Invintel
Kanalga Telegram’da o‘tish
Островок здравого смысла Аноним: http://t.me/anonaskbot?start=sls3qail8xiqo 6 сағатта жауап келмесе қайта жаз
Ko'proq ko'rsatish1 176
Obunachilar
Ma'lumot yo'q24 soatlar
-37 kunlar
-630 kunlar
Ma'lumot yuklanmoqda...
O'xshash kanallar
Taglar buluti
Ma'lumot yo'q
Muammo bormi? Iltimos, sahifani yangilang yoki bizning qo'llab-quvvatlash boshqaruvchimizga murojaat qiling>.
Kirish va chiqish esdaliklari
---
---
---
---
---
---
Obunachilarni jalb qilish
Iyul '26
Iyul '26
+64
0 kanalda
Iyun '26
+52
1 kanalda
Get PRO
May '26
+42
2 kanalda
Get PRO
Aprel '26
+75
4 kanalda
Get PRO
Mart '26
+77
1 kanalda
Get PRO
Fevral '26
+42
1 kanalda
Get PRO
Yanvar '26
+61
0 kanalda
Get PRO
Dekabr '25
+62
1 kanalda
Get PRO
Noyabr '25
+85
4 kanalda
Get PRO
Oktabr '25
+45
2 kanalda
Get PRO
Sentabr '25
+50
1 kanalda
Get PRO
Avgust '25
+59
2 kanalda
Get PRO
Iyul '25
+88
4 kanalda
Get PRO
Iyun '25
+55
4 kanalda
Get PRO
May '25
+132
1 kanalda
Get PRO
Aprel '25
+144
6 kanalda
Get PRO
Mart '25
+147
5 kanalda
Get PRO
Fevral '25
+352
1 kanalda
Get PRO
Yanvar '25
+140
3 kanalda
Get PRO
Dekabr '24
+121
3 kanalda
Get PRO
Noyabr '24
+132
3 kanalda
Get PRO
Oktabr '24
+129
4 kanalda
Get PRO
Sentabr '24
+102
7 kanalda
Get PRO
Avgust '24
+172
5 kanalda
Get PRO
Iyul '24
+145
8 kanalda
Get PRO
Iyun '24
+125
11 kanalda
Get PRO
May '24
+104
4 kanalda
Get PRO
Aprel '24
+80
2 kanalda
Get PRO
Mart '24
+67
0 kanalda
Get PRO
Fevral '24
+297
4 kanalda
| Sana | Obunachilarni jalb qilish | Esdaliklar | Kanallar | |
| 27 Iyul | +1 | |||
| 26 Iyul | +2 | |||
| 25 Iyul | +2 | |||
| 24 Iyul | +3 | |||
| 23 Iyul | +3 | |||
| 22 Iyul | +1 | |||
| 21 Iyul | +1 | |||
| 20 Iyul | +3 | |||
| 19 Iyul | +4 | |||
| 18 Iyul | +4 | |||
| 17 Iyul | +2 | |||
| 16 Iyul | +2 | |||
| 15 Iyul | +3 | |||
| 14 Iyul | +4 | |||
| 13 Iyul | +4 | |||
| 12 Iyul | +7 | |||
| 11 Iyul | +1 | |||
| 10 Iyul | +5 | |||
| 09 Iyul | +3 | |||
| 08 Iyul | +1 | |||
| 07 Iyul | +1 | |||
| 06 Iyul | +1 | |||
| 05 Iyul | 0 | |||
| 04 Iyul | 0 | |||
| 03 Iyul | +4 | |||
| 02 Iyul | 0 | |||
| 01 Iyul | +2 |
Kanal postlari
Өзін сыйламайтын жігіттердің өзін сыйлайтын жігіттерге тигізетін зардабы бар.
