Invintel
رفتن به کانال در Telegram
Островок здравого смысла Аноним: http://t.me/anonaskbot?start=sls3qail8xiqo 6 сағатта жауап келмесе қайта жаз
نمایش بیشتر1 124
مشترکین
-124 ساعت
-37 روز
-630 روز
در حال بارگذاری دادهها
کانالهای مشابه
ابر برچسبها
هیچ دادهای
مشکلی وجود دارد؟ لطفاً صفحه را تازه کنید یا با مدیر پشتیبانی ما تماس بگیرید.
اشارات ورودی و خروجی
---
---
---
---
---
---
جذب مشترکین
اکتبر '26اکتبر '26
اکتبر '26
+28
در 1 کانالها
سپتامبر '26
+27
در 4 کانالها
Get PRO
اوت '26
+43
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئیه '26
+74
در 0 کانالها
Get PRO
ژوئن '26
+52
در 2 کانالها
Get PRO
مه '26
+42
در 2 کانالها
Get PRO
آوریل '26
+75
در 4 کانالها
Get PRO
مارس '26
+77
در 2 کانالها
Get PRO
فوریه '26
+42
در 1 کانالها
Get PRO
ژانویه '26
+61
در 1 کانالها
Get PRO
دسامبر '25
+62
در 2 کانالها
Get PRO
نوامبر '25
+85
در 4 کانالها
Get PRO
اکتبر '25
+45
در 2 کانالها
Get PRO
سپتامبر '25
+50
در 1 کانالها
Get PRO
اوت '25
+59
در 2 کانالها
Get PRO
ژوئیه '25
+88
در 4 کانالها
Get PRO
ژوئن '25
+55
در 4 کانالها
Get PRO
مه '25
+132
در 1 کانالها
Get PRO
آوریل '25
+144
در 6 کانالها
Get PRO
مارس '25
+147
در 5 کانالها
Get PRO
فوریه '25
+352
در 1 کانالها
Get PRO
ژانویه '25
+140
در 3 کانالها
Get PRO
دسامبر '24
+121
در 3 کانالها
Get PRO
نوامبر '24
+132
در 3 کانالها
Get PRO
اکتبر '24
+129
در 4 کانالها
Get PRO
سپتامبر '24
+102
در 7 کانالها
Get PRO
اوت '24
+172
در 5 کانالها
Get PRO
ژوئیه '24
+145
در 8 کانالها
Get PRO
ژوئن '24
+125
در 11 کانالها
Get PRO
مه '24
+104
در 4 کانالها
Get PRO
آوریل '24
+80
در 2 کانالها
Get PRO
مارس '24
+67
در 0 کانالها
Get PRO
فوریه '24
+297
در 4 کانالها
| تاریخ | رشد مشترکین | اشارات | کانالها | |
| 27 اکتبر | +1 | |||
| 26 اکتبر | 0 | |||
| 25 اکتبر | +3 | |||
| 24 اکتبر | +1 | |||
| 23 اکتبر | 0 | |||
| 22 اکتبر | +1 | |||
| 21 اکتبر | 0 | |||
| 20 اکتبر | 0 | |||
| 19 اکتبر | +1 | |||
| 18 اکتبر | +2 | |||
| 17 اکتبر | +1 | |||
| 16 اکتبر | +1 | |||
| 15 اکتبر | +1 | |||
| 14 اکتبر | +2 | |||
| 13 اکتبر | 0 | |||
| 12 اکتبر | +2 | |||
| 11 اکتبر | +1 | |||
| 10 اکتبر | 0 | |||
| 09 اکتبر | +1 | |||
| 08 اکتبر | 0 | |||
| 07 اکتبر | +2 | |||
| 06 اکتبر | +1 | |||
| 05 اکتبر | +2 | |||
| 04 اکتبر | +1 | |||
| 03 اکتبر | 0 | |||
| 02 اکتبر | +4 | |||
| 01 اکتبر | 0 |
پستهای کانال
Бүгін сабақта сөзден сөз шығып, докторымыз көп әйел алу мәселесін де қозғап кетті. Ниса сүресінің 3-аятындағы:
"وَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تُقْسِطُوا فِي الْيَتَامَىٰ فَانْكِحُوا مَا طَابَ لَكُمْ مِنَ النِّسَاءِ مَثْنَىٰ وَثُلَاثَ وَرُبَاعَ ۖ فَإِنْ خِفْتُمْ أَلَّا تَعْدِلُوا فَوَاحِدَةً أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُكُمْ ۚ ذَٰلِكَ أَدْنَىٰ أَلَّا تَعُولُوا"Қамқорлықтарыңа алған жетім қыздармен үйленген жағдайда оларға әділ бола алмаудан қорықсаңдар, өздеріңе ұнаған әрі адал болған өзге әйелдердің екеуімен, үшеуімен немесе төртеуімен үйленіп, отау құруларыңа болады. Егер бұл жағдайда да [әйелдеріңнің нәпақасын бөлуде бәріне бірдей қарайтын] әділ бола алмаудан қорықсаңдар, біреуін ғана немесе қолдарыңдағы күңдерді қанағат тұтыңдар. Әділдіктен ауытқып кетпеулеріңнің ең тиімді жолы, міне осы. [Н.Анарбаев, А.Әкімханов аудармасы] Осындағы "أَلَّا تَعْدِلُوا" сөздеріне мән беріп, аятта айтылып жатқан асыл негіз: екеу, үшеу, төртеу деп айтты. Ал "әллә тәьдилуу" сол жалпыдан [екеу, үшеу, төртеу] жалқыны/истисна [біреу] шығару дейді. Қазіргі заманда қоғамдық түсінік мұсылман елдерінде де истиснаны [жалқыны] жалпы қып, өзгертіп жіберді ғой. Автордан Сөз соңында үкімнің Аллаһтан келгеніне және ол хикметтен ада емес екеніне көңіл бөлу керектігін айтты.
