KAZAKHMYS
رفتن به کانال در Telegram
3 619
مشترکین
+224 ساعت
-17 روز
+1330 روز
آرشیو پست ها
3 619
+4
От обращения к решению: в «Казахмысе» сохранят гибкий формат обязательного обучения работников
«Казахмыс» сохранил возможность дистанционного прохождения обязательного обучения для работников. Решение принято по итогам обращений трудовых коллективов с просьбой сохранить онлайн-формат подготовки.
Дистанционное обучение действует в компании с 2020 года и применяется по ряду обязательных направлений, включая промышленную безопасность, охрану труда и электробезопасность.
Ранее компания рассматривала переход на очный формат как основной. Такой подход позволяет проводить практические занятия, разбирать производственные ситуации с преподавателями и работать непосредственно с оборудованием. В рамках подготовки к возможному переходу Центры подготовки и переподготовки кадров начали соответствующую работу.
Подробнее: kazakhmys.kz
3 619
+4
Өтініштен нақты іске дейін: Қазақмыста жұмыскерлерді міндетті оқытудың икемді форматы сақталады
Қазақмыс жұмыскерлердің міндетті оқудан қашықтан өту мүмкіндігін сақтап қалды. Бұл шешім еңбек ұжымының оқу дайындығын онлайн форматта жалғастыру туралы өтініші негізінде қабылданды.
Қашықтан оқыту форматы қолданысқа 2020 жылы енгізіліп, компанияда өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және электр қауіпсіздігі секілді міндетті бағыттар бойынша қолданылып келеді.
Бұған дейін компания міндетті оқытудың негізгі форматы ретінде офлайн оқытуға көшуді қарастырған еді. Мұндай тәсіл практикалық сабақ өткізуге, оқытушылармен бірге өндірістегі нақты жағдайды талдауға және жабдықпен тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Оқытудың бұл түріне көшуге дайындық барысында Кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтарында тиісті жұмыс басталды.
Толығырақ: kazakhmys.kz
3 619
«Казахмыс» улучшает социально-бытовые условия на предприятиях
С приходом новой управленческой команды в 2026 году «Казахмыс» начал системное обновление социально-бытовой инфраструктуры предприятий. Программа охватывает производственные объекты и вахтовые поселки, а ее основная задача — улучшить условия, с которыми сотрудники сталкиваются каждый день: раздевалки, места проживания и питание.
С начала года новое оборудование и имущество поступают на предприятия Жезказганского, Балхашского и Карагандинского регионов.
Одно из основных направлений — обновление раздевалок. В текущем году закуплено и установлено около 6,9 тыс. специализированных шкафов для личной и специальной одежды работников. Более 4,5 тыс. из них направлено на предприятия Жезказганского региона, свыше 1,6 тыс. — Балхашского и более 700 — Карагандинского. Новые шкафы оснащены системой естественной вентиляции и рассчитаны на длительную эксплуатацию.
Обновляются и жилые помещения вахтовых поселков. На 2026 год предусмотрено приобретение около 10 тыс. единиц текстильной продукции и спальных принадлежностей. На сегодняшний день предприятия уже получили около 7,8 тыс. единиц — постельное белье, ортопедические матрасы, подушки, одеяла и покрывала. Они рассчитаны на интенсивную эксплуатацию и регулярную санитарную обработку.
Отдельное внимание уделяется питанию работников. С 1 сентября на предприятиях Карагандинского и Балхашского регионов введен единый подход к его организации. Установлены общие требования к качеству и пищевой безопасности, формированию меню, технологии приготовления блюд и уровню обслуживания.
Качество питания контролируют профильные подразделения компании. При оценке работы столовых также учитывается обратная связь сотрудников.
Обновление социально-бытовой инфраструктуры стало одним из направлений работы новой команды «Казахмыса» по улучшению условий труда и быта сотрудников. Компания поэтапно приводит бытовую инфраструктуру предприятий к современным требованиям, уделяя внимание объектам и сервисам, которыми работники пользуются ежедневно.
3 619
+3
Қазақмыс кәсіпорындардағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсартуда
2026 жылы жаңа басқару командасы келгеннен кейін Қазақмыс кәсіпорындардағы әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңартуға кірісті. Бағдарлама өндірістік нысандар мен вахталық кенттерді қамтиды. Негізгі міндет – қызметкерлер күн сайын пайдаланатын нысандардағы жағдайды жақсарту: киім ауыстыратын, тұратын және тамақтанатын бөлмелерді жаңарту.
