fa
Feedback
QORJIN

QORJIN

رفتن به کانال در Telegram

QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.

نمایش بیشتر
کشور مشخص نشده استدسته بندی مشخص نشده است
1 600
مشترکین
+52824 ساعت
+2457 روز
+1 44230 روز
آرشیو پست ها
QORJIN
1 598
💡 Инвестицияны неден бастау керек? (Инвестордың алғашқы 4 қадамы) Инвестиция әлеміне кіру табалдырығы қазір рекордтық деңгейде төмендеді: алғашқы акция немесе облигацияны сатып алу үшін шотта азғантай соманың болуы жеткілікті. Капиталды дұрыс қалыптастыру, брокерлік шотты қашан ашу керектігін түсіну және алғашқы активтерді таңдау үшін мына 4 негізгі қадамға назар аударыңыз: 📌 1. Қаржылық қауіпсіздік жастығын құру Инвестицияға соңғы ақшаны немесе қарызға/кредитке алған қаражатты салуға болмайды. Нарықтағы уақытша құбылмалылық кезінде ақша шұғыл қажет болып қалса, активтерді арзан бағада сатуға мәжбүр боласыз. Алтын ереже: Инвестиция бастамай тұрып, кемінде 3-6 айлық шығыныңызды өтейтін соманы жедел қолжетімді банк депозитінде сақтаған жөн. 📌 2. Мақсат пен инвестициялау мерзімін анықтау Нақты мақсатсыз портфель құру мүмкін емес. Инвестицияның негізгі бағытын анықтап алған дұрыс: Қысқа мерзім (1-3 жыл): Тұрғын үйге бастапқы жарна, ірі сатып алулар. Ұзақ мерзім (5-10+ жыл): Балалардың білімі, зейнетақы капиталын қалыптастыру. Инвестициялау мерзімі неғұрлым ұзақ болса, портфельдің әртүрлі құралдар арасындағы тепе-теңдігін соғұрлым икемді жоспарлауға болады. 📌 3. Тәуекел-профильді анықтау (Risk Profile) Нарықтағы баға ауытқуларына психологиялық тұрғыдан қаншалықты дайын екеніңізді түсіну маңызды: Консервативті инвестор: Негізгі мақсаты - капиталды сақтау және тұрақты кіріс алу (депозиттер, мемлекеттік және сенімді корпоративтік облигациялар) Ұстамды инвестор: Тәуекел мен кірісті тең ұстайды, портфелін облигациялар мен акцияларға бөлгісі келеді. Тәуекелшіл инвестор: Жоғары кіріс үшін құбылмалылыққа дайын, ұзақ мерзімді өсуге бағытталған (акциялар, ETF және өсу әлеуеті жоғары құралдар). 📌 4. Сенімді брокерді таңдау Қазақстанда бағалы қағаздар саудасына қатысу үшін лицензияланған брокерді таңдау - инвестициялық қауіпсіздіктің негізі. Брокерді қалай дұрыс таңдау керектігі, лицензияны тексеру және комиссияларды салыстыру туралы біз өткен материалымызда айтқан болатынбыз. Қаржылық тәуекелсіз алғашқы қадамдар үшін инвестициялық симуляторлар мен демо-шоттарды (мысалы, Halyk қосымшасында) пайдаланған жөн. Бұл автомектептегі симулятор сияқты: өз ақшаңызды тәуекелге тікпей, виртуалды қаражатқа акция сатып алып-сатуды үйренесіз. 💬 Сіз инвестиция бастауда қай кезеңдесіз? Тәжірибеңізбен немесе сұрақтарыңызбен комментарийде бөлісіңіз!

QORJIN
1 598
🏦Halyk Bank криптовалютамен QR-код арқылы төлем жасау жүйесіне қосылады Алдағы интеграция туралы Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ғиззат Байтұрсынов мәлімдеді. Halyk Bank-тің жүйеге нақты қашан қосылатыны әзірге айтылған жоқ. Қазір сервис Binance Kazakhstan және Alatau City Bank платформаларының негізінде жұмыс істейді. Ол ел бойынша 5 мыңнан астам сауда нүктесінде қолжетімді. Вице-министрдің мәліметінше, жүйе арқылы 100-ден астам транзакция жүргізілген. 🔎Төлем жасау тәртібі әдеттегідей: сатып алушы QR-кодты сканерлеп, тауар ақысын криптоәмиянындағы қаражатпен төлейді. Осы сәтте цифрлық актив автоматты түрде айырбасталып, сатушының банк шотына теңге түседі. Halyk Bank-тің қосылуы мұндай төлемдерді кең аудиторияға қолжетімді етуі мүмкін. Алайда сервис қандай криптовалюталарды қолдайтыны, комиссия мөлшері және бұл мүмкіндік банктің барлық клиентіне ұсыныла ма - әзірге белгісіз.

