АРИСТОКРАТ
📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы. 📒Бизнес кітаптар 📒Әлем мен Қазақ әдебиеті 📒Психология 📒Мотивация 📍Реклама @dalareklanabot
Mostrar más📈 Análisis del canal de Telegram АРИСТОКРАТ
El canal АРИСТОКРАТ (@kitapkz1) en el segmento lingüístico de Kazajo es un actor destacado. Actualmente la comunidad reúne a 19 325 suscriptores, ocupando la posición 1 818 en la categoría Libros y el puesto 413 en la región Kazajistán.
📊 Métricas de audiencia y dinámica
Desde su creación el невідомо, el proyecto ha mostrado un crecimiento acelerado, reuniendo a 19 325 suscriptores.
Según los últimos datos del 19 septiembre, 2026, el canal mantiene una actividad estable. En los últimos 30 días la variación de miembros fue de -1 000, y en las últimas 24 horas de -26, conservando un alto alcance.
- Estado de verificación: No verificado
- Tasa de interacción (ER): El promedio de interacción de la audiencia es 2.98%. Durante las primeras 24 horas tras publicar, el contenido suele obtener 1.28% de reacciones respecto al total de suscriptores.
- Alcance de las publicaciones: Cada publicación recibe en promedio 576 visualizaciones. En el primer día suele acumular 248 visualizaciones.
- Reacciones e interacción: La audiencia responde de forma activa: el promedio de reacciones por publicación es 2.
📝 Descripción y política de contenido
El autor describe el recurso como un espacio para expresar opiniones subjetivas:
“📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы.
📒Бизнес кітаптар
📒Әлем мен Қазақ әдебиеті
📒Психология
📒Мотивация
📍Реклама @dalareklanabot”
Gracias a la alta frecuencia de actualizaciones (últimos datos recibidos el 20 septiembre, 2026), el canal mantiene la vigencia y un amplio alcance. La analítica demuestra que la audiencia interactúa activamente con el contenido, lo que lo convierte en un punto de referencia dentro de la categoría Libros.
«Біздікілер оған дайындалып қойған. Бірақ Қазақстанның қазіргі қорғаныс жастығы бұрынғы жылдармен салыстырғанда әлдеқайда мықты. Шілде соңында Ұлттық Банктің халықаралық резервтері шамамен 63,7 млрд доллар болды. Оның ішінде алтынның құны 48 млрд доллардан асады. Бұған Ұлттық қордың валюталық активтерін қоссақ, резерв көлемі 120 млрд доллардан асады. Қазір біз ФРЖ ставкасының өсуінен негатив күтіп отырған жоқпыз», - деді, DALA INSIDE дереккөзі.Ұлттық Банк тамызда валюталық интервенция жасамаған еді. Теңге сол айда 2,6%-ға нығайып, бір доллар 461,57 теңгеге дейін түскен. Ал кеше 444 деңгейіне дейін құлады. Осы қыркүйекте бюджет трансферттері үшін Ұлттық қордан 200-300 млн доллар сату жоспарланған және бұған қоса бұрынғы операцияларды «айна» қағидаты бойынша өтеуге байланысты нарыққа валюталық ұсыныс түседі. Демек қысқа мерзімде ішкі нарықта доллар тапшылығы байқалып отырған жоқ. Сыртқы қарыз жағынан да бір маңызды нюанс бар. Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 2026 жылғы 1 сәуірде шамамен 182,8 млрд доллар болған. Бұл үлкен сан болып көрінеді. Бірақ оның шамамен 87,4 млрд доллары тікелей инвестиция аясындағы компанияаралық қарыз. Оны түгелдей Үкімет қайтаруға тиіс мемлекеттік борыш ретінде қарау қате. Мемлекеттік сыртқы қарыздың өзі керісінше биыл қысқарып отыр. Ол 1 шілдеде шамамен 8,35 трлн теңге болды. Сондықтан ФРЖ ставкасының өсуі Қазақстанның ертең сыртқы борышын өтеу қабілетіне тікелей қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дегенмен де, енді жаңа долларлық қарыздар мен еуробондтарды орналастыру қымбаттайды. Біздің осал жеріміз төлем балансына келіп тірелетін сияқты. 