Жыл басынан бері Жезқазған, Балқаш және Қарағанды өңірлеріндегі кәсіпорындарға жаңа жабдық мен қажетті мүлік жеткізілуде.
Жұмыстың негізгі бағыттарының бірі – киім ауыстыратын бөлмелерді жаңарту. Биыл қызметкерлердің жеке және арнайы киімдеріне арналған 6,9 мыңға жуық арнайы шкаф сатып алынып, орнатылды. Оның 4,5 мыңнан астамы Жезқазған өңіріндегі кәсіпорындарға, 1,6 мыңнан астамы Балқаш өңіріне, ал 700-ден астамы Қарағанды өңіріне жеткізілді. Жаңа шкафтар табиғи желдету жүйесімен жабдықталған және ұзақ уақыт пайдалануға арналған.
Вахталық кенттердегі жатын бөлмелер де жаңартылып жатыр. 2026 жылы шамамен 10 мың дана тоқыма өнімі мен төсек-орын жабдығын сатып алу жоспарланған. Бүгінде кәсіпорындарға 7,8 мыңға жуық өнім жеткізілді. Оның ішінде төсек-орын жабдықтары, ортопедиялық матрастар, жастықтар, көрпелер мен жапқыштар бар. Олар күнделікті пайдалануға және тұрақты санитарлық өңдеуге төзімді.
Жұмыскерлердің тамақтануына да ерекше көңіл бөлінуде. 1 қыркүйектен бастап Қарағанды және Балқаш өңірлеріндегі кәсіпорындарда тамақтануды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілі енгізілді. Тағамның сапасы мен қауіпсіздігіне, ас мәзірін қалыптастыруға, тағам дайындау технологиясына және қызмет көрсету деңгейіне қойылатын ортақ талап белгіленді.
Тамақтану сапасын компанияның бейінді бөлімшелері бақылауда ұстайды. Асханалардың жұмысын бағалау кезінде қызметкерлердің пікірі мен кері байланысы ескеріледі.
Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды жаңарту – Қазақмыстың жаңа командасының жұмыскерлердің еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған негізгі жұмысының бірі. Компания кәсіпорындардағы тұрмыстық нысандарды кезең-кезеңімен жаңартып, жұмыскерлер күнделікті пайдаланатын нысандар мен қызмет сапасына ерекше назар аударуда.
3 619
+1
«Смелое лидерство»: в Астане завершилась серия семинаров по культуре безопасности
В Астане завершилась серия семинаров «Смелое лидерство», посвященная роли руководителей в трансформации культуры безопасности в Корпорации «Казахмыс» и ее дочерних компаниях. Встречи прошли в августе–сентябре в Караганде, Жезказгане и Астане.
Серия была направлена на формирование единого подхода к лидерству в сфере безопасности, развитие личной ответственности руководителей и определение конкретных действий по реализации Программы трансформации культуры безопасности.
В Астане участники обсудили ключевые направления программы и определили приоритетные инициативы на ближайшие 90 дней. Каждый руководитель также сформировал 2–3 личных обязательства по развитию культуры безопасности в своей команде.
Практическая направленность семинаров позволила перейти от общих принципов к конкретным управленческим действиям. Проведение встреч в трех городах объединило руководителей Корпорации и дочерних компаний вокруг единых подходов к безопасности.
Следующий этап — реализация определенных инициатив и обязательств непосредственно в подразделениях.
Серия семинаров является частью Программы трансформации культуры безопасности «Казахмыса», направленной на сохранение жизни и здоровья работников, повышение надежности производственных процессов и формирование устойчивых безопасных практик.
3 619
+2
«Батыл көшбасшылық»: Астанада қауіпсіздік мәдениеті бойынша семинарлар сериясы аяқталды
Астанада «Қазақмыс» корпорациясы мен оның еншілес компанияларында қауіпсіздік мәдениетін трансформациялаудағы басшылардың рөлі тақырыбына арналған «Батыл көшбасшылық» семинарлар сериясы аяқталды. Кездесу тамыз-қыркүйек айларында Қарағанды, Жезқазған және Астана қалаларында өтті.
Семинарлар сериясы қауіпсіздік саласындағы көшбасшылыққа бірыңғай тәсілді қалыптастыруға, басшылардың жеке жауапкершілігін арттыруға және Қауіпсіздік мәдениетін трансформациялау бағдарламасын іске асыру бойынша нақты іс-қимылдарды айқындауға бағытталды.
Астанада қатысушылар бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылап, алдағы 90 күнге арналған басым бастамаларды айқындады. Сондай-ақ әр басшы өз командасында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған 2-3 жеке міндетті белгіледі.
