fa
Feedback

فریب کلاهبرداران را نخورید! تل‌متریو این کانال‌ها را شناسایی و برچسب‌گذاری می‌کند 👉 برای مشاهده برچسب، اشتراک تهیه کنید

АРИСТОКРАТ

АРИСТОКРАТ

رفتن به کانال در Telegram

📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы. 📒Бизнес кітаптар 📒Әлем мен Қазақ әдебиеті 📒Психология 📒Мотивация 📍Реклама @dalareklanabot

نمایش بیشتر

📈 تحلیل کانال تلگرام АРИСТОКРАТ

کانال АРИСТОКРАТ (@kitapkz1) در بخش زبانی قزاقی بازیگری فعال است. در حال حاضر جامعه شامل 18 643 مشترک است و جایگاه 1 932 را در دسته کتب و رتبه 435 را در منطقه كازاخستان دارد.

📊 شاخص‌های مخاطب و پویایی

از زمان ایجاد در невідомо، پروژه رشد سریعی داشته و 18 643 مشترک جذب کرده است.

بر اساس آخرین داده‌ها در تاریخ 19 اکتبر, 2026، کانال فعالیت پایداری دارد. در ۳۰ روز گذشته تغییر اعضا برابر -671 و در ۲۴ ساعت گذشته برابر -3 بوده و همچنان دسترسی گسترده‌ای حفظ شده است.

  • وضعیت تأیید: تأیید نشده
  • نرخ تعامل (ER): میانگین تعامل مخاطب 2.60% است و در ۲۴ ساعت نخست پس از انتشار، محتوا معمولاً 1.46% واکنش نسبت به کل مشترکان کسب می‌کند.
  • دسترسی پست‌ها: هر پست به طور میانگین 486 بازدید دریافت می‌کند. در اولین روز معمولاً 273 بازدید جمع‌آوری می‌شود.
  • واکنش‌ها و تعامل: مخاطبان به‌طور فعال حمایت می‌کنند؛ میانگین واکنش به هر پست 2 است.

📝 توضیح و سیاست محتوایی

نویسنده این فضا را محل بیان دیدگاه‌های شخصی توصیف می‌کند:
“📚 Ұлттық буржуазияға арналған арна. Интеллектуалдардың ортасы. 📒Бизнес кітаптар 📒Әлем мен Қазақ әдебиеті 📒Психология 📒Мотивация 📍Реклама @dalareklanabot”

به لطف به‌روزرسانی‌های پرتکرار (آخرین داده در تاریخ 20 اکتبر, 2026)، کانال همواره به‌روز و دارای دسترسی بالاست. تحلیل‌ها نشان می‌دهد مخاطبان به‌طور فعال با محتوا تعامل دارند و آن را به نقطه اثرگذاری مهم در دسته کتب تبدیل کرده‌اند.

18 643
مشترکین
-324 ساعت
-1357 روز
-67130 روز
آرشیو پست ها
Искусство фирменного отдыха с Jumeirah Beach Hotel Пляжный отдых, развлечения и бассейны, совместный гастрономический опыт — особый семейный отдых в Jumeirah Beach Hotel. Узнать больше #реклама jumeirah.com

Оформление международных водительских документов 🚗 Получите международное водительское удостоверение (МВУ). Удобство поездок
+1
Оформление международных водительских документов 🚗 Получите международное водительское удостоверение (МВУ). Удобство поездок за границу стало доступнее — оформите МВУ с промокодом TG25, только МВУ 30 000 тг., полный комплект с I’d картой 35 000 тг. и экономьте ещё больше. Акция действует ограниченное время, не упустите возможность! Узнать больше #реклама mvu.kz