| 2 | Бір ғалымнан тақуалық жайлы кітап жазуын талап еткенде "сауда" жайлы жазғанын алға тартып, оны тақуалыққа балаған еді. Біздің заманымызда базар, сауда үйі дегендер әрбір үйге кіріп, әр отбасы каспи магазин, вайлдберриз, озон, пиндош, алибаба секілді маркетплейстер пайдаланады. Тіпті, уатсап чаттар ашып, сол жерде сата береді. Бір жілік етті де, айлыққа сататын чаттардан табасың.
Тіпті, білікті дәрігерлер де инстаграм мен тикток аккаунттарын дамытып, көбірек охват жинап, өздерін жарнамалауға тырысады.
Адамдар еріншек. Шешімін таппай жүріп, арнайы білікті маман, сапалы тауар іздемесе, былайымша өздігінен іздемейді. Сондықтан интернет арқылы өзінің қызметін, еңбегін (тауарын) сатып жатқандарға әңгіме айта алмайсың.
Не нәрседе әңгіме айтасың? Жоғарыда жазғандай сауда-саттық әр мұсылманның үйіне кірді. Демек, оның маңыздылық ғибадат құлшылық секілді болмаса да, соған өте-мөте жақын боп қалды. Мұсылмандар қалай намаз оқуды үйренген болса, сауда-саттықты да солай үйрену маңызды.
الله أعلم | 220 |
| 3 | Нейробиологияда миды зерттегенде оның әрдайым тыныштық күйге, энергия сақтауға ұмтылатыны айтылады. Ал нейрондық байланыстар түзу үшін ізденіс керек.
Егер өзіңе өзің "бұл мүмкін емес, қолымнан келмейді" деген ойды рұқсат етсең, онда ми ескі нейрондық жолдарды пайдалана береді.
Шын мәнінде, мүмкін емес дүниелер бар. Ол объективті болуы тиіс. Мысалы, уақыт мәшинесімен өткенге оралып, тағдырыңды өзгертуге тырысу. Қиялға жақын. Өйткені уақыт кезектілікті білдіретін өлшем бірлігі бар ұғым. Бізбен тікелей жанаспайды. Жә, бұл басқа тақырып.
Басқа мәселелерде объективті болмысты бұзбайтын болса, ой еркіндігі болуы тиіс. Сол кезде ми берілген тапсырмаға жаңа шешімдер іздей береді. Көп математиктер "шешілмейтін есептерді" шешілмейтін дегендіктен бірнеше талпыныстан қоя салған.
Миыңа бір мәселені шешілуі тиіс, жолын табу керек деген тапсырма берсең және оны жүктесең (душта, туалетте, жаяу жолда, кіші моторика (тігін, турау, заттарды сұрыптау, реттеу) кезінде ойлану) миың көп нұсқа тауып береді. Кейбіреулері болмашы болуы мүмкін. Алайда соның өзі жарамсыз екенін біліп, енді ол жолмен емес, басқа жолмен ойлану керек деген сигнал алады.
Сондықтан қандай да бір мәселе объективті болмысты бұзбаса, онда ол "мүмкін" және шешімін "ізде".
الله أعلم | 236 |
| 4 | Туризмнің екі пайдасы бар.
Біріншісі, шетелдік валютаның мемлекетке кіруі. Мемлекет сол арқылы басқа мемлекеттермен сауда жасау мүмкіндігі ұлғаяды.
