en
Feedback
Invintel

Invintel

Open in Telegram

Островок здравого смысла Аноним: http://t.me/anonaskbot?start=sls3qail8xiqo 6 сағатта жауап келмесе қайта жаз

Show more
1 148
Subscribers
No data24 hours
-27 days
-1930 days

Data loading in progress...

Tags Cloud
No data
Any problems? Please refresh the page or contact our support manager.
Incoming and Outgoing Mentions
---
---
---
---
---
---
Attracting Subscribers
September '26
September '26
+3
in 0 channels
August '26
+43
in 0 channels
Get PRO
July '26
+74
in 0 channels
Get PRO
June '26
+52
in 1 channels
Get PRO
May '26
+42
in 2 channels
Get PRO
April '26
+75
in 4 channels
Get PRO
March '26
+77
in 1 channels
Get PRO
February '26
+42
in 1 channels
Get PRO
January '26
+61
in 0 channels
Get PRO
December '25
+62
in 1 channels
Get PRO
November '25
+85
in 4 channels
Get PRO
October '25
+45
in 2 channels
Get PRO
September '25
+50
in 1 channels
Get PRO
August '25
+59
in 2 channels
Get PRO
July '25
+88
in 4 channels
Get PRO
June '25
+55
in 4 channels
Get PRO
May '25
+132
in 1 channels
Get PRO
April '25
+144
in 6 channels
Get PRO
March '25
+147
in 5 channels
Get PRO
February '25
+352
in 1 channels
Get PRO
January '25
+140
in 3 channels
Get PRO
December '24
+121
in 3 channels
Get PRO
November '24
+132
in 3 channels
Get PRO
October '24
+129
in 4 channels
Get PRO
September '24
+102
in 7 channels
Get PRO
August '24
+172
in 5 channels
Get PRO
July '24
+145
in 8 channels
Get PRO
June '24
+125
in 11 channels
Get PRO
May '24
+104
in 4 channels
Get PRO
April '24
+80
in 2 channels
Get PRO
March '24
+67
in 0 channels
Get PRO
February '24
+297
in 4 channels
Date
Subscriber Growth
Mentions
Channels
06 September0
05 September0
04 September0
03 September+2
02 September0
Channel Posts
Энрикенің кәнсерті өтті Астана мен Алматы қалаларында. Біраз әйелдің жабайы қылықтары көрінді. Энрике көкеміз «шынымен Борат елі» деп ойлаған шығар. Боратты түсірген режиссёр да біліп түсірген сияқты. «Жоқ, қазақтар, сендер білмейсіңдер қандай екендеріңді, ертең дүние келеді, есіктерің ашылғанда осындай боласыңдар» деп түсірген сияқты. «Біреу сұраса қырғызбын деп айт» дейтін коммент бар еді ғой. Мен қырғыз бола салайш дегім келгені ай...

2
Елге ең белгілі адамның інісі бар еді, бірер жыл бұрын қайтыс болған. Ол кісінің көзі тірісінде ер адамдар әйелдерін жасыруға тырысатын. Мүмкіндігінше көзге түсірмеу керек болатын. Неге? Өйткені бір кісілер алып кететін және оған не заң да, не ақша да жүрмейтін. Ел арасында "бұл 21-әйелі, баласы бар" дейтін әңгімелер болатын. Әйелі болмай қалып, қыздығынан айрылғандар қаншама... Ал қазір оны миллениалдардың кейінгілері мен зумерлер түсіне бермейді. Әйел деген әлемге сұлулығын паш етіп, жарқырап жүру керек екен. Жаңағыдай кісілердің көзі түссе, еркегі қорғай білу керек. Еркектердің әлемі олай емес. Кейбір нәрседе шарасыз екенін білсе, «лучше не рисковать» ұстанымында жүреді. Аллаһ сақтасын ондай күйге түсуден
231
3
Алғаш сауатымды ашқан жер ғой. Ескі корпус та орнында екен. Бұрынғы вайб жоқ. Жаңа, жақсы, жайлы условия бар, бірақ бірдеңе ж+1
Алғаш сауатымды ашқан жер ғой. Ескі корпус та орнында екен. Бұрынғы вайб жоқ. Жаңа, жақсы, жайлы условия бар, бірақ бірдеңе жетіспейтіндей.