Семинарлардың практикалық бағыты жалпы қағидаттан нақты басқарушылық іс-қимылға көшуге мүмкіндік берді. Үш қалада өткен кездесу корпорация мен оның еншілес компанияларының басшыларын қауіпсіздікке қатысты бірыңғай тәсілдер төңірегіне топтастырды.
Келесі кезең – айқындалған бастамалар мен міндеттемелерді тікелей құрылымдық бөлімшеде іске асыру.
Семинарлар сериясы Қазақмыстың Қауіпсіздік мәдениетін трансформациялау бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Бағдарлама жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға, өндірістік үдерістің сенімділігін арттыруға және қауіпсіздіктің тұрақты тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған.
3 619
«Казахмыс» направил 214,7 млн теңге на обновление Карагайлинской обогатительной фабрики
«Казахмыс» продолжает системную работу по обновлению производственной инфраструктуры и созданию комфортных и безопасных условий для сотрудников. В 2026 году на комплексный ремонт административно-бытового корпуса (АБК) с общежитием Карагайлинской обогатительной фабрики (КОФ) общей площадью 1 326 кв. м направлено 214,7 млн теңге.
Работы начались 2 июля 2026 года и включают обновление внутренних помещений, фасада, кровли, инженерных и других элементов здания. На текущем этапе полностью заменено кровельное покрытие, проведена обработка деревянных конструкций кровли огнебиозащитным составом, выполнены облицовка фасада металлосайдингом и замена ПВХ-окон. Внутри здания проведена перепланировка помещений второго этажа, демонтирована старая отделка стен, пола и потолка. Стены оштукатурены и подготовлены под покраску. В душевых и санитарных комнатах укладывается настенная и напольная плитка, установлены биметаллические радиаторы.
В августе завершены ремонт кровли и остекление здания, началась обшивка фасада. В настоящее время продолжаются работы по внутренней отделке помещений первого этажа, а также устройство бетонной отмостки здания. Завершено благоустройство прилегающей территории: отремонтировано и уложено асфальтное покрытие на дороге от контрольно-пропускного пункта до АБК. Завершение ремонта АБК с общежитием планируется до конца года.
В 2026 году «Казахмыс» направил 2,44 млрд теңге на улучшение условий труда и обновление административно-бытовой инфраструктуры. Средства направлены на капитальные и текущие ремонты административно-бытовых корпусов, здравпунктов, общежитий, столовых, душевых, лабораторий и других объектов. Программа является частью системной работы компании по созданию современных, безопасных и комфортных условий для работников и последовательному обновлению социальной и производственной инфраструктуры.
Справочно: Карагайлинская обогатительная фабрика входит в состав филиала «Qaragayly Tau-ken ondirisi» и перерабатывает полиметаллические руды месторождений Абыз, Ақбастау и Хаджиконган. Производственная мощность предприятия составляет 1,4 млн тонн руды в год. Основная продукция — медный и пиритный концентраты.
3 619
+3
Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын жаңғыртуға 214,7 млн теңге бағыттады
Қазақмыс өндірістік инфрақұрылымды жаңғырту және жұмыскерлердің еңбек етуіне жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыруда. 2026 жылы жалпы ауданы 1 326 шаршы метр болатын Қарағайлы байыту фабрикасының (ҚБФ) жатақханасы бар әкімшілік-тұрмыстық корпусын (ӘТК) кешенді жөндеуге 214,7 млн теңге бағытталды.
Жөндеу жұмысы 2026 жылғы 2 шілдеде басталып, ғимараттың ішкі бөлмелерін, қасбетін, шатырын, инженерлік жүйесін және басқа да құрылымдық элементтерін жаңартуды қамтыды. Қазіргі кезеңде шатыр жабыны толық ауыстырылып, шатырдың ағаш құрылымына өрттен және биологиялық зақымданудан қорғайтын құрам жағылды. Сонымен қатар қасбет металл-сайдингпен қапталып, терезелері ауыстырылды. Ғимарат ішінде екінші қабаттағы бөлмелердің орналасуы өзгертіліп, қабырғаның, еден мен төбенің ескі әрлеуі алынып тасталды. Қабырға сыланып, сырлауға дайындалды. Жуынатын және санитарлық бөлмелерде қабырға мен еденге плитка төселіп, биметалл радиаторлар орнатылды.