Екіншісі, мемлекеттің имиджі. Бұның пайдалы болуы мен зиянды болуы екі ұшты мәселе. Өйткені жағымсыз имидж қалыптастыру мүмкіндігі де бірдей, тіпті, көбірек.
Қалған бүкіл мәселелерде, қоғамға, экономикаға зиян әкелетін сфера. Бағалар өседі, экономика маусымдық бола бастайды, жастар қызмет көрсету саласына ауысады. Білім-ғылым тоқтайды. Ойын-сауық индустриясы қарқынды "дамиды". Қоғамдық деңгейде халықтың ар-ұяты, адамгершілігі (нравственность) бұзылуына әкеледі.
Зиян беру процесін шектеуге болады, толық жоя алмайсың. Сондықтан зәрулік деңгейінде болмаса, өз ойым, туризмді экономикалық стимул ретінде қарастырмай, оны қаржыландыруды тоқтатып, белгілі бір шектеулер қойғанды дұрыс санаймын.
"Жоқ, мынадай лайықты пайдасы бар" деп пікір айтқысы келетіндер болса, мархабат. Нанымды аргумент барына күмәнмен қараймын. | 274 |
| 5 | Мысалы, яндекс такси және оның ұқсастары бар. Жол мен уақытты, кептелісті есептей отырып бір бағаны шығарып береді. Бір қызығы ол жол қандай алыс болса да, жақын болса да есептеу құны (себестоимость) бірдей. Бірақ Яндекс оған қарамайды. Жол 2000 теңге болса, 400 теңге комиссия алады. Ал 5000 теңге болса, 1000 теңге алады. Негізінде бекітілген бір өлшем болуы тиіс. Сол секілді еңбек кодексі мен еңбек шарттары қайта қаралуы керек. | 235 |
| 6 | Бай адамдар көп жағдайда өзінің әл-ауқат деңгейінде ойланады. Ол өзіне пайда бергенімен мемлекеттің экономикасына елеулі зарар беруі ықтимал. Мысалы, шағын және орта бизнес көп жұмыс орнымен қамтиды және орта тап өкілдерінің массалы тарауына ықпал етеді. Ал ірі бизнес әрдайым ұсақ бизнесті жұтуға немесе жоюға ұмтылады.
Капиталистік санамен ойланатындықтан "кемедегінің жаны бір" дегенді қыстырмайды. Басқа кемеге ауыса салуға дайын. Өкініштісі, басқа кемеге ауысуға мүмкіндікті — өзі отырған кеме бизнес жасауға мүмкіндік бергендіктен алған еді. Сондықтан мемлекет қадағалауға тиіс. | 219 |
| 7 | Мұны логикалық түйіндейтін — заманауи қару-жарақпен жабдықталған, жақсы дайындықтан өткен, рухани тәрбиені бойына сіңірген, дисциплинасы берік әскер.
Әділ заң жүйесін, мықты білім ордасын, бай экономиканы сыртқы күштердің тікелей араласуы мен алауыздық тудыруына қарсы елді амандығын қорғайтын мықты қарулы күштер керек.
Осы төртеуі бір-бірімен тығыз байланысқан. Өйткені әскери дайындық лайықты деңгейде болуы үшін мемлекет те жақсы қаржыландыру керек. Өктем рухпен ғана алысқа бармайсың.
Өзге функциялар: табиғатты аялау, жақсы дизайн жобалары, өнер туындылары, спорттық жарыстар, т.б. осы жоғарыдағы төртеуінен тармақталады.
الله أعلم | 230 |
| 8 | Желіде бір орыстың "Шыңғысханға табысымның 1/10 бөлігін берсем болды ма? Басқа төлем жоқ болса, разымын" деген әзіл жазбасы хит боп, пікірде бәрі қолдап, қолпаштап еді. Неге? Өйткені қазір әлемде алым-салықтың деңгейі өскені сондай, нәтижесі белгісіз дүрбелеңдерге әкеп соғуы мүмкін. Ресейде, бізде жұмысшы 25-30% тікелей салық және сол мөлшерге жақын жанама салық төлейді. Ал Еуропада, тіптен, қиын.
5000$ айлық алса, оның 2000$-ын тікелей салыққа төлейді. Қалғаны ше? Азық-түлікке ндс 15% ал басқа тауар мен қызмет түрлеріне түгел 25% салық төлейді. Бензин акцизі 50-60%, коммуналдық қызметке салық 40%. Жер, үй салығы бар. Сонда өзіне қалатын сумма шамамен 25%. Яғни 70-75% салық төлейді. Ал аздаған байлар 20-30% салық төлейді.
