es
Feedback
QORJIN

QORJIN

Ir al canal en Telegram

QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.

Mostrar más
El país no está especificadoLa categoría no está especificada
236
Suscriptores
Sin datos24 horas
-17 días
Sin datos30 días
Archivo de publicaciones
📉 Цифрлар сөйлейді: Қазақстандықтардың қарыз жүктемесі қандай? Бүгінгі таңда елімізде несиесі жоқ адамды кездестіру қиын. Ресми деректерге қарасақ, жағдай мынадай: ● Т26,8 триллион - 2026 жылдың басында халықтың банктерге қарызы осы сомаға жетті. ● 53% - елдегі барлық несиелердің жартысынан астамы бизнеске емес, қарапайым халыққа тиесілі. ● 45%-ға өсім - бір жыл ішінде несиесін 90 күннен астам уақыт төлей алмай жүргендер (NPL) саны осыншама артқан. 📍 Орташа статистика: Қазір әрбір қазақстандықтың мойнында орта есеппен екіден астам несие бар. Бұл тек ипотека емес, көбінесе бөліп төлеу (рассрочка), кредиттік карталар мен шұғыл қажеттілікке алынған тұтынушылық несиелер. 💡 Қалай «ақылды» түрде қайта топтастыруға болады? Егер сізде әртүрлі банктерден алынған 2-3 несие болса, олардың пайызы мен төлем күндері әртүрлі. Бұл - бюджеттің берекесін алатын басты фактор. Оны шешудің жолы - рефинансирование. Halyk Bank-тің 31 шілдеге дейін жалғасатын акциясы арқылы не істеуге болады: 1️⃣ Барлығын бір жерге жинау: Бөліп төлеуді де, басқа банктен алған несиені де бір жерге біріктіресіз. Нәтижесінде - бір күн, бір банк, бір төлем. 2️⃣ Пайызды бекіту: Акция аясында мөлшерлеме 29% (ЖТСМ 32,9-33,2%) болып бекітіледі. Бұл ескі, жоғары пайызды несиелерден құтылуға көмектеседі. 3️⃣ Ай сайынғы жүктемені азайту: Төлем мерзімін ұзарту немесе пайызды төмендету арқылы ай сайын бюджеттен шығатын ақшаны азайтуға болады. 4️⃣ Қосымша сома: Ескі қарыздарды жабумен қатар, үстіне қосымша ақша алып, жаңа несие алмай-ақ басқа қажеттілікке жұмсай аласыз. 💸 Қарапайым тілмен айтқанда: Егер сіздің де мойныңызда бірнеше «ұсақ-түйек» несие жиналып қалса, оларды бір жүйеге келтіру — қаржылық еркіндікке жасалған алғашқы қадам. Бәрін бір жерге жинап, ай сайынғы төлемді азайту арқылы сіз жүйкеңізді де, ақшаңызды да үнемдейсіз. Бұл процесті Halyk SuperApp қосымшасында небәрі бірнеше минутта онлайн жасауға болады. Сіз қалай ойлайсыз: үш түрлі банкке үш рет ақша аударған ыңғайлы ма, әлде бәрін бір жерден бақылаған дұрыс па?

photo content

🇰🇿 Теңге неге нығайды? Сәуір айында теңге долларға шаққанда 3,9% нығайып, баға 463,09 теңгеге дейін төмендеді. Бұл соңғы екі жылдағы ең үлкен көрсеткіш. Оның негізгі себептері: ● Валютаның көптігі: Нарықта доллар ұсынысы сұраныстан әлдеқайда көп болды. ● Ірі инвестициялар: Сарапшылар мұны елге келген ірі шетелдік инвестициялармен байланыстырады. ● Алтын сату: Ұлттық банк алтын сатып, оның орнына нарыққа валюта шығарды. 📉 Болашақта не күтіп тұр? Қазіргі нығаюға қарамастан, Halyk Research мамандары жыл соңына қарай теңге әлсірейді деп болжайды. Жыл соңына болжам: 1 доллар = 540 теңге. Бұған не әсер етуі мүмкін? ● Инфляция: Бағаның өсуі теңгеге қысым түсіреді. ● Мұнай бағасы: Болжам мұнайдың орташа бағасы $85 болады деген есеппен жасалған. ● Ұлттық қордан сатылымның азаюы: Былтырғымен салыстырғанда Ұлттық қордан валюта сату айтарлықтай қысқарады. 💸 Қарапайым тілмен айтқанда: Қазір теңгенің күшті болуы - нарыққа түскен қосымша валютаның (инвестициялар мен алтын сатудың) нәтижесі. Алайда, бұл көздер таусылғанда немесе азайғанда, теңгенің бағамы қайтадан нақты экономикалық факторларға (инфляция мен экспортқа) сүйеніп, төмендеуі мүмкін. Түйін: Қазіргі «арзан» доллар - бұл тұрақты тренд емес, уақытша мүмкіндік болуы ықтимал.

