеліп жатқан. Соққы танкердің оң жақ артқы бөлігіне тиіп, палубада өрт шыққан. Оны сөндіруге бірнеше сағат қажет болды. Кемедегі 22 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Танкерде капитан мен оның аға көмекшісі ғана қалды. КТК мәліметінше, мұнай теңізге төгілмеген, ал танктердегі шикізат өртенбеген. Оқиғадан кейін терминалда мұнай тиеу жұмыстары қайтадан уақытша тоқтатылды. Бұған дейін де осы жерде екі танкер дрон шабуылына ұшыраған еді. КТК —Қазақстан мұнайын экспорттайтын негізгі бағыт. Елден сыртқа жөнелтілетін мұнайдың 80%-дан астамы, соның ішінде Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының шикізаты осы құбыр арқылы өтеді
618
6
Өзіміздің 🛢️ҚазТрансОйл -2% төмен сырғыды. Себебі…
Өзіміздің 🛢️ҚазТрансОйл -2% төмен сырғыды. Себебі…
579
7
💙Ozon акциялары 20 шілдедегі саудада шамамен 10%-ға арзандады. Бағалы қағаздардың күрт төмендеуіне компанияның қаржылық есеб
💙Ozon акциялары 20 шілдедегі саудада шамамен 10%-ға арзандады. Бағалы қағаздардың күрт төмендеуіне компанияның қаржылық есебі емес, демалыс күндері болған оқиға әсер етті. 18 шілдеге қараған түні Ресейдегі 🟣Wildberries компаниясының Электросталь және Котовск қалаларындағы екі ірі логистикалық орталығы дрон шабуылынан кейін зақымданып, өрт шыққан. Сарапшылар Wildberries-тің жалпы шығыны ондаған миллиард рубльге жетуі мүмкін деп бағалап отыр. Wildberries биржада саудаланбайды. Сондықтан инвесторлардың онлайн сауда мен қойма инфрақұрылымына қатысты алаңдаушылығы осы сектордағы ірі жария компания – Ozon акциясына бағытталды. Нарық қатысушылары мұндай шабуылдар басқа маркетплейстердің қоймаларына да қауіп төндіруі мүмкін деп есептеп, акцияларды жаппай сата бастады. Ozon-ның өз инфрақұрылымына зақым келгені туралы ақпарат жоқ.
583
8
🏛️Kaspi бүгін тел нөмірі арқылы өзге банктерге аудару мүмкіндігін қосты. Енді телефон нөмір банкаралық лезде аудару үшін қол
🏛️Kaspi бүгін тел нөмірі арқылы өзге банктерге аудару мүмкіндігін қосты. Енді телефон нөмір банкаралық лезде аудару үшін қолдануға болады. Мысалы 🏛️ ➡️🏛️ ге аударуға болады. Осы жексенбіде банктердің барлығы біріңғай 💳QR жүйесіне ресми қосылады. 🇰🇿 бас банк бұл туралы бүгін мәлімдеді.
842
9
📉 Ресей қор нарығы 1997 жылдан бергі ең ұзақ құлдырауға тап болды MOEX индексі қатарынан 17 апта бойы төмендеп келеді. Мұнда
📉 Ресей қор нарығы 1997 жылдан бергі ең ұзақ құлдырауға тап болды MOEX индексі қатарынан 17 апта бойы төмендеп келеді. Мұндай ұзақ құлдырау Ресей нарығында 1997 жылдан бері болмаған. Соңғы сауда күнінде индекс тағы 4,3%-ға жуық арзандап, 2 022 пунктке түсті. Бір айда MOEX шамамен 19%-ын, ал бір жылда 27%-ға жуық жоғалтты. Бұрын мұнай мен банк акцияларының өсуі Мәскеу биржасын да жоғары сүйрейтін. Қазір бұл байланыс әлсіреп, инвесторлар тәуекелі жоғары активтерден жаппай шығып жатыр. Бұл Ресей қор нарығының соңғы бірнеше жылдағы ең әлсіз кезеңдерінің бірі.
824
10
🇰🇿 Қазақстанның ең ірі сауда серіктестері 2026 жылдың қаңтар–мамырында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 56,35 млрд доллар
🇰🇿 Қазақстанның ең ірі сауда серіктестері 2026 жылдың қаңтар–мамырында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 56,35 млрд долларға жетіп, бір жылда 4,3%-ға өсті. Алғашқы үштікте: 🇨🇳 Қытай — 13,5 млрд доллар (+13,3%) 🇷🇺 Ресей — 10,9 млрд доллар (+9,6%) 🇮🇹 Италия — 5,5 млрд доллар (−24,5%) Түркиямен сауда 46,5%-ға, Өзбекстанмен 37,2%-ға артқан. Ең жоғары өсім Ауғанстан, Ұлыбритания және Гонконг бағыттарында тіркелді.