Шариғи мемлекетте салық көп болуы мүмкін бе? Иә, бірақ жұмысшыдан гөрі ауқаттылар көбірек төлейді. Өйткені олар жұмысшыларға жұмыс бергені үшін ақша тауып жатқан жоқ, жұмысшылардың еңбегін пайдаланып ақша тауып жатыр. "Көп" деген мемлекеттің қаншалықты терең дағдарыста жатқанына байланысты. Дағдарыстан шықса, қайтадан минимумға түседі. Сайып келгенде кез келген капиталистік мемлекеттің салық нормасынан аз. Қазынаның табыс көзі — жер телімдерін, жалға беру, қазба байлықтардан келетін табыс, кеден салығы, стратегиялық маңызды ресурстар иелігі.
Зекет. Нисаб мөлшері толған кез келген азаматтан және азаматшадан жыл соңында алынады. Оны алушылар 8 категорияны қамтиды. Қысқаша айтқанда әлеуметтік блокты жабады. Үшір. жаңбыр суымен суғарылса 10%.
Уақф. Бай-бақуатты азаматтар мен азаматшалардың тұрақты табыс көзін садақа етуі. Зауыт, логистикалық орталық, жалға беретін мекеме секілді мүлікті қоғам қажеттілігіне мерзімсіз тапсырады. Бұл да көбіне әлеуметтік блокқа жұмсалады: емхана, мектеп, университет, кітапхана, жол, әлеуметтік тұрғын үй. Бұл мемлекеттен тыс болса да, мемлекетке жерді пайдаланғаны үшін салық төлеу арқылы пайда әкелсе, әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсау арқылы мемлекеттік қазынаны жұмсау шығынын едәуір азайтады.
Салық еңбекақыға емес, көбіне капиталға салынады. Сондықтан ақша айналымда болмаса, реал кәсіпке, қызметке, тауарға жұмсалмаса, пайдаланбаса, оны жәй ғана сақтау бәрібір тиімсіз боп қалады.
Мемлекеттің өзі де мудораба, мушаракаға қатыса алады. Девелопер рөлінде табыс табуына болады. Инфрақұрылымды пайдалануға қызметақы тағайындауы да мүмкін. Айналып келгенде, жоғарыда жазған білім мен ғылымға, компетентті жоғары квалификациядағы көп мамандарды дайындауға тіреледі. Өйткені жаңа табыс көздерін ашып, диверсификациялап, мемлекеттің әл-ауқатын көтеру олардың ақылын, білімін, қызметін қажет етеді.
Әрине, мұның бәрі өсімге, монополияға, ысырапқа, спекуляцияға, қоғамға зиян беретін істерді тоқтату мен базалық маңызды көздерді приватизация жасауға тыйым салумен қатар жүреді.
الله أعلم | 238 |
| 9 | Желіде бір орыстың "Шыңғысханға табысымның 1/10 бөлігін берсем болды ма? Басқа төлем жоқ болса, разымын" деген әзіл жазбасы хит боп, пікірде бәрі қолдап, қолпаштап еді. Неге? Өйткені қазір әлемде алым-салықтың деңгейі өскені сондай, нәтижесі белгісіз дүрбелеңдерге әкеп соғуы мүмкін. Ресейде, бізде жұмысшы 25-30% тікелей салық және сол мөлшерге жақын жанама салық төлейді. Ал Еуропада, тіптен, қиын.
5000$ айлық алса, оның 2000$-ын тікелей салыққа төлейді. Қалғаны ше? Азық-түлікке ндс 15% ал басқа тауар мен қызмет түрлеріне түгел 25% салық төлейді. Бензин акцизі 50-60%, коммуналдық қызметке салық 40%. Жер, үй салығы бар. Сонда өзіне қалатын сумма шамамен 25%. Яғни 70-75% салық төлейді. Ал аздаған байлар 20-30% салық төлейді.
Шариғи мемлекетте салық көп болуы мүмкін бе? Иә, бірақ жұмысшыдан гөрі ауқаттылар көбірек төлейді. Өйткені олар жұмысшыларға жұмыс бергені үшін ақша тауып жатқан жоқ, жұмысшылардың еңбегін пайдаланып ақша тауып жатыр. "Көп" деген мемлекеттің қаншалықты терең дағдарыста жатқанына байланысты. Дағдарыстан шықса, қайтадан минимумға түседі. Сайып келгенде кез келген капиталистік мемлекеттің салық нормасынан аз. Қазынаның табыс көзі — жер телімдерін, жалға беру, қазба байлықтардан келетін табыс, кеден салығы, стратегиялық маңызды ресурстар иелігі.