photo content

📈🍎 Сәуірде баға неге өсті және бізді не күтіп тұр? Halyk Research сарапшылары сәуір айының қорытындысын шығарды. Қысқаша айтсақ: дүкендегі бағалар наурызға қарағанда тезірек өсе бастады, бірақ мамандар «бәрі жоспар бойынша» деп бізді тыныштандырып отыр. 📍 Не болды? Сәуірде айлық инфляция 0,8% болды. Бұл наурызбен салыстырғанда жоғары. Негізгі себеп - 1 сәуірден бастап коммуналдық қызметтер мен бензин бағасына қойылған шектеулердің (мораторий) аяқталуы. 📊 Не қымбаттады, не арзандады? ● Жеміс-жидек: Теңгенің нығаюы арқасында банан мен апельсин 3%-ға арзандады. Бірақ жүзім (+5,6%) мен картоп (+0,8%) сәл қымбаттады. ● Тұрмыстық техника: Кір жуғыш машиналар мен теледидарлар бағасы сәл де болса төмендеді. ● Қызметтер: Көлік қатынасы мен медицина бағасы байқаусызда секіріп кетті (шамамен +1,5%). 💡 Неге болжам әлі де жақсы? Мамандар жыл соңына дейін инфляция 10,5–11,5% деңгейінде болады деген болжамын өзгерткен жоқ. Неге десеңіз: 1. Коммуналдық қызмет: Тыйым салынса да, үкімет бағаның бірден шарықтап кетуіне жол бермей отыр. 2. Ақша аз: Халықтың сатып алу қабілеті сәл төмендеген, ал несие алу қиындаған. Сұраныс азайса - баға да қатты өспейді. 3. Мықты теңге: Доллардың арзандауы шетелден келетін тауарлардың бағасын ұстап тұр. 🛒 Түйін: Баға өсімі бар, бірақ ол «есеңгіретіп» тастайтындай емес. Қазіргі жағдайда үнемдеп үйренген жөн, өйткені жалақы өсімі инфляциядан сәл қалып бара жатқан сияқты.
🗣 Halyk Research не дейді? «Сәуірде бағаның өсуі күтілген жағдай еді. Коммуналдық қызметтердің баяу қымбаттауы мен теңгенің нығаюы жағдайды тұрақтандырып тұр».

photo content

Бір қуанып қояйық! 🇰🇿 Халықаралық валюта қорының деректері бойынша, жан басына шаққандағы ЖІӨ (ВВП) көрсеткіші бойынша Қаза
Бір қуанып қояйық! 🇰🇿 Халықаралық валюта қорының деректері бойынша, жан басына шаққандағы ЖІӨ (ВВП) көрсеткіші бойынша Қазақстан көршілерінің алдына шықты. Көрсеткіштер қалай бөлінді? ✅ Қазақстан ($14.77K): Біздің еліміз барлық көршілерін, соның ішінде Қытайды да басып озып, өңірдегі көшбасшылығын дәлелдеп отыр. ✅ Түрікменстан ($13.34K): Халқы аз әрі мұнай-газ ресурсы мол экономикалардың (біздің ел сияқты) жағдайы халқы көп, шикізатқа тәуелді емес елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары екенін көруге болады.