265
4
Кейде ойланып-ойланып қазақтан енді қайран жоқ деп қолыңды бір сілтеп, өзіңмен өзің өмір сүретіндей, үмітің үзілердей, жөнге келмейтіндей көрінеді. Сосын ойы тұщымды, адекватты, ұстанымы жақсы бірнеше жасты көргесін олардың ұшқыны жүрегіңді жылытып, «әй осы әлі де үміт бар» марқайып та қаласың. Сондай жастардың бірнешеуімен жаңа Алматыға бара жатқан ұшақта серік болдық. Мендегі биполярка әзірше осы)
300
5
Мана бір рилс алдымнан шыға келді. Роза мен Перизаттың алаңында еркектерді «үйірмен ойланатын» мал секілді көріп, мазақтап отыр екен. Оған сұрақ қойып, жалтақтап, бір «жігіт» отыр. Әр сөзін іліп, қорлап отыр. Ол түсіндіруге тырысып әлек, не қарсы шыға алмайды. Не орындарына қойып тастамайды, не кетіп қалмайды. Ондай жаман хәлге түсіп қалудан Аллаһ сақтасын. Сөздерінде жан бар. Ер адам қоғамды ойлайды. Ол сонысымен қоғамға жауапкершілік алады. Ер адамға үстемдік берілген. Ал әйел адам отбасындағы ерінің мүлкіне жауапты болғасын отбасы деңгейінде ғана ойлайды. Көп әйел ол деңгейден аса бермейді. Ол үшін әйел жазғырылмайды. Ал анау қатындар бір «жігітті» ортаға алып ап, жазғырып, қорлап отыр. «Стаямен ойланатын» настолько тупые существа дегенге келтіріп тұр. Осы айтады ғой: "әйелдің талап етуімен прогресс пайда болған" деп. Психокоучтардың қыртқан шатпағы. Тек әйелінің ойымен жүрсе, әлем әлдеқайда жойылып кетер еді. Ғарышты игеру, су қабаттарын зерттеу, ұшақтар мен байланыс құралдары болмаушы еді. Жібектен киім тоқитын мәшине мен алтынды өңдейтін құрылғы, асхана құралдары секілділерді қанағат тұту керек боп қалады. Огда да электрмен емес, қолмен механикалық энергия жұмсап істейтін құрылғылар болушы еді. Өйткені электр үлкен энергияны қажет ететін масштабты шахталарды, ауыр өнеркәсіп өндірісінің жұмысы жалғасты болуы үшін ойлап табылған дүние етін. Әйелдерін «гәп»/чёрная касса ойнауға жіберетіндер бар. Солай достастырып, тату етем, сергісін деп ойлайды. Ол жақта не әңгімелер болатынын қайдан білсін. «Көңілін табам» деп өзінің отбасылық өміріне ор қазып жатқанын түсіне бермейді. الله المستعان
551
6
Бұл арнада қандай да бір жазба жазылса, ол көпшілікке арналған. Жазбаларда жалпылай жағдайлар ескеріледі. Исключение бар. Бірақ ережеге сай: исключение деген жоққа тең. Қайсыбірін ескеріп, әлпештей бересің. Алдындағы бір жазбамда «мешітте және өлтірілген кісі жаназасынан басқа әйелдер жамағатында (ешбір) қайыр жоқ» (мағн.ауд) деген мағынадағы хадисті тілге тиек етіп едім. 1400 жыл өткесін, именно қазіргі қыздар қайырлы жамағат боп кететініне күмәнмен қараймын. Тіпті, Умм Зәрр رضي الله عنها жайлы хадисте де 11 әйел оқиғасы келеді. Ол жерде әйелдер жиналып, күйеулерінің кемшіліктерін жасырмай айтып отырады. Бұл нәрсені кішкене ертерек түсінгенім бар. Үлкен жиын болғанда, ошақ жаққанда жеңгелердің ортасына түсіп қалсаң, жабылып издеваться етеді. Әншейін, әзілдеп, ойнап отырмын деп ойлайды. Бірақ абыройыңды айрандай төгіп отырады. Есің барда бір нәрсені сылтауратып кетіп қалу керек. Мектептегі үйірмелерде де қыздардың ортасында қалып қойсаң, кетіп қаласың. Ерегісіп, салғыласып отырмайсың ғой. Одан пайда да жоқ, түсінейін деп тұрған олар жоқ. Оңаша қалып кетсе ғана момын, момақан боп қалады. Бір кісі 4 әйел алып, бір үйде ұстайтынын айтып еді. «Ақымақсың» дегем. «Ауызбіршілікте ұстап отырам» деп ойлайтын шығар, өзі білсін
442
7
Жігіттерде эмпатия жоқ, эмоциональный интеллект төмен деп кейінгі жылдары талап етіп жүр ғой. «Естімейді, түсінбейді, түсінгісі келмейді» дегендей. Ойланып қарасам, айналамды және желігі бақыласам, кері қарай, еркекке әйелдер тарапынан эмпатия жоқ екен ғой. Қайсыбір әйел еркектен проблема естігісі келеді? Психологияға тойып алған, диагноз қойғыштар болмаса, көбі алыстап кетеді. Қос стандарт па? Мүмкін. Жүре берсең, көре бересің дегендей түрлі түсті реңктермен боялған әлем екі түспен поляризациялануда, өкінішке қарай...
