QORJIN
Ir al canal en Telegram
QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.
Mostrar másEl país no está especificadoLa categoría no está especificada
237
Suscriptores
Sin datos24 horas
+17 días
+130 días
Archivo de publicaciones
237
📈🇰🇿🛢 Қазақстан мұнайы Brent-тен қымбат: Негізгі себептер
Нарықта сирек кездесетін жағдай: біздің CPC Blend маркалы мұнайымыз әлемдік эталон Brent-тен асып түсті.
💰 Қазіргі баға: $117,65 (CPC) vs $97,9 (Brent). Айырмашылық - тұтас $20!
🤔 Бұл неге?
Әдетте біздің мұнай Brent-тен әрқашан арзан сатылатын. Себебі: логистика күрделі, теңізге тікелей шығыс жоқ, тасымал тәуекелі жоғары. Сондықтан сатып алушыларға әрдайым жеңілдік (дисконт) берілетін.
📊 Неге баға шарықтап кетті?
1️⃣ Геосаясат: Таяу Шығыстағы шиеленіс жеткізілімге қауіп төндірді. Нарық «тыныш» аймақтардан мұнай іздей бастады.
2️⃣ Сапа: CPC Blend - күкірті аз, жеңіл мұнай. Мұндай шикізатты өңдеу зауыттар үшін өте тиімді.
3️⃣ Сұраныс: Еуропа мен Азия қазір осы марканы жарыса сатып алып жатыр. Сұраныс жоғары жерде - баға да жоғары.
🛢️ CPC Blend деген не өзі?
Бұл - біздің басты экспорттық мақтанышымыз. Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ мұнайының қоспасы. Ол КТК (Каспий құбыр консорциумы) арқылы Новороссийск портына дейін жетіп, әлемге тарайды.
💰 Бұл біздің қалтамызға қалай әсер етеді?
Мұнай - бюджеттің «күре тамыры».
▪️ Елдегі барлық салықтың 30–36%-ы осы саладан түседі.
▪️ ЖІӨ-нің 20%-ын мұнай құрайды.
Яғни, мұнай қымбат болса - Ұлттық қор толығады, бюджеттік жобаларға ақша көбейеді.
💡 Түйін:
Қазіргі «қымбатшылық» - уақытша тренд болуы мүмкін. Нарық саябырсығанда баға бұрынғы қалыпқа (Brent-тен төмен) қайта келеді. Бірақ дәл қазір Қазақстан мұнайы әлемдік нарықта трендте! 🇰🇿
237
📊🇰🇿KASE биржасында жаңа ETF қорлары саудаға шықты: не білу керек
❓ Не зат:
✅ BCC Invest пен KASE екі ETF қорын іске қосты,
✅ бұл ETF жаппай инвесторға бағытталған.
✅ Қандай ETF:
1️⃣ KASXf - KASE акциялар индексіне байланған,
2️⃣ MBM_f - мемлекеттік бағалы қағаздар индексіне байланған.
📈 Бағасы мен шарттары:
✅ номинал бағасы - ₸1,
✅ комиссия - 0,5%.
📊 Құрамы (KASXf) - ТОП-5 акция ~75%: КазМунайГаз (KMGZ) - 19,15%, Halyk (HSBK) - 14,53%, BCC (CCBN) - 14,34%, Kazatomprom (KZAP) - 13,82%, Kaspi (KSPI) - 13,72%.
📊 Құрамы MBM_f:
✅ 75% - мемлекеттік бағалы қағаздар,
✅ 25% - РЕПО нарығы.
ℹ️ ETF деген не:
✅ ETF - акциялар мен облигациялардан тұратын қор,
✅ ол биржада бір акция сияқты саудаланады,
✅ бір ETF сатып алу арқылы бірнеше активке бірден инвестиция жасайсыз.
☢️ Маңыздысы:
⚠️ Сауда басталған күні баға ₸1-ден ₸1,5-ке дейін өсті (+50%),
⚠️ бірақ бұл тұрақты өсім емес.
QAMS атқарушы директоры Данияр Темірбаевтың ескертуі:
💬 «Алайда KASXf бастапқы бағасы ₸1 болғандықтан, спекулянттардың “ойыншығына” айналып кетуі мүмкін деп алаңдаймын. Мұндай “арзан баға” эффектісін біз бұрын ForteBank акцияларында көрдік ₸3–5 деңгейінен оларды жасанды түрде қатты өсірді.