Әйелінің қалай болса солай, адуынды, долы, боқтап сөйлесу мәнерін көтеріп жүре беруі — әйеліне басқа еркектермен де еркінсіп, солай сөйлесе беруіне болады деген ой салады. Ал олай сөйлесуге болмайды. Арты жаман болады. Барлық еркек лох емес.
| 2 | «Өзім сындырмай жүрмін, өзімді бағалаймын, «быт»-қа шыққым келмейді, әйтпесе баяғыда тиіп алар едім, маған қазақтың абьюзер жігіттері керек емес» - деп шығады ғой Нұреке) | 296 |
| 3 | Сенгіштік деген нәрсе бар. Тәтті қиялды шындық секілді мұқабаға орап берсе, қабылдай береміз. Әр салада ондай әңгіме бар шығар. Жалпы дүйім жұртқа арналған алдау формуласы бар:
«Бедное мышление», «богатое мышление», «байлардың әдеттері», «аффирмация» т.б. барлығы — маркетиң қоқысы))
Ақшаң көп болса кез келген мышление богатое боп кетеді) кез келген әдетің байлардың әдетіне айналады. Алдана бермеңдер) | 304 |
| 4 | «Әйелдің разылығын алу керек» - деп діни лауазымы биік кісілердің ашықтан ашық айтатын кезеңіне де кеп қалдық. Ішінде кірбіңі бар, нәпсілеріне жаққан әйелдер толығымен қолдайтыны белгілі ғой. Менің ойлап дал боп тұрғаным, біз неповоротный моменттен, критикалық нүктеден өтіп кеттік пе, әлде сәл-ақ қалды ма?
Біздің ханафи мазхабында әйел адам нәпіл құлшылық жасау үшін ерінің рұқсатын алу керек. Ерінің рұқсатына тәуелді адамның разылығын алу керек дегені қалай болды...
الله المستعان | 312 |
| 5 | Түркияда ұлтшылдық идеясы өткен ғасырдың ортасына қарай қатты белең алған еді. Кейін ДНҚ тест тапсырумен біраз түрік өзінің нағыз түрік емес, түбі армян екенін білгенде суицид жасап жібергені бар. Ол кезде түрік-армян бір-бірін қас жауы санайтын.
Бірақ Гитлердің ДНҚ бойынша таяу шығыстық қаны бар екендігі еврейлерді қыруға еш кедергі болмады. Сталин де қанында еврей қаны болғанымен белгілі бір деңгейде антисемит болған.
Сондықтан қанында болса бүйрегі тартып тұрады дегенге қорытынды шығару қиын. Алайда ықтималдығы нөлге тең деп те айта алмаймыз.
Әрбіріміздің қанымызда біз қаламайтын, ұнатпайтын ұлттың қаны болуы мүмкін. Осы себепті кейде конструктивизм идеясына ойысып отырам.
Саны аз боп, ешкіммен қан араласпайтын ұлыстың да өсеріне күмәнмен қараймын. | 313 |
| 6 | “Кофе ішкенше садақа бер, ақыретіңе сауап жина” деген науқастарға, медресе құрылыстарына сбор видеоны көріп, “манипуляция”, “психологиялық қысым” деп сөгіп жатқандар көбейіп кетті.
Садақа бергің келмесе – берме. Ешкім сені күштемейді. Кофеңді де іше бер. Оған ешкімнің таласы жоқ.
Бірақ садақаға үндегенді сөкпе.
Өйткені садақа біреуге емес, ең алдымен өзіңнің ақыретің үшін. Берсең өз пайдаңа, бермесең өз таңдауың.
Бүгін “жұрттан жинап жатыр, дінмен монипуляция жасап” деп сынаған адамның өзі ертең жақыны ауыр дертке шалдығып, емге жүздеген миллион қажет болғанда:
“Құдай үшін көмектесіңіздерші…” деп халыққа жүгінері сөзсіз.
Өмірдің сынағы кімнің басына қашан келетінін ешкім білмейді.
Сондықтан қолыңнан келмесе үндемей өте шық. Қолыңнан келсе жәрдем бер. Ал қайырымдылыққа шақырған жанды жазғырудың қажеті жоқ. | 360 |
| 7 | КҮЙЕУДІҢ АҚШАСЫ КІМДІКІ?
