Jai Sandar
前往频道在 Telegram
1 072
订阅者
无数据24 小时
无数据7 天
-1330 天
帖子存档
1 072
АҚШ Федералды резерв жүйесінің отырысы бүгін. Бұл 🔍Кевин Уорштың ФРЖ төрағасы ретіндегі алғашқы отырысы. Нарық мөлшерлеме қазіргі 3,5-3,75% деңгейінде сақталады деп күтіп отыр. Басты назар шешімнің өзіне емес, ФРЖ-ның алдағы риторикасына ауып тұр
1 072
Депутаттар жақында демалысқа шығады.
Part I
🇰🇿Депутаттық сауал бойынша рейтинг жасадық.
2023 жылдан бері ең белсенді және “үндемес” депутаттар. Толығырақ
1 072
🇰🇿Карта населения Алматы изменилась: Алатау и Наурызбай вышли вперед
За 17 лет население Алматы выросло с 1,45 млн до 2,35 млн человек. Прирост составил 900,6 тыс. человек, или 62,2%.
Но главное изменение - не только в общем росте. Население внутри города стало распределяться иначе.
В 2009 году крупнейшая доля приходилась на Ауэзовский и Бостандыкский районы. Сейчас на первое место вышел Алатауский район 400 953 человека, или 17,1% населения города.
Самый быстрый рост показал Наурызбайский район. Его население увеличилось с 43 333 до 240 049 человек. Доля района выросла с 3,0% до 10,2%.
Это показывает, что демографический центр Алматы постепенно смещается к новым районам. Там активно строится жилье, растет спрос на школы, детсады, поликлиники, общественный транспорт и бизнес-сервисы.
При этом доля старых лидеров снизилась. У Ауэзовского района она упала с 19,8% до 15,3%, у Бостандыкского с 19,3% до 14,8%. Это не значит, что людей там стало меньше. Просто Алатау и Наурызбай росли быстрее.
Главный вывод: Алматы продолжает расти, но основной прирост уходит в периферийные районы. Если инфраструктура не будет успевать за этим ростом, именно там сильнее всего почувствуются пробки, дефицит школ и нагрузка на социальные объекты
1 072
Бүгін республикалық бюджеттің 5 айлық есебі шықты.
🖊️Бұл есептің маңыздылығы сол ҚҚС салығының 12-ден 16-ға өскеніне жиналатын салық көлемі.
Алғашқы бес айда бұл салықтан бюджетке 3,48 трлн теңге түсті. Өте үлкен сома болғанымен, қазына жоспарын толық орындауға жетпеді. 🇰🇿Қаржы министрлігінің мәліметінше жоспар 95,1%-ға ғана орындалды.
Бірақ…
2025 жылы дәл осы кезеңде жағдай бұдан да нашар болған еді. ҚҚС мөлшерлемесі 12% болған кезде бюджетке 2,4 трлн теңге түскен. Ол кезде үкімет жоспары 91,9%-ға орындалды. Биыл ҚҚС салық көлемі абсолютті мәнде 1,1 трлн теңгеге немесе 45 пайызға артты.
1 072
Өңірлер экономикасы
2018-2025 жылдар аралығындағы өңірлердің экономикасын талдап көрдік. Осы аралық - макроэкономикалық тренді, циклді анықтауға келетін орташа мерзім.
7 жылдың ішінде пандемия болды, үш өңір қосылып, президент ауысты.
Қысқаша
🇰🇿Алматы сөсіз бірінші. Басқа өңірлер үшін мегаполис тым алыста.
🇰🇿Астана соңғы екі жылда 🇰🇿Атырау облысынан озды. Арасы да алшақтай бастады.
🇰🇿Қарағанды облысы тұрақты. Баяу болса да өсім бар.
А вот 🇰🇿Маңғыстау ерекше. Облыс бестіктен (5-орын) деңгейден былтыр 11-шы орынға дейін түсіп кетті. Бұл облыс туралы біз макроэкономикалық трендтерін талдап, бірнеше рет жазған болатынбыз. 🇰🇿БҚО да жағдай нашар. Төмендеу анық көрінеді. Жалпы батыс өңірден ірі инвесторлар кетуде.
🇰🇿ШҚО екіге бөлінгеннен кейін қайта көтерілді. ЖӨӨ бойынша әлсірейтіні анық еді, алайда 🇰🇿Абай облысы 3 сатыға көтерілді.
🇰🇿Алматы облысы да екіге бөлінгеннен кейін төмен сырғып, қайта бестікке оралды. Ал Жетісу 35% пайыздық экономикамен соңғы (норм) орында. Алматы облысы ұзақ мерзімде үштікке кіруі мүмкін. Жақсы тренд, Алматыны қоршай орналасқан аудандар даму береді. Ал Алатау қаласының болашақ дамуы үлкен серпіліс бермек.
🇰🇿Шымкент алдағы 2-3 жылда бестікке кіруі әбден мүмкін. Соған келе жатыр.
Солтүстіктен 🇰🇿Павлодардан жақсы серпін бар. Облыс жақын арада доноо аймаққа айналады деп күтіп отыр. Индустриальды өңір. Одан кейін 🇰🇿Қостанай облысы тұр. Ал СҚО бір қалыпты…
1 072
🙃БЖЗҚ төменгі жеткілікті шекті мөлшерді айтарлықтай көтерді.