photo content

📈🍎 Инфляцияның да түр-түрі болатынын білдіңіз бе? Кеше Ұлттық статистика бюросы кезекті деректерді жариялады. Біз күнде еститін «баға өсті» деген сөздің артында бірнеше экономикалық көрсеткіш тұр. Негізгілеріне тоқталайық: 📊 CPI және PPI: Айырмашылығы неде? Инфляцияның екі негізгі индексі бар: ● Тұтынушылық инфляция (CPI): Бұл біздің күнделікті сатып алатын тауарларымыз бен қызметтеріміздің (нан, сүт, жол ақысы) бағасы. Кеше жарияланған ақпарат дәл осы көрсеткішке қатысты. ● Өндірістік инфляция (PPI): Бұл кәсіпорындар өндіретін шикізат пен тауарлар бағасының өзгерісі. Егер зауытта өзіндік құн өссе, ертең ол міндетті түрде дүкен сөресіне де әсер етеді. 🍫 Шринкфляция: Көзге көрінбейтін қымбатшылық Кейде баға өсімі қалтаға бірден ұрмауы мүмкін. Мысалы: баяғыдай сатып алып жүрген 100 грамм шоколадыңыз бір күні 80-90 грамға айналады, бірақ бағасы баяғыша қалады. Экономикада бұл айла-тәсілді шринкфляция (shrinkflation) деп атайды. 📍 Неге бұлай болады? Өндірушілер сатып алушыны шошытып алмас үшін бағаны көтермей, тауардың көлемін немесе салмағын азайтуды жөн көреді. Сондықтан дүкенде сыртқы қаптамаға емес, тауардың таза салмағына (нетто) қарауды әдетке айналдырған жөн. 📉 Болжам: Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені қолданады. Кешегі шыққан статистика алдағы уақытта теңге бағамы мен біздің сатып алу қабілетімізге қалай әсер ететінін алдағы жазбаларда талқылаймыз.

photo content

🛒🇰🇿 Қазақстанда жылдық инфляция сәуірде наурыздағы 11%-дан 10,6%-ға дейін төмендеді 📰 ҰСБ деректері сегменттер бойынша (наурыз➡️сәуір): 🔛 Азық-түлік тауарлары ⬇️ ж/ж 11,7%-дан 11,3%-ға дейін. 🔛 Азық-түлік емес тауарлар ⬆️ ж/ж 11,3%-дан 11,7%-ға дейін. 🔛 Ақылы қызметтер ⬇️ ж/ж 10%-дан 8,9%-ға дейін. 📈 Айлық баға өсімі ⬆️ наурыздағы 0,6%-дан сәуір қорытындысы бойынша 0,8%-ға дейін.

💵🇰🇿 Мамырда Ұлттық қордан валюта сату көлемі 33–66%-ға артады Ұлттық банк мамыр айында нарыққа шығарылатын доллар көлемін $400-500 млн-ға дейін ұлғайтпақ. Бұл теңге бағамына қалай әсер етеді? Сәуір айының қорытындысы мен мамырға арналған болжамдарға көз жүгіртейік. 📊 Сәуір айының фактілері: Теңге неге нығайды? Өткен айда ұлттық валюта айтарлықтай тұрақтылық көрсетті: ● Курс: Теңге 3,1%-ға нығайып, ₸478,15-тен ₸463,09-ға дейін түсті. ● Сауда көлемі: KASE-дегі жалпы айналым $8,7 млрд құрады. ● Ұлттық қор: Сәуірде қордан $300 млн сатылды (нарықтың 3,5%-ы). ● БЖЗҚ: Зейнетақы қорының активтері үшін $502 млн-ға валюта сатып алынды. 📉 Квазимемлекеттік сектор: Мемлекеттік компаниялар шамамен $273 млн көлемінде валюталық түсімдерін сатты. Валюталық интервенциялар жүргізілген жоқ — нарық өздігінен реттелуде. 🌤 Мамыр айынан не күтеміз? Мамырда теңге нарығындағы белсенділік арта түспек. Негізгі факторлар: ✅ Ұлттық қор интервенциясы: Доллар сату көлемі $400-500 млн-ға дейін өседі. Бұл сәуірмен салыстырғанда 33–66%-ға көп. ✅ Айналыс (Зеркалирование): ₸354 млрд баламасында валюта сату жоспарлануда. ✅ Салық апталығы: Мамырдағы тоқсандық ірі салық төлемдері теңгеге деген сұранысты арттырып, оның бағамын қолдауы мүмкін. 📍 Түйін: Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің ұлғаюы және салық кезеңі мамыр айында теңге бағамының күрт әлсіреуіне жол бермейді. Дегенмен, әлемдік нарықтағы жағдай мен мұнай бағасы басты назарда қала бермек.

