uk
Feedback
QORJIN

QORJIN

Відкрити в Telegram

QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.

Показати більше
Країна не вказанаКатегорія не вказана
236
Підписники
Немає даних24 години
Немає даних7 днів
Немає даних30 день
Архів дописів
photo content

🪙 Брокер не үшін керек: Инвестиция әлеміне жол көрсетуші Елестетіңіз, сіз әлемдегі ең ірі дүкенге барғыңыз келеді, бірақ оның есігі тек арнайы «кілті» бар адамдарға ғана ашылады. Қор нарығында сол кілт - Брокер. Неге сіз акцияны нан сатып алғандай биржаға барып, өзіңіз ала алмайсыз? Оның себебін қарапайым әрі қызықты етіп түсіндірейік: 📍 Негізгі себептер: 🤝 Биржадағы «визаңыз»: Биржа (KASE немесе AIX) - бұл кез келген адам кіре алмайтын жабық клуб сияқты. Оған тек лицензиясы бар мамандар ғана жіберіледі. Брокер - сіздің сол жердегі ресми өкіліңіз. 📱 Қалтаңыздағы биржа: Бұрын акция алу үшін телефонмен хабарласып, айғайлап тапсырыс берсе, қазір брокер сізге мобильді қосымша ұсынады. Бір батырманы басу арқылы сіз бірнеше секундта алып немесе сата аласыз. 🏦 Қаржылық қауіпсіздік: Брокер сізге жеке брокерлік шот ашады. Сіздің ақшаңыз бен акцияларыңыз сол жерде есептеледі, ал меншік құқығыңызды Депозитарий ресми тіркейді. Бұл - сіздің мүлкіңіздің заңды қорғалуы. 📍 Қазақстанда кімді таңдауға болады? Нарықта өз орны бар, сенімді ірі брокерлер: 🔸 Halyk Finance, 🔸 Freedom Broker, 🔸 BCC Invest, 🔸 Centras Securities, 🔸 Teniz Capital Investment Banking, 🔸 Alatau City Invest. 📍 Бұл жүйе қалай жұмыс істейді? 1️⃣ Сіз қосымша арқылы «ҚазМұнайГаз акциясын алғым келеді» деп өтінім бересіз. 2️⃣ Брокер бұл өтінімді дереу биржаға (KASE немесе AIX) жібереді. 3️⃣ Биржада сатушы табылып, баға сәйкес келсе, мәміле жасалады. 4️⃣ Депозитарий бұл акция енді ресми түрде сіздікі екенін тіркейді. Түйін: Брокерсіз қор нарығына жол жабық. Ол тек делдал емес, сіздің инвестициялық сапарыңыздағы қауіпсіздік кепілі және басты көмекшіңіз. Оны таңдау - инвестициядағы ең алғашқы әрі маңызды қадам.

photo content

❗️ Ертеңнен бастап несие пайызына шектеу қойылады: Жаңа ережелер 🇰🇿 Ертең, 16 мамырдан бастап, елімізде несиелер мен микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ/ГЭСВ) жаңа шекті мөлшерлері күшіне енеді. Бұл шешімді Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу агенттігі бірлесіп қабылдады. 📍 Не өзгереді? (Шекті пайыздар): ● Кепілсіз банк несиелері: Ең жоғары пайыз - 46%. ● Кепілді (залог) несиелер: Ең жоғары - 35%. ● Ипотека: 25% (ал 1 шілдеден бастап 20%-ға дейін төмендейді). ● МФО несиелері: 46%. ● «Айлыққа дейінгі» шағын несиелер (45 күнге дейін, 45 АЕК-ке дейін): күніне 0,3%-дан аспауы керек, бірақ жалпы жылына 179%-дан аспауы тиіс. 💡 Бұл қарапайым халық үшін не білдіреді? 1️⃣Шектен тыс пайыздарға тосқауыл: Енді ешбір банк немесе микроқаржы ұйымы заңда бекітілген осы пайыздардан жоғары ақша талап ете алмайды. Бұл халықтың несие жүктемесін бақылауда ұстау үшін жасалған қадам. 2️⃣ Ипотеканың қолжетімділігі: Шілде айынан бастап ипотека бойынша шекті мөлшерлеменің 20%-ға дейін түсуі тұрғын үй несиесін реттеуге бағытталған. 3️⃣ Ашықтық: Несие алған кезде келісімшарттағы ЖТСМ (Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі) көрсеткішіне назар аударыңыз. Ол жоғарыда көрсетілген сандардан аспауы керек. Түйін: Мемлекет несие нарығындағы «ойын ережелерін» қатайтып жатыр. Егер сіз ертеңнен бастап несие рәсімдеуді жоспарласаңыз, бұл жаңа ережелер сіздің құқығыңызды қорғауға және артық пайыз төлемеуіңізге көмектеседі.

