QORJIN
Открыть в Telegram
QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.
БольшеСтрана не указанаКатегория не указана
1 572
Подписчики
-10124 часа
+1957 дней
+1 34130 дней
Архив постов
1 574
📞 «Ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз» десе – бұл алаяқтық болуы мүмкін!
Телефон алаяқтығы ақша ұрлау мен азаматтардың атына алаяқтық кредит рәсімдеудің кең таралған тәсілдерінің бірі болып қала береді.
🗣️ Алаяқтар қалай әрекет етеді?
Қаскүнемдер өздерін банк, құқық қорғау немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырып:
❗ шотыңызбен күдікті операция жасалып жатқанын;
❗ атыңызға кредит рәсімделіп жатқанын;
❗ ақшаңызды «қауіпсіз шотқа» аудару қажеттігін;
❗ банктің қосымшасын қорғау үшін белгілі бір әрекет жасау керектігін айтуы мүмкін.
Соңғы уақытта алаяқтар екінші телефон немесе планшет қолдануды, экранды көрсетуді, бейнебайланыс қосуды жиі сұрайды. Мұндай талаптар – алаяқтықтың маңызды белгісі.
🚨 Мына сөздерге ерекше сақ болыңыз:
«Дереу ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз»
«Сіздің атыңызға кредит рәсімделіп жатыр»
«SMS кодын айтып, операцияны болдырмаңыз»
«Екінші телефонды алыңыз»
«Экрандағы камераны қосыңыз»
«Бейнебайланыс арқылы өзіңізді растаңыз»
«Бұл туралы ешкімге айтпаңыз»
🔐 Банк қызметкерлері ешқашан:
- SMS немесе push-кодтарды сұрамайды;
- ақшаңызды басқа «қауіпсіз» шотқа аударуды талап етпейді;
- картаңыздың толық нөмірі мен CVV-кодын сұрамайды;
- екінші құрылғыны пайдалануды немесе экранды көрсетуді талап етпейді;
- телефон арқылы қысым көрсетіп, шұғыл шешім қабылдауға мәжбүрлемейді.
💡 Өзіңізді қалай қорғауға болады?
✅ Құпиясөздер мен растау кодтарын ешкімге айтпаңыз.
✅ Белгісіз адамның нұсқауы бойынша қосымша орнатпаңыз.
✅ Экранды көрсетпеңіз және бейнебайланыс қоспаңыз.
✅ Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.
✅ Екінші телефон немесе планшет арқылы бөгде адамның нұсқауын орындамаңыз.
✅ Күмән туындаса, сөйлесуді тоқтатып, банкке ресми байланыс нөмірі арқылы өзіңіз хабарласыңыз.
📌 Егер деректеріңізді айтып қойсаңыз немесе ақша аударсаңыз:
Банкке дереу хабарласыңыз.
Картаны және мобильдік қосымшаға қолжетімділікті бұғаттаңыз.
Хабарламалар, телефон нөмірлері мен операциялар туралы ақпаратты сақтаңыз.
Құқық қорғау органдарына жүгініңіз.
☎️ Алаяқтардың телефон нөмірін «116» нөмірі арқылы хабарлауға болады.
💬 Есте сақтаңыз:
Егер қоңырау шалушы сізді асықтырса, қорқытса немесе «ақшаңызды қорғау үшін» шұғыл әрекет жасауды талап етсе – қоңырауды тоқтатыңыз.
Қауіпсіздіктің ең қарапайым ережесі: қысымға берілмеңіз, кодтарды айтпаңыз және қаржылық операцияларды бейтаныс адамның нұсқауы бойынша жасамаңыз.
1 574
❗️Қосымшалардан келген хабарламалармен келісе бермеңіз!
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мобильдік қосымшаларды орнату кезінде сұралатын рұқсаттарға мұқият қарауға шақырады.
Көп жағдайда пайдаланушылар қосымшаның жұмысына шынымен қажет пе екенін тексерместен, сұралған барлық қолжетімділікке автоматты түрде келіседі.