QORJIN
1 598
photo content

QORJIN
1 598
🏦 Халықаралық Fitch Ratings агенттігі Halyk Bank-тің ұзақ мерзімді рейтингін BBB- деңгейінде растады. Болжамы - “Тұрақты”. 🔎 Кредиттік рейтинг дегеніміз не? Бұл - агенттіктің банктің өз қаржылық міндеттемелерін орындау қабілетіне берген бағасы. Halyk үшін Fitch рейтингті бұрынғы деңгейде қалдырды. 📊 Fitch Halyk-тің қандай көрсеткіштерін атап өтті? ☑ банк корпоративтік және бөлшек сегменттерде нарықтағы жетекші позицияларын сақтап отыр; ☑ кредиттік портфельдің 50%-ы корпоративтік секторға, 34%-ы бөлшек кредиттерге, 17%-ы ШОБ-қа тиесілі; ☑ 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында таза пайыздық маржа 6,9% болды; ☑ капитал жеткіліктілігінің коэффициенті 19% құрады; ☑ банк қорландыруының шамамен 85%-ын клиенттердің қаражаты қалыптастырады. 💰 Агенттік Halyk-тің 2026–2027 жылдары жоғары табыстылығын сақтайды деп болжайды.

QORJIN
1 598
📈 Сарапшылар Halyk bank-тын бағалы қағаздары қымбаттауы мүмкін деп есептейді 💰Edison Investment Research (халықаралық талдау компаниясы) Halyk GDR-інің әділ құнын $37-ден $42-ге дейін көтерді. Қазіргі $33,6 бағамен салыстырғанда, сарапшылар бағасына дейінгі өсу әлеуеті шамамен 25%-ды құрайды. 🔎 GDR дегеніміз не? GDR - компания акцияларын білдіретін бағалы қағаз. Halyk-тің бір GDR-і банктің 40 жай акциясына сәйкес келеді. 🚕 $42 деген баға нені білдіреді? Елестетіп көріңіз: автомобиль Т10 млн-ға сатылып жатыр. Ал бағалаушы оның жағдайын және ұқсас көліктердің бағасын зерттеп, Т12,5 млн деген бағаны негізді деп есептейді. Бұл бағалаушының пікірінше, автомобиль қазіргі кезде өзінің ықтимал құнынан арзан сатылып жатқанын білдіреді. Егер оның есебі дұрыс болып, нарықтағы жағдай өзгермесе, уақыт өте сатып алушы жоғары баға төлеуге дайын болуы мүмкін. Halyk жағдайында да солай: $33,6 - GDR-дің қазіргі нарықтық бағасы, ал $42 - Edison компаниясының банктің болашақ табысы, дивидендтері және басқа көрсеткіштері негізінде есептеген бағасы. 📊 Сарапшылар бағалауды неге көтерді? 2026 жылдың 2-ші тоқсанында Halyk-тің таза пайдасы 16,1%-ға төмендеп, Т212,8 млрд болды. Бірақ сарапшылар бұл қысымды уақытша деп санайды және екінші жартыжылдықта нәтижелер жақсарады деп күтеді. Негізгі себептер: ✅ Halyk басшылығы 2026 жылдың қорытындысы бойынша меншікті капиталдың рентабельділігі шамамен 29% болады деген болжамын сақтап отыр; ✅ кредиттік портфель бір тоқсанда 4,1%-ға өсті. Өсім бөлшек кредиттерде, шағын және орта бизнесте, сондай-ақ корпоративтік сегментте байқалды; ✅ банктің ықтимал шығындарды жабуға арналған меншікті капитал қоры жеткілікті; ✅ S&P Halyk рейтингінің болжамын «позитивтіге» дейін жақсартты; ✅ теңгенің нығаюы бизнестің долларға шаққандағы құнын арттырады. 💰 Дивидендтер туралы не белгілі? Halyk 2025 жылдың қорытындысы бойынша бір акцияға жалпы Т58,19 дивиденд төледі. Edison есебі жасалған кезде дивидендтік кірістілік шамамен 15,4% болды. 📋 Edison 2026 жылы Halyk-тен қандай нәтиже күтеді? 🔹 таза пайда - Т949 млрд; 🔹 меншікті капиталдың рентабельділігі - 26%. Банк басшылығы бұл көрсеткішті шамамен 29% деңгейінде күтсе, Edison неғұрлым сақ болжам жасап отыр. 26% рентабельділік банктің әрбір Т100 меншікті капиталы бір жылда шамамен Т26 пайда әкелуі мүмкін екенін білдіреді.