Әртүрлі коучтардың кесірінен қоғамдық түсінікке мынадай теріс пікір кірді. «Женская энергия беріп табысыңды арттырады», «Әйеліңе қанша жұмсасаң өзіңе көп (мільөн) есе қайтады», «Сенің табысың әйеліңнің көңіл-күйіне байланысты», «Твои деньги – это наши деньги, а мои деньги – это мои деньги» т.б. Нумерология мен Сюцайды айтпай-ақ қояйын.
Оны «біздің» сор болған «Ислами психологтар» бірдеңеден құр қалғандай іліп алып, өздеріне керекті хадистерді теріп ап: ең жақсы садақа отбасыңа жасаған садақа деп шықты. Иә, бірақ бұл есірген немелер отбасы дегенге өз қиялдарынан анықтама беріп тастады. Отбасы деген әйелі мен балалары ғана екен, басқалары кірмейді-міс. Иә-иә, өз қиялдарымен тәпсірлейді де, шархтайды да. Ештеңеден қорықпайды. Еркек қанша тапса да оның бәрі кімнің ризығы? Бұлардың түсінігінше, бәрі-бәрі, барлығы, түгелімен әйелі және балаларынікі екен. Ажырасып кетсе ше? Онда 90%-ын жіберіп тұру керек.
Бұл жердегі рас нәрсе: егер әйелі жұмыс істемесе, онда әйелінің де, балаларының да ризығы отағасына беріліп жатыр. Ол әрі қарай орнымен жұмсайды. Бірақ барлық ризығы әйелі мен балаларынікі деген ұғым жоқ. Біреудің ризығы біреуге өтіп кетпейді.
Қит етсе, өздеріне ыңғайлы хадис іздеушілерге қарсы хадис айтсаң, өкінішке қарай, қабылдамайды. Өйткені нәпсі қалауларына сәйкес келмейді. Мысалы, бір сахаба жұмыс істемей зікір ететін бауырының үстінен шағымданғанда, оның ризығы сол бауыры себепті келіп тұруы мүмкін екенін Пайғамбарымыз صلى الله عليه وسلم ескерткен. Сол секілді ризығы артқан сайын жауапкершілік шеңбері де кеңейе бермек. Байыған сайын оның мойнында әулетінің, көршілерінің, дін бауырларының, достарының, ауылдастарының, қауымының ақылары бар. Кедейлердің, міскіндердің, жолаушылардың да ақылары бар екенін көрсететін дінімізде пітір-садақасы, құрбандық, зекет бар. Егер бар ақысы қатындар тәпсірлегендей әйелі мен балалары ғана болса, неге онда Мирас ілімінде артынан қалған малды үлестіріп тарату керек болған кісі көп?
Надандықпен түрлі манипуляция жасайды. «Жарайды, жақсылық жасасын, бірақ бірінші өз отбасысының қажеттіліктерін өтесін» дейді. Қандай әдемі сөздер?! Отбасы қажеттіліктеріне не кіреді? Бұл сұраққа «әр кәлләда бір қиял» деп жауап беруге болады: балалардың түрлі спорттық секциялары мен өнер үйірмелері, престижді-элиталы мектептер, жылына 2 реттік (қыс-жаз) шетелдегі демалыс, апта сайынғы «жұма гүлі», пәтер>коттедж>вилла, бизнес мекеме т.б.
«Егер көмектесетін болса, менің туыстарыма да бірдей көмектессін» дейтіндер бар. Оның төркіні жоғарыдағы «твои деньги - наши деньги», яғни, «"біздің" ақшаны жұмсайтын болсаң, "бізге" кіретін "менімен" ақылдасуың керексің. Менің рұқсатымсыз жұмсай алмайсың. Сенің туыстарыңа көмектессек, менің де туыстарыма көмектесу керек, өйткені ол жалғыз сенің емес, "біздің" ақша» дегені. (Бұл жерде әңгіме қайын жұртқа көмектеспеу туралы емес, әйелдің ойлау жүйесі туралы айтылуда. Қолыңда болса, қайын жұрттан да аянып қалмау керек)
Оқыған-тоқыған деп жүрген азаматтарымыз да «сенген қойым сен болсаң, күйсегеніңді ұрайын» боп жатыр. «Әділдігін айтамыз» деп 1045 блогер айтып жүргенді шариғи реңк беріп, қайталап жүр. Таяқтың екінші ұшын айт десең, нәзік жандылар аудиториясының хейтінен қорқа ма, жалтақтай ма, түсіне алмадым.