photo content

photo content

📉 Қаржылық сауаттылық: табыс азайғанда капиталды қалай сақтау керек? Halyk Research сарапшылары 2025 жылдың қорытындысы бойынша шолу жариялады. Деректерге сүйенсек, халықтың нақты табысы 1,7%-ға төмендеген. Қазіргі таңда қазақстандықтар бюджетінің басым бөлігі, яғни 52%-ы азық-түлік тауарларына жұмсалады. Мұндай жағдайда қаражатты барынша тиімді жинақтау мен ақылды инвестициялау стратегиясына көшу өмірлік қажеттілік. 🗯
Экономист Бауржан Шурмановтың кеңесі: «Қазіргі уақыт - инвестиция туралы ойлануға ең қолайлы сәт. Бүгін базалық ставка 18%, ал депозиттер 20% беріп тұрғанымен, бұл мәңгілік емес. Ерте ме, кеш пе ставка төмендейді, онымен бірге депозит пайыздары да азаяды. Сондықтан қазірден бастап нарықты зерттеу маңызды. Инвестициялауды өз бетіңізше жасауға болады, бірақ лицензиясы бар брокерлер мен басқарушылардың кеңесіне жүгінген тиімдірек. Ең бастысы - тек бос ақшаны пайдалану және алғашқы қадамдарды виртуалды терминалдардан бастау.
Уоррен Баффеттің жас ерекшелігіне қарай портфель бөлу қағидасын ескеріңіз: жастар тәуекелге көбірек барып, акциялар үлесін арттыра алады (мысалы, 20–30 жаста портфельдің 80-90%-ы акция болуы мүмкін), ал жас ұлғайған сайын облигациялар мен депозиттер сияқты тұрақты құралдарға көшу қажет. Жасыңыз неғұрлым кіші болса, соғұрлым өсім беретін активтерге көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік бар».
💡 Қазіргі нарықтағы басты қадамдар: ● Тиімді депозит 20% сыйақыны пайдаланып тұрақты пассивті табыс көзін жасаңыз. ● Виртуалды сауда Брокерлердің оқу терминалдары арқылы нақты ақша шығындамай биржада жұмыс істеп үйреніңіз. ● Лицензияланған кеңес Өз бетіңізше шешім қабылдамас бұрын ресми брокерлер мен басқарушы компаниялардың ұсыныстарын зерттеңіз. ● Тәуекелді бөлу Диверсификация қағидасын сақтап капиталды жасыңыз бен мақсатыңызға қарай әртүрлі құралдарға бөліңіз. 📍 Түйін: Уақыт сіздің басты активіңіз. Нарықты зерттеуді бүгін виртуалды түрде бастасаңыз, ертең ставкалар төмендеген кезде сізде дайын капитал мен тәжірибе болады.

🪙Теңге нығайып жатыр: Доллар алу керек пе? 🇰🇿💵 Қазіргі уақытта ұлттық валюта белсенді нығайып келеді. Осы орайда QAMS миноритарлық акционерлер қауымдастығының атқарушы директоры Данияр Темірбаевтың маңызды кеңестерін бөлісеміз. «Теңге бағамы ертең не болатынын бір Алла біледі» дейді сарапшы. Егер сіз қаржы құралдарына инвестиция салуда тәжірибелі маман болмасаңыз, валюта нарығына тым әуестенбеген жөн. Оның себебі: 1️⃣ Болжау мүмкін емес. Валюта бағамының құбылмалылығын тіпті кәсіби мамандар да дөп басып айта алмайды (олар тек орта және ұзақ мерзімді трендтерді ғана көреді). Себебі бағамға көптеген факторлар әсер етеді. Тіпті ертең Трамптың қандай көңіл-күймен оянатынын да ешкім білмейді ғой. 2️⃣ Ақшаңызды қайда саласыз? Долларды сатып алдыңыз делік, әрі қарай не істейсіз? Егер оны тиімді инвестициялауды білмесеңіз, жалғыз жолыңыз - жылдық мөлшерлемесі небәрі 1% болатын валюталық депозит. Егер доллар теңгеге қатысты әрі қарай арзандай берсе, сіз бағамнан да ұтыласыз, теңгелік депозиттердің жоғары табыстылығынан да айырыласыз. 🇰🇿 Долларды қашан сатып алған дұрыс (әсіресе ол арзандап жатқанда)? Сарапшы мұны екі жағдайда ғана ұсынады: ✅ Шығындарыңыз доллармен болса: Шетелге саяхат, балаларыңыздың шетелде оқуы немесе доллармен қарызыңыз болса. ✅ Қолыңызға ірі сомма түссе: Мысалы, пәтер сатсаңыз немесе жинағыңыз көп болса. Активтеріңіз (ақша, жылжымайтын мүлік, депозиттер) неғұрлым көп болса, тәуекел де соғұрлым жоғары. Мұндай кезде ақылға қонымды инвестициялау принциптерін, соның ішінде диверсификацияны (валютаны әртүрлі себетте сақтау) ұстану маңызды. 💳 Инвестициялаудың қыр-сырын біздің QORJIN телеграм-арнамыздан біле аласыздар.

