Jai Sandar
Відкрити в Telegram
-Аналитика, визуализация авторға жазу: https://t.me/Nursultan_Yerbolatuly
Показати більше1 121
Підписники
Немає даних24 години
+27 днів
+4530 день
Архів дописів
1 121
Қазақстанда шариғат талаптарына сай инвестиция жасауға арналған Tabys Islamic қосымшасы іске қосылды
🇰🇿Teniz Capital мен Ailat бірлесіп Tabys Islamic мобильді қосымшасын таныстырды. Қосымша арқылы инвесторлар шариғат комплайенсінен өткен бағалы қағаздарға инвестиция жасай алады.
Қосымшадағы құралдар Ailat скринингі арқылы тексеріледі:
🖊️компанияның қызметі,
🪙табыс құрылымы,
💳қаржылық көрсеткіштері және ислам қаржы қағидаларына сәйкестігі бағаланады.
Tabys Pro қолданушылары үшін Halal режимі де сақталады. Қазір бұл бағытта шамамен 1400 инвестициялық құрал қолжетімді.
Tabys Islamic 🛍Play Market пен 🌟App Store-да қолжетімді.
Инвестиция тәуекелмен байланысты. Шешім қабылдар алдында шарттармен мұқият танысыңыз.
1 121
6 айда отандық компаниялардың акциясы қалай өзгерді
✈️✅🏛️ үштігі 1/4 және одан көп құнын жоғалтты
🔍⚡️🔍 жарты жылды жаман аяқтады.
🏦🏛️ екі банкте сәл құлдырау бар. Таза табысы да айтарлықтай түсті.
🏛️🏛️ Ал мына екі ірі ойыншыда символикалық өсім бар, плюсте.
✅Сөлидкор акциясы 1,7 долларға қымбаттаған.
Қымбат мұнай 🛢 ҚМГ және мұнай тасымалдаушы 🛢️ ҚазТрансойлді байытты. Акциялары да қос таңбалы санмен өсті. ҚазМұнайГаз 📈📉 индексін плюске шығарып тұр (тащит)
🚀Уран державасы 1000 теңгенің үстінде сенімді тұр. Уран бағасы тартымды.
1 121
🇰🇿Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады
📈📉-дегі валюта саудасында теңге айтарлықтай нығайды. Бір апта бұрын, өткен жұмада доллар саудасын 485,7 теңгемен жапқан еді. Ал қазір, сағат 11:05-тегі жағдай бойынша, KASE-дегі валюта нарығында доллар 471,69 теңгеден саудаланып жатыр.
💵Яғни бір апта ішінде доллар шамамен 14 теңгеге арзандады. Бұл теңгенің долларға қатысты шамамен 2,9%-ға күшейгенін көрсетеді. Бір қарағанда, қазіргі жағдай түсініксіз көрінуі мүмкін. Өйткені 🇰🇿Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті, мұнай бағасы да қысымда тұр, ал әлемдік нарықта доллардың өзі күшейіп жатыр. Әдетте мұндай факторлар теңгеге кері әсер етуі мүмкін.
Алайда Қазақстандағы валюта нарығының ерекшелігі бар. Экономист Ғалым Құсайыновтың айтуынша, біздің нарықта доллар бағамы көбіне болжамнан емес, нақты келіп жатқан валюта көлемінен қалыптасады. Яғни нарықта доллар ұсынысы көбейсе, теңге күшейеді.
Оның пікірінше, қазіргі теңгенің нығаюы нарыққа валюталық өтімділіктің келуімен байланысты болуы мүмкін. Мысалы, квазимемлекеттік компаниялар мен екінші деңгейлі банктер сырттан қарыз тартып, сол қаражатты ішкі нарыққа шығарған болуы ықтимал.
«Мұндай бір реттік валюталық түсімдер базалық мөлшерлеменің өзгерісінен немесе мұнай бағасының динамикасынан да күштірек әсер етуі мүмкін»,– дейді Ғалым Құсайынов. Қысқасы, теңгенің қазіргі нығаюы ұзақмерзімді трендтен гөрі, нарыққа түскен нақты валюта көлемімен байланысты болуы ықтимал. Сондықтан алдағы күндері бағамның бағыты доллар ұсынысы мен оған деген сұраныстың қалай өзгеретініне тәуелді болады.
1 121
🇰🇿 Теңге бүгіннен бастап, конституцияда ерекше статусқа ие болды.
Доллар екі күн бойы 480 теңгенің астында қалуда
1 121
ЕДБ табыстары айтарлықтай азайып жатыр. Себебі МРТ, ҚҚС, КТС әсер етуде.
Бұл туралы мында жазған едік.
1 121
2025 жылы ірі 50 компания бюджетке шамамен 11,1 трлн теңге салық төлеген.
Бірақ бұл ақшаның басым бөлігі бір ғана бағытқа тиесілі.
🛢️Мұнай-газ және мұнай өңдеу — басты салық көзі.
Бұл саладағы компаниялар шамамен 7,1 трлн теңге төлеген. Яғни ірі 50 компания салығының 64%-дан астамы осы сектордан түскен.
Ең ірі төлеуші — 🛢️Теңізшевройл. Компанияның 2025 жылғы салық төлемі 3,6 трлн теңге шамасында.
Одан кейін Қарашығанақ тұр — 1 трлн теңгеден астам.
⛏Тау-кен, металлургия және уран да үлкен рөл ойнайды.
Бұл сектордағы компаниялар шамамен 2,1 трлн теңге салық төлеген. Мұнда KAZ Minerals, Қазақмыс, Қазхром, Инкай, Катко, Turanium сияқты компаниялар бар.