Қарапайым мәселе қоғамда нәзік тақырыпқа айналғанда деликатно жеткізуді үйрену керек. Бірақ бір тараптың ығына жығылу арқылы екінші тарапты таптау формасына өтпеуі тиіс. Жығылғанға жұдырық болмау. Деликатно ≠ жағыну, жағымпаздану.
الله أعلم
P.S. Бұл жазба бір қатынның күйеуі өзінің туыстарына қаржылай қарайласып, көмектесіп жүргеніне шағымданған сөздерінен туындады.
P.S.S. Шариғи базалық қажеттіліктері жабылған. Үйсіз, ипотекада, автокредитте жүріп көмектескен күйеу туралы емес. | 415 |
| 8 | Роза коучқа айтып жіберіңдерші. Испания ФИФА-да жеңіске жетіп, ойыншылары медальдары мен сыйлықтарын шешелеріне арнап, табыстап жатыр екен. Оларға да арнап "мамсик, фуу" деп пост жазып жіберсін)) | 489 |
| 9 | Аллаһқа шүкір. 1 жыл 3 айға жуық болған Мысырға сапарым сәтті аяқталды. Сағынып, асыққан Қазақстаныма табаным тиді. Отанның жөні бөлек, ыстық. Оны сыртта жүріп қана білесің. Жазбалар сиреп кетсе де каналда болғандарыңа рақмет) | 603 |
| 10 | Қазір әйелін қызғанатын еркектер – рэдфлаг.
Әйелін қызғанбайтын даюстар – гринфлаг.
Қандай әдемі сөздермен завуалированно әспеттемесін, ол бәрібір — даюс.
Қызығы, шайтан Ібілістің (Аллаһтың оған лағынеті болсын) уәдесі орындалып жатыр. Жақсыны жаманға, жаманды жақсыға (қоғам түсінігінде) ауыстырып жатыр.
Ал осы мәселеде гринфлаг, рэдфлаг дейтіндер белгілі бір дәрежеде шайтанның көмекшілері боп жатыр...
الله أعلم | 908 |
| 11 | Біреу тредске жазыпты, бірақ көп тұрмай өшіріп тастады:
«Бүгін әйелім аяғымды жуып берді. Мелочь, а приятно»
P.S. біреуің қайта салып көріңдер) | 768 |
| 12 | Имам Ғазалидің رحمه الله:
«Еркек таяқ болса, әйел таяқтың көлеңкесі. Таяқ түзу болса, көлеңке де түзу болмақ»
мағынасындағы сөзі бар.
Имам Шәмилдің رحمه الله:
«Еркек еркек болғанда, әйел әйел болады»
мағынасындағы сөзі бар.
Осы сынды сөздердің барлығы жалпыға арналмаған. Еркектерге қаратылып айтылған.
Ал қазіргі күні әйелдер, оның ішінде дін ұстанатындары осы сөздерді өздерінен жауапкершілікті түсіру үшін қолданып жүр. Кез келген қателігі мен күнәсына еркектерді кінәлайды. «Олар еркек болғанда біз бұлай жүрмес едік» дейді. Ең әуелі адамның ер болсын, әйел болсын өз жауапкершілігі бар. Оны өзінен басқа ешкім көтермейді. | 854 |
| 13 | Қоғамдық түсініктің шіріп жатқанының жөски белгісі, қыздардың:
«Шәй ішетін жігіт — редфлаг» дегені. Неғыса ауа жұтып, жер басып, өзімен өзі жүргеніміз де редфлаг қой.
Бәрі шеттерінен ханша, ез жігітті гринфлаг көреді. Түсінігі таяздығының белгісі – дұрыс сараптай алмауы. Хан қарашадан қыз алса, ханша болады. Ханның қызы қарашаға тисе, қарашаның қатыны боп қала береді.