Зекет. Нисаб мөлшері толған кез келген азаматтан және азаматшадан жыл соңында алынады. Оны алушылар 8 категорияны қамтиды. Қысқаша айтқанда әлеуметтік блокты жабады. Үшір. жаңбыр суымен суғарылса 10%.
Уақф. Бай-бақуатты азаматтар мен азаматшалардың тұрақты табыс көзін садақа етуі. Зауыт, логистикалық орталық, жалға беретін мекеме секілді мүлікті қоғам қажеттілігіне мерзімсіз тапсырады. Бұл да көбіне әлеуметтік блокқа жұмсалады: емхана, мектеп, университет, кітапхана, жол, әлеуметтік тұрғын үй. Бұл мемлекеттен тыс болса да, мемлекетке жерді пайдаланғаны үшін салық төлеу арқылы пайда әкелсе, әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсау арқылы мемлекеттік қазынаны жұмсау шығынын едәуір азайтады.
Салық еңбекақыға емес, көбіне капиталға салынады. Сондықтан ақша айналымда болмаса, реал кәсіпке, қызметке, тауарға жұмсалмаса, пайдаланбаса, оны жәй ғана сақтау бәрібір тиімсіз боп қалады.
Мемлекеттің өзі де мудораба, мушаракаға қатыса алады. Девелопер рөлінде табыс табуына болады. Инфрақұрылымды пайдалануға қызметақы тағайындауы да мүмкін. Айналып келгенде, жоғарыда жазған білім мен ғылымға, компетентті жоғары квалификациядағы көп мамандарды дайындауға тіреледі. Өйткені жаңа табыс көздерін ашып, диверсификация жасап,
Әрине, мұның бәрі өсімге, монополияға, ысырапқа, спекуляцияға, қоғамға зиян беретін істерді тоқтату мен базалық маңызды көздерді приватизация жасауға тыйым салумен қатар жүреді. | 1 |
| 10 | Жоғарыда жазғандай әділдікті жүзеге асыру үшін ең дұрыс инструмент — шариғат. Заманауи мәселелер де сол шеңбердің ішінде шешімін табады. Менің ойымша, ақырындап, кезең кезеңімен жететін эволюциялық жол — тиімдісі. Өйткені сыртқы күштер де өздеріне бөтен көрінетін "проблеманы" құрсақта пайда болуымен жоюға тырысады. Мемлекетке өзінің әлеуметтік капиталын аман-сау сақтау үшін халықты зиянды дүниелерден қорғау керек.
Ал әділдіктің тұғыры, әрине, дұрыс шариғи білім. Себебі білім болмаса, әділ режим 20 жылда аяқталғасын алмастыратын буын болмай қалады. Әрдайым әділдікті ту етіп ұстайтын буынды өсіріп шығару үшін тұрақты білім ордасы қажет. Низамия медреселер жүйесіне қазынадан 1/10 бөлініп отырған. Ол ұстаздардың еңбекақысы мен шәкірттердің шәкіртақысына жұмсалған. Онымен қоса уақф жүйесінің қаржысы бар. Керуен сарай, базар, жер телімдерінен түсетін тұрақты қаражат білім-ғылымды қаржыландыруға, медреселердің жөндеу жұмыстары мен кітап басуға жұмсалған. Мамун халифа тұсында 1/3 бөлігіне дейін жұмсалған деген дерек бар. Хунайн ибн Исхақ деген аудармашыға кітабының салмағы қанша болса, сол салмақта алтын берген.
Бұл өз кезегінде экономикалық қуаттың жаңа көздерін ашуға мүмкіндік береді. | 286 |
| 11 | Мұнда бесеуі де приоритетті кезектілікпен жазылған. Соңында мал сақтау деп тұр. Мысалы, бір қала салық түсімін көбейту үшін тұрғындардың денсаулығын құрбан етіп, зиянды газ бөліп, қоқыс төгетін зауыт салуға рұқсат бере алмайды. Жан сақтау мал сақтаудан жоғары тұрады.
Егер коучтар мен психологтар елге көп салық түсіріп, жұмыспен қамтып отырса (самозанятой), бірақ ол елде ажырасу көбеюіне себепкер боп жатса, мемлекет нәсіл сақтауды мал сақтаудан жоғары қойып, тыйып тастауы тиіс болады.
الله أعلم | 474 |
| 12 | Мақасид — ережелер мен қағидаларды адам өмірінің 5 зәрулік концепциясына жинақтайды.
Бірінші кезекте, дін сақтау. Кісінің Ислам дінін ұстануында сыртқы кедергілердің болмауы және оған керекті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету.
Екінші кезекте, жан сақтау. Бұған қылмыстық жауапкершілік, қоғамдық қауіпсіздік, гигиена секілді профилактикалық міндеттер жатады.
