cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

Tamshym🌊

тамшымын... тағдырға сенемін!☔🌊

Mostrar más
Publicaciones publicitarias
631
Suscriptores
-224 horas
-97 días
-3030 días

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

әсілінде, риясыз сезім, шынайы махаббат адалдығыңды мың қайтара дәлелдеп, үнемі қайталана беретін есеп беру мен ақталудан тұрмаса керек. менің түсінігімдегі махаббаттың негізінде сенім, сыйластық жатыр. санасын күмән улаған адамның көзін шел басады екен. көңілің алай-дүлей боп, жаныңды қоярға жер таппай кететін сезім мен мың құбылатын өрт көңіл махаббат емес. махаббат - тыныштық, тұрақтылық. ол жаздың таңы, әкеңнің құшағы сынды жайлы.
Mostrar todo...
12
жәнеем, жәнеем, әнііім, ән қалтам💗
Mostrar todo...
5
сен сүю – аула гүлдерін суаруға ерінген сайын Құдайдан аспанның нөсерлеп кетуін тілейтін сәттеріме ұқсайды. сосын, күнәдан өзімді ақтап алғандағы ішкі күйіме, қазұу-да оқитын студентке ұқсайды. сен жайлы ойлар – бағытсыз, бақсыз, баянсыз. ұшы-қиыры жоқ далада беталды көшіп жүрген қаңбақ әлде үлкен қаладан пәтер таба алмаған бозбала сияқты. ол да, менің сен жайлы ойларым да бір күні бәрі жақсы боп кететіне сенгісі келеді.
Mostrar todo...
8
бір берілсең, қатты беріледі екенсің қазақстан сияқты:)
Mostrar todo...
осы әншілер мен әртістердің атағы шығып, шу бастала қалса, мемлекет тағы нені бықсытып жатыр екен деп ойлайтын болыппын:)
Mostrar todo...
8
Ерлан Жүніс - НАЗ.mp310.13 KB
“ол өмірбақи жеп қояды деп қасқырдан қорықты, соңында, бірақ, қойшы жеді…”
Mostrar todo...
7
қашан, қандай қағазға ақылды боламын деп қол қойып, мөр басып жібергенімді айтыңдаршы:) ақылды адамның түрін жасаудан да шаршайды екенсің.
Mostrar todo...
5
мен ешқашан “ең-ең” болған емеспін. қашан да, қайда да менен де сұлуы, менен де ақылдысы, менен де сүйіктісі, менен де пысығы, менен де дарындысы табылады. ең жақсысы да, ең жаманы да, тіпті, ең сүйіктісі де мен емеспін. мен ешкім емеспін. былтырғыдай.
Mostrar todo...
8
айтпақшы, Данияр Саламат деген режиссердің «Талақ» фильмі жақында ауқымды фестивальден жүлде алып келді. мүмкін, естіген де боларсыңдар. соған әлеуметтік желіде қазақты масқаралады, «қомыт-қомыт» киіммен түсірді деген пікірлер жазылып жатты. фильмді көріп айтса, мейлі ғой. прокатқа шықпай жатып, хейтке ұшырап қалды аталмыш фильм. осы орайда Пастернактың «Живаго дәрігер» романына қатысты айтылған: «Не читал, но осуждаю» деген пікір есіме түсіп кетті. ешкімге жақтасқым келмейді, бірақ, «шолақ белсенді» пікірлерден жек көретінім жоқ. көр, қара, тексер, оқы, ойлан, сосын ғана сына. онда да, сынауға лайық болса ғана.
Mostrar todo...
5
Elige un Plan Diferente

Tu plan actual sólo permite el análisis de 5 canales. Para obtener más, elige otro plan.