Мықты еркектің артында мықты әйел тұрады дегенді ұмытыңдар, мықты болса неге артында тұрады ол? Шықсын да алдына)
P.S. әзілге жасырылған қарын ашу | 907 |
| 14 | Женская солидарность деген дүние бар. Феминизмнің құтыртуы ма, әлде өздерін сол орынға қойып, «мен де сондай боп қалмайыншы» деп ақтау іздеген түрі ме, білмедім. Алайда анық, айқын қате болса да, қолдау білдіріп жатады. Көп қыздар хиджаптарын шешкен кезде де солай қолдағаны жасырын емес. Яғни бұл құбылыстың артында суық ақыл емес, қарапайым эмпатия жатыр.
Сондай көріністердің бірі – құнсыздандыру мәселесі. Қайбір жылдары үй шаруасының біраз бөлігін «мұрын қанайтын жұмыс емес» дегенімде хейтке қалғаным бар. Олардың көзінде әйелдің жұмысын құнсыздандырған сексист болдым.
Студент болдым, өз киімдерімді қолмен жуған кездер болды. Резеңкі қолғаппен танысқанша көп үйкелегеннен саусақтарымның тысындағы қыл түсіп қалып, терісі жұлынып кететін. Ауыр жұмыс екенін мойындайтынмын. Кейін жатақханадан пәтер жалдауға көшкенде бұл іс әлдеқайда жеңілдеді. LG-ге саласың, ұнтақты төгесің, уақытын белгілейсің, кнөпкіні басасың, болды. Пиқылдап шақырғанша бір шаруа істеп келе қоясың. Болғанда шығарасың да, жаясың. Содан бастап кір жуғыш мәшинесі болса, кір жууды жұмыс санамаймын. Бұрын пеш жағып, көмір салып, 2-3 сағат сайын астын қозғап, шоғын байқап, артық күлін шығаратын ердің жұмысы бар еді. Қазір мезгілімен суын бақыласаң болды, кнөпкімен газды еден жылытқышты қоса саласың. Қызығы, мұны әйелдер қауымы жұмыс санамайды екен. Қос стандарт па? Әлбетте.
Жарайды, тұрмыстық шаруалардан күрделісіне өтейік. Ажырасу себептері түрлі болса да, кінәлі тарап қоғамның көзінде ер адам. Бірақ ол көп жағдайда инициатор емес. Яғни, арыз беруші, сотқа шақырушы емес. Сондай процестердің бірі ажырасқандағы мүлік бөлінісі. Көп әйелдердің ойынша, ажырасқасын тек мүлік қана емес, ажырасқаннан кейін де табысының 90%-ын (балаларына) беруге міндетті екен, ал өзі бомж боп өмір сүру керек.
Аргумент: "әйел өзін арнады, сонша жылын берді". Біртүрлі уәж негізі. Өйткені ер адам да сол тұрмыстық өмірге өзін арнайды. Өзіне ішкі киім алмаса да, клубника в шоколаде сияқты хотелкаларын орындап, ақылы демалысында (отпуск) қалтасына қарай қыдыртып жүр. Осылай айтсаң, «ол ер адам, міндетті» деп құнсыздандыра салады. Комментте бәрі бір-бірін «женская солидарность» үшін қолдап, пікір білдіретіндіктен де, қателіктерін көрмей, өз істерін дұрыс санап кетулері қалыпты жағдайға айналды.
Осы кезде Пайғамбарымыздың صلى الله عليه وسلم айтқан хадисі еске түседі: «لا خيرَ في جماعةِ النِّساءِ إلَّا في المسجِدِ وفي جنازةِ قتيلٍ». «Мешітте және өлтірілген кісі жаназасынан басқа әйелдер жамағатында (ешбір) қайыр жоқ» (мағн.ауд). Тізбегі әлсіз болғанымен тоқылған хадиске жатпайды. Ғалымдар түсіндірме берген кезде өсек, ғайбат, жала, жалған куәлік, өтірік секілді күнәлі істерге апаратын жиындарды нұсқайды. Әлеуметтік желі осындай жиынға келеді. Шектеу-шектемеу ері өзі шеше жатар, бірақ әйел қадағалауы, қоғамда тарап жатқан шірік-құсық түсініктен қорғауы тиіс.