Repost from DALA INSIDE
💸 Мемлекет ірі қаржы транзакцияларын онлайн көріп отырмақ Қазақстанда банктерді қадағалаудың жаңа жүйесі дайындалып жатыр. Дереккөз бөліскен құжатқа сәйкес, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 16 қазанда банктердің деректер витринасына қол жеткізу тәртібін белгілейтін қаулы жобасын жариялады. Жаңа жүйе арқылы реттеуші тек банктердің жиынтық есептерін ғана емес, олардың операциялары туралы егжей-тегжейлі ақпаратты да ала алады.
"Банктер туралы жаңа банк заңда мұндай деректердің қатарына ірі депозиттер, ірі ақша аударымдары, көлемді төлемдер, қолма-қол ақша шешіп алу операциялары және кредит портфелі бар. Яғни мемлекет кім ақшаны депозитке салды, оны қайда аударды, бәрін көріп отырады. Бұрын мұндай деректер банктік құпия арқылы жабық болатын", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Бір жағынан, жүйе күмәнді ақша ағындарын, банк активтеріндегі тәуекелдерді ертерек анықтауға көмектесуі мүмкін. Екінші жағынан, мұндай ақпаратқа қол жеткізу тәртібі банк құпиясы мен азаматтардың жеке деректерін қорғау тұрғысынан ерекше маңызды. Қазір заң бұл мәліметтердің қорғалуын талап етеді. Дегенмен нақты қолжетімділік тетігі мен оның қауіпсіздігі шешуші рөл атқаратыны анық. Жаңа талап 2027 жылдан бастап күшіне еңбек. Бұл қаржы секторындағы мемлекеттік бақылаудың жаңа кезеңін ашайын деп тұр. https://t.me/dalainside

Почувствуйте ритм Дубая с отелями Jumeirah Семейный отдых обретает свой ритм - время для открытий, игр и особенных моментов вместе. Узнать больше #реклама jumeirah.com

Repost from Dala Sport
2-ші турдан кейінгі турнирлік кесте.
2-ші турдан кейінгі турнирлік кесте.

Repost from Dala Sport
«Рома» «Реалды» жеңе жаздады «Реал» - «Рома». Камбэк! «ПСЖ» - «Манчестер Сити». Рекордтық кеш Екінші турда командалар жалпы с
«Рома» «Реалды» жеңе жаздады «Реал» - «Рома». Камбэк! «ПСЖ» - «Манчестер Сити». Рекордтық кеш Екінші турда командалар жалпы саны 78 гол соқты, оның 46-сы сәрсенбіде тіркелді. Кеше өткен тоғыз матчтың алтауында кемінде бес голдан соғылды. «ПСЖ» Манчестерде жеңіске жетіп, жүз пайыздық нәтижемен келеді. «Реал» Жозе Моуриньюдің бұрынғы клубы «Романы» жеңіп, матчтың соңғы сегіз минутында қатарынан үш гол соғып, сұмдық камбэк жасады. Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасындағы 100-ші матчын өткізіп, голмен көзге түсті. Брэдли Баркола хет-трик жасап, «Ливерпуль» тоғыз гол соғылған матчта жеңіске жетті. «Астон Вилла» «Фенербахчені» ірі есеппен жеңіп, еурокубоктардағы тарихындағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді. Норвегиялық «Буде-Глимт» «Боруссияны» жеңіп кетті: норвегиялықтар Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы алғашқы ұпайларын алды.

Среди мягкого света Jumeirah Marsa Al Arab Здесь забывают о расписании — течение дня подскажет само. Откройте для себя Jumeirah Marsa Al Arab. Забронировать #реклама jumeirah.com

Искусство фирменного отдыха с Jumeirah Beach Hotel Пляжный отдых, развлечения и бассейны, совместный гастрономический опыт — особый семейный отдых в Jumeirah Beach Hotel. Узнать больше #реклама jumeirah.com

