QORJIN
Ir al canal en Telegram
QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.
Mostrar másEl país no está especificadoLa categoría no está especificada
243
Suscriptores
Sin datos24 horas
+37 días
+730 días
Número de Publicaciones
Carga de datos en curso...
Reacciones
Comentarios
Estrellas de Telegram
PUBLICACIONES TOP por
Carga de datos en curso...
Análisis de publicación
Mensajes | Ver dinámicas | |||||
💳 Онлайн-кредит рәсімдеу кезінде қандай қорғаныс тетіктері қолданылады?
Онлайн-кредит беру кезінде азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғауға бағытталған қосымша талаптар қолданылады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі негізгі қорғаныс тетіктерін еске салды.
🗣️ Қандай шаралар қарастырылған?
✅ Ірі онлайн-кредиттер бойынша міндетті «шешім қабылдау кезеңі» енгізілген. Осы уақыт ішінде банк операцияны қосымша тексереді.
✅ Алғаш рет 649 мың теңгеден жоғары кепілсіз кредит алатын азамат мұндай кредитті банк бөлімшесіне барып, биометриялық сәйкестендіруден өткеннен кейін ғана рәсімдей алады.
✅ 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтар үшін онлайн-кредитті рәсімдеу қосымша келісім бергеннен кейін ғана мүмкін.
⚠️ Нені білу маңызды?
Онлайн-кредит беру кезінде міндетті биометриялық сәйкестендіру жүргізіледі, ал банк күмәнді белгілер анықталған жағдайда қосымша тексеру жүргізуге құқылы.
💡 Түйін:
Қолданыстағы қорғаныс тетіктері кредитті азаматтың еркінен тыс немесе алаяқтардың ықпалымен рәсімдеу тәуекелін төмендетуге бағытталған. | 74 | 0 | 0 | 5 | Loading... | |
Sin texto... | 1 457 | 1 | 0 | 3 | Loading... | |
🛡️ eGov арқылы өз атыңызға кредит рәсімдеуге тыйым салуға болатынын білесіз бе?
Егер өз атыңызға алаяқтардың кредит рәсімдеуінен қорғанғыңыз келсе, eGov порталында кредит алудан ерікті түрде бас тарту қызметін пайдалана аласыз.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл тетік алаяқтық кредиттердің алдын алуға көмектесетінін еске салады.
🗣️ Нақтырақ айтқанда:
✅ eGov арқылы өз атыңызға кредит пен микрокредит рәсімдеуге тыйым қоя аласыз.
✅ Бұл ақпарат автоматты түрде кредиттік бюроларға және барлық банктер мен микроқаржы ұйымдарына жіберіледі.
✅ Егер қолданыстағы тыйымға қарамастан кредит берілсе, мұндай берешек заңнамаға сәйкес есептен шығарылуға жатады.
⚠️ Нені білу маңызды?
Қызмет іске қосылғалы бері оны 6,5 миллионнан астам азамат пайдаланды.
💡 Түйіндесек:
Егер өзіңізді қаржылық алаяқтықтан қосымша қорғағыңыз келсе, eGov порталындағы кредит алудан ерікті түрде бас тарту қызметін пайдалана аласыз. | 93 | 0 | 0 | 4 | Loading... | |
Sin texto... | 1 540 | 1 | 0 | 4 | Loading... | |
🛡️ Сақтандыру компаниясымен дау туындаса, қайда жүгінуге болады?
Егер сақтандыру төлеміне қатысты келіспеушілік туындаса, бірден сотқа жүгінудің қажеті жоқ.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда сақтандыру омбудсманы институты жұмыс істейтінін еске салады.
🗣️ Сақтандыру омбудсманы не істейді?
✅ Сақтандыру ұйымымен туындаған дауларды сотқа жеткізбей қарауға көмектеседі.
✅ Өтініштерді тегін қарайды.
✅ Тараптардың ұстанымын зерделеп, әділ шешім қабылдауға ықпал етеді.
