cookie

Utilizamos cookies para mejorar tu experiencia de navegación. Al hacer clic en "Aceptar todo", aceptas el uso de cookies.

avatar

📚Электронды кітаптар

📚Оқу - бiлiм қазығы, Адамның азығы. Оқу өмірдің сәні, Тіршіліктің шамы. 📒Бизнес кітаптар 📒Әлем мен Қазақ әдебиеті 📒Психология 📒Мотивация Dalanews экосистемасына кіреді Стоимость рекламного поста 25 000 тенге 📍Реклама @dalareklanabot

Mostrar más
Advertising posts
33 928Suscriptores
-124 hours
-487 days
-59430 days

Carga de datos en curso...

Tasa de crecimiento de suscriptores

Carga de datos en curso...

Repost from DALA INSIDE
☢️ Уран аралас су. Қазақстан Қауіпсіздік кеңесін шақыра ма? Экологтар мен Қазатомпромның атом мамандары тез арада жабық жұмыс тобына шоғырлануы ықтимал. Ресейдің Қорған қаласында қарғын су уран қалдықтары көмілген жерасты ұңғыларын шайып, Тобыл өзеніне аға бастады деген бейресми ақпарат тексеріле бастады. Қазақстанға ағатын Тобыл өзеніне дозиметрлік бақылау орнату шаралары қолға алынуын да жоққа шығармаймыз.
Ең сорақысы, Тобыл өзенінің мол суы Қазақстандағы су қоймаларын толтырып жатыр. Су ресурстары мен ирригация министрлігі "Тобыл өзені каскадының ірі су қоймалары тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті және 92%-ға толды, бұл осыған дейінгі жылдармен салыстырғанда әлдеқайда артық. Осының арқасында су қоймалары ұзақ уақыт бойы аймақ тұрғындарын қажетті мөлшерде сумен қамтамасыз ете алады", - деп, қуана рапорт берген болатын.
Ол су радиациямен уланған болса, Қазақстан мүлде күтілмеген, анағұрлым қауіпті проблемамен кездеспек. Тобыл каскадындағы су қоймаларынан ауыз су алмақ түгіл, оны ауылшаруашылығы мақсатында жұмсау Қостанай облысының бүкіл территориясын жарамсыз ете алады. Тобыл суы Жоғарғы Тобыл, Қаратомар, Амангелді, Желқуар, Қызылжар су қоймаларын толтыруда. Өзен бойында Жітіқара, Лисаковск, Рудный және Қостанай қалалары орналасқан. DALA INSIDE бұл мәселені жіті бақылап отыр. Инсайдерлермен тікелей байланыста болады 👇 https://t.me/dalainside
Mostrar todo...
👍 2
Repost from DALA INSIDE
🏗️ Сәтмағамбетов үшін жағдай ушықпақ. G-Park мәселесіне Премьер-Министр назар аударды ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында "G-Park" құрылыс компаниясының Астанада 7 тұрғын үйді рұқсат құжаттарынсыз салып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар осы үйлерге 3,5 отбасының қаржы салып қойғандығын айтты.
Өндіріс және құрылыс министрлігі мәліметінше, проблема өршіп барады. Қазір ел бойынша 340 тұрғын үй кешені заңсыз салынуда.
Астана мәслихатының экс-депутаты, G-Park басшысы Ғабит Сәтмағамбетовты үлкен проблемалар күтіп тұр дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Премьер-Министр Олжас Бектеновтың дәл осы құрылыс компаниясын атап айтқаны, Сәтмағамбетовтың әр қадамын аңдып отырған құқық қорғау органдары үшін сигнал болуы да мүмкін. Одан бөлек, Астана әкімі Жеңіс Қасымбек те "Сәтмағамбетов мәселесін" тезірек шешуге ниетті. Сәтмағамбетовтың өзін жауапқа тартумен іс бітпейін деп тұр. Экс депутат көп нәрсені бүлдірген. Іс насырға шапса, мемлекетке оның нысандарын өз қарауына алып, құжаттарын реттеп, кепілдік механизмі аясында салып бітіруге тура келеді. Себебі, 3,5 мың үлескер әлеуметтік толқулар туғыза алатын күшке ие. Осының алдында Астана полициясы Сәтмағамбетов құрылтайшы болып табылатын "Нұр-Сұлтан Финанс" ЖШС үлескерлерінің арызы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.