QORJIN
1 598
🛡 Брокерді қалай тексеруге болады? Сізге бейтаныс "менеджер" жазып, акция сатып алуды ұсынды. Сайты әдемі, логотипі таныс. Бірақ бұл оның заңды брокер екенін дәлелдемейді. 1️⃣ Брокер кім? Компанияның толық заңды атауын және БСН-ын біліңіз. Жарнамадағы бренд пен заңды атау әртүрлі болуы мүмкін. 2️⃣ Лицензиясы бар ма? Брокерді ресми реестрден іздеңіз: 🔹 АРРФР брокерлерінің тізімі 🔹 AFSA Public Register 3️⃣ Қай биржамен жұмыс істейді? 🔹 KASE мүшелері 🔹 AIX сауда мүшелері Бір брокер KASE-де, AIX-те немесе екі биржада да жұмыс істей алады. 4️⃣ Ақшаны қайда аударасыз? Сайтты, телефонды және реквизиттерді ресми реестрдегі деректермен салыстырыңыз. 🚩 Жоғары табысқа кепілдік беру, асықтыру немесе ақшаны жеке картаға аударуды сұрау - алаяқтық белгісі. ❗️Күмән туындаса, ақша аудармаңыз.

QORJIN
1 598
🏢 📊 Қор нарығы қалай жұмыс істейді? Қор нарығы компанияларға ақша тартуға, ал инвесторларға бағалы қағаздар сатып алуға мүм
🏢 📊 Қор нарығы қалай жұмыс істейді? Қор нарығы компанияларға ақша тартуға, ал инвесторларға бағалы қағаздар сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйеде әр қатысушының өз міндеті бар. ✅ Компания бизнесін дамыту үшін акция шығарады. Акция компаниядағы үлесті білдіреді. ✅ Инвестор қаражатын акцияларға және басқа активтерге салады. Ол биржаға тікелей шықпайды: брокерде шот ашып, сатып алу тапсырмасын береді. ✅ Брокер инвестордың тапсырмасын биржаға жеткізеді. Алаяқтарға тап болмау үшін брокерді ресми тізімнен тексеріңіз: 📘 KASE брокерлері 📘 AIX сауда мүшелері ✅ Биржа сатып алу және сату өтінімдерін сәйкестендіреді. KASE — Қазақстанның көп функционалды биржасы. AIX — Астана халықаралық қаржы орталығының биржасы. ✅ Депозитарий мәміледен кейін акцияның кімге тиесілі екенін есепке алады.

QORJIN
1 598
photo content

QORJIN
1 598
🏦 Жеке кәсіпкерлер Halyk SuperApp арқылы 5 минутта несие шешімін ала алады Halyk бизнеске арналған қарыз алу процесін жеңілд
🏦 Жеке кәсіпкерлер Halyk SuperApp арқылы 5 минутта несие шешімін ала алады Halyk бизнеске арналған қарыз алу процесін жеңілдетті. Енді жеке кәсіпкерлерге несие мақұлдауын білу үшін арнайы Onlinebank қосымшасын жүктеп, алдын ала шот ашудың қажеті жоқ. Өтінімді күнделікті қолданып жүрген қарапайым Halyk SuperApp арқылы жіберуге болады. Мүмкіндіктер: ✅ ₸100 млн-ға дейін онлайн алуға болады; ✅ кепілзат талап етілмейді; ✅ құжат жинаудың қажеті жоқ; ✅ шешім небәрі 5 минутта шығады; ✅ алдын ала шот ашу міндетті емес. Шешімді қалай алуға болады: 1. Halyk SuperApp қосымшасында «Кредиттер» бөліміне өтіп, «ЖК арналған кредит» тармағын таңдау; 2. «Кредитті рәсімдеу» батырмасын басып, қажетті соманы көрсету; 3. Бейнеидентификациядан өту; 4. SMS арқылы келген кодты енгізу; 5. Өтінім бойынша дайын шешімді көру. 6. 🔎 Қарапайым тілмен айтқанда: енді лимитті білу үшін бөлімшеге барып немесе бизнес-қосымшаны орнатып әуре болмайсыз. Несие мақұлданған жағдайда ғана Onlinebank қосымшасына өтіп, шот ашып, ақшаны бірден алуға болады.