⚠️ Нені білу маңызды?
Сақтандыру омбудсманына жүгінбес бұрын сақтандыру компаниясына өз талабыңыз туралы алдын ала хабарлап, 3 жұмыс күні күту қажет.
Егер мәселе шешілмесе немесе жауап болмаса, омбудсманға өтініш беруге болады.
💡 Түйін:
Сақтандыру омбудсманы – сақтандыру ұйымымен дауды сотсыз шешуге мүмкіндік беретін тегін тетік. Сондықтан құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз, алдымен осы мүмкіндікті пайдаланған жөн. | 101 | 0 | 0 | 6 | Loading... | |
Sin texto... | 1 707 | 1 | 0 | 4 | Loading... | |
📈 Қазақстан Ұлттық Банкі алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертеді
Әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және форумдарда «токенделген алтынға», «жасанды интеллект әзірлемелеріне» және «трейдер-роботтарға» ақша салып, кепілді түрде жоғары табыс табуды уәде ететін жаңа инвестициялық алаяқтық схемалары көбейді.
🗣️ Алаяқтар қалай әрекет етеді?
✅ Жалған платформалар: Өздерін қаржылық кеңесші ретінде таныстырып, графикасы, мәмілелер тарихы мен жеке кабинеті бар жасанды сайттарға тіркелуге көмектеседі.
✅ Сенімге кіру: Алғашқы кезеңде пайдаланушының сеніміне кіру үшін «пайданың» азғантай сомасын шығарып алуға мүмкіндік береді.
✅ Ірі соманы талап ету: Кейін ірі сома салғызып, ақшаны шығару кезінде салық, комиссия немесе сақтандыру төлеуді талап етеді. Заңды түр көрсету үшін мөрі мен қолы бар жалған құжаттар жібереді. Төлем жасалған соң байланысты үзеді.
⚠️ Нені білу маңызды?
Ұлттық Банк қызметкерлері аудио/видеоқоңыраулар шалмайды, жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақша салып инвестициялауды ұсынбайды және сақтандырумен айналыспайды.
💡 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:
Алаяқтық әрекеттерге тап болсаңыз, бірден құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Ал кеңес алу үшін Ұлттық Банктің 1477 қысқа нөміріне хабарласуға болады. | 109 | 0 | 0 | 5 | Loading... | |
Sin texto... | 1 825 | 1 | 0 | 3 | Loading... | |
🏦 МҚҰ жабылса, қарыз да есептен шығарыла ма?
Кейбір азаматтар микроқаржы ұйымының қызметі тоқтатылса, қарыз автоматты түрде есептен шығарылады деп ойлайды. Бірақ бұл дұрыс емес.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мұндай жағдайда да қарыз алушының міндеттемелері сақталатынын түсіндірді.
🗣️ Нені білу маңызды?
✅ МҚҰ лицензиясынан айырылса да, микрокредит бойынша берешек жойылмайды.
✅ Қарызды жаңа кредиторға немесе талап ету құқығы берілген ұйымға өтеу қажет болуы мүмкін.
✅ МҚҰ жабылғаннан кейін де оның кредиттік портфелі белгілі бір уақыт бойы сақталады.
⚠️ Қарыз рәсімдер алдында не істеу керек?
Компанияның лицензиясы бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіз.
Шартқа қол қоймас бұрын пайыздық мөлшерлемені, мерзімін және кешіктірілген жағдайда қолданылатын талаптарды мұқият оқып шығыңыз.
💡 Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:
МҚҰ қызметінің тоқтатылуы қарыз есептен шығарылғанын білдірмейді. Сондықтан кредит алар алдында ұйымның заңды қызмет атқаратынына және шарт талаптарына міндетті түрде назар аударыңыз. | 125 | 1 | 0 | 7 | Loading... | |
Sin texto... | 1 896 | 1 | 0 | 2 | Loading... |