Тамыз айында ғимараттың шатырын жөндеу, терезелерін орнату жұмысы аяқталып, қасбетін қаптау басталды. Қазіргі таңда бірінші қабаттағы бөлмелердің ішкі әрлеу, сондай-ақ ғимараттың бетонды жиегін орнату жұмысы жүріп жатыр. Іргелес аумақты абаттандыру аяқталды: бақылау-өткізу пунктінен әкімшілік-тұрмыстық корпусқа (ӘТК) дейінгі жолдың асфальт жабыны жөнделіп, қайта төселді. Жоспар бойынша жатақханасы бар ӘТК-ны жөндеу жұмысы жыл соңына дейін аяқталады.
2026 жылы Қазақмыс еңбек жағдайын жақсартуға және әкімшілік-тұрмыстық инфрақұрылымды жаңартуға 2,44 млрд теңге бағыттады. Қаражат әкімшілік-тұрмыстық корпустарды, медициналық пункттерді, жатақханаларды, асханаларды, жуынатын бөлмелерді, зертханаларды, сондай-ақ басқа да нысандарды күрделі және ағымдағы жөндеуге жұмсалды. Бағдарлама компанияның жұмыскерлер үшін заманауи, қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасауға, сондай-ақ әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңартуға бағытталған кешенді жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Анықтама үшін: Қарағайлы байыту фабрикасы «Qaragayly Tau-ken ondirisi» филиалының құрамына кіреді және Абыз, Ақбастау және Қажықонған кен орындарының полиметалл кенін өңдейді. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 1,4 млн тонна кенді құрайды. Негізгі өнімдері – мыс және пирит концентраты.
3 619
«Казахмыс» развивает систему подбора специалистов и формирования кадрового резерва
В «Казахмысе» продолжается отбор специалистов для производственных и инфраструктурных подразделений. По итогам очередной работы единой комиссии кандидаты рекомендованы к трудоустройству на Восточно-Жезказганский рудник, еще несколько соискателей включены в кадровый резерв компании.
В рамках отбора на Восточно-Жезказганский рудник комиссия рассмотрела кандидатов на несколько рабочих специальностей. К трудоустройству рекомендован кандидат на должность машиниста подземных самоходных машин. На вакансию помощника бурильщика шпуров претендовали шесть человек: двое получили рекомендации к трудоустройству, еще один кандидат включен в кадровый резерв.
Отдельный отбор проведен для Регионального единого складского хозяйства. На вакансию грузчика претендовали 28 человек. По результатам оценки четыре кандидата включены в кадровый резерв и могут быть рассмотрены при появлении соответствующей потребности в персонале.
Отбор проводится через единую комиссию, что позволяет применять одинаковые требования к кандидатам в разных подразделениях компании. При оценке учитываются профессиональная подготовка, опыт и соответствие требованиям конкретной должности, в том числе в части производственной безопасности.
Формирование кадрового резерва позволяет «Казахмысу» заранее определять подходящих специалистов и оперативнее закрывать возникающие вакансии. Для кандидатов такой механизм также дает возможность пройти оценку и быть рассмотренными на подходящие позиции в дальнейшем без прохождения всего процесса отбора заново.
Единый подход к подбору персонала направлен на повышение прозрачности кадровых процедур и своевременное обеспечение предприятий необходимыми специалистами.
3 619
Қазақмыс мамандарды іріктеу және кадр резервін қалыптастыру жүйесін дамытуда
Қазақмыста өндірістік және инфрақұрылымдық бөлімшелерге қажетті мамандарды іріктеу жұмысы жалғасуда. Кезекті отырыс қорытындысы бойынша бірыңғай комиссия үміткерлерді Шығыс Жезқазған кенішіне жұмысқа қабылдауға ұсынды. Сонымен қатар бірнеше үміткер компанияның кадр резервіне енгізілді.
Шығыс Жезқазған кенішіне мамандарды іріктеу барысында комиссия бірнеше жұмысшы мамандығы бойынша үміткерлерді қарады. Өздігінен жүретін жерасты машиналарының машинисі лауазымына бір үміткер жұмысқа қабылдауға ұсынылды. Теспе бұрғылаушының көмекшісі лауазымына алты адам үміткер болды. Оның екеуі жұмысқа орналасуға ұсынылды, тағы бір үміткер кадр резервіне енгізілді.
Аймақтық бірыңғай қойма шаруашылығы үшін жеке іріктеу өткізілді. Жүк тиеуші лауазымына 28 адам үміткер болды. Бағалау қорытындысы бойынша төрт үміткер кадр резервіне енгізілді. Олар тиісті мамандарға қажеттілік туындаған жағдайда жұмысқа орналасуға үміткер ретінде қаралады.