Repost from DALA INSIDE
🍌 DALA INSIDE "порношабуылдан" бас алар емес. Боттар нені көздейді? Соңғы уақытта DALA INSIDE телеграм арнасының пікірталас чатын порноботтар мекендей бастады. Күніне 200-ден астам бот бұғатталса да, бірен-сараны бәрібір өзінің порно гифкаларын жариялап үлгеруде. Порношабуыл қай кезде жасалады? Бірінші сценарий - арнаны Телеграм әкімшілігіне шағым арқылы бұғаттау. Шабуыл жасаушылар арнаның өзін бұзып кіруге тырыспайды. Әкімшінің құпиясөзін ұрлаудың немесе аккаунтын тартып алудың қажеті жоқ. Олар редакция бақылауындағы пікірталас алаңына заңсыз немесе платформа ережелерін бұзатын материалдар орналастырып, сол арқылы ақпараттық ресурстың беделіне және жұмысына қауіп төндіреді.
Шабуыл жасаушы өзі жариялаған материалға өзі шағым түсіре алады. Осылайша контентті орналастырған адам мен оны бұғаттауды талап еткен аккаунттар бір ұйымдасқан топтың бөлігі болуы ықтимал.
Екінші сценарий – беделді түсіру. Әдетте экономика мен сәясатты талқылауға арналған чат аяқ астынан порнографиялық материалдарға толса, оқырманның сол ортаға деген сенімі төмендейді. Адамдар пікір жазуды тоқтатып, топтан шыға бастайды. Нәтижесінде ақпараттық ресурс пен оқырман арасындағы байланыс әлсірейді. DALA INSIDE кей кездері кейбір топтарға кедергі келтіріп қоятыны жасырын емес. Әрине, ол әдейі жасалмайды. Бірақ инсайд сол уақытқа кездейсоқ сәйкес келіп қалады. Әсіресе ықпалды кландар жабық есіктің ар жағында саудаласып жатқанда біздің инсайдтар "туф, керек емес кезде аяққа оратылған материал екен" деген бағаға ие болады. Арна сонысымен құнды және қазір оны еліміздегі ықпалды топтардың барлығы оқиды. Және санасады. Қазір DALA INSIDE арнасының мүлде жауы жоқ деп ойлаймыз. Бір ұсақ құрылысшыны есепке алмағанда ешбір тараппен арамыз суымаған. Керісінше, еліміздегі ең ірі үш клан да біздің ақпараттық жұмысымыздың мәнін түсінеді және құрметпен қарайды. Себебі біз диалогқа ашық алаң деп саналамыз. Және осы ашықтығымызды қандай шабуыл болса да сақтай бермекпіз. https://t.me/dalainside

Дворец новых возможностей — Jumeirah Al Qasr Jumeirah Al Qasr подарит великолепный мир для семейного отдыха, полный новых возможностей и ценных мгновений. Забронировать #реклама jumeirah.com

— ... Е, жаңа есіме түсті ғой. Осы уақытқа дейін неше ән жаздыңыз және неге жаздыңыз? — Алты, жеті әнім бар. Алдағы күнде… — Алдағы күнді қоя тұрыңыз. Сосын алты, жетіңіз не сіздің? Республикалық газетке шыққалы отырсыз, күллі елге насихатталудың мүмкіндігі туып тұр. Ал сіз?.. Мұныңыз тым аз ғой. Кішкене ойлансаңызшы, қоссаңызшы. Ең болмаса он алты, он жеті деңіз. Келістік пе? — Келіскенде енді… Көпшілікке өтірік айтып, газет деген киелі… — Ой, қойыңызшы. Өмір бойы өтірік айтпай келе жатқандай. Отырыңыз онда бес-алты деп… — Енді… Қанағат Әбілқайыр «Періштелер жоқ жерде» https://t.me/kitapuzindisi

Почувствуйте ритм Дубая с отелями Jumeirah Когда солнечные берега и моменты под открытым небом остаются в памяти, зимний свет наполняет Jumeirah новой энергией. Узнать больше #реклама jumeirah.com