2026 жылдың бірінші тоқсанында ағымдағы шот тапшылығы шамамен 1,8 млрд долларға жетті. Оның негізгі себептерінің бірі инвестициялық жобаларға қажетті жабдық пен аралық тауарлар импортының қатты өсуі еді. Экспорт бірінші тоқсанда 19,1 млрд долларға жетсе, импорт $14,8 млрд болды. Алайда инвестициялық табыстардың шетелге шығарылуы ағымдағы шотты минусқа түсірді. Ұлттық Банктің бастапқы болжамы бойынша 2026 жылы ағымдағы шот тапшылығы ЖІӨ-нің шамамен 3,7%-ын құрауы мүмкін. Сонымен қатар екінші тоқсанда жағдайдың едәуір жақсарғаны байқалады. Қазіргі есеп бойынша II тоқсанда ағымдағы шот шамамен 3 млрд доллар профицитке шығып, жартыжылдық қорытындысында шамамен 1 млрд доллар оң сальдо қалыптасуы тиіс. II тоқсанның нақты дерегі осы айдың соңында жарияланады. Әзірге қорғаныс жастығы жеткілікті. Бірақ Федералды резерв жүйесінің Вашингтондағы түнгі шешімі біздегі Ұлттық Банктің базалық ставканы ары қарай жылдам төмендету мүмкіндігін азайтты. ФРС ставкасы өсіп жатқан кезде бізге енді ставканы төмен түсіру аса қауіпті. Сондықтан ставка бойынша 23 қазанда өтетін комитет отырысы қызу болатын сияқты. DALA INSIDE жағдайды бақылап отыр. Өзгерістер болса жазамыз 👇 https://t.me/dalainside
Жеті айдың қорытындысы да осы картинаны көрсетеді. Республикалық бюджет кірісі 12,36 трлн теңгені құраса, оның 9,34 трлн теңгесі салықтан түскен. ҚҚС бюджетке 4,26 трлн теңге әкелгенімен, жоспар небәрі 90,3%-ға орындалған. Корпоративтік табыс салығынан 2,73 трлн теңге жиналып, жоспардың 96,8%-ы орындалды.Сонымен бірге бюджетті ұстап тұрған негізгі тіректердің бірі әлі де Ұлттық қор болып отыр. Қаңтар-шілде аралығында бюджетке 2,80 трлн теңге трансферт түскен. Оның 2,32 трлн теңгесі Ұлттық қордан берілген кепілдендірілген трансферт. 2026 жылға мұндай трансферттің жалпы көлемі 2,77 трлн теңге болып бекітілген. Демек жеті айдың өзінде жылдық лимиттің басым бөлігі пайдаланылып қойған. Заң бойынша биыл Ұлттық қордан нысаналы трансферт қарастырылмаған. Ұлттық банк бюджеттегі консолидация әзірге кірісті күрт өсіру арқылы емес, шығыстарды шектеу арқылы жүріп жатқанын атап өтеді. Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік шығыстар номиналды түрде 11,7%-ға ұлғайғанымен, олардың ЖІӨ-дегі үлесі 24,7%-дан 23,5%-ға төмендеді. Мұнайлы емес дефицит 7,1%-ға дейін қысқарды. Бірақ жалпы бюджет тапшылығы, керісінше, ЖІӨ-нің 3,2%-ына дейін өскен. Оған қоса, бюджетке қарыздың өзі барған сайын қымбатқа түсіп келеді. Жеті айда мемлекеттік борышты өтеуге 2,43 трлн теңге жұмсалған. Ал бүкіл жылға жоспарланған сома 3,47 трлн теңге болып отырб Яғни қарыз бойынша пайыздар мен төлемдердің өсуі білім, денсаулық сақтау, инфрақұрылым секілді басқа бағыттарға жұмсалатын бюджет ресурсын біртіндеп тарылтады. Бұдан бөлек, кіріс пен шығыс арасындағы алшақтық та кеңейіп отыр. Қаңтар-шілдеде республикалық бюджет шығыстары 14,75 трлн теңгеге жетсе, кірістер 12,36 трлн теңге болды. Бюджет тапшылығы бірінші жартыжылдықтағы 2,13 трлн теңгеден жеті ай қорытындысында 2,8 трлн теңгеге дейін өсті. Оны қаржыландыру үшін жыл басынан бері 4,68 трлн теңге көлемінде қарыз тартылған. Осылайша салық реформасының алғашқы нәтижесі парадоксалды болып шықты. Иә, салық көбірек жиналып жатыр. Бірақ ол бюджеттің құрылымдық проблемасын жойған жоқ. Сондықтан оған болашақта реформа деп атау емес, коррекция деген атау берілуі мүмкін. Себебі реформа - фундаменталды нәрселерді өзгертетін ұғым. Қазір фундаменталды ештеңе өзгермеді. DALA INSIDE реформа барысын бақылап отырмақ. Бірге бақылайық 👇 https://t.me/dalainside