Іріктеу бірыңғай комиссия арқылы жүргізіледі. Бұл компанияның әртүрлі бөлімшелерінде үміткерлерге бірдей талапты қолдануға мүмкіндік береді. Бағалау кезінде үміткердің кәсіби даярлығы, жұмыс тәжірибесі және нақты лауазым талабына сәйкестігі, оның ішінде өндірістік қауіпсіздік талабы ескеріледі.
Кадр резервін қалыптастыру Қазақмысқа қажетті мамандарды алдын ала анықтап, туындаған бос жұмыс орындарын жедел толтыруға мүмкіндік береді. Үміткерлер үшін бұл тетік бағалаудан өтіп, кейін өздеріне сәйкес келетін бос орын пайда болған жағдайда қайтадан толық іріктеу рәсімінен өтпей-ақ қаралуға мүмкіндік береді.
Персоналды іріктеудің бірыңғай тәсілі кадрлық рәсімдердің ашықтығын арттырып, кәсіпорындарды қажетті мамандармен дер кезінде қамтамасыз етуге бағытталған.
3 619
Практика безопасности: в Балхаше открылся учебный полигон «Казахмыса»
В Балхаше открылся учебно-тренировочный полигон ТОО «Корпорация «Казахмыс», предназначенный для практической подготовки работников и студентов. 2026 год в «Казахмысе» объявлен Годом безопасности, в рамках которого компания усиливает практическую составляющую обучения и развивает инструменты для формирования устойчивых навыков безопасного поведения на производстве.
В церемонии открытия принял участие Главный операционный директор по металлургии ТОО «Корпорация «Казахмыс» и генеральный директор ТОО «Kazakhmys Smelting» Жанибек Байгабелов, управляющий директор по охране труда ТОО «Корпорация Казахмыс» Жанбек Есмаханов, начальники цехов, руководители охраны по труда по Балхашской площадке и ветеран производства Амангельды Тукбаев.
Площадь здания и территории полигона составляет 392,7 м². На площадке оборудованы семь учебных зон: оказание первой помощи, работа на высоте, обучение стропальщиков и операторов люльки, первичные средства пожаротушения, LOTO, работа в замкнутых пространствах, а также электробезопасность.
Каждая зона предназначена для практической отработки конкретных производственных навыков. Работники и студенты смогут моделировать различные ситуации и закреплять правильный порядок действий — от оказания первой помощи и безопасной работы на высоте до перемещения грузов, ликвидации очагов возгорания и изоляции источников энергии.
На полигоне будут проходить практическое обучение работники предприятий и подразделений «Казахмыса» всего Балхашского региона. Для проведения теоретической подготовки и инструктажей предусмотрен учебный кабинет на 16 мест.
Открытие полигона расширяет возможности для подготовки работников в условиях, приближенных к производстве
нным. В дальнейшем его материально-техническая база будет поэтапно дополняться новыми тренажёрами и оборудованием.
Учебный полигон станет одним из практических инструментов реализации задач Года безопасности и дальнейшего развития культуры безопасности в «Казахмысе». В рамках системной работы ТОО «Корпорация «Казахмыс» продолжит масштабное развитие и внедрение практико-ориентированных программ обучения на всех производственных площадках компании.
3 619
+7
Қауіпсіздік тәжірибесі: Балқашта Қазақмыстың оқу полигоны ашылды
Балқашта «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жұмыскерлері мен студенттерін практикалық даярлауға арналған оқу-жаттығу полигоны ашылды. 2026 жыл Қазақмыста Қауіпсіздік жылы деп жарияланды. Осы бастама аясында компания оқытудың практикалық бағытын күшейтіп, өндірістегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін құралдарды дамытып жатыр.
Полигонның ашылу рәсіміне «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Металлургия жөніндегі бас операциялық директоры, «Kazakhmys Smelting» ЖШС бас директоры Жәнібек Байғабелов, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Жанбек Есмаханов, цех басшылары, Балқаш өндірістік алаңының еңбекті қорғау қызметінің жетекшілері және өндіріс ардагері Амангелді Түкбаев қатысты.
Полигон ғимараты мен аумағының жалпы ауданы – 392,7 шаршы метр. Мұнда жеті оқу аймағы жабдықталған: алғашқы көмек көрсету, биіктікте жұмыс істеу, жүк ілушілер мен бесікше операторларын оқыту, өрт сөндірудің бастапқы құралдары, LOTO, жабық кеңістікте жұмыс істеу және электр қауіпсіздігі.