⚠️ Нәтижесінде қосымшалар камераға, микрофонға, контактілерге, геолокацияға, файлдарға, SMS пен қоңырауларға қол жеткізе алады.
🔐 Қандай рұқсаттарға назар аудару керек?
📍 Геолокация – тұрақты түрде орналасқан жерді анықтау қажет болмаса, рұқсатты өшіріңіз немесе «Қосымшаны қолдану кезінде» режимін таңдаңыз.
📷 Камера мен микрофон – тек жұмыс істеуі үшін шынымен қажет қосымшаларға ғана беріңіз.
👥 Контактілер – телефон кітапшасымен жұмыс істемейтін қосымшаға мұндай рұқсаттың қажеті жоқ.
📁 Файлдар мен жад – құжаттармен жұмыс істеуді қажет етпейтін сервистер үшін қолжетімділікті шектеген дұрыс.
💬 SMS және хабарламалар – бұл рұқсаттар арқылы құпия ақпарат пен растау кодтары қолжетімді болуы мүмкін.
🚨 Қай кезде қырағы болу керек?
Егер қосымша:
- функционалына қатысы жоқ көптеген рұқсаттарды сұраса;
- белгісіз немесе ресми емес жерден жүктелсе;
- әзірлеушісі туралы ақпарат түсініксіз болса;
- қажетсіз SMS, контактілерге немесе басқа құпия деректерге қолжетімділікті талап етсе.
💡 Есте сақтаңыз:
Дербес деректер алаяқтарға фишинг, әлеуметтік инженерия және басқа да мақсатты шабуылдарды ұйымдастыруға мүмкіндік беруі мүмкін.
👉 Қосымшаға тек оның жұмысына қажетті рұқсаттарды беріңіз. Ал берілген рұқсаттарды жүйелі түрде тексеру – цифрлық қауіпсіздікті арттырудың қарапайым әрі тиімді тәсілі.
1 574
👶 Моноқала кәсіпкері Halyk-пен бірге балабақшаны қалай дамытып отырғанын айтты
Жаңақорған шағын қаласындағы «Меруерт» балабақшасы шамамен 30 жыл бойы жергілікті тұрғындарға сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан отбасылық кәсіп.
Нәбиевалар отбасы басқаратын бұл орталық Halyk-тың қолдауымен ғимаратты жаңартып, балалар мен ұстаздарға жайлы орта қалыптастыруда.
🗣️ Балабақша мен жобаның ерекшеліктері қандай?
☑ 100-ден астам баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтып отыр.
☑ Құрамында тәрбиешілер, логопедтер, психологтар мен медбикелер бар 30 маманға тұрақты жұмыс орнын ұсынады.
☑ Күрделі жөндеуге арналған қаржыландыру Halyk-тың «Әйелдер кәсіпкерлігі» бағдарламасы арқылы мақұлданды.
☑ 15 жылдан бері жөндеу көрмеген ғимарат заманауи білім беру стандарттарына сай толық жаңартылады.
🌐 Жаңарту жұмыстары мұғалімдердің еңбек жағдайын жақсартып, балалардың балабақшаға қуана келуіне мүмкіндік береді.
💡 Түйіндесек:
Halyk-тың моноқалалардағы әйелдер бизнесін қолдауы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірдің тұрақты болашағына салынған маңызды инвестиция болып саналады.
1 574
🛒🇰🇿Қазақстанда жылдық инфляция тамыз айында шілдедегі 10,2%-дан 9,8%-ға дейін баяулады
📉 ҰСБ мәліметтері сегменттер бойынша (шілде ➡️ тамыз, ж/ж):
🔛 азық-түлік тауарлары бойынша бағаның өсу қарқыны 10,1%-дан 9,5%-ға дейін төмендеді,
🔛 азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 🔻 11,7%-дан 11,4%-ға дейін,
🔛 ақылы қызметтер - 🔻 9,2%-дан 8,9%-ға дейін (ж/ж).
❗️Сонымен қатар, айлық инфляция 0,6% деңгейінде сақталды (шілдедегідей).
