uk
Feedback
QORJIN

QORJIN

Відкрити в Telegram

QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.

Показати більше
Країна не вказанаКатегорія не вказана
237
Підписники
Немає даних24 години
+17 днів
+130 день
Архів дописів
photo content

📈🇰🇿🛢 Қазақстан мұнайы Brent-тен қымбат: Негізгі себептер Нарықта сирек кездесетін жағдай: біздің CPC Blend маркалы мұнайымыз әлемдік эталон Brent-тен асып түсті. 💰 Қазіргі баға: $117,65 (CPC) vs $97,9 (Brent). Айырмашылық - тұтас $20! 🤔 Бұл неге? Әдетте біздің мұнай Brent-тен әрқашан арзан сатылатын. Себебі: логистика күрделі, теңізге тікелей шығыс жоқ, тасымал тәуекелі жоғары. Сондықтан сатып алушыларға әрдайым жеңілдік (дисконт) берілетін. 📊 Неге баға шарықтап кетті? 1️⃣ Геосаясат: Таяу Шығыстағы шиеленіс жеткізілімге қауіп төндірді. Нарық «тыныш» аймақтардан мұнай іздей бастады. 2️⃣ Сапа: CPC Blend - күкірті аз, жеңіл мұнай. Мұндай шикізатты өңдеу зауыттар үшін өте тиімді. 3️⃣ Сұраныс: Еуропа мен Азия қазір осы марканы жарыса сатып алып жатыр. Сұраныс жоғары жерде - баға да жоғары. 🛢️ CPC Blend деген не өзі? Бұл - біздің басты экспорттық мақтанышымыз. Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ мұнайының қоспасы. Ол КТК (Каспий құбыр консорциумы) арқылы Новороссийск портына дейін жетіп, әлемге тарайды. 💰 Бұл біздің қалтамызға қалай әсер етеді? Мұнай - бюджеттің «күре тамыры». ▪️ Елдегі барлық салықтың 30–36%-ы осы саладан түседі. ▪️ ЖІӨ-нің 20%-ын мұнай құрайды. Яғни, мұнай қымбат болса - Ұлттық қор толығады, бюджеттік жобаларға ақша көбейеді. 💡 Түйін: Қазіргі «қымбатшылық» - уақытша тренд болуы мүмкін. Нарық саябырсығанда баға бұрынғы қалыпқа (Brent-тен төмен) қайта келеді. Бірақ дәл қазір Қазақстан мұнайы әлемдік нарықта трендте! 🇰🇿

photo content

photo content

📊🇰🇿KASE биржасында жаңа ETF қорлары саудаға шықты: не білу керекНе зат:BCC Invest пен KASE екі ETF қорын іске қосты, ✅ бұл ETF жаппай инвесторға бағытталған. ✅ Қандай ETF: 1️⃣ KASXf - KASE акциялар индексіне байланған, 2️⃣ MBM_f - мемлекеттік бағалы қағаздар индексіне байланған. 📈 Бағасы мен шарттары: ✅ номинал бағасы - ₸1, ✅ комиссия - 0,5%. 📊 Құрамы (KASXf) - ТОП-5 акция ~75%: КазМунайГаз (KMGZ) - 19,15%, Halyk (HSBK) - 14,53%, BCC (CCBN) - 14,34%, Kazatomprom (KZAP) - 13,82%, Kaspi (KSPI) - 13,72%. 📊 Құрамы MBM_f: ✅ 75% - мемлекеттік бағалы қағаздар, ✅ 25% - РЕПО нарығы. ℹ️ ETF деген не: ✅ ETF - акциялар мен облигациялардан тұратын қор, ✅ ол биржада бір акция сияқты саудаланады, ✅ бір ETF сатып алу арқылы бірнеше активке бірден инвестиция жасайсыз. ☢️ Маңыздысы: ⚠️ Сауда басталған күні баға ₸1-ден ₸1,5-ке дейін өсті (+50%), ⚠️ бірақ бұл тұрақты өсім емес. QAMS атқарушы директоры Данияр Темірбаевтың ескертуі: 💬 «Алайда KASXf бастапқы бағасы ₸1 болғандықтан, спекулянттардың “ойыншығына” айналып кетуі мүмкін деп алаңдаймын. Мұндай “арзан баға” эффектісін біз бұрын ForteBank акцияларында көрдік ₸3–5 деңгейінен оларды жасанды түрде қатты өсірді. Егер KASE мен BCC Invest бағаны манипуляциялау әрекеттерінің алдын алмаса, мұндай жағдайлар қайталануы мүмкін. 10 сәуірдегі сауданың басында баға ₸1-ден ₸1,5-ке дейін, яғни 50%-ға өсті. Бірақ ₸1-ден сатып алғандардың бәрі бірдей ₸1,5-ке сата алмады ондай бағамен сатып алушылар болмады». Қарапайым тілмен: ✔️ баға тез өссе - тәуекел де жоғары, ✔️ түсінбей кірсеңіз - шығынға ұшырау ықтималдығы жоғары, ✔️ инвестиция - алдын ала ойластырылған шешім. ⚠️Неден сақ болу керек: ✅ ажиотажға ермеу, ✅ тек өсімге қарап шешім қабылдамау, ✅ әр инвестицияны түсініп жасау. ❗️❗️❗️ Бұл материал инвестициялық ұсыныс болып табылмайды!