Үшінші кезекте, ақыл сақтау. Ақылды адастыратын наша, алкоголь, құмарпаздық секілді дүниелерге тыйыммен қоса, білім мен ғылымға жағдаят жасау кіреді.
Төртінші кезекте, нәсіл сақтау. Яғни қоғамдағы неке мен ажырасуды реттеу, олардың құқықтарын қорғау мен зинаның, арсыздықтың, азғындықтың жолдарын жою, минимизация жасау.
Бесінші кезекте, мал сақтау. Әр адамның мал-мүлкіне қатысты ережелер, әділ және тиімді жұмсау, бағыттау. Жемқорлық, рейд, рэкет, алаяқтық, өсімнің жолдарын жауып, халал активтің таралуына жағдай жасау.
Бұл бесеуі де үш деңгейге бөлінеді.
1. Дорурият (зәрулік) деңгейі. Жоғарыдағы бесеудің шектік нормасы. Яғни оның бұзылуы қоғамның бүлінуіне жол ашады. Оңай мысал, ипотекамен алған үйі бұзылып, жоқ үйге ақша төлей алмай қалып, мемлекеттің реттеп бермеуі оны (әділетсіздіктен күйініп) қылмысқа итермелеуі мүмкін.
2. Хаджият (қажеттілік) деңгейі. Кісі өмірінің қиындықтарын жеңілдетіп беру. Қалада қоғамдық көлік инфрақұрылымын жасау. Нормадан қымбаттап кеткен қажет азық-түлік, киім, дәрі-дәрмекке жеңілдік жасау.
3. Тахсиният (жайлылық, эстетика, сән-салтанат) деңгейі. Қаланың сәулет құрылысындағы ескерткіштер, субұрқақтар, ақындардың мүшайрасы, спорттық жарыстар.
Бұл неге бұлай деңгейге бөлініп жатыр? Тахсиният мемлекеттің жауапкершілігіне кірмейді. Қазынадан ол нәрсеге артық ақша болмаса, жұмсауға болмайды. Өйткені тахсиният болмаса, адамның 5 құқығы зиян көрмейді. Мемлекет тек шек пен құқықтық норманы реттеп береді. Ал көңіл бөлу мен приоритет: әуелі зәрулікке (таза ауыз сумен, қыста жылумен қамтамасыз ету), одан ресурс қалса қажеттілікке жұмсалады. Егер жоғарыда жазғандай мемлекет молшылық кезеңіне келсе, онда тахсиниятқа ресурс жұмсауда проблема жоқ. | 458 |
| 13 | Мемлекеттің өміршеңдігі төрт бағанаға байланысты: әділдік, білім, молшылық, күш-қуат (әскер).
Шариғат — мемлекет басшысының немесе парламенттің ойлап шығарған, өзгеден көріп, көшірген заңдар жинағы емес. Лоббимен, белгілі бір шенеуніктерге "сыйлық" беру арқылы өзгертуге болмайды. Харамды (құмар ойын, казино) халал етуге (заңдастыруға) болмайды. Әрине, шариғаттың бар болуы оның жүзеге асып кететінін білдірмейді. Ол әділдіктің заман мен мекеннен тыс өзекті инструкциясы. Неге заман мен мекеннен тыс? Біз қазір Ясамен, Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті Жарғымен, КСРО конституциясымен жүрмейміз. АҚШ заңдары да бізге арналмаған. Ал Шариғатта бір нәрсе анық харам етіп бекітілген болса, ол нәрсе асылы өзгермейді. Жанына қатер төнген кездегі исключение жағдай басқа. Шариғатты дұрыс қолдансаң, әділдікке қол жеткізесің. "Бармақ басты, көз қысты" қылсаң, шариғатты белшесіне басқан зұлымдықты көресің.
Имам Ғазали мен имам әш-Шәтыби (Аллаһ оларды рақымына алсын) түсінікті ету үшін жүйелеген Мақасид аш-Шариьа. Келесі постта кішкене тоқталамыз. | 419 |
| 14 | Шариғат орнату керек деген кезде көбінің төбе шашы тік тұрып, Ауғанстанды елестетеді. Жасыратыны жоқ, кез келгенінің ойына оралатын нәрсе шариғаттағы жаза түрлері: кесіп тастау, сабап тастау, өлтіріп тастау. Шындығына қарасақ, әлемдік екі үлкен держава жыл сайын көптеген адамды өлім жазасына кеседі, ешкім ләм-мим демейді. Өкінішке қарай, адамдар шариғатты инструкция деп емес, шектеу деп қабылдайды.