QORJIN
1 598
🏦 Қазақстанда несие бермейтін және депозит қабылдамайтын "банктер" пайда болады Биылғы қазан айынан бастап Қазақстанда бірінші санаттағы төлем ұйымдарына лицензия беріле бастайды. Оларды шартты түрде төлем банктері деп атауға болады. Олар: ✅ клиенттерге шот аша алады; ✅ банк карталарын шығара алады; ✅ ақша аударымдары мен төлемдерді жүргізе алады; ✅ электрондық ақша шығара алады; ✅ бірыңғай QR және ұлттық төлем жүйелеріне қосыла алады; ✅ халықаралық төлемдер жүргізе алады. Бірақ олар: ❌ несие бере алмайды; ❌ депозит қабылдай алмайды. 🔎 Қарапайым тілмен айтқанда: мұндай ұйым арқылы шот ашып, карта қолданып, ақша аударуға болады. Бірақ ақшаңызды депозитке салып, пайыз ала алмайсыз және несие рәсімдей алмайсыз. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленовтің айтуынша, жаңа лицензияға 13 компания қызығушылық танытқан. Олардың арасында криптокомпаниялар мен байланыс операторлары бар.

QORJIN
1 598
📘 Облигация дегеніміз не және одан қалай табыс табуға болады? Облигация сатып алғанда сіз мемлекетке немесе компанияға қарыз бересіз. Қарыз алушы сізге пайыз төлейді, ал белгіленген мерзім аяқталғанда қарыздың өзін қайтарады. 💰 Инвестор облигациядан қалай табыс табады? 🔹 Купон алады Купон - ақшаңызды пайдаланғаны үшін төленетін пайыз. 💬Мысалы, сіз номиналы Т1 000 және жылдық купоны 15% болатын облигация сатып алдыңыз. Бір жылда сізге Т150 төленеді. Бұл ақша бөліп төленуі мүмкін: мысалы, әр алты ай сайын Т75. 🔹 Номиналды қайтарып алады Номинал - облигация мерзімі аяқталғанда қарыз алушы сізге қайтаруға тиіс ақша. Егер облигацияның номиналы Т1 000 болса, өтеу кезінде сізге Т1 000 қайтарылады. Купондар бөлек төленеді. 🔹 Баға айырмасынан табыс табады Биржадағы облигация бағасы оның номиналынан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. 💬Мысалы, сіз номиналы Т1 000 болатын облигацияны Т950-ге сатып алдыңыз. Өтеу кезінде сізге Т1 000 қайтарылады. Баға айырмасынан Т50 табыс аласыз. Бұған купондар да қосылады. 📌 Қарапайым мысал Сіз облигацияны Т1 000-ға сатып алдыңыз: ▪️ номиналы - Т1 000; ▪️ купоны - жылына 15%; ▪️ мерзімі - үш жыл. Үш жылда купондар түрінде Т450 аласыз. Мерзім аяқталған соң сізге Т1 000 номинал қайтарылады. ⚠️ Облигациялар әдетте акцияларға қарағанда тұрақты құрал саналады. Бірақ олардың да тәуекелі бар. Компания қаржылық қиындыққа тап болуы, ал облигацияның биржадағы бағасы төмендеуі мүмкін. Ұсынылған табыс неғұрлым жоғары болса, тәуекел де соғұрлым жоғары болуы ықтимал. Сондықтан пайызға ғана емес, ақшаңызды кімге қарызға беріп отырғаныңызға да назар аудару керек.