🔝 QAMS QORJIN атты жаңа Telegram-арнасын іске қосты ✅ Қазақстанның миноритарлық акционерлер қауымдастығы QAMS қазақ тіліндегі қаржылық сауаттылыққа арналған жаңа Telegram-арнаны іске қосты. ✅ Қауымдастық туралы толығырақ: qams.kz. ❓Арна туралы: ✅ Арна қаржы нарығына, инвестицияға, депозитке, несиеге және жеке ақша басқаруға қызығатын барша адамға арналған. ✅ Біз бұл арнаны бір себеппен аштық: қазақ тілінде қаржы туралы қарапайым, тұрақты және пайдалы контент дамыту. ✅ Көп адам қаржылық шешімді түсінбей қабылдайды, кейде алаяқтарға алданып қалады, кейде өз ақшасына өзі ие бола алмай жатады. ✅ QORJIN осы жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін құрылды: қаржы әлемін түсінікті тілмен жеткізу, маңызды жаңалықтарды қарапайым етіп түсіндіру, пайдалы дағды қалыптастыру. ❓Неге QORJIN? ✅ Қоржын қазақта жинақтың, ырыстың, сақталған дүниенің белгісі. ✅ Қаржы тілінде де бұл атау жақын: әр адамның өз ақшасы, өз қоры, өз инвестициялық қоржыны бар. ✅ Сондықтан QORJIN тек атау емес, бұл ақшаға саналы қараудың белгісі. ❓ Бұл арнада не болады? ✅ Қаржы нарығындағы маңызды жаңалықтар, ✅ Инвестицияны қарапайым тілмен түсіндіру, ✅ Депозит, несие, карта, инфляция, валюта туралы пайдалы материалдар, ✅ Алаяқтық схемаларды талдау, ✅ Өмірден алынған мысалдар, ✅ Кейде юмор, кейде ащы шындық, бірақ әрдайым пайдалы контент. ✅ Біздің мақсат: қаржыны күрделендірмей, қазақша, түсінікті және қызықты жеткізу. 📌 QORJIN арнасына қош келдіңіздер!

📄QORJIN арнасының ережелері: ✅ Бұл жоба өз күшімізбен, қоғамдық негізде жасалып жатыр. ✅ Біз ақпаратты барынша дәл және түсінікті жеткізуге тырысамыз, дегенмен кейбір қателіктер болуы мүмкін, сол үшін түсіністікпен қарауды сұраймыз. ✅ Қазақта сөз бар: көш жүре түзеледі. 🗿 Негізгі ережелер: ✅ Пікірлерде жеке адамға тиісуге болмайды. ✅ Қорлау, балағат сөздер, агрессияға жол берілмейді. ❗️ Бұл арнада саясат, соғыс, дін тақырыптары қарастырылмайды және пікірлерде де бұл тақырыптарды көтерудің қажеті жоқ. 🚫 Ережелер сақталмаған жағдайда - блок қойылады. 🙏 Бір-бірімізге құрметпен қарайық, пікір мәдениетін сақтай.

photo content