Қызыңызға қауіпсіздік жайлы не үйрету керек? Қызыңызға зорлық-зомбылық жасаушылардың өзгелерден ерекше адамдар емес екенін түсіндіріңіз. Олар айналамыздағы кез келген адам болуы мүмкін. Тіпті өзіңіз танитын, сенімді адамдардың арасынан да: достарыңыздың достары, ата-аналардың таныстары боп кездесуі ықтимал. Сондықтан қызыңыз таныс адамдардың ортасында жүргенде де сақ болғаны жөн. Мүмкіндігінше, қайда және кімдермен бірге болатынын жақын адамдарының біріне алдын ала айтып қойғаны дұрыс. Бұл — қауіпсіздік үшін жасалған қарапайым сақтық шара. Қызыңызбен алдын ала келісіп алыңыз: егер ол сізге арнайы бір SMS-хабарлама жіберсе, сіз бірден көмекке шығуыңыз керек. Бұл оның кез келген сәтте сізден көмек сұрай алатынына сенімділік береді. Қызыңызбен жыныстық сипаттағы тиісулер туралы да ашық сөйлесіңіз. Өкінішке қарай, мұндай жағдайларға көп әйел тап болады. Сондықтан «жоқ» деп анық, нық әрі дауыстап айта білу — аса маңызды дағды. Қыз балаларды кішкентайынан сыпайылыққа, үлкеннің сөзін тыңдауға тәрбиелейміз. Алайда өз шекарасын қорғау қажет болғанда, орынсыз әдептілік танытып, біреудің көңіліне қараудың қажеті жоқ екенін ұғындырыңыз. Кейбір жігіттер қыздың келісімін алуды қайта-қайта үгіттеумен, қысым көрсетумен шатастыратынын айтыңыз. Егер біреу өз дегеніне көндіруге тырысып, еркінен тыс әрекет жасауға мәжбүрлесе, қызыңыз мына қағиданы ұстануы керек: «Жоқ де. Кет. Біреуге айт». Қызыңызды өктем сөйлейтін, өз пікірін ғана дұрыс санайтын, өзгелерге қысым көрсетуге бейім жігіттерден сақ болуға үйретіңіз. Әйелдерді кемсітіп, менсінбей сөйлейтін адамдарға да назар аударған жөн. Тіпті ондай жігіт қызыңызға: «Сен басқаларға ұқсамайсың» деп ерекше ықылас танытса да, оның өзге әйелдерге деген көзқарасын елеусіз қалдырмау керек. Қызғанышты махаббаттың белгісі деп қабылдамауды да үйретіңіз. Шектен тыс қызғаныш кейде адамның өзіне сенімсіздігінен және өзгеге билік жүргізіп, оны бақылауға ұмтылуынан туындайды. Мұндай мінез-құлық кейін қарым-қатынаста қысым көрсетуге, тіпті отбасындағы озбырлыққа ұласуы мүмкін. Мас күйдегі немесе өз әрекетін бақылай алмайтын адамдардың жанында да абай болу керектігін ескертіңіз. Қызыңызбен өз сезіміне сену туралы сөйлесіңіз. Көптеген жасөспірім кештерде немесе көпшілік ортада өзін жайсыз сезінсе де, қатарластарынан бөлінгісі келмегендіктен, сол жерде қала береді. Өзгелерден қалмауға тырысып, ішкі түйсігінің ескертуін елемеуі мүмкін. Қызыңызға өзін жайсыз сезінген жағдайда сол ортадан кетіп қалуға толық хақысы бар екенін, ешкімге өз шешімін ақтап түсіндіруге міндетті емес екенін айтыңыз. Қызыңызды өзін-өзі қорғау курстарына апарыңыз. Әйелдерге арналған өзін-өзі қорғау сабақтары немесе қоян-қолтық ұрыс түрі — крав-мага пайдалы болуы мүмкін. Күтпеген физикалық қысымға алғаш рет тап болған адам абдырап қалады. Сондықтан қиын жағдайда сасқалақтамай, тез бағдарлап, өзін қорғау жолдарын меңгеру артық болмайды. Отбасылық психотерапевт Марина Травкова "Не аист, не капуста. Говорим с детьми про «это»" атты мақаласынан үзінді. https://t.me/kzkitap

Золотые мгновения у воды в Jumeirah Mina Al Salam Дубайский стиль в Jumeirah Mina Al Salam: золотые закаты, насыщенные дни на побережье и легендарные панорамы Забронировать #реклама jumeirah.com

