es
Feedback
tamshym🌊

tamshym🌊

Ir al canal en Telegram

тамшымын... тағдырға сенемін!☔🌊

Mostrar más
653
Suscriptores
Sin datos24 horas
-27 días
+330 días
Archivo de publicaciones
Филипп Киркоров – Ты, ты, ты.mp310.55 MB

Осыдан тұп-тура бір апта бұрын Елзат Ескендір түсірген «Әбіл» фильмінің тұсаукесеріне бардық. Шыны керек, фильмнің өзінен бұрын елге даңқы мен дақпырты жетті. Фильмді көрген соң, ауыр, мұңдылау ойдан арыла алмай ұзақ жүрдіи. Әбілдің тағдыры, үміті мен шарасыздығы, соңғы сахна ойыңнан айналшықтап шықпай қоятыны бар. Ақ жолдан айнымай келе жатқан кіршіксіз тағдырға әлдебіреулердің өзіндік бейшара танымымен, қатерлі ақымақтығымен, ойсыз тоғышарлығымен қойып кетіп, былғап ойраңдап және соны ерлік көретіні – адамзат жаралғалы бері келе жатқан дерт сияқты. Фильмді жекешелендіру не бір биліктің құлдырап, қоғамның қақ бөлінуі туралы деп жылы жаба салуға болатын шығар. Бірақ фильмнің күллі өзегі одан да терең. Одақ ыдырап, колхоз бен совхоз тараған, мал-мүлік бөліске түскен дәл осындай өлара кезеңде қиянат көрген бір ғана Әбілдің тағдыры арқылы тұтас ұлттың қасіретін бере алған шеберлікті жоғары бағаладым. Фильм бір ғасырға жуық Кеңес езгісінен енді ғана құтылған, болашағынан үміттенсе де, бүгіні көңілін жарым еткен, жаралы, азалы күйдің көрінісі іспетті. Ертеңі толған күдік пен күйік, бүгіні азап, ертеңі шарасыздыққа байланған бұл кезең туралы Әбілдің: «Совет одағы болмаса мен кім болар едім, ол кім болар еді? Ал қазір ол кім? Мен кіммін?» дейтін сөзі көп сөздің түйінін шешетін сияқты. Дәл осы сөз, дәл осы күй езгіде өткен, ендігі атын тартып алып, ері қолында кеткен есіл өмірдің жоқтауындай ащы естіледі, жан-жүйкеді шымырлатып жібереді. Туындыда заманынан озып, алға шығып кеткен бірде-бір сахна жоқ. Әсіресе соңғы кадрдағы кейіпкер көзіндегі шарасыздық, үмітсіздік қандай әсерлі... Білмеймін, әйтеуір, фильмнің әр кадрына, әр деталіне тоқталып, мәнін ашып, сөйлеткің келеді. Жазғың келеді. Розаның әнін шырқап жатқан радионың да, арақтың та, ыстық нан мен ердің де, мылтықтың да арқалаған ойы, мәні мен мағынасы бар сияқты. Бос тұрған, артық жатқан ештеңе жоқ. Бізге сонша таныс, сондай аяулы адамдардың тағдырлы болмысын шебер жеткізгені үшін авторларға, әртістерге сүйсіндім. Актерлердің өз рөлдерін осынша шынайы сомдауынан, тоқсаныншы жылдардағы қарапайым тіршілікке тән детальдардың молдығынан, әрі үзілмей, бірнеше сахнаны қатар алатын кадрлардан ауыл өмірі туралы деректі фильм көріп отырғандай әсерге бөлендім. Тіпті кей тұсында, кино көріп отырғаныңды ұмытып, өзің де бір бұрышта әңгіме тыңдап, осының бәрінің ішінде жүргендей көрініп, жаныңдағы адаммен пікірлесіп, кейіпкердің қылықтарын сөз қылып кетесің. Соңғы он бес жылда, елімізде өмірді дәл осындай шынайы бере алған екі киноның бірі осы шығар. Осыған дейін түсірілген көптеген авторлық фильмдер ірі ой, сұлу картина ұсына алғанымен, әйтеуір бір шынайылық жетпей жататын. Әрі сюжеттік желі де күңгірт, әлсіз туатын еді. Ал бұл фильмде бәрі бар. Тек көрермені аз.