photo content

🌱💸Дивиденд деген не және ол акционер үшін неге маңызды? Қор нарығындағы инвесторлар акциядан екі негізгі жолмен табыс таба алады: акция бағасының өсуі арқылы және дивиденд арқылы. Бұған дейін біз акция деген не және одан қалай табыс табуға болатынын түсіндірген едік. Бүгін дивидендтер туралы сөйлесеміз: дивиденд деген не, ол акционер үшін неге маңызды және компаниялар оны әрдайым төлей ме? 💵Дивиденд - бұл компанияның өз акционерлеріне төлей алатын пайдасының бір бөлігі. Қарапайым тілмен айтқанда, акция сатып алған адам компанияның ортақ иелерінің біріне айналады. 🍰Егер бизнес пайда тапса, компания сол пайданың бір бөлігін акция иелерімен бөлісуі мүмкін. ☝Бірақ мынаны есте сақтау маңызды: Дивиденд - кепілдендірілген табыс емес. ❌Компания дивидендті әрдайым төлеуге міндетті емес. Ол пайданы бизнесті дамытуға, жаңа өнімдерді іске қосуға, жабдық сатып алуға, командасын кеңейтуге немесе қарыздарын азайтуға жұмсауы мүмкін. Бір қарағанда бұл күрделі көрінуі мүмкін: акция, пайда, акционер, төлем деген ұғымдар. Сондықтан мұны күнделікті өмірден алынған қарапайым мысалмен түсіндірейік: ➡️Тауық = акция; ➡️Жұмыртқа = дивиденд; ➡️Сатып алу бағасы = тауыққа немесе акцияға қанша төлегенің. Мысалы, сен тауықты ₸10 000-ға сатып алдың дейк. Бір жылда ол саған, мысалы, 60 жұмыртқа берді. Егер бір жұмыртқаны шартты түрде ₸45 деп бағаласақ, онда бір жылда тауық саған ₸2 700 көлемінде өнім берді (60 × ₸45 = ₸2 700), яғни бір жылдағы жұмыртқаның құны тауық бағасының шамамен 27%-ына тең болды. 📊Акциялармен де логика ұқсас. Мысалы: ✅акция бағасы - ₸10 000; ✅компания бір акцияға ₸2200 дивиденд төледі. ➡️Онда дивидендтік табыстылық акция бағасының 22%-ын құрайд. ☝️Инвестор үшін тек соңғы дивидендтің көлеміне ғана емес, компанияның бұрын дивидендті қалай төлегеніне де қарау маңызды. Бұл мынаны түсінуге көмектеседі: 📌тұрақты төледі ме; 📌төлемдер өсті ме; 📌әлде төмендеді ме; 📌дивиденд төленбеген жылдар болды ма; 📌компания пайданың қандай бөлігін әдетте акционерлерге бағыттады. Дивидендтік тарихтың іс жүзінде қалай көрінетінін түсіну үшін Қазақстан ұлттық электржелілерінің операторы KEGOC компаниясының мысалын қарастырайық. 💵IPO-данбері, яғни 2014 жылдан бастап, KEGOC дивидендті жылына екі рет төлеп келеді. Соңғы жылдары KEGOC-тың бір жай акцияға шаққандағы жиынтық дивидендтері мынадай болды: 🌱2020 ж. - ₸152,10; 🌱2021 ж. - ₸135,57 🌱2022 ж. - ₸116,03 🌱2023 ж. - ₸157,24 🌱2024 ж. - ₸161,90 🌱2025 ж. - ₸161,90. KEGOC-тың IPO-дан бергі дивидендтіктарихын мына жерден көруге болады. Дивидендтік тарих компанияның дивидендті бір рет қана төлеп қоймағанын, жыл бойы тұрақты түрде төлеп келгенін көрсетеді. Бірақ мұндай жағдайда да инвестор тек өткен төлемдерге ғана қарамауы керек. Ол тек инвесторға компанияның пайданы бөлуге деген көзқарасын жақсырақ түсінуге көмектеседі. ☝️Компанияның қазіргі жағдайын да бағалау маңызды: пайдасы, қарызы, инвестициялық жоспарлары және бизнестің болашағы.