الله أعلم | 1 003 |
| 15 | Конспект. Каста. Таулық наёмниктар | 2 |
| 16 | ИСЛАМ МЕН ФИТРА
Жазбаның басын тәмсілмен бастайын. Күндердің бір күнінде сарышаян өзеннен өткісі келеді. Судан өтетін жалғыз мүмкіндігі тасбақа. Егер ол тасымалдауға келіссе, арғы беттегі кең, азығы мол алқапқа тап болмақ. Тасбақадан сұрағанда: «Сен мені шағып аласың ғой» - деп келіспейді. Сонда сарышаян: «Шағып қайтем? Шақсам, екеуміз де, сен удан, мен суға батып өлеміз ғой» - деп қайтара сұрайды. Сарышаянның бұл жауабы тасбақа үшін ақылға қонымды боп көрінді. Расында да, шағып алса, өзіне қастандық жасайтын ақымақ емес пе? Содан тасбақа оны үстіне мінгізіп, судың беткейімен жүзіп өте бастайды. Бел ортасына келгенде сарышаян мойнын дәлдеп тұрып, шағып алады. Удың әсерінен әлі қалған есімен тасбақа сарышаяннан: «Неге шақтың? Екеуміз де өлеміз енді...» деп сұрағанда, сарышаян: «Болмысым сондай» деп жауап қатады. Қандай ақылды, инстинкт.
Әр жаратылыстың өз болмысы (фитра) болғандай, адамның да болмысы бар. Болмыс деген қандай мекенде, қай ғасырда, қай мәдениетте өмір сүрсең де, бойыңнан жоғалмайтын туа бітті сипаттар мен әрекеттер жинағы. Біздің нақ болмысымыз қандай екенін бізді (адамзатты) жаратқан Аллаһ عز وجل қана біледі. Мұның жарқын мысалы, адам баласы тылсым Құдіретке сенеді. Қай дінде, сенімде болса да, тіпті, Құдайды мойындамайтын атеист болса да, бір ырымдарға сеніп жүреді.
Аллаһ Тағала өзінің құлдарын бәрінен артық жақсы біледі. Бұл туралы бізге «Қаф» сүресінде: «وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنْسَانَ وَنَعْلَمُ مَا تُوَسْوِسُ بِهِ نَفْسُهُ ۖ وَنَحْنُ أَقْرَبُ إِلَيْهِ مِنْ حَبْلِ الْوَرِيدِ» деп келтіреді. «Анығында, адам баласын Біз жараттық, міне, сондықтан, нәпсісінің оған үнемі не сыбырлап, көкейіне қандай ойлар салатынын жақсы білеміз. Өйткені Біз оған күре тамырынан да жақынбыз» (мағ.ауд). Біз нені жақсы көретінімізді, нені жек көретінімізді, не нәрсеге қиналатынымызды, неден рахаттанатынымызды, неге қуанып, неден ашуланатынымзды бәрін-бәрін біледі.
Енді бізге, сол болмысымызды жойып алмай, Өзінің разылығына бөленуге, азабынан алысқа болуға себеп болатын Шариғатын бекітіп берді. Біздің шариғатымыз адам болмысын толық қамтиды. Қияметке дейін өзінің өзектілігін жоғалтпайды.
Проблемалар қайдан шығып жатыр? Адамзат шариғаттан өзге жол іздегенде шығып жатыр. Қазір көпшілік адамға Ислам діні құлшылық рәсімдерінің жинағы, қосымша бонус жинайтын рухани SQ боп көрінеді. Жоқ, адамның денесін тік ұстауға ұстын болатын омыртқадай, адам өмірінің өзегі, ұстыны Ислам болуы тиіс.
Қоғамдағы белгілі бір қажеттіліктерге байланысты түрлі наным-сенімдер, мүдделік идеологиялар, құндылықтар жүйесі пайда боп, кейін жойылып жатты. Егер әрқайсысының хронологиялық және себеп-салдар тарихына үңілсек, сайып келгенде болмысқа тіреледі.