🪙Банктер мен цифрлық экожүйелердің үлесі — шамамен 765 млрд теңге.
Бұл топта Halyk Bank, Kaspi Bank, Kaspi Магазин, Банк ЦентрКредит және ЕНПФ бар.
🇰🇿Өңірлер бойынша кім алда?
1⃣Бірінші орында — 🇰🇿Атырау облысы.
Онда тіркелген ірі компаниялар 4,1 трлн теңгеден астам салық төлеген. Негізгі себеп — Теңізшевройл, NCOC, Атырау МӨЗ және Ембімұнайгаз.
2⃣Екінші орында — 🇰🇿Батыс Қазақстан облысы.
Мұнда негізгі салмақ Қарашығанақ жобасына түседі. Жалпы төлем — шамамен 1,3 трлн теңге.
3⃣Үшінші орында — 🇰🇿Алматы қаласы.
Алматыда мұнай емес, банк, финтех, сауда және тұтыну нарығы көп салық әкеліп отыр. Жалпы төлем — 1,1 трлн теңгеден астам.
Қысқасы, Қазақстандағы ірі салық картасы әлі де шикізат секторына қатты байланған. Бірақ банк, финтех, байланыс және тұтыну нарығы да біртіндеп салмақ жинап келеді.
🔍: Көптеген ірі компаниялар бөлшектенгенін көруге болады. Мысалы еліміздегі алып құрылыс компаниялар тізімде жоқ. Салық кодексіне өзгертуден кейін биыл топ-50 де кем дегенде 10 жаңа компанияны көруіміз мүмкін.
1 121
🏛️ Қызылдар Apple Pay 💳 қосылды. Енді екі аптадан кейін біріңғай QR-ға қосылуы керек. Каспи бұл өзгерістен миллиардтаған ақша жоғалтады деп күтілуде.
1 121
Update
Алатау ауданы енді Атырауды да артқа қалдырды. Ал Наурызбай ауданының халық саны Түркістан мен Семейден асты.
1 121
🛢️🛢️Қазақ мұнайы да төмендеді
🖊️RTRS:
Нарықтағы негізгі себеп – Таяу Шығыстан мұнай жеткізуге қатысты қауіптің азаюы. АҚШ энергетика министрі Крис Райт Ормұз бұғазы арқылы өтетін мұнай ағыны соғысқа дейінгі деңгейге жақындағанын, соңғы тәулікте бұғаздан кемінде 20 млн баррель мұнай шыққанын айтты
1 121
🔍Наурызда 5 мың доллардан асқан алтын бағасы бүгін 4000 доллардан төмен сырғыды.
Ұлттық банк 1гр таза алтынды – 63 721 тг сатуда.
1 121
🖊️Reuters: Ресейде бензин бағасы рекордтық қарқынмен қымбаттады
Ресейде жанармай бағасы тағы да күрт көтерілді. Reuters мәліметінше, 16-22 маусым аралығында Ресейдегі жанармай құю бекеттерінде автобензиннің орташа бағасы бір апта ішінде 3,0%-ға өскен. Бұл – биылғы ең жоғары апталық өсім. Бір апта бұрын, яғни 9-15 маусымда бензин 1,0%-ға қымбаттаған еді.
АИ-92 шамамен 434-440 теңге
1 121
💵 🇰🇿🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Доллар қымбаттағаннан кейін теңге 486-489 теңге маңында консолидацияға өтті. Нарықта айқын бағыт жоқ, USD/KZT жұбы бүйір трендте (боковик) саудаланып тұр. Сауда көлемі де айтарлықтай төмендеп қалды.
Кейбір жабық арналарда теңге үшін 485-495 комфорт дәліз деп айтыла бастады. Ал кейбір сарапшылар 500 ден жоғары баға алдындағы тұрақтылық (тыныштық) дейді. Ал сіз қалай ойлайсыз? Тамызда қандай бағам күтесіз
1 121
Ресей қор нарығы тағы құлдырады
22 маусымда МосБиржа индексі 5%-ға түсіп, 2023 жылғы наурыздан бергі ең төменгі деңгейге жақындады. Нарық төртінші ай қатарынан қызыл аймақта.
Экономист 🔍Арман Батаевтың пікірінше, Ресей акцияларына бірнеше фактор қатар қысым жасап отыр:
• геосаяси ахуалдың нашарлауы;
• отын инфрақұрылымына соққылар;
• жаңа санкциялар;
• Ресей Банкінің нарық күткеннен сақ шешімі.
19 маусымда Ресей Орталық банкі негізгі мөлшерлемені тек 0,25 п.п. төмендетіп, 14,25%-ға түсірді. Инвесторлар бұдан батылырақ қадам күткен еді.
Тағы бір мәселе - бюджет тапшылығы. 2026 жылдың алғашқы бес айында Ресейдің федералды бюджет тапшылығы 6 трлн рубльге жетті.
🇰🇿 Қазақстан үшін бұл нені білдіреді?
Ресей - Қазақстанға тауар жеткізетін ең ірі елдердің бірі. Сондықтан көрші елдегі экономикалық қысым біздегі бағаға, логистикаға және ішкі нарықтағы бәсекеге әсер етуі мүмкін.
Рубль әлсіресе, ресейлік импорт арзандайды. Бұл қазақстандық өндірушілерге қысым түсіреді. Ал Ресейдегі отын, санкция және бюджет мәселелері керісінше шығындарды өсіріп, өңірдегі инфляциялық тәуекелді күшейтуі ықтимал.
Яғни Ресей нарығындағы қызыл түс Қазақстан үшін де жай фон емес.