"Астана қаласы Есіл ауданының полиция басқармасы үлескерлердің өтініші бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуде. Оның негізінде істің мән-жайын анықтау үшін тиісті шаралар қабылданады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесі бойынша кінәлі тұлғалардың іс - әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, аталмыш іс бойынша шешім қабылданатын болады", - деп жауап берген еді, Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ редакциясының жолдаған сауалына.
Қоғам үлескерлер проблемасына алаңдап отырғандықтан Астана қаласы Полиция Департаментіне "аталмыш тергеп-тексеру жұмыстарының нәтижесі қандай болды?" деген сауал жолдаймыз. Осы постты ресми сауал деп қабылдауын сұраймыз. DALA INSIDE Астанадағы үлескерлер проблемасын бақылап отыр. Заңсыз құрылыс, алданған үлескерлер бойынша жағдай қайтадан нашарлап барады. 👇 https://t.me/dalainside
Mostrar todo...
👍 5
Осы демалыста Алматы, Астана мен Шымкентте не істейміз? Күндерді қалай қызықты және тегін өткізуге болады? Оның жауабын алу үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына жазылыңыздар! Алматы мен Астанада сізді көрмелер, ал Шымкентте лекция күтіп тұр. Осының барлығы тегін. Уақыттары мен өтетін орны сізге қолайлы. Сілтеме төменде https://t.me/uidezhatpa
Mostrar todo...
🥰 3👍 1
Барлығымыз күтіп жүрген викторина! Кешкі сағат 18:00-де "Үйде жатпа!" арнасынан жіберіп алмаңыздар! Викторина сыйлықтарына кенеліңіздер! Киноға тегін билеттер алыңыз. Кино ғана емес, концерт, театрға да тегін бара аласыз! Баратын күнін, шараны да өзіңіз таңдайсыз! Ол үшін "Үйде жатпа!" телеграм арнасына төмендегі сілтемемен жазылыңыз. Викторина шарттары сондағы постта көрсетілген. Қатысыңыз, билеттер ұтыңыз!⤵️ https://t.me/uidezhatpa
Mostrar todo...
2020 жылы 18 сәуірде Халықаралық Түркі академиясы көпшілікке ғылыми еңбектерін тегін оқуға мүмкіндік берді. Онлайн кітаптар қазақ, түрік, әзірбайжан, ағылшын, қырғыз, орыс, моңғол және басқа да туысқан халықтар тілінде жарыққа шықты. Олардың мазмұны түркі әлемінің тарихына, бай әдеби мұрасына, тарихи жазба ескерткіштері мен түркі тілдеріне қатысты зерттеулерге негізделген. Сонымен қатар еңбекте туысқан елдердің этнографиясы, фольклоры мен салт-дәстүрі қамтылған. Кітаптарды мына сілтемеге өту арқылы таңдай аласыз: https://turkicacademy.org/kz/izdaniya/knigi/vse https://t.me/uidezhatpa/9910
Mostrar todo...
5
Repost from DALA INSIDE
⚡️ Адам құқығы жөніндегі уәкіл қоғамда қызу талқыланған заңға қатысты пікір білдірді... Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев жақында қабылданған «Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» заңға қатысты пікірін білдірді.
Ол әлеуметтік желілерде тараған «заң балаларды тартып алуға ықпал етеді» деген теріс пікірдің жалған екенін баса атап өтті.
Сондай-ақ омбудсмен заң, ең алдымен, отбасын қорғауға және дәстүрлі-ұлттық отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталғанын атап өтті. https://t.me/dalainside