photo content

📉 Цифрлар сөйлейді: Қазақстандықтардың қарыз жүктемесі қандай? Бүгінгі таңда елімізде несиесі жоқ адамды кездестіру қиын. Ресми деректерге қарасақ, жағдай мынадай: ● Т26,8 триллион - 2026 жылдың басында халықтың банктерге қарызы осы сомаға жетті. ● 53% - елдегі барлық несиелердің жартысынан астамы бизнеске емес, қарапайым халыққа тиесілі. ● 45%-ға өсім - бір жыл ішінде несиесін 90 күннен астам уақыт төлей алмай жүргендер (NPL) саны осыншама артқан. 📍 Орташа статистика: Қазір әрбір қазақстандықтың мойнында орта есеппен екіден астам несие бар. Бұл тек ипотека емес, көбінесе бөліп төлеу (рассрочка), кредиттік карталар мен шұғыл қажеттілікке алынған тұтынушылық несиелер. 💡 Қалай «ақылды» түрде қайта топтастыруға болады? Егер сізде әртүрлі банктерден алынған 2-3 несие болса, олардың пайызы мен төлем күндері әртүрлі. Бұл - бюджеттің берекесін алатын басты фактор. Оны шешудің жолы - рефинансирование. Halyk Bank-тің 31 шілдеге дейін жалғасатын акциясы арқылы не істеуге болады: 1️⃣ Барлығын бір жерге жинау: Бөліп төлеуді де, басқа банктен алған несиені де бір жерге біріктіресіз. Нәтижесінде - бір күн, бір банк, бір төлем. 2️⃣ Пайызды бекіту: Акция аясында мөлшерлеме 29% (ЖТСМ 32,9-33,2%) болып бекітіледі. Бұл ескі, жоғары пайызды несиелерден құтылуға көмектеседі. 3️⃣ Ай сайынғы жүктемені азайту: Төлем мерзімін ұзарту немесе пайызды төмендету арқылы ай сайын бюджеттен шығатын ақшаны азайтуға болады. 4️⃣ Қосымша сома: Ескі қарыздарды жабумен қатар, үстіне қосымша ақша алып, жаңа несие алмай-ақ басқа қажеттілікке жұмсай аласыз. 💸 Қарапайым тілмен айтқанда: Егер сіздің де мойныңызда бірнеше «ұсақ-түйек» несие жиналып қалса, оларды бір жүйеге келтіру — қаржылық еркіндікке жасалған алғашқы қадам. Бәрін бір жерге жинап, ай сайынғы төлемді азайту арқылы сіз жүйкеңізді де, ақшаңызды да үнемдейсіз. Бұл процесті Halyk SuperApp қосымшасында небәрі бірнеше минутта онлайн жасауға болады. Сіз қалай ойлайсыз: үш түрлі банкке үш рет ақша аударған ыңғайлы ма, әлде бәрін бір жерден бақылаған дұрыс па?

photo content

🇰🇿 Теңге неге нығайды? Сәуір айында теңге долларға шаққанда 3,9% нығайып, баға 463,09 теңгеге дейін төмендеді. Бұл соңғы екі жылдағы ең үлкен көрсеткіш. Оның негізгі себептері: ● Валютаның көптігі: Нарықта доллар ұсынысы сұраныстан әлдеқайда көп болды. ● Ірі инвестициялар: Сарапшылар мұны елге келген ірі шетелдік инвестициялармен байланыстырады. ● Алтын сату: Ұлттық банк алтын сатып, оның орнына нарыққа валюта шығарды. 📉 Болашақта не күтіп тұр? Қазіргі нығаюға қарамастан, Halyk Research мамандары жыл соңына қарай теңге әлсірейді деп болжайды. Жыл соңына болжам: 1 доллар = 540 теңге. Бұған не әсер етуі мүмкін? ● Инфляция: Бағаның өсуі теңгеге қысым түсіреді. ● Мұнай бағасы: Болжам мұнайдың орташа бағасы $85 болады деген есеппен жасалған. ● Ұлттық қордан сатылымның азаюы: Былтырғымен салыстырғанда Ұлттық қордан валюта сату айтарлықтай қысқарады. 💸 Қарапайым тілмен айтқанда: Қазір теңгенің күшті болуы - нарыққа түскен қосымша валютаның (инвестициялар мен алтын сатудың) нәтижесі. Алайда, бұл көздер таусылғанда немесе азайғанда, теңгенің бағамы қайтадан нақты экономикалық факторларға (инфляция мен экспортқа) сүйеніп, төмендеуі мүмкін. Түйін: Қазіргі «арзан» доллар - бұл тұрақты тренд емес, уақытша мүмкіндік болуы ықтимал.