Әр аймақ нақты өндірістік дағдыны тәжірибе жүзінде пысықтауға арналған. Жұмыскерлер мен студенттер түрлі жағдайларды модельдеп, алғашқы көмек көрсету мен биіктікте қауіпсіз жұмыс істеуден бастап, жүкті жылжыту, өрт ошағын жою және энергия көзін оқшаулау сияқты жұмыстарды орындау кезінде дұрыс әрекет ету тәртібін меңгереді.
Полигонда Қазақмыстың Балқаш өңіріндегі кәсіпорындары мен бөлімшелерінің жұмыскерлері практикалық оқудан өтеді. Теориялық дайындық пен нұсқама өткізу үшін 16 орындық оқу кабинеті қарастырылған.
Полигонның ашылуы жұмыскерлерді өндірістік жағдайға барынша жақын ортада даярлау мүмкіндігін кеңейтеді. Алдағы уақытта оның материалдық-техникалық базасы жаңа жабдықпен және жаттықтырғыштармен біртіндеп толықтырылып отырады.
Оқу полигоны Қауіпсіздік жылының міндеттерін іске асыруға және Қазақмыста қауіпсіздік мәдениетін одан әрі дамытуға бағытталған практикалық құралдардың біріне айналады. Жүйелі жұмыстың жалғасы ретінде «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС компанияның барлық өндірістік алаңдарында тәжірибеге бағдарланған оқыту бағдарламасын ауқымды түрде дамытып, енгізуді жалғастырады.
3 619
Более 100 работников «Казахмыса» начали обучение в Университете Ұлытау
На территории Геологического кластера состоялось открытие учебного года для работников ТОО «Корпорация Казахмыс» и ее дочерних компаний, поступивших в НАО «Университет Ұлытау» в 2026 году. Участники ознакомились с образовательной моделью университета, организацией учебного процесса и учебной инфраструктурой.
В первый набор университета вошли 163 обучающихся, в том числе 103 действующих работника предприятий Корпорации. 52 сотрудника поступили на программы бакалавриата для получения второго высшего образования, еще 51 — выпускники Технологического колледжа Корпорации «Казахмыс». Для них предусмотрены сокращенные образовательные траектории с учетом ранее полученной подготовки и практического опыта.
Одним из ключевых элементов обучения является практико-ориентированный подход с элементами дуальной системы. Теоретическая подготовка сочетается с практикой на производственных объектах, что позволяет студентам работать с реальными производственными задачами и применять полученные знания непосредственно на предприятиях.
Подробнее: kazakhmys.kz
3 619
+5
Қазақмыстың 100-ден астам жұмыскері Ұлытау университетінде білім ала бастады
Геологиялық кластердің аумағында 2026 жылы «Ұлытау университеті» КЕАҚ-ға оқуға түскен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС мен оның еншілес компанияларының жұмыскерлері үшін жаңа оқу жылының ашылу рәсімі өтті. Қатысушылар университеттің білім беру моделімен, оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібімен және білім беру инфрақұрылымымен танысты.
Университеттің алғашқы студенттерінің легіне 163 білім алушы кірді. Оның ішінде корпорация кәсіпорындарында жұмыс істеп жүрген 103 қызметкер бар. 52 қызметкер екінші жоғары білім алу үшін бакалавриат бағдарламасына қабылданса, тағы 51 студент – «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінің түлегі. Олар үшін бұрын алған білімі мен практикалық тәжірибесін ескеретін қысқартылған білім беру траекториясы қарастырылған.
Оқу процесінің негізгі ерекшелігінің бірі – дуальды оқыту жүйесінің элементтері қамтылған тәжірибеге бағытталған тәсіл. Теориялық дайындық өндірістік нысандардағы практикамен ұштастырылады. Бұл студенттерге нақты өндірістік міндетпен жұмыс істеп, алған білімін бірден кәсіпорында қолдануға мүмкіндік береді.
Толығырақ: kazakhmys.kz
3 619
+1
Казахмыс продолжает плановые ремонты оборудования на предприятиях Жезказганского региона
На предприятиях Жезказганского региона «Казахмыс» регулярно проводят плановые ремонты стационарного оборудования. В августе специалисты завершили 20 проектов. Работы велись практический на всей рудничной площадке и Жезказганской обогатительной фабрике.
На руднике «Жомарт» отремонтировали магистральные конвейеры №3 и №5, дробилки №2, №5 и №8. Специалисты выполняли ремонт лобовин и питателей дробилок, меняли отбойной канат скипового подъема, ремонтировали натяжную станцию конвейера и восстанавливали элементы железнодорожного бункера.