Mostrar todo...
3👍 2🔥 2💯 2
Қазақстан абьюзерліктің шегіне жетті. Ары қарай құз. Соңғы барьер ретінде заң қабылдап отырмыз. Аюды таяқпен үйрету дегенді білдіреді. Осының барлығы әйел анандай болу керек, мынау мынандай болсын дегеннен шықты. Көбіне ұнамайтын ащы шындық бар - расында ешкім ешкімге ештеңе қарыз емес. Ешкім ешкімнің нотациясын тыңдап, соған бола өзін кінәлі сезінуге міндетті емес. Бұл шындық әйелінің мойнына отырып алған абьюзер еркекке, еркектің балағына жабысып жатып алған абьюзер әйелге ұнамайды. Кезінде әнтек жымиып "мен енді ешкімге ештеңе қарыз емеспін" деп салқынқанды айтқан фразам айналамда паника тудырған еді. Сен ешкімге ештеңе қарыз емессін. Сен ештеңеге ештеңе үшін кінәлі емессін. Осыны түсінген адамның отбасында басында бунт болса да, артынан кейін өзара жаймашуақ гармония орнайды деп сенемін. Студент кезінде ағам үйленіп, үйге жеңге түсірді. Ауылдан марқұм апамдар келді. Мен әдетімше кешке қарай ішкі киімім мен шұлығымды жуып алайын деп ваннада шаруамды бітіріп отырсам, апам көріп, "ойбай жас келін, бала киімін жуып отыр деген не масқара" деп зарлағаны әлі есте. Еңгезердей азамат өз шұлығын өзі жуа алмаса, үлкендердің ойынша жумауы тиіс болса, бұл не деген дебилойдтар қоғамы деген ой сол кезде келген. Болашақ абьюзерлер, қолынан дым келмейтін дебилойдтар осылай тәрбиеленгені анық. Бәрін басқа біреу істеп беру керек, бәрі саған қарыз, сен бәріне ренжіп, тіпті төмпештеп жүру керексің. Пофигизм туралы көп оқығандықтан, дені сау пофигизмнің қоғам дертін емдей алар күшін байқадым. Сара Найт, Марк Мэнсон сынды авторларды іздеп көрсеңіз, көп мәселені шеше аласыз. "Әбіржіп кеткен, ренжіп жүрген әйел + үстел толған тамақ, таза үй" VS "Өзіне ұнайтын бизнесті дамытып жүрген, өз ортасы бар әйел + үйде не керек болса (тамақ, тазалық, үтіктелген киім) өзің жасап ал" системасында мен екінші нұсқаны таңдадым. ®Айбар Олжаевтың фейсбук жазбасынан https://www.facebook.com/share/p/DcUHMMYjnCRXjbsE/?mibextid=oFDknk
Mostrar todo...
👍 31 22😢 1
Repost from DALA INSIDE
🇺🇲⚡🇷🇺 "Парасат" операциясы: Ресей ТЭЦ-ті реттегеннен кейін Теңіз мұнайына ауыз салады Қазақстанды толық өз орбитасында қалдыру үшін Ресейге қазақ мұнайына иелік ету қажет. ФСБ жабық докладтарында "Шеврон мен Тоталдың Қазақстанға келуі Ресей лоббиінің салғырттығы" деп бағаланған. Енді алдағы 2-3 жылда Ресей өзі қаржыландыратын ақпараттық агенттер арқылы Қазақстандағы американдықтарға қарсы қаралау кампаниясын жүргізбек.
Батыс облыстарда "Мас американдық Атырауда қазақ қызын зорлады", "АҚШ Қазақстанды "гейлерге тиіспе" деп қысымға алып жатыр" деген тұрмыстық сценарийлер ойластырылатын болады. Дереккөз сөзінше, халық бір шулағаннан кейін, қоғамдық қозғалыс құрылып, ол "Шевронның кетуін" талап етіп, шерулер ұйымдастыру жоспарланған.