589
8
Келісем)) Психокоучтардың баланы ұрмаған дұрыс. «Онымен сөйлесу керек, келісу керек» дейді. Сондайға тойып алғандар бар, мейл
Келісем)) Психокоучтардың баланы ұрмаған дұрыс. «Онымен сөйлесу керек, келісу керек» дейді. Сондайға тойып алғандар бар, мейлі, тойғаны бойына дарысын. «Сөйлесе алмайды, сөзін өткізе алмағасын қолға жүгінеді» дейтін лақпалар бар. Олар да сөздерімен сыналар. Өз баласы табиғатынан жайлы, сөз түсінетін, тіл алғыш боп өсетіндер бар. Олар да ақыл үйреткіш, елдің баласы да өз баласы секілді деп ойлайды.
606
9
Қарым-қатынастағы естілікті табалайтындар да бар екен. Көбіне ғашықтықпен үйленген жігіттердің отбасылық өмірінде эмоционалды әткеншектер жиі орын алады. Ондай тербелістен шаршап, қашатындар көп. Есеппен үйленетіндерде азырақ шығар, бірақ оларда да бар. Қазіргі кезде психологияның кесірінен «удобная болуды» жаман көрсетіп тастады. Хауа анамыз «удобная» болғанын еске алғысы жоқ. Адам атамызға тыныштық пен жан жайлылығы болуы үшін жаратылған еді ғой. Қазіргілерді тыңдасаң, ер адам өзімен жұмыс істеп, өзгеруге дайын емес екен. (Ойдан шығарылған) проблемаларды шешкісі келмейді-мыс. Әйелін тыңдаудың орнына жеңіл, тыныш, жайлы басқа әйел іздейді-мыс. Қарым-қатынасы үшін (ерігіп ойдан шығарылған) проблемалармен күресуі тиіс екен. Әрине, үйленіп қойған болса, амал жоқ, отбасыны сақтау үшін біраз компромиске (шегініске) бару керек. Кей нәрселерден бас тартып, кей нәрселерді қабылдап, көндігу керек. Ешкім мәжбүрлеп үйлендірмеді, қолымен істегенді (үйлену) мойнымен көтеруі керек. Ал әлі үйленбеген болса, мейлінше «удобная» қыз іздегені дұрыс. (Әдетте, қыз жақсы көрсе, удобнее болады). Өйткені ер азаматтың бар уайымы, дүниелік ісі мен Ақыреттік мақсаты әйелінің эмоциясынан ары аса алмаса, өкінішке қарай, өмірінің бос өткені... Мұсылман еместердің де күні солай өтіп жатыр. Мұсылманның иманнан өзге не артықшылығы бар сонда? Ойлану керек. Орыстың жаңа толқыны адекватты әңгімелер айта бастаса, комментте хиджабтағы қыздар, әйелдер хейт жазып тастайды. Пикми деген бер жағы. Орыстың еркектері де "мұсылман қыздар еуропадан бетер нашар боп кеткен, оданша таи, филиппин, вьетнам қыздарына үйлену керек" деп санайды. الله أعلم
704
10
Біздің қоғамның дертінің бірі - сыни ойлай алмау. Екінші жақтың жауабын тыңдамай шешім шығару. Кімнің түрі, даусы аянышты болса, кім жылап тұрып айтса сол ақиқатты айтып тұр деп ойлау. Енді одан асқан дерттің бірі, ол - ел алдында жүрген уағызшылар мен ұстаздардың да сыни ойлаудан алыс болуы. Ер адам табиғатында біреуге шағымданғанды, отбасының проблемасын біреуге айқанды ұната бермейді. Айтса да жан досына айтар. Ал