Новый ритм на побережье с Jumeirah Al Naseem Новый взгляд на Jumeirah Al Naseem — современная элегантность побережья и гармония душевных моментов на берегу Дубая Забронировать #реклама jumeirah.com

Repost from DALA INSIDE
🤱 Қазақстанда бала туудың азайып кеткені «жабық есік жағдайында» талқылана бастады Қазақстанда халық саны өсіп жатса да, соңғы бес жылда бала туу қауіпті қарқынмен төмендеп барады. 2021 жылы елімізде 446,4 мың бала дүниеге келсе, 2022 жылы - 403,9 мың, 2023 жылы - 388,4 мың, 2024 жылы - 365,9 мың, ал 2025 жылы небәрі 335 мың бала туған. Төрт жылдың ішінде жылдық туу 111 мың балаға немесе шамамен 25%-ға қысқарды. Көрсеткіштің төмендеуі 2026 жылы да жалғасқандықтан, «жабық есік жағдайында» бұл жағымсыз құбылыстың себебін анықтап, салдарын болжау бойынша консультациялар жүруде.
«Қазіргі сегіз айдағы статистикаға қарасақ, 2026 жылдың қорытындысы шамамен 300–305 мың бала болуы мүмкін. Ал біз өсу, оның ішінде қауіпсіздік және экономикалық моделімізді жылына 400 мың нәресте өмірге келеді деген есеппен болжаған болатынбыз. Туу көрсеткішінің азаюы 30 жылдан кейін бізге «Жапония синдромы» сияқты экономикалық проблемалар алып келеді. Зейнеткерлердың саны жұмыс істейтін жастардан артып кетсе, бюджет әлеуметтік қамтамасыз ету секторын бұрынғыдай алып жүре алмайтын болады», - деп түсіндірді, мәселеге қатысы бар DALA INSIDE дереккөзі.
Қазақстанда 2022 жылы туғандар мен қайтыс болғандардың айырмасы 270,4 мың адам болған. Яғни демография жылына +270 мың адам беріп келді. 2025 жылы осы жағымды сальдо 200 мың адамға дейін азайды. Ал халық өсімінің екінші көзі болып табылатын миграция осы олқылықты жаба алмай отыр. 2025 жылдың қаңтар–тамызында Қазақстанға кеткендерден 10 210 адам артық келген болса, биыл осы кезеңдегі оң миграциялық сальдо 5 558 адамға дейін түсті. Яғни табиғи өсім әлсіреп жатқанда, миграциядан келетін қосымша өсім де екі есеге жуық қысқарған. 2024 жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелсе, 2025 жылы ол 115,9 мыңға дейін төмендеді. Бір жылда неке саны шамамен 6,2%-ға азайды. Биылғы көрсеткіш осы деңгейден аспайды деген болжам бар. Ал 2024 жылы 40,5 мың ажырасу тіркелсе, 2025 жылы 45,7 мың жұп ажырасқан. Неке саны 6,2%-ға азайып отырған кезде ажырасу саны 12,8%-ға көбейді. Мамандар құбылыстың негізгі себебін, яғни отбасы институтының психологиялық-құлықтық әлсіреуінен немесе экономикалық төмен жағдайдан туындағанын анықтауы тиіс. Егер мәселе экономикаға қатысты болса, онда қосымша бюджеттік стимулдар енгізу талқылануы мүмкін. Ал психологиялық-құлықтық себепті тек идеология ғана түзете алады. https://t.me/dalainside

Почувствуйте ритм Дубая с отелями Jumeirah Когда солнечные берега и моменты под открытым небом остаются в памяти, зимний свет наполняет Jumeirah новой энергией. Узнать больше #реклама jumeirah.com