Операцияның алғашқы кезеңінде «Парасат» кәсіпкерлер альянсының үйлестіру кеңесі лоббистік қадам жасады. Олар Президентке Ресейдің батыста бұғатталып жатқан активтері есебінен Шеврон, басқа да батыс инвесторларының Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарындағы үлесін сатып алуды ұсынып отыр. Сонда мұнай саласына қазіргі батыс компанияларының орнына Ресей келсін деген ұстаным айтылды. Онымен бірге, Қазақстан Ресей ақшасын бұғаттан шығара алса, Росатом бізге АЭС салып бере алады деген идея көтеріп отыр. "Парасат" кәсіпкерлер альянсын даулы кәсіпкер Олег Пак басқарса, оның үйлестіру кеңесінің төрағасы - Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи. Ал мұнайға қатысты бастама ресейшіл сарапшы Олжас Байділдинов тарапынан көтерілген. Оның есебінше, қазіргі контракттар ел бюджеті үшін мүлде тиімсіз.
"Кез-келген утопиялық ұсыныс белгілі бір дәрежеде ой тастауға бағытталған. Оны Парасаттағылар жақсы біледі және маневрларын Ресей мүддесін қорғау үшін жасап отыр", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.
Батыс Ресейдің 300 миллиард долларға парапар алтын-валюта резервін бұғаттады. Оны Ресей басқара алмайды. Бұғатталған ақшаны шешу тіпті сондай шешім қабылданса да бірнеше жылдарға созылатыны белгілі. Сондықтан Ресей бұғатталған қорды Қазақстан атына аударады, сол кезде Батыс ақшаны шешіп бізге береді деген іске аспайтын бос сөз. Батыс ол 300 миллиард долларды ешкімге берейін деп отырған жоқ. Шеврон контракты аяқталуға жақындап қалған сайын Орталық Азиядағы текетірес бәсі жоғарылап барады. Ресей ашық лоббимен белсенді қимылдай бастады. АҚШ та өз қарымта қадамын жасайтыны анық. Мұндай істе олар өте шебер. Ресей де, АҚШ та осы ретте қазақтілді депутаттарды пайдаланып қалуға мүдделі. Жыл аяғында қай депутаттың қай алпауыттың етегінен ұстағаны белгілі болмақ. DALA INSIDE жақында уран, Ескі Қазақстанның Дариға арқылы жасалған кегі мен PRONTO-ның қайта оралуы туралы жазатын болады. Бізден алшақтамаңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Mostrar todo...
👍 6 3
Repost from DALA INSIDE
🥬 Боялған ақша: тасқын су жемқорлықты шайып кете ме? Егер Антикор мен Ұлттық Банк мемлекеттік шығынға дайындалған ақшаны екі айда цифрлі теңгеге конверттесе, «Жаңа Қазақстан» биыл орнауы мүмкін дейді, DALA INSIDE дереккөзі. Су тасқыны аяқталғаннан кейін, оның зардабын жойып, елді мекендерді қайта қалпына келтіруге қыруар қаржы кетпек. Және оның кейбір жемқор шенеуіктер тарапынан талан-таражға түсу қаупі бар. «Сол жағалау» дәл осы төтенше жағдайдан кейінгі жұмысқа Үкімет резервін жұмсауда цифрлі теңге системасын тест ретінде пайдаланып көру туралы жабық консультациялар өткізуді ойластыра бастады. Әу баста, цифрлі теңге биылдан бастап жол құрылысында тест ретінде өтуі тиіс болатын. Күптеген төтенше жағдай, және оның салдарына қыруар мемлекеттік қаржы жұмсалуы тиіс болып тұрғандықтан, билік цифрлі теңге күшін уақыт оздырмай осы бағытта тексеріп көру мүмкіндігін қарастыруға көшкен.
«Соңғы сөз Антикор мен Ұлттық Банкта. Технологиялық тұрғыдан дайынбыз ба, барлық сатып алу жүйелері бейімделді ме деген сұрақтарға Ұлттық Банкке қарасты Ұлттық төлем корпорациясы жауап беруі керек. Антикор өз тарапынан жедел анализ жасауы тиіс. Егер Үкімет цифрлі теңгені апаттан кейінгі қайта қалпына келтіруге енгізіп үлгере алмаса, онда ескі жоспарға оралады. Ондай жағдайда цифрлі теңге жол құрылысында пилоттан өтпек», - дейді, дереккөз.