әйелдер олай емес. Олар құрбысына айтып, оған қанағаттанбай ұстаздарға, ел алдында жүрген уағызшылардың бірнешеуіне жазып шығады. Соның себебінен уағызшылардың, ұстаздардың, әсіресе отбасы жайлы сөз қозғап жүрген ұстаздардың дайректісі әйелдер хатына толы. Сол хаттардағы біржақты, бір тарапты сөздерді оқып алып, сол эмоциямен уағыз айтып, сол эмоциямен пост жазып, тіпті курс ашып, кітап жазып кететіндер бар. Елімізде отбасылық өмірде кейбір әйелдердің жапа шегетінін, құқығы тапталатынын жоққа шығармаймын, бірақ жапа шегуші, қиянат көруші тек әйел ғана емес екенін ескеруді де ұмытпау керек. Жекеге жазылған хаттардың көбісі, сол шағымданушы әйелдердің ғана версиясы, шын мәнінде күйеулерін тыңдасаң жағдай мүлдем басқаша болатынын да ескеру керек. Әділеттілік деген тек шағым айтушыны қолдау емес, екі жақты тыңдап, сосын барып шешім шығару. Жалпы шариғатымызды тек бір жақты тыңдап, үкім шығаруға тиым салынады. Осыны ескермей жатады. Сол үшін кейде эмоциясы басылмаған жастарға отбасы мәселесінде төрелік етуге, сөз қозғауға тиым салу керек па деп ойлап қаламын. Ақыл айтқыш ұстаздар көбейген сайын отбасы институты жақсарып жатқан да жоқ. Керісінше әркім өз құқығын талап еткіш, санасуға негізделген отбасылар пайда болып жатыр. Ондай төмен деңгейдегі отбсылардың ұзаққа бармайтыны да анық қой.
535
11
Қорадағы сарайды бұзып жинау кезінде құлаққаппен бірдеңе тыңдау керек болды. Ол үшін YouTube-тегі кейін қараймын деп жинағанд
Қорадағы сарайды бұзып жинау кезінде құлаққаппен бірдеңе тыңдау керек болды. Ол үшін YouTube-тегі кейін қараймын деп жинағандарды азайту керек. Көбіне хайп біткен кеткен кезде талдаған өзіме ұнайды. Алдында шу боп еді ғой, подкастқа келіп, ондағы сөздерінен Данияр біраз қателіктерін тізіп, талдау жасап еді. Мына видео одан бір жарым жыл бұрын шыққан екен. «Әлі күнге шейін түсінген емеспін» деп тілінен тауыпты ғой, өз сөзінен авария бопты-ау деп ойладым. Сол секілді осы подкаста психологияны ұнатпайтынын, жаратпайтынын айтса, 1 жарым жылдан кейінгі подкаста «Шариғаттың өзі психология» деп толық жоққа шығармайтынын, толық қабылдамайтынын айтыпты. Келесі жылы тағы да ұстанымы өзгерер ме екен... P.S. шұбалшаңнан авария болсам шіли ауыр емес ау)
648
12
Негізі норм пост дайындап жазып жатқам. Кейін телеграмда глюк болды. Бірнеше сағатқа істемей қалды. Бұйыртса, ертең шығарармын. Ал қазірге мынау. «Мені червяк (шұбалшаң) боп кетсем де жақсы көресің ба?» Негізі есі дұрыс адам шұбалшаңды жақсы көрмейді ғой. Не істейді оны? Махл, «Иә, шұбалшаң боп кетсең де сүйем» дейтін жауапты рамантишні, мило көретіндер бар ғой. О-о, тоба. Апама жездем сай.