Кейде кітаптың бір бетін ашып қаласың да, өз ойыңды оқып отырғандай күй кешесің. Біреу сенің көптен бері ішіңде жүрген сезіміңді дәл сен үшін жазып қойғандай. Өзің айта алмағанды айтып, өзің түсіндіре алмағанды түсіндіріп береді. Сондай сәтте кітап жай ғана кітап болмай қалады. Ол — сенің ішкі әлеміңе жазылған сөз, үнсіз ойларыңа берілген жауап. Сондықтан біз кей кітаптарды оқымаймыз, қайта сол кітаптардың ішінен өзімізді табамыз. Ең жақсы кітап — «мұны мен де ойлағанмын» дегізетін кітап. https://t.me/kzkitap

Выиграйте новый кроссовер от Satty Zhuldyz! Лотерея LOTO 6/49. Участвуйте в розыгрыше авто каждый месяц! Зарегистрироваться #
+2
Выиграйте новый кроссовер от Satty Zhuldyz! Лотерея LOTO 6/49. Участвуйте в розыгрыше авто каждый месяц! Зарегистрироваться #реклама sz.kz

Repost from DALA INSIDE
🏦 Депозиттің пайызы түссе де, халық үшін несие арзандамай жатыр Банкте ақша ұстайтындар депозит табысының азая бастағанын байқады. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені түсірген соң банктер де бірден депозит пайызын төмендетіп жатыр. Бірақ дәл осы кезде несие пайызы да арзандау керек еді. Банктер доллар өссе бағаны өсіріп, ал түссе бағаны арзандатпайтын сатушы сияқты әрекет етуде. Халықтың депозиттен пайдасы азайып, ал кредиттен шығыны көбейді. Биыл Ұлттық банк базалық мөлшерлемені үш рет қатарынан төмендетті. Маусымда 18 пайыздан 17 пайызға, шілдеде 16,75 пайызға, қыркүйекте 16,25 пайызға түсірді. Яғни бірнеше айдың ішінде базалық ставка 1,75 пайыздық тармаққа азайды. Бұл экономикадағы ақшаның құнын біртіндеп төмендетуге бағытталған қадам. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының мәліметі бойынша тамызда 11 банк депозит мөлшерлемелерін қайта қараған. Толықтыруға болатын жинақ салымдары бойынша бес банк пайызын төмендетіп, бір банк көтерген. Банктердің басым бағыты түсінікті. Олар халықтан тартатын ақшаның құнын азайтқысы келеді. Ұлттық банктің жаңа берілген теңгелік несиелер жөніндегі дерегін қарасақ, заңды тұлғалар үшін орташа мөлшерлеме мамырдағы 20,30 пайыздан тамызда 19,35 пайызға дейін төмендеген. Маусымда да, шілдеде де, тамызда да біртіндеп түскен. Яғни компаниялар үшін несие орта есеппен арзандаған. Жеке тұлғаларға берілген несиелерде жағдай басқаша. Мамырда орташа мөлшерлеме 22,66 пайыз болған. Маусымда 20,86 пайызға түсіп, шілдеде қайтадан 21,64 пайызға, тамызда 21,93 пайызға көтерілген. Бұл қатарға жеке кәсіпкерлердің несиелері де кіреді. Кредиттер бизнес үшін төмендеген. Ал халық, яғни жеке тұлғалар үшін еш арзандамай отыр. Дегенмен, қазіргі қолжетімді соңғы статистика тамыз айы бойынша берілген. Қыркүйектегі базалық мөлшерлеменің төмендеуіне банктер қалай жауап бергенін бұл дерек әлі көрсетпейді. Оны келесі есептерден көреміз. Биыл банктердің табысы азайды. Осы сегіз айда олардың жалпы таза пайдасы 1,61 триллион теңгеге шыққан. Бұл былтырғы көрсеткіштен 254 миллиард теңгеге төмен. Осы орайда кредит пайызын жоғары ұстау проценттік табысты өсіріп, шығысты азайтудың бір амалы болуы мүмкін. Онымен бірге банктер комиссиясы да қымбаттап келеді. Бір сөзбен айтқанда, банктер өздері үшін "супертабыс дәуірінің" аяқталғанымен мүлде келіспей отыр. Мүмкіндігінше баяғы табыс деңгейін сақтап қалуға жанталасуда. https://t.me/dalainside