На Южно-Жезказганском руднике и руднике «Западный» также провели комплекс работ на подъемном и дробильном оборудовании. В частности, на шахте №65 заменили футеровку канатоведущего шкива. На шахте №67 на конвейере №4 было заменено 1890 погонных метров ленты, ролики с роликоопорами.
На Жезказганской обогатительной фабрике специалисты выполнили ремонт дробилок, питателя и конвейеров. Работы включали замену лент, узлов и броней дробильного оборудования, ремонт подгрохотной течки и замену полотна пластинчатого питателя.
Плановые ремонты проводят по утвержденным графикам с учетом технического состояния оборудования и производственных задач. Такой подход позволяет заранее выявлять износ отдельных узлов, устранять неисправности и не допускать их развития. Регулярное техническое обслуживание также помогает поддерживать оборудование в работоспособном и безопасном состоянии.
Работы по техническому обслуживанию и ремонту продолжатся и в сентябре. На 140 горизонте шахты № 67 рудника «Западный» запланирован ремонт дробилки с заменой лобовины рудоспуска. После завершения работ оборудование вновь введут в эксплуатацию.
Плановые ремонты – постоянная часть производственной работы предприятий региона. Компания последовательно обновляет и восстанавливает оборудование, поддерживая его техническую готовность и создавая необходимые условия для безопасной и стабильной работы производственных объектов.
3 619
+1
Қазақмыс Жезқазған өңіріндегі кәсіпорындарда жабдыққа жоспарлы жөндеу жұмысын жалғастыруда
Қазақмыстың Жезқазған өңіріндегі кәсіпорындарында стационарлық жабдыққа жоспарлы жөндеу жұмысы тұрақты түрде жүргізіледі. Тамыз айында мамандар 20 жобаны сәтті аяқтады. Жұмыс кеніш алаңында және Жезқазған байыту фабрикасында жүргізілді.
«Жомарт» кенішінде №3 және №5 магистральдық конвейерлерге, сондай-ақ №2, №5 және №8 ұсатқыштарға жөндеу жүргізілді. Мамандар ұсатқыштардың маңдайшасы мен қоректендіргіштерін жөндеді, скиптік көтергіштің тартқыш арқандарын ауыстырды, конвейердің кермелі станциясын жөндеп, теміржол бункерінің элементтерін қалпына келтірді.
Оңтүстік Жезқазған кенішінде және «Батыс» кенішінде көтеру және ұсақтау жабдықтарына кешенді жөндеу жұмысы жүргізілді. Атап айтқанда, №65 шахтада арқан жетекті шкивтің футеровкасы ауыстырылды. №67 шахтадағы №4 конвейердің 1890 қума метр таспасы, сондай-ақ доңғалақтары мен доңғалақ тіреулері жаңартылды.
Жезқазған байыту фабрикасында мамандар ұсатқыштарды, қоректендіргіш пен конвейерлерді жөндеді. Жұмыс барысында таспа, торап және ұсақтау жабдығының броньды элементтері ауыстырылып, тор асты науа жөнделді, сондай-ақ пластиналы қоректендіргіштің төсемі ауыстырылды.
Жоспарлы жөндеу жұмысы жабдықтың техникалық жағдайы мен өндірістік міндеттерді ескере отырып, бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Мұндай тәсіл жекелеген тораптардың тозуын алдын ала анықтауға, ақауды дер кезінде жоюға және олардың ұлғаюына жол бермеуге ықпал етеді. Жабдыққа тұрақты түрде техникалық қызмет көрсету оның үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.
Техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмысы қыркүйек айында да жалғасады. «Батыс» кенішінің №67 шахтасындағы 140-деңгейжиекте кен түсіргіштің маңдайшасын ауыстырып, ұсатқышты жөндеу жоспарланған. Жұмыс аяқталғаннан кейін жабдық қайтадан пайдалануға беріледі.
Жоспарлы жөндеу жұмысы – өңірдегі кәсіпорындардың өндірістік жұмысының ажырамас бөлігі. Компания жабдықты жүйелі түрде жаңартып, қалпына келтіру арқылы олардың техникалық даярлығын қамтамасыз етеді және өндірістік нысандардың қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасайды.
3 619
Руководители производства в Жезказгане обсудили новые подходы к безопасности
В Жезказгане состоялся региональный семинар программы «Смелое лидерство», направленной на развитие культуры безопасности в Группе «Казахмыс». В мероприятии приняли участие несколько десятков руководителей производственных предприятий и подразделений компании.
Основное внимание уделили личной ответственности руководителей, управлению рисками и практическим инструментам безопасности.