Егер KASE мен BCC Invest бағаны манипуляциялау әрекеттерінің алдын алмаса, мұндай жағдайлар қайталануы мүмкін. 10 сәуірдегі сауданың басында баға ₸1-ден ₸1,5-ке дейін, яғни 50%-ға өсті. Бірақ ₸1-ден сатып алғандардың бәрі бірдей ₸1,5-ке сата алмады ондай бағамен сатып алушылар болмады».
Қарапайым тілмен:
✔️ баға тез өссе - тәуекел де жоғары,
✔️ түсінбей кірсеңіз - шығынға ұшырау ықтималдығы жоғары,
✔️ инвестиция - алдын ала ойластырылған шешім.
⚠️Неден сақ болу керек:
✅ ажиотажға ермеу,
✅ тек өсімге қарап шешім қабылдамау,
✅ әр инвестицияны түсініп жасау.
❗️❗️❗️ Бұл материал инвестициялық ұсыныс болып табылмайды!
237
🔝 QAMS QORJIN атты жаңа Telegram-арнасын іске қосты
✅ Қазақстанның миноритарлық акционерлер қауымдастығы QAMS қазақ тіліндегі қаржылық сауаттылыққа арналған жаңа Telegram-арнаны іске қосты.
✅ Қауымдастық туралы толығырақ: qams.kz.
❓Арна туралы:
✅ Арна қаржы нарығына, инвестицияға, депозитке, несиеге және жеке ақша басқаруға қызығатын барша адамға арналған.
✅ Біз бұл арнаны бір себеппен аштық: қазақ тілінде қаржы туралы қарапайым, тұрақты және пайдалы контент дамыту.
✅ Көп адам қаржылық шешімді түсінбей қабылдайды, кейде алаяқтарға алданып қалады, кейде өз ақшасына өзі ие бола алмай жатады.
✅ QORJIN осы жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін құрылды: қаржы әлемін түсінікті тілмен жеткізу, маңызды жаңалықтарды қарапайым етіп түсіндіру, пайдалы дағды қалыптастыру.
❓Неге QORJIN?
✅ Қоржын қазақта жинақтың, ырыстың, сақталған дүниенің белгісі.
✅ Қаржы тілінде де бұл атау жақын: әр адамның өз ақшасы, өз қоры, өз инвестициялық қоржыны бар.
✅ Сондықтан QORJIN тек атау емес, бұл ақшаға саналы қараудың белгісі.
❓ Бұл арнада не болады?
✅ Қаржы нарығындағы маңызды жаңалықтар,
✅ Инвестицияны қарапайым тілмен түсіндіру,
✅ Депозит, несие, карта, инфляция, валюта туралы пайдалы материалдар,
✅ Алаяқтық схемаларды талдау,
✅ Өмірден алынған мысалдар,
✅ Кейде юмор, кейде ащы шындық, бірақ әрдайым пайдалы контент.
✅ Біздің мақсат: қаржыны күрделендірмей, қазақша, түсінікті және қызықты жеткізу.
📌 QORJIN арнасына қош келдіңіздер!
237
📄QORJIN арнасының ережелері:
✅ Бұл жоба өз күшімізбен, қоғамдық негізде жасалып жатыр.
✅ Біз ақпаратты барынша дәл және түсінікті жеткізуге тырысамыз, дегенмен кейбір қателіктер болуы мүмкін, сол үшін түсіністікпен қарауды сұраймыз.
✅ Қазақта сөз бар: көш жүре түзеледі.
🗿 Негізгі ережелер:
✅ Пікірлерде жеке адамға тиісуге болмайды.
✅ Қорлау, балағат сөздер, агрессияға жол берілмейді.
❗️ Бұл арнада саясат, соғыс, дін тақырыптары қарастырылмайды және пікірлерде де бұл тақырыптарды көтерудің қажеті жоқ.
🚫 Ережелер сақталмаған жағдайда - блок қойылады.
🙏 Бір-бірімізге құрметпен қарайық, пікір мәдениетін сақтай.
¡Ya disponible! Investigación de Telegram 2025 — los principales insights del año 