635
13
Нәп-нәрмәлні сөйлесіп отырғанымда «Қашан үйленесің?» деп сұрақ қойғанда:
Нәп-нәрмәлні сөйлесіп отырғанымда «Қашан үйленесің?» деп сұрақ қойғанда:
875
14
Қазір дұрыс емес дегенді 5 жылдан соң дұрыс деуі мүмкін. Айтпақшы, ЛРТ 5 айда бітпеді, ол ақпаратты ойдан жаза салдым. Миларың бірнеше айдан соң, мұны "иә, 5 айда біткен" деп жазуы мүмкін немесе "5 айда біткен десе ми алданады деген пост бар еді ғой Invintel-де" деп жазуы мүмкін. Екіншісі қып жазып алыңдар) الله أعلم Кеше бір кісі "бұрын тәптіштеп жеткізген посттарыңыз көбірек болған сияқты" деп есіме салды. Тағы жазып көрейін дедім.
804
15
ЖАД Байқоңыр, дөнер, шашлык, Алматы, ЛРТ. Былайша қарағанда жәй сөздер. Бірақ әркім өз алдына ассоциациялық жадпен байланыстырады. Байқоңыр сөзін естігенде ғарыш айлағын, дөнер дегенде өзі сүйіп жейтін кафедегі дөнер, шашлык дегенде біреуге тауықтың, біреуге еттің шашлыгы, Алматы дегенде таулар, өзі оқыған университет, студенттік шақ, ЛРТ дегенде мініп көрмегендер мен құрылысы тоқтап тұрған бетонды елестетеді. Ми оны қайдан алып жатыр? Қысқаша, солай сақтап алған. Бірақ «бірақ» дейтін тұсы бар. Қаншама жыл бітпеген ЛРТ-ны қытайлар 5 айда бітірді деп айтсам ше? Осыны оқыған адамдар ЛРТ-ны еске түсіргенде осы ақпаратты да ассоциацивті түрді жалғап алады. Бұл не? Нені білдіреді? Өткенді әр еске алған сайын ми жаңа ақпаратты жазып алады. Ол түпнұсқа естелікке басында ұқсауы мүмкін. Алайда уақыт өте келе, жиі еске алумен ескі ақпараттың жаңара беріп, түпнұсқадан түбегейлі өзгеше болуы ықтимал. Мысалы, біреу бала кезде белсебеттен құлап, қолына шрам түскен. Оны еске алғанда қай тараптан еске алуы да рөл ойнайды. 2-3 күнде жазылып кеткен болса да, еске ала берумен 2 апта мектепке бармай үйде жатқаны есіне түседі (шын мәнінде ми солай суреттеп береді). 1 рет зелёнка жаққан болса, кеткенше жаққан боп шығады, мектепке де сол жасыл-жасыл боп барғаны шығады. Бастапқы кезде аяғы тайған деп ойлап жүрсе, кейін белсебеті бұзылғаны еске түседі. Солай шынайы ақпарат бұрмалана береді. Екінші мәселе, адам бір нәрсеге қатты мән берсе, айналасындағы заттарға мән бермейді. Кезінде бір видеоролик бар еді ғой: бәрі доп ойнап жатады, доптан көз алмай қарап отыруың керек. Бір кезде арасынан горилла киімін киген адам өте шығады. Басым көпшілігі оны байқамайды, оны мен де байқамағам. Тек сондай горилла өтті деген кезде видеоны басынан қойып, допқа мән бермей горилланы күткенде көре алдым. Жоғарыдағы мысалда да адам жарақат алғанын жиі еске алғасын белсебеті одан кейін 1 апта өткенде бұзылғанын сонымен жалғап, бір күнде болған етіп жібереді. Үшінші мәселе бар. Стендаперлердің детская травма дегенді мазақ етіп жүргендері бар. Біз үшін ол кезде травма болмаған, қалыпты жағдай еді. Ал кейінгі 6-7 жылда «детская травма» көп айтылып, оны негативті оттенкіде көрсеткесін елдің көбі баяғыда күліп еске алып жүрген естелігін негатив көріп, әке-шешелерін кешірумен әлек боп кетті. Шынайы травма алғандарға бұл сөздерімнің қатысы жоқ, трендке ілескендерге қатысты жазып