cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

دار الحنفية

Фиқһ: Ханафия. Ақида: Матуридия. Тариқат: Нақшбандия (адасқан Құрбанәліге қатысым жоқ). Кері байланыс: @xanafi_bot

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
898
Suscriptores
-224 horas
-37 días
-1830 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Байқаусызда бауырының шәһид болғанын түсіріп алған... #палестина
Mostrar todo...
Фаида Пайғамбардың қабірін зиярат ету үшін арнайы бару Құранмен, сүннетпен, ғалымдардың иджмасымен және қияспен бекіген: ▪️ Құран: {Егер олар күнәға бату арқылы өз-өздеріне қиянат жасаған кезде, алдыңа келіп, Аллаһтан кешірім тілесе} аяттың тәпсірін мына жерден көре аласыз; ▪️ Сүннет: «Кімде-кім менің қабірімді зиярат етсе, оған Менің шапағатым уәжіп болады» (Шейх Мухаммад Тақи әл-Усмани әд-Диубәнди حفظه الله تعالى өзінің «Инғаму әл-Бәри» (4/346) кітабында айтты: «Албани хадиске сахих немесе әлсіз деп үкім беретін дәрежедегі адам емес... бұл хадис мухаддистердің құзырында жақсы баға алған, сол себепті хадис сахих»); ▪️ Қияс: сүннетте қабірлерді зиярат етудің абзалдығы туралы сахих хадистер келген, ал Пайғамбардың ﷺ қабірің зират ету басқа қабірлерге қарағанда мәртебесі жоғарырақ; ▪️ Иджмағ: Хафиз әс-Сәхәуй, «әл-Қаулу әл-Бәдиғу»( 348 бет); әл-Қади Ғияд әл-Мәлики, «әш-Шифә» (2/83); хафиз Насруд-Дин әд-Димәшқи, «Джәмиғу әл-Әсәр фи әс-сиәр уә мәуләд әл-Мухтар» (8/142); шейхул-хадис ибн Хаджар әл-Әсқаләни әш-Шәфиғи әл-Әшғари «Фәтху әл-Бәрри» (3/66); хафиз әл-Қасталәни әш-Шәфиғи «әл-Мәуәһиб» (3/587); ғұлама Абдул-Хай әл-Ләкнәуй әл-Ханафи әл-Матуриди, «Ибразу әл-ғаий әл-уәқиғ фи шифә әл-ғаий» (6/47) кітабында сәләфтар мен кейінгі дәуірде өмір сүрген ғалымдардың бір ауызды пікірін жеткізеді.
Mostrar todo...
Дүмше-патриоттар мұсылмандардың шәлісімен күресіп жүргенде ...
Mostrar todo...
СҰРАҚ: Әссәләәмуәлейкум! Мәулана, әйелдің күйеуі екі жыл бұрын қайтыс болған және ол әйел иддасын күтпеген... Биыл қажылық жасағысы келеді. Үкімі қандай? ЖАУАП: Уәғалейкумуссәләма уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ. Иддасын күтпегені үшін күнәкар болады, өйткені идда күті оған уәжіп еді. Биылғы жылы қажылық жасау рұқсат, өйткені идда уақыты өтіп кетті. Дұрысын Аллаһ білуші. Шейх Зәкир әл-Ханафи حفظه الله تعالى Сілтеме: https://t.me/Thakir_AlHanafi/4586
Mostrar todo...
Әйелдер мен Дажжал Аллаһтан шынайы қорқатын және оның Пайғамбарына иман келтірген мұсылмандар дүниедегі жағдайды ескере отырып, үйленуге асығады. Бұл әпкелерге көбірек қатысты. Ибн Омардан (Аллаһ оларға разы болсын) Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі: «Дәджал Маррикандағы (Мәдина маңындағы алқап) осы тұзды жерге келгенде, оны құшақ жая қарсы алып шығатындардың көпшілігі әйелдер болады (яғни, Дәджалға еретіндердің көпшілігі әйелдер болады). Бұл жағдай ер адамдар қайын енесіне, анасына, қызына, әпкесіне және нағашы әпкелеріне келіп, олардың дажжалға еріп кетуінен қорқып, оларды қатты байлағанға дейін жалғасады» (Имам Ахмадтың Муснәды, No. 5330). Егер біздің кіші іні-қарындастарымыз шындыққа жанаспайтын жоғары талаптарға қоятын болса, онда олар Дәджал бере алатын «жердегі жәннатты» іздеп жүрген болар. Жоғарыда келтірілген хадис көптеген апа-қарындастырымызға Мәсіх Дәджалдан қорғанудың жалғыз жолы тақуа ер адамға күйеуге шығу екенін көрсетеді. Мұсылмандық неке дағдарысы: диагностика және болжам @cats_ahlusunnah
Mostrar todo...
СҰРАҚ: Егер әйел ақшам намазы үшін дәрет алып, намазын оқыса, кейін күйеуі үшін боянса, сосын құптан намазының уақыты келіп, дәреті бұзылмаса, боянған күйінде намаз оқуға бола ма? Немесе оны макияжды кетіру керек пе? ЖАУАП: Әйелдің күйеуі үшін боянуы, егер қасында бөтен ер адамдар болмаса, соның ішінде күйеуінің бауырлары мен туыстары, онда рұқсат етіледі. Боянған күйі намаз оқуға келсек, ол намазды бұзбайды, сондай-ақ макияжбен намаз оқуға ешқандай кедерге жоқ және намаз алдын бояуды кетіру шарт емес. Шейх Абдул-Мәлик Абдур-Рахман әс-Сағди әл-Ханафи ән-Нақшбанди حفظه الله تعالى Сілтеме: https://www.facebook.com/100044339440886/posts/993622488792390/?mibextid=rS40aB7S9Ucbxw6v
Mostrar todo...
الصفحة الرسـمية لسماحة الشيخ أ.د عبدالملك عبدالرحمن السعدي