Осыдан тұп-тура бір апта бұрын Елзат Ескендір түсірген «Әбіл» фильмінің тұсаукесеріне бардық. Шыны керек, фильмнің өзінен бұрын елге даңқы мен дақпырты жетті. Фильмді көрген соң, ауыр, мұңдылау ойдан арыла алмай ұзақ жүресің. Әбілдің тағдыры, үміті мен шарасыздығы, соңғы сахна ойыңнан айналшықтап шықпай қоятыны бар. Ақ жолдан айнымай келе жатқан кіршіксіз тағдырға әлдебіреулердің өзіндік бейшара танымымен, қатерлі ақымақтығымен, ойсыз тоғышарлығымен қойып кетіп, былғап ойраңдап және соны ерлік көретіні – адамзат жаралғалы бері келе жатқан дерт сияқты. Фильмді жекешелендіру не бір биліктің құлдырап, қоғамның қақ бөлінуі туралы деп жылы жаба салуға болатын шығар. Бірақ фильмнің күллі өзегі одан да терең. Одақ ыдырап, колхоз бен совхоз тараған, мал-мүлік бөліске түскен дәл осындай өлара кезеңде қанша Әбілге қиянат жасалды деп ұзаақ ойландым. Бұл жетпіс жылдық Совет езгісінен енді ғана құтылған, болашағынан үміттенсе де, бүгіні көңілін жарым еткен, жаралы, азалы постотарлық күйдің суреті. Әбілдің қонағасыда отырып: «Совет одағы болмаса мен кім болар едім, ол кім болар еді? Ал қазір ол кім? Мен кіммін?» дейтін сөзі бүкіл жетпіс жылдық езгіде өткен есіл өмірдің жоқтауындай ащы естіледі, кейіпкермен бірге еріксіз кемсеңдейсіз. Сосын фильмде заманынан озып, алға шығып кеткен бірде-бір диалог жоқ. Әсіресе соңғы сахнадағы кейіпкер көзіндегі шарасыздық, үмітсіздік қандай әсерлі... Білмеймін, әйтеуір, фильмнің әр кадрына, әр деталіне тоқталып, мәнін ашып, сөйлеткің келеді. Жазғың келеді. Әр кадры сөйлеп жатқан сияқты. Розаның әнін шырқап жатқан радионың да, арақтың та, ыстық нан мен ердің де, мылтықтың да арқалаған ойы, мәні мен мағынасы бар сияқты. Бос тұрған, артық жатқан ештеңе жоқ. Бізге сонша таныс, сондай аяулы адамдардың тағдырлы болмысын шебер жеткізгені үшін авторларға, әртістерге сүйсіндім. Актерлердің өз рөлдерін осынша шынайы сомдауынан, тоқсаныншы жылдардағы қарапайым тіршілікке тән детальдардың молдығынан, әрі үзілмей, бірнеше сахнаны қатар алатын кадрлардан ауыл өмірі туралы деректі фильм көріп отырғандай әсерге бөленесіз. Тіпті кей тұсында, кино көріп отырғаныңды ұмытып, өзің де бір бұрышта әңгіме тыңдап, осының бәрінің ішінде жүргендей көрініп, жаныңдағы адаммен пікірлесіп, кейіпкердің қылықтарын сөз қылып кетесің. Соңғы он бес жылда, елімізде өмірді дәл осындай шынайы бере алған екі киноның бірі осы шығар. Осыған дейін түсірілген көптеген авторлық фильмдер ірі ой, сұлу картина ұсына алғанымен, шынайы, сенімді орындауы жетпей жататын. Әрі сюжеттік желі де күңгірт, әлсіз кеп жататын еді. Бұл фильмде бәрі бар. Тек көрермені аз.