1 574
🪙🇰🇿 Зейнетақы қорлары бізге қанша табыс әкелді (БЖЗҚ-ның 2026 жылғы 1 тамыздағы деректері)
📈 Жыл басынан бергі кірістілік (7 айдағы YTD):
✅ Сентрас Секьюритиз +9,72%,
✅ Halyk Finance +6,34%,
✅ BCC Invest +6,24%,
✅ Halyk Global Markets +6,11%,
✅ Alatau City Invest +5,55%,
✅ ҚР Ұлттық Банкі +4,39%,
✅ Tansar Capital +1,13% (8 сәуірден бастап іске қосылды).
⭕️ Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2026 жылғы шілдедегі жағдайға сәйкес Қазақстандағы жылдық инфляция 10,2% деңгейінде тіркелді.
❗️❗️ Зейнетақы активтерін басқару - бұл қысқа қашықтыққа жүгіру емес, марафон. Сондықтан кірістілік айлармен емес, жылдармен бағаланады.
1 574
👩💼 Әйел кәсіпкерлерді қаржыландыруға арналған ұлттық аналитикалық платформа іске қосылды
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әйел кәсіпкерлерді қаржыландыруды мониторингтеуге арналған алғашқы ұлттық аналитикалық платформаны іске қосты.
Платформа әйелдердің қаржы ресурстарына қолжетімділігі туралы деректерді ашық әрі жүйелі түрде талдауға мүмкіндік береді.
🗣️ Платформаның мүмкіндіктері қандай?
✅ Банк және микроқаржы ұйымдарындағы әйел кәсіпкерлердің кредиттері туралы мәліметтерді біріктіреді.
✅ Шағын, орта және ірі бизнес бойынша қаржыландыру көрсеткіштерін қамтиды.
✅ Кредиттік портфельдің құрылымы, сапасы, салалық және өңірлік ерекшеліктері туралы аналитика ұсынады.
✅ Арнайы сүзгілер арқылы өңір, бизнес көлемі және есепті кезең бойынша қажетті мәліметтерді таңдауға мүмкіндік береді.
🌐 Платформа тәулік бойы жұмыс істейді және үш тілде қолжетімді.
💡 Түйіндесек:
Жаңа цифрлық ресурс әйел кәсіпкерлерді қаржыландыру туралы ақпараттың ашықтығын арттырып, тиімді мемлекеттік және қаржылық шешімдер қабылдауға қажетті сапалы аналитикалық база қалыптастыруға ықпал етеді.
1 574
💳 Кредитті мерзімінен бұрын айыппұлсыз өтеуге бола ма?
Егер қосымша қаражатыңыз болса, банктік қарызды немесе микрокредитті мерзімінен бұрын толық немесе ішінара өтеуге құқығыңыз бар. Бұл артық төлемді азайтып, қарыздан тезірек құтылуға мүмкіндік береді.
🗣️ Нені білу маңызды?
✅ Кредитті толық жауып немесе белгіленген кестеден артық сома төлеп, қарызды ішінара азайтуға болады.
✅ Ішінара өтеген кезде:
• кредит мерзімі қысқаруы мүмкін;
• немесе ай сайынғы төлем мөлшері азаюы мүмкін.
✅ Мерзімінен бұрын төлем жасамас бұрын кредитордан қайта есептеу тәртібін, сақтандыру төлемін қайтару шарттарын және (ипотека болса) кепілден ауыртпалықты алу рәсімін нақтылаған жөн.
⚠️ Маңызды!
2025 жылғы 31 тамыздан бастап күшіне енген заңнамалық өзгерістерге сәйкес жеке тұлғалар кредитті мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл немесе өзге қаржы төлемейді. Бұл талап бұрын жасалған қолданыстағы кредит шарттарына да қолданылады.
💡 Түйіндей келе:
Мерзімінен бұрын өтеу – қарыз жүктемесін азайтып, сыйақы бойынша артық төлемді қысқартудың тиімді жолы. Дегенмен мұндай шешім қабылдамас бұрын өзіңіздің қаржылық мүмкіндіктеріңізді де ескерген дұрыс.