Қазір механизм былай жұмыс істейді. Бензин мен дизельдің көтерме бағасы белгіленген деңгейден жоғарылаған жағдайда қосымша маржаның 50%-ы акциз арқылы алынады. Мәселен, бензин бойынша акциз формуласына көтерме бағаның шекті деңгейден асқан бөлігінің 50%-ы енгізілген. Дизельге де ұқсас механизм қолданылады. Бұл формула Үкіметтің қолданыстағы қаулысында бекітілген.Алайда мұнай өндірушілерінің есебінше, мәселе тек осы 50%-бен шектелмейді. ҚҚС пен басқа да жанама салықтарды қосқанда, либерализациядан пайда болған маржаның нақты фискалдық алынуы қазірдің өзінде орта есеппен 64–70%-ға жетеді. Ал қосымша акциз арқылы алынатын үлес 95%-ға көтерілсе, ішкі нарыққа мұнай жеткізудің экономикасы түбегейлі өзгеруі мүмкін. Егер ішкі нарықтағы бағаны еркін жібергеннен кейін пайда болған маржаның 95%-ы қайта алынатын болса, компаниялар үшін либерализацияның экономикалық мәні жоғалады деген уәж айтылып отыр. Нәтижесінде өндірушілер ішкі нарыққа мұнай жеткізуден шығын шегуі, жаңа кен орындары мен өндіріске инвестиция салуға ынтасы төмендеуі мүмкін. Ал ұзақ мерзімде бұл жанар-жағармаймен тұрақты қамтамасыз ету мәселесіне де әсер етуі ықтимал деп қауіптенеді сала өкілдері. Айта кетейік, жаңа Салық кодексі аясында 2026 жылдан бастап мұнай өнімдеріне қолданылатын базалық акциздер де өсті. Бензиннің көтерме саудасындағы базалық ставка 38 134 теңге/тонна деңгейінде белгіленген. DALA INSIDE бұл бастаманың Үкіметте қандай деңгейде қаралып жатқанын және 95% көрсеткішінің нақты қай мемлекеттік органнан шыққанын анықтауды жалғастырады. https://t.me/dalainside
«Банктер экономиканы қолдай қоймағандықтан, мемлекет ҚНРДА арқылы өзінің риторикасын қатаңдатты. Тіпті келесі жылы банктер ұстап отырған мемлекеттік қарызды толық қайтарып алу керек деген консенсус бар. Қазір банктер график бойынша борыштарын төлеп отыр. Бірақ ол мемлекетті қанағаттандырмайды. Банктер барлық қарызын бірден қайтарса, дәл сол ақшаны мемлекет «Бәйтерек» қорына беріп, кәсіпкерлік пен бизнесті қаржыландыра бастауы мүмкін», - дейді, дереккөз.Еліміздегі банктерде ақша қоры аз емес. 1 тамыздағы жағдай бойынша банк жүйесінің активтері 75,6 трлн теңгеге жетті. Оның 23,2 трлн теңгесі жоғары өтімді активтер қатарында. Бір айдың өзінде өтімді активтер тағы 4%-ға көбейген. Демек, ақша бар. Ұлттық банктің 7 күндік депозиттік аукциондары тамыз-қыркүйекте 16,75% кірістілікпен өтті. 4 қыркүйектегі бір ғана аукционға банктер 2,7 трлн теңге әкелген. Сонда банктердің экономика мен бизнесті қаржыландырғаннан көрі, ноталар мен облигацияларға ақша сала салып, оңай табыс табуға үйреніп алғанын көреміз. Бір ғана мысал. 2026 жылдың алғашқы алты айында мемлекет алдындағы қарызы 900 миллиард теңгеден кем түсейтін Alatau City банкінің инвестициялық бағалы қағаздары клиенттерге берген кредитінен де көп болған. Оның 1,4 триллион теңгелік инвестициялық портфелінің кемінде 756,8 миллиард теңгесі мемлекеттік облигациялар мен Ұлттық банк ноталарына салынған. Сонда банктің облигация мен басқа инвестициялық қағазға салған ақшасы клиенттерге берген кредитінен 218 миллиард теңгеге көп. Қазіргі қалыптасқан жағдайда банктер экономиканы кредиттеуге мүлде құлықсыз. Ал мемлекет кәсіпкерлікті күшейтіп, түрлі нысандар салу үшін сырттан қарыз алуға мәжбүр. Үкіметтің банктерді ортақ іске тарту бойынша ниеті мүлде орындалмады. https://t.me/dalainside