Енді ақыры осылай ойлайды екен, шектеу тақырыбынан бастап қозғайық. Адамда абсолют еркіндік жоқ және абсолют еркіндік ессіздікке апарады. Неге? Өйткені жоғарыдағы жазбада тілге тиек еткендей, массада [тобырда] ақыл жоқ. Эмоция жетегінде кетеді. Біреу ессіздік бастаса, өзгелер ақырындап еріп, қатары көбейіп, толқынға айналып, соңында цунами жасайды. Ал мұсылмандардың өзге қауымдардан ерекшелігі неде? Әр мұсылманға жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару парыз. Бұл парыз да деңгейлер мен даналықтан мақрұм емес.
Қандай шектеулер жайлы айтып жатырмыз? Қоғамдағы бүліну мен азғындыққа апаратын істерге шектеу. Қытайды Батысқа екі ғасыр бойы құл еткен - апиын. Алкоголь, наша, темекі, зина, құмар ойыны секілді бір адамның жеке басымен қоса, қоғамды бұзатын жаман нәрселер бар. Тобырда ақыл жоқ, тобыр ереді. Тобырды бағыттайтын серкелер болады. Елді жамандықтан шектесең - сақтайсың. Әрбір адамның жеке үйіндегі істі біле алмайсың, бірақ ондайлар ашықтан ашық қоғамда жамандықты демонстрация жасамайды. Өйткені адам әлеуметтік жаратылыс болғасын, ортасы тыйғаннан тыйылады, істегенді істейді, сөккенді сөгеді.
Екіншіден, бір істі қиындату - көп жағдайда одан бас тартуға әкеледі. Мысалы, Алматы қаласында тек бір жерде алкогольды сусын сатылатын болса, оған талонмен кезекке тұрып, бағасын көтеріп, кейін бөтелкесін қайта өткізетін қып, сағат сайын есеп беретін етіп, сатылым уақытын үш сағатпен шектесе, кәнігі алқаштар болмаса, басым көп бөлігі "тасташ" деп қоя салады. Қоғамда алкоголь абсолют жоғалмаса да деңгейі өте төмен болады.
Ал шариғатсыз қол жеткізуге бола ма? Иә, логикалық тұрғыда болады. Алайда тәжірибеге сүйенсек, болмайды. Өйткені, "ничего личного, только бизнес" пәлсапасы көп адамның миында жаңғырып тұр. Алкоголь зауыты бар адам, шенеуніктерге түрлі "сыйлықтар" беріп, өз "бизнесіне" үлескер етумен халықты зиянға ұшырата береді. Себебі оның түсінігінде "жалғыз мен емес, ғасырлар бойы ішкен, өлсе өлер, қол-аяғын байлап аузына құйып жатқаным жоқ, ештеңе етпейді, адамзат қырылып кетпейді, менің бала-шағамды кім асырайды? Өкімет пе? Оттапсың!" деген таным бар. Келесі жазбада, шариғаттың шектеуінен бөлек, құлшындыратын, бағыттайтын істері жайды қысқаша жазуға болады.
الله أعلم | 624 |
| 15 | Шариғат орнату керек деген кезде көбінің төбе шашы тік тұрып, Ауғанстанды елестетеді. Жасыратыны жоқ, кез келгенінің ойына оралатын нәрсе шариғаттағы жаза түрлері: кесіп тастау, сабап тастау, өлтіріп тастау. Шындығына қарасақ, әлемдік екі үлкен держава жыл сайын көптеген адамды өлім жазасына кеседі, ешкім ләм-мим демейді. Шариғатты инструкция деп емес, шектеу деп қабылдайды.
Енді ақыры осылай ойлайды екен, шектеу тақырыбынан бастап қозғайық. Адамда абсолют еркіндік жоқ және абсолют еркіндік ессіздікке апарады. Неге? Өйткені жоғарыдағы жазбада тілге тиек еткендей, массада [тобырда] ақыл жоқ. Эмоция жетегінде кетеді. Біреу ессіздік бастаса, өзгелер ақырындап еріп, қатары көбейіп, толқынға айналып, соңында цунами жасайды. Ал мұсылмандардың өзге қауымдардан ерекшелігі неде? Әр мұсылманға жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару парыз. Бұл парыз да деңгейлер мен даналықтан мақрұм емес.
Қандай шектеулер жайлы айтып жатырмыз? Қоғамдағы бүліну мен азғындыққа апаратын істерге шектеу. Қытайды Батысқа екі ғасыр бойы құл еткен - апиын. Алкоголь, наша, темекі, зина, құмар ойыны секілді бір адамның жеке басымен қоса, қоғамды бұзатын жаман нәрселер бар. Тобырда ақыл жоқ, тобыр ереді. Тобырды бағыттайтын серкелер болады. Егер елді жамандықтан шектесең, елді сақтайсың. Әрбір адамның жеке үйіндегі істі біле алмайсың, бірақ ондайлар ашықтан ашық қоғамда демонстрация жасамайды. | 1 |
| 16 | "Жаз мезгілінің киімімен жүрмін, күн суытты, жылы киім керек еді...!" - десем,
"Хақиқи киім ба, Маджази ма?!"