өткеннен бері бір әдет шығарып алдым. Абайдың қара сөздерін аудиоформатта тыңдап жүрмін. сосын өзіме де ыңғайлы болу үшін ерінбей бәрін бір каналға жиып қойған едім. сілтемесін қалдырып кетейін, біреуге пайдам тисе, қуанамын ғой. https://t.me/gaiypsyz

Repost from N/a
өзің біл шауып бер қолыңды азсынса жаныңды ол жарық жансын деп, сен өшір шамыңды. ол алса айтар ма, сен бердім демейсің. өзіңе келгенде неліктен өгейсің? мейірім, махаббат, бер тегін ал өзің сұрама өзгеге жаныңнан жер тегін. олар да сұранбай тұра ма? жәрмеңке жүрегің, жылулық таратып өз жаның ішіңде суынып қалатын. себепсіз сүймес деп мені ешкім кім сені аяр шын? (бірінші өзіңе керексің) өзгенің жанына өтінем, болмашы даяршы. қарашы далаға еш жеміс бермейтін еш жеміс бермейтін ағаштар қаншама адамға берері жай ғана көлеңке болса да олар тек өседі жар салып баршаға тамыры жер құшып, жел тербеп бұтағы табиғат осылай адамнан ұтады. олардан екеуміз көп затты үйреніп, жақсару қажетпіз. себебі, талдарға өмірді өзімдей сүйдім деп ақталу қажетсіз. ағаштарға қарашы, айнам aijaryq.s

photo content

даңқы әлемге жайылған кестелі орамалды кезіктіре қалсаң, саған бұйырмайтынын әуелден білесің. сонда да орамалдың сусылын бір сәт сезу, алақаныңмен ұстап көрудің өзі кейде адамға сонша шабыт, бақ сыйлайды екен. адам баласының болмысы сондай ғой. үнемі ұлылыққа, асқақтыққа ұмсынады. содан дәм татуға, тым болмаса бір мәрте соның ғажабын сезуге ұмтылады. сондай бір сәттік жанасудың өзі тұтас ғұмырдың өзегіне айналып кететін кездер де болады. жете алмайтынын білсе де, жақындағысы келеді. дәл осы ұмытылыс, ұлылыққа деген дәл сол іңкәрлік өмірдің өзі ме дерсің… айнымайды. жолыңдағы күллі арпалыс пен күрес аңсаған орамалды қолыңа алғандағы бір-ақ сәтке татымайтыны содан шығар.

сен әлі өшкен жоқсың. тек қалай жарқырау керегін ұмытып қалдың.

Repost from N/a
Пенде баласының «жоқтығы» көп. Ол «жоқтықтың» орны толады. Орны толған «жоқтық» уақытша жан тыныштығын сыйлап,«бақыт» болатыны рас. Ал адамзаттың ең үлкен «жоқтығы»–Құдай. Әсте, бақытымызда–Сол.

Адамзат Айда тіршілік етер болса, қазақтар Жерге арнап “Жергөлек-ау, Жергөлек, Жердің жүзі дөңгелек” деп ән салатын еді. :)

*** келтіре алмай кеудемнің күйін әрең, қарағым кеп тағы бір қиыла мен. қарағым кеп қайтара көзіңе ұзақ Құдайыма қалтқысыз сыйынар ем. Құдай сосын саулатса ізгі өлеңін, қазбауыр бұлт қашайды із-дерегін. қайтқан қаздың қаңқылын қағып түсіп, көктем туар, жаз шығып, күз келеді. өбіп сонда деміңді өрт тым алыстан, қасіретімді жыға алмай қуанышқа. солқылдатқан сағатын сағыныштың менің мұңым екен ғой құрақ ұшқан. маңдайыңнан мұң аулап сенің де бұл, булыққан көп дүние ебіл-дебіл жылап жатса… тағы да ынтықтырып көшіп бара жатады көзіңде өмір. көзіңе қараймын… ақпан, 2026. #өлең

*** келтіре алмай кеудемнің күйін әрең, қарағым кеп тағы бір қиыла мен. қарағым кеп қайтара көзіңе ұзақ Құдайыма қалтқысыз сыйынар ем. Құдай сосын саулатса ізгі өлеңін, қазбауыр бұлт қашайды із-дерегін. қайтқан қаздың қаңқылын қағып түсіп, көктем туар, жаз шығып, күз келеді. өбіп сонда деміңді өрт тым алыстан, қасіретімді жыға алмай қуанышқа. солқылдатқан сағатын сағыныштың менің мұңым екен ғой құрақ ұшқан. маңдайыңнан мұң аулап сенің де бұл, булыққан көп дүние ебіл-дебіл жылап жатса… тағы да ынтықтырып көшіп бара жатады көзіңде өмір. көзіңе қараймын… ақпан, 2026. #өлең