photo content

📈🍎 Сәуірде баға неге өсті және бізді не күтіп тұр? Halyk Research сарапшылары сәуір айының қорытындысын шығарды. Қысқаша айтсақ: дүкендегі бағалар наурызға қарағанда тезірек өсе бастады, бірақ мамандар «бәрі жоспар бойынша» деп бізді тыныштандырып отыр. 📍 Не болды? Сәуірде айлық инфляция 0,8% болды. Бұл наурызбен салыстырғанда жоғары. Негізгі себеп - 1 сәуірден бастап коммуналдық қызметтер мен бензин бағасына қойылған шектеулердің (мораторий) аяқталуы. 📊 Не қымбаттады, не арзандады? ● Жеміс-жидек: Теңгенің нығаюы арқасында банан мен апельсин 3%-ға арзандады. Бірақ жүзім (+5,6%) мен картоп (+0,8%) сәл қымбаттады. ● Тұрмыстық техника: Кір жуғыш машиналар мен теледидарлар бағасы сәл де болса төмендеді. ● Қызметтер: Көлік қатынасы мен медицина бағасы байқаусызда секіріп кетті (шамамен +1,5%). 💡 Неге болжам әлі де жақсы? Мамандар жыл соңына дейін инфляция 10,5–11,5% деңгейінде болады деген болжамын өзгерткен жоқ. Неге десеңіз: 1. Коммуналдық қызмет: Тыйым салынса да, үкімет бағаның бірден шарықтап кетуіне жол бермей отыр. 2. Ақша аз: Халықтың сатып алу қабілеті сәл төмендеген, ал несие алу қиындаған. Сұраныс азайса - баға да қатты өспейді. 3. Мықты теңге: Доллардың арзандауы шетелден келетін тауарлардың бағасын ұстап тұр. 🛒 Түйін: Баға өсімі бар, бірақ ол «есеңгіретіп» тастайтындай емес. Қазіргі жағдайда үнемдеп үйренген жөн, өйткені жалақы өсімі инфляциядан сәл қалып бара жатқан сияқты.
🗣 Halyk Research не дейді? «Сәуірде бағаның өсуі күтілген жағдай еді. Коммуналдық қызметтердің баяу қымбаттауы мен теңгенің нығаюы жағдайды тұрақтандырып тұр».

photo content

Бір қуанып қояйық! 🇰🇿 Халықаралық валюта қорының деректері бойынша, жан басына шаққандағы ЖІӨ (ВВП) көрсеткіші бойынша Қаза
Бір қуанып қояйық! 🇰🇿 Халықаралық валюта қорының деректері бойынша, жан басына шаққандағы ЖІӨ (ВВП) көрсеткіші бойынша Қазақстан көршілерінің алдына шықты. Көрсеткіштер қалай бөлінді? ✅ Қазақстан ($14.77K): Біздің еліміз барлық көршілерін, соның ішінде Қытайды да басып озып, өңірдегі көшбасшылығын дәлелдеп отыр. ✅ Түрікменстан ($13.34K): Халқы аз әрі мұнай-газ ресурсы мол экономикалардың (біздің ел сияқты) жағдайы халқы көп, шикізатқа тәуелді емес елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары екенін көруге болады.