(( ماكياج المراة والوضوء والصلاة )) السؤال /لو أن امرأة توضأت لصلاة المغرب وأدت الصلاة ثم تزينت لزوجها وحان موعد صلاة العشاء ولم ينقض وضوءها فهل تجوز صلاتها مع المكياج أم تجب إزالته ؟...

Зікірде тәсбі қолдану мәселесі في مرقاة المفاتيح شرح مشكاة المصابيح (٢/٧٧٦): قال الإمام ابن حجر: والروايات ‌في ‌التسبيح ‌بالنوى ‌والحصى ‌كثيرة ‌عن ‌الصحابة وبعضِ أمهات المؤمنين، بل رآها عليه السَّلام وأقرَّ عليها Мулла Әли әл-Қари әл-Ханафи әл-Матуридидің «Мирқату әл-Мәфәтих шарх Мишкат әл-Мәсабих» (2/777) кітабында: «(Хадис ілімінде мүміндердің әміршісі болған) Имам ибн Хаджар (әл-Әсқаләни әш-Шәфиғи әл-Әшғари) айтты: «Сахабалар мен кейбір аналарымыздан (яғни, Пайғамбардың ﷺ әйелдерінен) тәсбіні таспен санағандығы туралы келген риуаяттар өте көп, бәлки Пайғамбар ﷺ аналарымыздың тәсбіні таспен санағандығын көріп мұның дұрыстығын бекіткен». سأل الكوسج الإمام أحمد بن حنبل: يسبح الرجل بالنوى؟ فقال أحمد: قد فعل ذلك أبو هريرة وسعد رضي الله عنهما، وما بأس بذلك، النبي قد عد . قال إسحاق -ابن رهاويه-: كما قال" انتهى . [انظر مسائل الكوسج] «Мәсәил әл-Кәусәдж» кітабында: «Әл-Кәусәдж Имам Ахмад ибн Ханбалдан: «Тәсбімен зікір етуге рұқсат па?», деп сұрады. Имам Ахмад айтты: «Әбу Һурайра мен Сағд, Аллаһу Тағала олардан разы болсын, зікірді тәсбімен жасайтын және мұнда тұрған ешқандай әбестік жоқ. Пайғамбарда ﷺ зікірлерін санайтын». Исхақ ибн Раһауаиһта дәл имам Ахмад секілді жауап берді». "قال ابن معين: وكان يحيى القطان يجيء معه بمسباح -أي سبحة-، فيدخل يده في ثيابه، فيسبح" انتهى . [سير أعلام النبلاء للذهبي (190/17)] Имам әз-Зәһәби өзінің әйгілі «Сияр» (17\190) кітабында: «Ибн Муғайн айтты: «Яхя әл-Қаттан¹ бізге келгенде қолында көйлегінің ішіне салып қойған тәсбісі болатын»». ¹Имам Ахмад ибн Ханбалдың ұстазы болған ұлы мухаддис. Сонда мына уаһаби-мадхалИТтің пікірінше Хазіретті Әбу Һурайра секілді сахабалар мен үмметтің мухаддситері Имам Ахмад және ұстазы Яхя әл-Қаттан мен Исхақ ибн Руаһауайтар буддитерден дін үйренген ба!?
Mostrar todo...
Жындыдан шыққан жынды пәтуә #2 #уаһабия
Mostrar todo...