отырмын. Демек, әлеуметтік ортамыз бен қоғамның интерпретациясы да бұрынғы естелігімізді жақсы не жаман екенін өзгертіп қайта жаза береді. Мидың осы жұмысынан көбіне жапа шегетіндер — әйелдер. Бір болған оқиғаны мың қайтара жаза бергеннен негативті реңі арта береді. Күйеуімен әр ұрыс-керіс болған оқиғасын еске алады. Соңғы 5 жылда тек бір рет 8-наурызбен құттықтамаған болса, сол естелікті алып қалып, қалғанына мән бермейді. Уақыт өте келе, қандай тиран, абьюзер, жаны ашымайтын, қамқорлығы жоқ, бәріне безразлично қарайтын, мейірімі жоқ деген образ күшейіп, өзін бақытсыз сезініп, ажырасуға бет бұра бастайды. ("Тағы да әйелдерді қыстырды" дейтіндерге айтарым: поқи, бұл есті жиғызатын ақпарат сендерге керек, маған емес) Кезінде бір ғалымның бидғат сөзді естіп, оны 25 жыл есінен шығара алмағаны жайлы Ерсін ұстаздың уағызынан естіп едім. Ми адаммен солай ойнайды. Бүгін сен оның бидғат екенін білдің. Бірақ уақыт өте келе ми оны переформатировать еткенде бір дұрыс ғалымның сөзі секілді етіп жібереді. Оны енді біреу айтып түземесе, солай адасып кетуің ықтимал. Ғалымдардың қарапайым адамдарды Інжіл, Тәурат секілді кітаптарды, әртүрлі наным-сенім кітапшаларын оқудан тыюының бір себебі де осы. Тәураттан оқып алған Мұса عليه وسلم қиссасын Ислам ғұламалары айтқандай еске алып, оны Ақиқат ретінде қабылдап қоюы мүмкін. Ғалымдар қайсыбірінің жеке басындағы ойларымен күресе береді? Бұл қазіргі күнде әлем әдебиеті мен әртүрлі "өсу", "даму" шлактарын оқитындарға да қатысты. Пайда алам деп жүргендерің бірнеше жылда мидың жұмысына шатысып, зиян көрулерің әбден мүмкін. Дұрыс нәрсе оқыңдар, әрбәлені оқып, адасып кетпеңдер, миларыңның фильтріне сеніп жүре бермеңдер. Ол фильтрлерің де жаңарып отырады.
725
16
Қазір имамдар дұрыс нәрсе айтса, жазса, астына қыздардың "сгл", "кө* қысша", "қо*** жеме" деп жазатынын байқап жүрмін. Неге бұлай болды екен? Қап, әттеген-ай) Ойбай-ай, қай жерден қателік кетті? Вроде еркектер міндетті, үй шаруасына көмектесу сүннет, әйел ханшайымдай өмір сүру керек деуші еді ғой. Қай жері жақпай қалды екен оларға?) Ойланыш керек, тағы қаншалықты төмендеуге болады, әйелдер қауымы наконец бағалап, сыйлап-құрметтейтіндей? "Әйелдің разылығын алу керек" деген сөз де аздық етіп жатыр ғой) Бұның мысалы ЛГБТ тарихына үқсайды. Батыста күн көрсетпей қорлайтын еді, 60-70 жылдардан бастап эмпатия басталды. Ақырын ақшасы мол секторда үлесі көбейгенде, қолдарына билік тигенде, кері дискриминация, яғни лгбт-ға "ләм-мим" деп қарсы сөйлегенді қудалау басталды. Қазір Америка мен Еуропада дұрыс нәрсе айту мүмкін болмай тұр. Не нефорлар қудалайды, не билік қамайды. Қазір сарказммен, екіұшты сөздерді ептеп қолданумен ғана дұрыс ойды жеткізуге талпынып жатыр. Болашақта "әйелінің аяғындағы шаңды маңдайына жағатын" деген адамдар мансапта, елдің көзінде "өсетін" шығар. Мейлі, өсіңдер, сосын көшіңдер)
556
17
Мұндай сөздер қолданыстан шыға бастағанда басқаша реңк алып кетеді. Сондықтан қайта нормаға айналуы үшін жиі қолдану керек. ҚАТЫН сөзі де осы категорияға кіреді.