photo content

📈🍎 Инфляцияның да түр-түрі болатынын білдіңіз бе? Кеше Ұлттық статистика бюросы кезекті деректерді жариялады. Біз күнде еститін «баға өсті» деген сөздің артында бірнеше экономикалық көрсеткіш тұр. Негізгілеріне тоқталайық: 📊 CPI және PPI: Айырмашылығы неде? Инфляцияның екі негізгі индексі бар: ● Тұтынушылық инфляция (CPI): Бұл біздің күнделікті сатып алатын тауарларымыз бен қызметтеріміздің (нан, сүт, жол ақысы) бағасы. Кеше жарияланған ақпарат дәл осы көрсеткішке қатысты. ● Өндірістік инфляция (PPI): Бұл кәсіпорындар өндіретін шикізат пен тауарлар бағасының өзгерісі. Егер зауытта өзіндік құн өссе, ертең ол міндетті түрде дүкен сөресіне де әсер етеді. 🍫 Шринкфляция: Көзге көрінбейтін қымбатшылық Кейде баға өсімі қалтаға бірден ұрмауы мүмкін. Мысалы: баяғыдай сатып алып жүрген 100 грамм шоколадыңыз бір күні 80-90 грамға айналады, бірақ бағасы баяғыша қалады. Экономикада бұл айла-тәсілді шринкфляция (shrinkflation) деп атайды. 📍 Неге бұлай болады? Өндірушілер сатып алушыны шошытып алмас үшін бағаны көтермей, тауардың көлемін немесе салмағын азайтуды жөн көреді. Сондықтан дүкенде сыртқы қаптамаға емес, тауардың таза салмағына (нетто) қарауды әдетке айналдырған жөн. 📉 Болжам: Ұлттық банк инфляцияны тежеу үшін базалық мөлшерлемені қолданады. Кешегі шыққан статистика алдағы уақытта теңге бағамы мен біздің сатып алу қабілетімізге қалай әсер ететінін алдағы жазбаларда талқылаймыз.

photo content

🛒🇰🇿 Қазақстанда жылдық инфляция сәуірде наурыздағы 11%-дан 10,6%-ға дейін төмендеді 📰 ҰСБ деректері сегменттер бойынша (наурыз➡️сәуір): 🔛 Азық-түлік тауарлары ⬇️ ж/ж 11,7%-дан 11,3%-ға дейін. 🔛 Азық-түлік емес тауарлар ⬆️ ж/ж 11,3%-дан 11,7%-ға дейін. 🔛 Ақылы қызметтер ⬇️ ж/ж 10%-дан 8,9%-ға дейін. 📈 Айлық баға өсімі ⬆️ наурыздағы 0,6%-дан сәуір қорытындысы бойынша 0,8%-ға дейін.

💵🇰🇿 Мамырда Ұлттық қордан валюта сату көлемі 33–66%-ға артады Ұлттық банк мамыр айында нарыққа шығарылатын доллар көлемін $400-500 млн-ға дейін ұлғайтпақ. Бұл теңге бағамына қалай әсер етеді? Сәуір айының қорытындысы мен мамырға арналған болжамдарға көз жүгіртейік. 📊 Сәуір айының фактілері: Теңге неге нығайды? Өткен айда ұлттық валюта айтарлықтай тұрақтылық көрсетті: ● Курс: Теңге 3,1%-ға нығайып, ₸478,15-тен ₸463,09-ға дейін түсті. ● Сауда көлемі: KASE-дегі жалпы айналым $8,7 млрд құрады. ● Ұлттық қор: Сәуірде қордан $300 млн сатылды (нарықтың 3,5%-ы). ● БЖЗҚ: Зейнетақы қорының активтері үшін $502 млн-ға валюта сатып алынды. 📉 Квазимемлекеттік сектор: Мемлекеттік компаниялар шамамен $273 млн көлемінде валюталық түсімдерін сатты. Валюталық интервенциялар жүргізілген жоқ — нарық өздігінен реттелуде. 🌤 Мамыр айынан не күтеміз? Мамырда теңге нарығындағы белсенділік арта түспек. Негізгі факторлар: ✅ Ұлттық қор интервенциясы: Доллар сату көлемі $400-500 млн-ға дейін өседі. Бұл сәуірмен салыстырғанда 33–66%-ға көп. ✅ Айналыс (Зеркалирование): ₸354 млрд баламасында валюта сату жоспарлануда. ✅ Салық апталығы: Мамырдағы тоқсандық ірі салық төлемдері теңгеге деген сұранысты арттырып, оның бағамын қолдауы мүмкін. 📍 Түйін: Ұлттық қордан бөлінетін трансферттердің ұлғаюы және салық кезеңі мамыр айында теңге бағамының күрт әлсіреуіне жол бермейді. Дегенмен, әлемдік нарықтағы жағдай мен мұнай бағасы басты назарда қала бермек.

photo content