QORJIN
1 598
photo content

QORJIN
1 598
💸Halyk жеке кәсіпкерлерге цифрлық несие бойынша шешімді Halyk SuperApp арқылы алуға мүмкіндік берді. Негізгі шарттары: 🔹 несие сомасы - 100 млн теңгеге дейін; 🔹 кепіл талап етілмейді; 🔹 құжат ұсынудың қажеті жоқ; 🔹 өтінім онлайн беріледі; 🔹 шешім бес минутта шығады; 🔹 шешім алу үшін банктік шот ашудың қажеті жоқ. 📱 Өтінім қалай беріледі? 1️⃣ Halyk SuperApp қолданбасын ашу; 2️⃣ "Кредиттер" → "Жеке кәсіпкерге арналған кредит арналған кредит" бөлімін таңдау; 3️⃣ "Кредит рәсімдеу" батырмасын басу; 4️⃣ қажетті несие сомасын көрсету; 5️⃣ бейне сәйкестендіруден өту; 6️⃣ SMS арқылы келген кодты енгізу; 7️⃣ өтінім бойынша шешім алу. Егер кәсіпкер несие алуға дайын болса, Onlinebank қолданбасына өтіп, шот ашып, қаражатты ала алады. Бұған дейін кәсіпкерлер цифрлық несие бойынша шешімді тек Onlinebank қолданбасынан алатын. Halyk мәліметінше, Halyk SuperApp қолданушыларының саны 8 миллионнан асады.

QORJIN
1 598
photo content

QORJIN
1 598
💸🤩🏛️ Kaspi-ден сүйінші: акция ұстаушыларға тағы ақша түседі! 9 қыркүйекте Kaspi акционерлері жиналып, 2026 жылдың екінші тоқсаны үшін әрбір акцияға ₸1 000 дивиденд төлеуді бекітті. Кімдер ақша алады? Тізім 8 қыркүйекте бекітілді. Яғни, акцияны 8 қыркүйекке дейін үлгеріп сатып алған адамдар ғана бұл төлемге ілікті. ✅ Бұл неге маңызды жаңалық? Kaspi 2025 жылдың басында әр тоқсан сайын табыс бөлісуді уақытша тоқтатып тастаған еді. Бірақ биыл бәрі өз орнына келді: бірінші тоқсанда әр акцияға ₸850 берсе, енді міне ₸1 000-ға дейін көбейтіп жатыр. ✅ Ақша қашан түседі? Екінші тоқсанның ақшасын 2026 жылдың 9 қыркүйегінен бастап акционерлердің есепшоттарына қолма-қол емес түрде аудара бастады.

QORJIN
1 598
🚆ҚТЖ IPO-ға дайындалып жатыр: бұл қарапайым инвестор үшін нені білдіреді Алдыңғы материалда IPO деген не екенін түсіндірдік. Енді оны Қазақстанның ұлттық теміржол компаниясы (ҚТЖ) мысалында қарастырайық. Маусым айының соңында ҚТЖ Гонконг биржасына A1 нысанындағы өтінім берді. Қарапайым тілмен айтқанда, компания өз акцияларын биржаға шығаруға ресми түрде дайындала бастады. ❗️Өтінімнің берілуі биржа IPO-ны мақұлдады немесе акцияларды қазірдің өзінде сатып алуға болады дегенді білдірмейді. Бұл - ресми дайындықтың алғашқы кезеңдерінің бірі. 🌍 Акциялар қайда саудаланады? ҚТЖ акцияларын бірден үш биржаға шығару жоспарланып отыр: 🔹 HKEX - Гонконг биржасы; 🔹 LSE - Лондон биржасы; 🔹 AIX - Астана халықаралық биржасы. Бұл бір компанияның акциялары үш биржада саудаланады дегенді білдіреді. 💰 Инвесторларға қанша акция ұсынылады? Алдын ала жоспар бойынша инвесторларға ҚТЖ акцияларының 25%-на дейінгі бөлігі ұсынылуы мүмкін. Компания шамамен $1 млрд тартуды көздеп отыр. Акциялардың нақты бағасы, IPO өтетін күн және сатып алудың ең төменгі сомасы әлі жарияланған жоқ. 🏗 Ақша неге жұмсалады Тартылған қаражатты компанияның өзінде қалдырып, мына мақсаттарға бағыттау жоспарланып отыр: 🔹 ҚТЖ қарыздарын азайту; 🔹 теміржол инфрақұрылымын жаңарту; 🔹 инвестициялық жобаларды қаржыландыру. 👥 Бұл қарапайым адам үшін нені білдіреді? IPO басталғаннан кейін қазақстандықтар брокер арқылы ҚТЖ акцияларын сатып алуға өтінім бере алады. Акция сатып алған инвестор ұлттық теміржол компаниясының шағын үлесіне ие болады. Бірақ алдымен IPO-ның ресми шарттары мен ҚТЖ-ның қаржылық ақпараты жарияланғанын күту керек. Компанияның қарыздарын, пайдасын, даму жоспарын және акциялардың қандай бағамен ұсынылатынын бағалау маңызды.