Цифрлі теңге қолма-қол ақша емес. Тура сол теңге, бірақ электронды әмианда болады. Үкімет цифрлі теңгеге белгі соқса (ақшаны бояу), оның қайда аударылғанын, қандай мақсатта жұмсалғанын, кімнің қолында жүргенін көріп отырады. Белгі соғылған цифрлі теңгені ұрлау, ол арқылы жемқорлық жасау өте қиын. Сондықтан болашақта тендерлер, мемлекет тарапынан төленетін барлық қаржы осы цифрлі теңге форматына өтпек. Су тасқынының зардаптарын жоюға кемінде 250-300 миллиард теңге қажет болуы мүмкін. Бұл 700 миллион долларға тең. Өте үлкен, қыруар ақша. Бюджет дефициті кезінде жемқорлыққа жол беруге мүлде болмайтынын орталық билік жақсы түсініп отыр. DALA INSIDE жемқорлықпен цифрландыру арқылы күрес барысын бақылап отыр. Бізбен бірге болыңыздар 👇 https://t.me/dalainside
Mostrar todo...
👍 8 3👎 1
Кыргызский музыкант Викрам Рузахунов заявил о задержании подозреваемых в его пытках в ходе январских событий в Алматы, передает корреспондент агентства. «Хорошие новости по расследованию пыток наконец-то есть! Мое дело передано в генеральную прокуратуру Республики Казахстан. Два сотрудника из этой структуры специально командированы из Астаны в Алматы, чтобы довести начатое до логического конца. На данный момент задержаны и помещены под стражу пока четверо из опознанных ранее сотрудников полиции (один из них уже признал факт пыток и насилия, второй нанимает грязных блогеров и продажных журналистов для вброса очередной порции лжи и обмана, пытается использовать своих детей и мать, грозящую устроить акцию самосожжения)», - написал Рузахунов на своей странице в социальной сети. Также он сообщил о наличии множества других потерпевших по данному делу. «У людей постепенно просыпается сознание и в рядах потерпевших теперь уже 22 человека – тех самых, которые вместе со мной были подвергнуты жестокости и унижению со стороны правоохранительных органов – в то же время и в том же месте. Я теперь не один, как был тогда после случившегося в январе! Нас уже много! Генеральная прокуратура заверила нас, что доведет дело до логического конца, а задержание первых четырех преступников в погонах – только начало. Остальных также настигнет карма», - добавил музыкант. Он уверен, что «от ответственности никто не уйдет». «Нет пыткам, нет насилию!!! Верховный суд на стадии изучения гражданского дела по иску к МВД – пока молчит. Возможно, все события взаимосвязаны и теперь они думают над тем, какие ошибки допустили их коллеги из районного и городского судов Астаны. Требование было – принести официальные извинения за пытки и распространение ложной информации. А теперь в деле появились дополнительные доказательства! Следствие продолжается», - заключил Рузахунов. Напомним, 9 января 2022 года государственное телевидение Казахстана показало избитого мужчину, который утверждал, что 2 января ему купили билет до Алматы и он приехал из Кыргызстана, чтобы заработать Т90 тыс. за участие в митингах. В мужчине почти сразу же узнали кыргызского музыканта Викрама Рузахунова, кроме того, спецслужбы Кыргызстана сообщили, что билет джазмена в Алматы был куплен еще 16 декабря. После разразившегося скандала Рузахунов был отпущен на родину, а государственные СМИ поспешно удалили все видео с музыкантом. 10 февраля музыкант сообщил, что подвергся пыткам со стороны казахстанских силовиков и едва избежал гибели.
Mostrar todo...