Семинар стал вторым мероприятием программы, реализуемой в рамках Года безопасности в Группе «Казахмыс». В ее основе — принцип личного лидерства: присутствие руководителей на производственных объектах, открытый диалог с работниками, своевременное выявление рисков и личный пример.
В ходе практического интенсива участники рассмотрели реальные производственные ситуации, связанные с выявлением и предупреждением рисков на рабочих местах, а также влияние управленческих решений на поведение работников и соблюдение требований безопасности.
По итогам практической части каждый участник определил два-три личных обязательства для своего подразделения. Среди них — регулярное присутствие на производственных объектах, взаимодействие с работниками и личное участие в обеспечении безопасных условий труда.
Руководители также сформировали трехмесячные планы действий, которые позволят перевести принятые обязательства в конкретные мероприятия на производственных площадках и оценить их результативность.
Жезказганский семинар стал очередным этапом программы «Смелое лидерство», которая позволяет последовательно формировать единый подход к лидерству и ответственности руководителей в вопросах производственной безопасности.
3 619
+3
Жезқазғанда өндіріс басшылары қауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдерді талқылады
Жезқазғанда «Қазақмыс» Тобында қауіпсіздік мәдениетін дамытуға бағытталған «Батыл көшбасшылық» бағдарламасы бойынша аймақтық семинар өтті. Іс-шараға компанияның өндірістік кәсіпорындары мен бөлімшелерінен келген ондаған басшы қатысты. Жиында басшылардың жеке жауапкершілігіне, тәуекелдерді басқаруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің практикалық құралдарына ерекше назар аударылды.
Бұл семинар – «Қазақмыс» Тобында Қауіпсіздік жылы аясында жүзеге асырылып жатқан бағдарламаның екінші іс-шарасы. Бағдарламаның негізінде жеке көшбасшылық қағидаты жатыр. Ол басшының өндірістік нысанда тұрақты болуын, жұмыскерлермен ашық диалог орнатуын, тәуекелді дер кезінде анықтап, жеке үлгі көрсетуін көздейді.
Практикалық интенсив барысында қатысушылар жұмыс орындарындағы тәуекелдерді анықтауға және олардың алдын алуға қатысты нақты өндірістік жағдайларды қарастырды. Сондай-ақ басқарушылық шешімнің жұмыскердің мінез-құлқына және қауіпсіздік талабының сақталуына ықпалы талқыланды.
Практикалық бөлімнің қорытындысы бойынша әр қатысушы өз бөлімшесі үшін екі-үш жеке міндеттеме белгіледі. Олардың қатарында өндірістік нысандарда тұрақты болу, жұмыскерлермен өзара іс-қимылды күшейту және қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге атсалысу талабы бар.
Сонымен қатар басшылар қабылданған міндеттемені өндірістік алаңдағы нақты іс-шараға айналдыруға және оның тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін үш айлық іс-қимыл жоспарын әзірледі.
Жезқазғандағы семинар өндірістік қауіпсіздік мәселесінде басшылардың көшбасшылығы мен жауапкершілігіне бірыңғай тәсілді кезең-кезеңімен қалыптастыруға мүмкіндік беретін «Батыл көшбасшылық» бағдарламасының кезекті кезеңі болды.
3 619
+1
«Казахмыс» продолжает геологоразведочные работы в Ұлытауской области
Развитие и восполнение минерально-сырьевой базы остаются одним из стратегических направлений деятельности Группы «Казахмыс». В рамках этой работы компания последовательно изучает ресурсный потенциал действующих месторождений и перспективных участков. Одним из ключевых направлений геологоразведочной программы остается Ұлытауская область, где проводятся исследования флангов и глубоких горизонтов действующих рудников, а также перспективных участков Жезказганского месторождения.
Геологоразведочные работы в Ұлытауской области ведутся дочерней организацией «Kazakhmys Barlau». Программой предусмотрено более 50 тысяч погонных метров бурения, из которых около 10 тысяч метров уже выполнено. В работах задействованы пять буровых установок.
Бурение на флангах месторождения завершено. В настоящее время основные работы сосредоточены на глубоких горизонтах и приповерхностной минерализации. Исследования позволяют уточнить продолжение рудных тел, выявить перспективные зоны минерализации и оценить дополнительные ресурсы.
Полученные результаты используются для уточнения ресурсного потенциала Жезказганского месторождения и определения дальнейших направлений геологоразведочных работ. Выявление новых ресурсов создаст основу для восполнения минерально-сырьевой базы и в перспективе может способствовать продлению срока эксплуатации Жезказганского месторождения.