Коммунизм, консерватизм, капитализм, либерализм, гуманизм, толерантизм, индивидуализм, секуляризм, демократия, материализм, меркантилизм, феминизм және т.б. Бәрі де адамзат тарапынан белгілі бір проблемаларды шешу үшін ойлап табылған. Алайда адам адамды танымайды, оның ақылы мен білімі адамның болмысын толық қамтымайды. Сондықтан да қоғамда қандай идеологияға, құндылыққа басымдық бергенде дисбаланс пайда болды. Ол ұлғайып проблемаға айналған оны шешу үшін басқасы ойлап табылды. Егер тарихи ғасырлар масштабында үңіліп қарасақ, осындай әрекеттер салдары адамзатты құрдымға апара жатыр.
Жарайды. Бұл түсінікті делік, мұсылмандар ше? Өкінішке қарай, сана уланып, Батыс өркениетінің жалған ақпаратына миы шайылып, жеңілген құлдық сана орнағасын, өз діндері Исламнан нұқсандық көретіндер көбейді. Кейбіреулері қимастықпен біріктіргісі, гибрид жасағысы келеді. Олай болмайды, Ислам өзі кемел болғандықтан сырттан ештеңе қоса алмайсың. Қоссаң, қосқан нәрсеңде адасасың.
Ислам адам болмысын толық қамтитындықтан, барлық идеологиялар, измдер, құндылықтар сырттай қарағанда жанама түрде Исламға ұқсас, біріктіруге келетіндей көрінеді. Бірақ Исламнан басқа ешбірі адам болмысын ескермейтіндіктен немесе адамзатқа белгілі 1-2%-бен шектелетіндіктен мыңдаған өзге проблемаларды тудыртып жатыр. | 896 |
| 17 | Имам ас-Сакандари, да освятит Аллах его душу, сказал:
《Откладывание дел на потом в надежде на наличие свободного времени — один из видов глупости》.
— аль-Хикам, N18
➖➖➖➖➖➖➖
Ожидание более благоприятных обстоятельств для выполнения важных дел — из недостаточности ума, и это потому, что такой человек откладывает важное дело, ожидая <достаточного> покоя и свободы от забот — но такое состояние едва ли бывает в этой жизни. Это жизнь устроена так, что в ней всегда есть отвлекающие факторы. Ждать их исчезновения — значит ждать вечно.
Также это неразумно потому, что такой человек полагается на две вещи, которым нельзя доверять: на собственную душу, которая редко держит данные себе обещания и склонна к непостоянству в намерениях, и на само время, чьи превратности непредсказуемы. И то, и другое может подвести в любой момент.
Однако если человек будет действовать, несмотря на трудности и заботы, пусть не столько ощутимо, но постоянствуя в этом, то он непременно обнаружит в этом благодать и доведёт дело до конца, даже не заметив этого, с позволения Аллаха.
— по словам имама Ахмада Заррука, да помилует его Аллах | 670 |
| 18 | Одно из величайших наставлений, которым научил меня мой шейх, заключается в том, что разум — это удел (ризк), подобно имуществу.
Поэтому не раздражайся, когда в повседневной жизни — в деловых отношениях, за рулём автомобиля или в других ситуациях — встречаешь множество людей, которым досталось мало этого удела, то есть разума.
Вместо этого благодари Аллаха за Его милость и дарованное благополучие и проси Его о полноте и постоянстве этих даров.
— АбдульУахид аль-Ханбали | 709 |
| 19 | Әлеуметтік-экономикалық мәртебе шкаласы бойынша Алматыда 2026 жылы «Кедей» статусын алуың үшін айлық кіріс 250К-450К ₸ болу керек екен.
Кедей болу үшін де ақша керек... | 950 |
| 20 | Алаяқтық жасаудың жаңа түрі шығыпты. Өтірік переписка жасап, байын жаман көрсетіп, алимент төлемей жүргенін жазып, елге эмоционалды түрде ұсынады. Ел әйелдің сөзіне 💯% сеніп, байын қосылып жамандайды, әйелдің каспиіне көмек болсын деп ақша аударады. Кім тексеріп жатыр, рас өтірігін? Ешкім. | 826 |