Қарапайым тілмен айтқанда қордан қаржы алу мүмкіндігі енді 0-ге жақын. Осылайша ҰБ жыл сайын талқыланатын қордағы лимиттер мәселесін толық шешті деп айтуға болады.
1 072
Соңғы 2 жылдағы ең ірі төмендету.
🇰🇿Бас банктің осы жылы 4 отырсы барын ескерсек, бүгінгі батыл қадамы келесі айдағы шешімге аванс сияқты. Маусымның басында 20 пайыздық депозиттер нарықтан кетуі мүмкін.
1 072
Ұлттық банк ертең базалық ставка бойынша шешім шығарады
Бұл жолы қызықты. Себебі нарықтың болжамы екіге бөлінді. Еске сала кетейік бас банк 8 ай қатарынан ставканы бір сызықтың бойынан шығармай келе жатыр. Kursiv-те болжамдарды жинадым
🔍📈/ 🔍/ AFK/🔍
1 072
Біріңғай QR жүйесіне қосылған банктер
Осы айдың 19 күні көптен күткен 🙃Kaspi осы жүйеге қосылуға тиіс.
1 072
Қазақстанның Ұлттық Банкі кезінде 25 миллион доллар инвестиция салған жасанды интеллект алыбы – Anthropic компаниясы АҚШ-та IPO-ға шығу үшін құпия түрде өтінім берді.
Бұл Уолл-стриттегі жасанды интеллект дүрбелеңінің нағыз тарихи бетбұрысы болуы әбден мүмкін.
Reuters дереккөздерінің мәліметінше, жақын апталарда OpenAI да құпия түрде АҚШ-та IPO-ға өтінім беруге дайындалып жатыр
Бүкіл әлем бойынша кеңсе қызметкерлерінің жұмысын түбегейлі өзгерткен AI революциясына инвесторлардың тәбеті қаншалықты зор екені енді нағыз сыннан өтпек.
Әйгілі Claude чат-ботын басқаратын Anthropic әзірге акциялардың көлемі мен шарттарын құпия ұстап отыр. Дегенмен, компания мамыр айының соңында 65 миллиард доллар инвестиция тартып, өзінің жалпы құнын 965 миллиард долларға жеткізген болатын. Осылайша ол өзінің басты бәсекелесі OpenAI-ды басып озды.
Anthropic пен OpenAI корпоративтік стратегияларды қайта жазып, есептеу қуаттылығы мен мықты мамандар үшін жаһандық жарысты бастаған AI бумының басты бет-бейнесіне айналды
1 072
Бір қалтадан екінші қалтаға
Мамыр айының қорытындысы бойынша теңге 5,1 пайызға әлсіреп, 1 доллар 486,51 теңгені құрады. Осы уақыт аралығында Ұлттық Банк теңге бағамын қолдан ұстап тұру үшін нарыққа араласқан жоқ, яғни арнайы интервенция жасалмады.
Дегенмен, мемлекеттік бюджетке ақша аудару мақсатында Ұлттық қордан 500 миллион доллар сатылды
Сонымен қатар, өткен айда мемлекеттік және 🇰🇿квазимемлекеттік компаниялар өздерінің шетелден тапқан табысының 410 миллион долларын биржада сатты.
Ал 🇰🇿Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шетел валютасының үлесі азайып кетпеуі үшін биржадан 878,5 миллион доллар сатып алынды.
Сондай-ақ, «айналау» деп аталатын арнайы операциялар аясында 354 миллиард теңгенің валютасы сатылып, Ұлттық Банк бұл әрекеттердің нарыққа кері әсер етпеуін толық қадағалады.
$500 млн + $410 млн -($878,5 млн🇰🇿)= $31,5 млн таза сату
1 072
Төрт айдың статистикасы шықты. Табыс азаюда. Былтырғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 🏦 🏛️ 🏛️ үштігі (25 млрд /26,3 млрд/28 млрд) аз тапты. Ал жалпы ЕДБ таза табысы -109 млрд теңгеге қысқарды.
1 072
🔍🔍
Қазақстан Иран уранын қабылдауға әзір- Financial Times
БҰҰ-ның ядролық бақылау жөніндегі басшысы Рафаэль Гросси жұма күні Financial Times газетіне берген сұхбатында, егер АҚШ пен Иран Тегеранның даулы ядролық бағдарламасы бойынша келісімге келетін болса, Қазақстан Иранның уран қорларын қабылдауды ұсынғанын мәлімдеді.
Осы аптада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) басшысы Астанада Қазақстан Президенті 👤Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.
Financial Times газетінің хабарлауынша, қазақстандық көшбасшы өз елінің қару жасау деңгейіне жақын байытылған уран қорларын сақтауға «ашық» екенін білдірген.
60 пайыздық тазалыққа дейін өңделген шамамен 440 килограмм уран америка-израиль шабуылдары салдарынан басталған соғыстағы атысты тоқтату режимін ұзарту туралы АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің басты назарында тұр.
1 072
5 айдағы өзгеріс
Индекстегі 10-ның 7-сі минуста. 📈📉-ні бұл жолы 25 пайыздық өсіммен 🏛️ қызылдар құтқарып қалды.
现已上线!2025 年 Telegram 研究 — 年度关键洞察 