783
11
Нет текста...
792
12
Нарықтық құн бойынша ТОП 3
Нарықтық құн бойынша ТОП 3
811
13
Ұлыбританияда “Мұхаммед” есімі неге ең танымал деген зерттеу оқыдым. Бұрын әр елден келген мигранттар/босқындарды көбінесе ді
Ұлыбританияда “Мұхаммед” есімі неге ең танымал деген зерттеу оқыдым. Бұрын әр елден келген мигранттар/босқындарды көбінесе дін біріктірген дейді. Сарапшылар ең танымал есімдер идеологияның жемісі (индикаторы) дейді. 🔍Статистика бюросын ақтарсам бізде де МҰХАММЕД есімі трендке айнала бастаған. Тереңірек қарасақ, осы пайғамбардың есімі негізінен дефакто 2022 жылдан басталған. Қызығы сол орысша МУХАММЕД деген бөлек, ал қазақшасы МҰХАММЕД ондыққа кірген. Егер екеуін қоссаңыз соңғы 4 жылдағы сөзсіз ең танымал есім.
810
14
Part II Республика бойынша ең қымбат оқу орындары (бакалавриат)
Part II Республика бойынша ең қымбат оқу орындары (бакалавриат)
2 572
15
Алматыдағы ірі универлер оқу ақысын жариялай бастады Еске сала кетейік, салық төлемі бойынша ТОП-50 университет туралы жазып
Алматыдағы ірі универлер оқу ақысын жариялай бастады Еске сала кетейік, салық төлемі бойынша ТОП-50 университет туралы жазып едік
892
16
Мұнай арзандаса да ҚМГ акциялары өсуде 🛢ҚМГ акциялары 2022 жылғы желтоқсанда IPO кезінде 8 406 теңгеден ұсынылған еді. Ол ке
Мұнай арзандаса да ҚМГ акциялары өсуде 🛢ҚМГ акциялары 2022 жылғы желтоқсанда IPO кезінде 8 406 теңгеден ұсынылған еді. Ол кезде компанияның нарықтық құны шамамен 5,1 трлн теңге немесе 11 млрд доллар болған. 💳Содан бері акция бағасы 34 270 теңгеге дейін көтерілді. Макимумға жақын. Бұл IPO бағасынан шамамен 308% жоғары. Басқаша айтқанда, дивидендтерді есептемегеннің өзінде, акция құны төрт еседен астам өсті. IPO кезінде ҚМГ акциясына 1 млн теңге салған инвестордың пакетінің нарықтық құны қазір шамамен 4,08 млн теңге болар еді. Бұған осы кезеңде төленген дивидендтер кірмейді. 🛢 ҚМГ акциялары мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан жоғары деңгейде саудаланып жатыр. Компанияның қор нарығындағы капитализациясы 20,9 трлн теңгеге немесе шамамен 44,7 млрд долларға жетті.
1 020
17
Саяси науқандарға 1 ай қалғанда теңге өзін қалай ұстайды.
Саяси науқандарға 1 ай қалғанда теңге өзін қалай ұстайды.
917
18
📚ТОП-50 университет (салық төлемі бойынша)
📚ТОП-50 университет (салық төлемі бойынша)
1 058
19
Қазақстанда шариғат талаптарына сай инвестиция жасауға арналған Tabys Islamic қосымшасы іске қосылды 🇰🇿Teniz Capital мен Ailat бірлесіп Tabys Islamic мобильді қосымшасын таныстырды. Қосымша арқылы инвесторлар шариғат комплайенсінен өткен бағалы қағаздарға инвестиция жасай алады. Қосымшадағы құралдар Ailat скринингі арқылы тексеріледі: 🖊️компанияның қызметі, 🪙табыс құрылымы, 💳қаржылық көрсеткіштері және ислам қаржы қағидаларына сәйкестігі бағаланады. Tabys Pro қолданушылары үшін Halal режимі де сақталады. Қазір бұл бағытта шамамен 1400 инвестициялық құрал қолжетімді. Tabys Islamic 🛍Play Market пен 🌟App Store-да қолжетімді. Инвестиция тәуекелмен байланысты. Шешім қабылдар алдында шарттармен мұқият танысыңыз.
2 282
20
Дисконт дәуірі аяқталды Қазақ мұнайы брендтпен теңесті. 🛢️77,9
Дисконт дәуірі аяқталды Қазақ мұнайы брендтпен теңесті. 🛢️77,9
990