- деп қалмасы бар ма 😁
"Ееееххх, негізі Аллаһ тағаланың мезгілді де төртеу қылғаны осы екен ғой..!🤭"
- деген ой ішімнен сығалап тұрды...)
P.S. Түсінгендер 🤫 түүшш..! Ешкімге білдіртпей таратамыз))) | 611 |
| 17 | Ақырындап боттарды айыра бастадым. Жазған комментарийінен байқауға болады. Ең дұрыс тәсіл – блоктау. Олармен сөз таластырудың қажеті жоқ. Өйткені артында ЖИ арқылы жасанды 1000+ қолдаушысы бар. Мақсат — белгілі бір қоғамдық пікірді қалыптастыру. Аккаунтындағы 30-40 публикациямен алданудың да қажеті жоқ.
Ең нашар, қарапайым манипуляциялары ұлтаралық, өңіраралық араздық тудыру. Провокация мен айдап салу. Форбстің зерттеуі бойынша 61,5 %-ға жетіпті. Атауы «The Dead Internet Theory». Іздеп көрсеңдер болады. | 657 |
| 18 | Қалаға көшіп, ауылы қаңырап, ақырындап елді-мекен жұртқа айналған мекен көп. Үлкен қалай экономика драйвері. Мемлекет мегаполисті дамытуға мүдделі. 3 жылға сайланатын депутаттар 20 жылдан соң нәтиже беретін ұзақ мерзімді қалалық реформалар жасауға мүдделі емес. Сондықтан жағдай жасау әр азаматтың өз жауапкершілігіне кіреді.
Ендігі кезектегі әңгіме 4 буын бойы Алматыда, Астана, Шымкентте тұрған адамдардың саны қанша? Әр буын ауысқан сайын олардың үлесі азая береді. Бұл урбанистердің «қала – демография қабірі» қанатты сөзінің жаны барын көрсетеді. Яғни біреуі ауылға кетіп, санасын өзгертпесе бірі күні тұқым үзілу қаупі бар.
Жоғарыда жазған ұзақ мерзімді реформалармен жағдайды жұмсартуға, тұрақтандыруға болады. Бірақ демографиялық өсімге әкелмейді.
Қаладан үйің болса болсын, бірақ ауылдағы еншіңді жоғалтпау керек. | 661 |
| 19 | Дүние кезек деген осы)) бірнеше жылдан соң қытай тілі мен қытай мәдениеті (азынан басқа) бәрін ығыстыруы ықтимал.
Лапша жеу фуа-гра жеумен теңеседі. Таяқпен тамақтана алу ақсүйектердің этикетіне айналады. Кімде Ли-Сян болса, сол мерседесте отырғандай маңғазданады. Чунцинді көрген Швейцарияны көргендей болады)) | 554 |
| 20 | «В сентябре 1970 года я прибыл в Москву после полуночи рейсом «Аэрофлота» из Каира. Меня встречал почетный караул высоких русских гвардейцев, освещенных прожекторами. Они передвигались подобно роботам и, когда меня попросили поприветствовать их по-русски, отвечали в унисон. Осмотр почетного караула завершился маршем, который был впечатляющей демонстрацией агрессивности и силы. Все это было задумано, чтобы произвести впечатление, и я действительно был впечатлен.»
«Рыжков пригласил меня посетить Советский Союз, что я и сделал в сентябре того же года (1990). На этот раз церемония встречи в московском аэропорту была иной. Почетный караул больше не состоял из одинаковых гвардейцев ростом в шесть футов и три дюйма* (190 сантиметр): военнослужащие были разного роста, оркестр также был разношерстным. Слаженность движений, подобная работе часового механизма, уже отсутствовала — русские больше не старались внушать страх посещавшим их людям.»
Екі текст Ли Куан Ю-дің «Үшінші әлемнен бірінші әлемге» кітабынан алынған үзінділер. Бірінші абзацтағы кезең Кеңес Одағының дамуындағы биік шыңы боп саналатын «алтын жылдар» (1966-1970). Косыгин реформасының алғашқы жемісі. Негізгі көрсеткіш боп саналмаса да, көп белгінің бірі деп қарастыруға болады деп ойлаймын.
Ал суретте Қытайдың Трампты күтіп алуы мен Си Цзин Пинді АҚШ-тің күтіп алуы. | 565 |