Алла_Пугачёва_Позови_меня_с_собой.mp39.90 MB

Оятпа сен мені, қалғысам, Өзгеге еліктеп, өзгерме. Іздеме бекерге, қаңғысам, Жоғалғым келетін кездерде. Таң болып күтіп ал кешкірсем, Ән болып, жанымды желбірет. Жаңа айдай жарқырат ескірсем, Қиналма «қайтемін енді?» деп... Басқа бір әлемде тұрақта, Көздерің бақытқа шөлдесе. Сен мені ұмытпа бірақ та, Өзіңді ұмытқың келмесе... Ешқандай ағынға қосылмай, Таңданба бәрінен сырт қалсам. Ешқашан жоғалмас досымдай Жер болып күтіп ал бұлттансам. Аяма адасып, қағынсам, Сен мені сөкпейтін шығарсың? Мың жылдар өткен соң табылсам, Қағаздан барлығын ұғарсың... Түсінбе тойларда болмасам, Және де жолымды жүрілген. Бір күні кеудеңе орнасам Жаңбырдан кейінгі жырыммен... Гүлнар Салықбай

жай ғана жеңіліп қалсам... осынау шайқастың ешқайсысынан жеңіп шыға алмасам… сонда не боларын көп ойладым. сосын ештеңе болмайтынын, дүние дәл осы маңғаз, кербез, күрделі қалпынан бір де бір таймасын, ажырамасын ұқтым. ары кетсе өміріңнің соңында, атау-кереңнен дәм татып отырып, аз ғана өкінерсің. жеңілдім, бірақ жеңілдеп қалдым. жеңгім де келмейді екен. жеңісті айтпағанда, жарысқым да жоқ. баяу ғана жылжи берсем деймін.

осы жұмыстан кейін мәтін оқу мен жазудың азабын айту қиын. әріптерің алдыңда билеп жүреді. сосын алдымдағы қиқы-шиқы әріптерді жинай алмай ұзааақ отырамын. қате-қате сөйлемдер солай туады.

уақыт өткен сайын есейіп, есейген сайын көңілге шер толып бара жатқан сияқты. біртүрлі аңғал мінез, аппақ көңілді де сағынады екенсің. мықты болған сайын кеудеме мұң толып жатыр. көптің келбетін біліп, ниетін ұққан сайын шерленіп барамын. қазір бір жылап алу да құтқармайтын болыпты… дәл осы күй, дәл осы мұң мен шер кеудеме сіңіп бара жатқан сияқты. кестелі орамалға сап-сары көз жасы сияқты айғыз-айғыз мұң. немесе көкемнің бешпентіне әбден сіңіп қалған тердің иісіне ұқсайтын ащы шер.

жолымда кездескеннің кез-келгенін өртеп жібере алатынымды білемін. оған отым да, отыным да жетеді. бірақ маған түкке пайдасы жоғын да білемін. өртенгім де, өртегім де келмейді.

ешкімнің жолы ақиқат емес. ешкімнің арманы ақиқат емес. ешкімнің айтқаны ақиқат емес. қандай таңдау жасасаң да, кімнің ақылын тыңдасаң да, ішіңде бір “әттенің” қалады. әйтеуір бір өкініш өзекті өртей береді. әркім өз ақиқатын жасай алады. өзі аққалалай қолдан қашаған ақиқатына өмір бақи сеніп өте алады. біреуді ақиқаты үшін кінәлап, даттау да артық.

мұндай дүниелер салмаушы едім. тиктоктан кездейсоқ шығып қалды. бұл тәтені тіптә танымаймын да. анам осындай ақ тілегін жиі айтып отырады, сосын ба екен әйтеуір айтқанын тыңдап біртүрлі елжіреп кеттім. (түн ортасында сөйтетінім бар енді). бір-бірімізге тек осылай ізгілік, жақсылық тілейікші. тек мейірім, таза, жақсы энергия сыйлайықшы❤️