507
18
ҰРҒАШЫ 2. Әйел, жамағат, зайып, қатын. Ағын жесең ақылың жаннан асар, Сарысын алсаң, дәулетің судай тасар. Егерде қызыл жеміс алып жесең, Ұрғашыда жан болмас сенен қашар (Абай, Тол. жин.). Қатын алма төреден, Еркегі болар жау жанды, Ұрғашысы ер жанды (Алдаспан). Алыс тұрып, ақырды қыр басынан: "Берекесін бұл жердің кім қашырған?.." Өңім бе, түсім бе деп таңданады, Кез алмай орамалды ұрғашыдан, Көз алмай сүле-сопа тұлғасынан (М.Мақатаев, Шығ.). Жүрегім қызынбайды ұрғашыға, Сөзіңнің ерсем дағы турасына. Қара жер – ата-анам, ең жақыным, Мені аяп, азаттық бер бір басыма! Басың жас, тілегіңіз алдыңызда, Көңілдің азба, шырақ, қызбасына. Сау болсаң, таңдап сүйіп қосыларсың, Не төре, не бір байдың мырзасына (Ә.Найманбаев, Шығ.).
499
19
Жұмыстан еңбек демалысы бітуге таяған шығар. Көбі жазда алады ғой. Түрік группаласым бірде "отбасымен демалыс — демалыс емес, жұмыс" дегені бар. "Бәрін қадағалап жүресің, бүкіл заттарды өзің көтеріп жүресің. Суретке де сен түсіруің керек. Шашлык істесең ешкім көмектеспейді. Қауіпсіздігін қамтамасыз етуің керек. Ақша шығыны көптігінен бөлек, тамақтың ерекше және қымбатын таңдап жеп көргісі келеді. Кеттік деген жерге дереу шыға салмайды, 2сағат күтесің. Тез шаршап қалады. Балалармен жүрсең жылап, мазаңды қашырып, орта жолдан қайтасың. Ауырып қалса, үйге қайтасың. Тарихи жәдігерлерге қызығады. Пәленінші ғасырдағы құмыраны көргісі келеді. Нәтижеде ойыңдағыдай шықпай, жоспарыңның жарымын да орындамай қайтасың. Суретке түсіретін фотограф болуың бөлек дүние. Оған да риза болмай, көңіл бөлмейсің деп әңгіме айтады. Оданша достарыммен шыққан оңай. 8де шығамыз десек, 8де шығамыз. Қосымша нәрселерге алаңдамай, баратын жерге тіке барып, тіке қайтамыз. Табиғатта әркім өз рөлін бөліп алып, тамақтанып, жинап қайта саласың. Ақша да көп кетпейді" Бұл сөзбе-сөз емес, примерный аудармасы. Сөзінде жан бар негізі)
539
20
Желідегі елдің сөзіне сенсең, қабыспайтынды қабыстырып, Құдайдан кепіл алып қойғандай келістіргісі келеді. Тойда даңғырлаған батыстың жын-ойнағына билетіп, ойын ойнатып, соны тектілік етіп көрсетеді. 2022 жылы Ресейден ағылған қашқындарға есік ашып, табалағанына қошамет көрсетуін қонақжайлылық етті. Орысша балабақшаға беруді ақсүйектік көреді. Батысты мақтаушылардың дені Батыста боп көрмеген, Ауғанстанды жерден алып жерге салатындар Ауғанстанға қадам басып көрмеген. 30 жыл бойы жеңе алмаған АҚШ-тың медиа ресурстарына сеніп, алданғандарына мәз. Біреудің қаңсығын мәдениет көреді. Осындайда Абай атамның 37-қара сөзі оралады. "Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың. Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал." Ешқандай экономикалық қуатты мемлекет елдің ығына жығылмаған, айтағына көнбеген. Жапония, Германия, АҚШ, Корея, Сингапур, Франция, Нидерланды т.б. Керісінше, елге дегенін істетіп отырған, көнбегенін қудалаған. Бауыржан Момышұлы айтпақшы: "тәртіпке бағынған құл болмас". Олар елін тыңдағанда қазіргідей өнбес еді. Өзгелерге құл болушы еді. Әр елдің тарихын оқысаңдар мұны түсіну оңай. Қытай туралы айтпаса да түсінікті. Қазір де сол Батыс елдері кезек-кезегімен 13-16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні тыйып тастап жатыр. Халықты тыңдап жатқан билік жоқ. Сондықтан мемлекет өз болашағы үшін дұрыс шешім қабылдап, шешіміне берік болуы тиіс деп ойлаймын. Ауғанстан мысалы әлі елге ауыр тиер, бірақ Қытайдікі емес. Өздерінің фаеруолы бар. Контенттерін жіті қадағалайды. Тыйым көп. Өзге елдер рухани дағдарып жатқанда, қытай елінің санасын сәл де болса сау ұстауға әрекет жасауда.
545