1 574
✔️ Көлікті сақтандыру жеңілдейді: енді төлем алу үшін кеңсеге барудың қажеті болмайды
🚗 Қазақстанда автосақтандыру жүйесін цифрландыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қазақстан республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
Жаңашылдықтың арқасында жүргізушілер сақтандыру полисін алу, жол апатын тіркеу және өтемақы алу үшін қағаз жинап, компания кеңсесіне бару міндетінен босатылады.
🗣️ Жүргізушілер үшін не өзгереді?
✅ Полис сатып алудан бастап өтемақыны шотқа түсіруге дейінгі бүкіл процесс онлайн түрде өтеді.
✅ Сақтандыру маркетплейстері ашылады: бір жерден барлық компаниялардың бағасы мен талаптарын салыстырып, ең тиімдісін таңдауға болады.
✅ Апат болған кезде құжаттар мен фотоларды тікелей қосымша арқылы жіберіп, төлемді қашықтан алу мүмкіндігі жасалады.
✅ Барлық рәсімдер бірыңғай цифрлық жүйе арқылы өтетіндіктен, төлемді созу немесе кешіктіру азаяды.
⚠️ Бұл тәжірибе қалай жұмыс істеп жатыр?
Шағын апаттарды онлайн ресімдейтін «Еурохаттама» сервисі арқылы:
• 25 мыңға жуық жүргізуші полиция шақырмай және сотқа бармай мәселесін шешті;
• Жүргізушілерге жалпы сомасы 4,9 млрд теңге көлемінде өтемақы төленді.
💡 Түйіндесек:
Жаңа өзгерістер артық әуре-сарсаң мен қағазбастылықты жойып, әрбір көлік иесіне уақыты мен қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді.
1 574
✔️Заң бұзған микроқаржы ұйымдарына бақылау күшейді
🚨 Микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктерге қатысты бақылау айтарлықтай күшейтілді.
Соңғы жылдары Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі нарықты жүйелі түрде бақылап, заң бұзушылықтарға қарсы қатаң шаралар қабылдауда.
🗣️ Нәтижелеріне көз жүгіртсек?
✅ 2023 жылдан бері 824 тексеру жүргізілді.
✅ 2 010 әкімшілік айыппұл салынып, олардың жалпы сомасы 693,4 млн теңгені құрады.
✅ 99 микроқаржы ұйымының лицензиясы қайтарылып алынды.
✅ 47 коллекторлық агенттік мемлекеттік тізілімнен шығарылды.
⚠️ Қарыз алушылар үшін қандай мүмкіндік жасалды?
2025 жылы:
• 33,9 мың қарыз алушының берешегі толық немесе ішінара есептен шығарылды;
• 722 мың азаматтың қарызы қайта құрылымдалды.
💡 Түйіндесек:
Бақылаудың күшеюі заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етіп қана қоймай, қарыз алушылардың құқықтарын қалпына келтіруге де ықпал етуде.
1 574
📊 Коллекторлық агенттіктерге жаңа талаптар енгізілді
📞 Коллекторлардың жұмысы енді қатаң бақылауда болады.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі коллекторлық қызметті реформалау арқылы қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуде.
🗣️ Не өзгерді?
✅ Коллекторлық агенттіктерге қойылатын талаптар күшейтілді.
✅ Қарызды өндіріп алмас бұрын берешекті реттеу рәсімін жүргізу міндеттелді.
✅ Коллекторлардың нотариустармен және өздеріне қатысы бар жеке сот орындаушыларымен жұмыс істеуіне шектеу қойылды.
✅ Қызметкерлердің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
⚠️ Бұл нені білдіреді?
Енді берешекті өндіріп алу кезінде қарыз алушылардың құқықтарын сақтау және заңсыз қысым көрсетуге жол бермеу басты талаптардың біріне айналады.
💡 Түйіндесек:
Жаңа талаптар коллекторлық қызметтің ашықтығын арттырып, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді.