photo content

🇰🇿 Шағын бизнес неге жаппай онлайн несиеге көшуде? Қазіргі таңда цифрлық несие шағын бизнестің тынысын ашатын басты құралға айналды. «Ручная экономика» авторы жариялаған кішігірім бизнес арасындағы негізгі трендтерге көз жүгіртіп көрейік. 🚀 Эксперт пікірі: Кім көп алады? Halyk Bank басқарушы директоры Альфия Жексенбайдың айтуынша, цифрлық қарыздарға ең көп жүгінетіндер: жеке кәсіпкерлер. ● 2025 жыл мен 2026 жылдың алғашқы тоқсанындағы өтінімдердің 84% үлесі дәл осы ЖК өкілдеріне тиесілі. 📊 Нарықты кімдер «ұстап» тұр? Қарыз алушылардың тізімі балабақшадан бастап сұлулық салондарына дейін созылады. Салалық үлес мынадай: ● 40% Сауда, ● 25% Қызмет көрсету, ● 20% Көлік және тасымалдау, ● 15%Өндіріс және басқалар. 📈 Сұраныс қарқыны қалай? Бір жылдың ішінде цифрлық несие портфелінің өсімі таңғалдырады: ● ЖШС (ТОО): +35.4%, ● ЖК (ИП): +23.7%. 💰 Орташа чек қанша? Бизнес ауқымына қарай бөлінетін сомалар да әртүрлі: ● 1,6 млн ₸ Үй жанындағы дүкендер, ● 6,4 млн ₸ Жеке кәсіпкерлер, ● 27,1 млн ₸ ЖШС өкілдері. 📍 Түйін: Ескі форматтағы құжат жинау немесе банкте кезек күту кезеңі артта қалып барады. Уақыт ақша. Сондықтан кәсіпкерлер жылдам әрі тиімді цифрлық шешімдерді таңдап жатыр.

photo content

🪙🇰🇿 Зейнетақы қорлары қысқа мерзімде қанша табыс әкелді: БЖЗҚ деректері 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша соңғы 12 айдағы көрсеткіштер: ✅ Сентрас Секьюритиз: +17.8% ✅ Halyk Finance: +10.98% ✅ БЖЗҚ (ЕНПФ): +10.74% ✅ Alatau City Invest: +10.62% ✅ Halyk Global Markets: +10.54% ✅ BCC Invest: +9.01% 📈 Статистика бюросының дерегінше, осы кезеңдегі жылдық инфляция 11% құрады. 🚀 Жаңа мүмкіндік: Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұған дейін маңызды жоспарын айтқан болатын: салымшыларға өз зейнетақы жинақтарын 100 пайыз жеке басқарушы компанияларға аудару құқығын беру көзделуде. Бұған дейін жинақтың тек 50 пайызын ғана жеке қолға сеніп тапсыруға болатын еді. ❗️ Маңызды: Зейнетақы активтерін басқару: бұл қысқа қашықтыққа жүгіру емес, ұзақ марафон. Сондықтан табыстылық айлармен емес, жылдармен бағаланады. ❓Сіз зейнетақыңызды толығымен жеке компанияға аударуға дайынсыз ба, әлде мемлекеттік басқаруда (БЖЗҚ) қалдырғанды жөн көресіз бе? Төменге жаза кетіңіз.