QORJIN
1 598
📈 IPO деген не және одан пайда табуға бола ма? IPO - компанияның өз акцияларын алғаш рет көпшілікке ұсынуы. Осыдан кейін инвесторлар бұл акцияларды биржада еркін сатып алып, сата алады. Акция сатып алған инвестор бизнестің ортақ иелерінің бірінеайналады. IPO-дан кейін компания жария компания болады. Яғни оның акциялары биржада саудаланады, ал компания қаржылық есептілігі мен басқа дамаңызды ақпаратты ашық жариялауға міндетті. 🏢 Компания IPO-ныне үшін өткізеді? 🔹бизнесті дамытуға қаржы тарту; 🔹жаңа жобаларды іске асыру; 🔹қарыздарын азайту; 🔹компанияның танымалдығы мен ашықтығын арттыру; 🔹қазіргі иелеріне акцияларының бір бөлігін сатуға мүмкіндік беру. 💰 IPO қалай өтеді? 1️⃣ Компания өз бизнесі, табысы, қарыздары және ықтимал тәуекелдері туралы ақпарат жариялайды. 2️⃣ Баға диапазоны белгіленеді - бір акцияныңең төмен және ең жоғары ықтимал бағасы көрсетіледі. 3️⃣ Инвесторлар брокер арқылы өтінім береді. Брокер - биржаға шығуғамүмкіндік беретін лицензиясы бар делдал. 4️⃣ Компания акцияның соңғы бағасын белгілеп, акцияларды инвесторлар арасында бөледі. 5️⃣ IPO аяқталғаннан кейін акциялар биржада еркін сатылып, сатып алына бастайды. Егер акцияны сатып алғысы келетіндер тым көп болса, инвестор өтінімде көрсеткен мөлшерден аз акция алуы мүмкін. 🤔 IPO әрқашан тиімді ма? Жоқ. Биржадағы сауда басталғаннан кейін акция бағасы өсуіде, төмендеуі де мүмкін. Негізгі тәуекелдер: 🔻акциялар тым жоғары бағамен ұсынылуы мүмкін; 🔻танымал компанияның айналасында шамадан тыс дүрлікпе тууы мүмкін; 🔻компанияның қаржылық нәтижелері күткеннен нашар болуы мүмкін; 🔻инвестор салған ақшасын ың бір бөлігін жоғалтуы мүмкін.Екі жолмен пайда табуға болады: қымбаттаған акцияны сатунемесе дивиденд алу. Дивиденд - компанияның акционерлермен бөлісетін пайдасының бір бөлігі. ❗️Маңызды: Акцияны сатып алмас бұрын компанияның немен айналысатынын, пайда табатынын, қарызының көлемін, қаржыны не үшін тартып жатқанын және дивиденд төлеуді жоспарлай ма - соны зерттеген жөн.

QORJIN
1 598
❗️Ұлттық банк бөліп төлеу мерзімін шектеп, BNPL секторын реттеуді жоспарлап отыр 2026 жылғы 9 қыркүйекте реттеуші «Бөліп төлеу және BNPL нарығын талдау» атты пікірталас құжатын жариялады. Нарық қатысушыларының ұсыныстары 2026 жылғы 3 қарашаға дейін қабылданады. Ұлттық банк не ұсынады және бұл реттеу не үшін қажет болды? 📌 Қандай нақты өзгерістер енгізілмек: ✅ Ең ұзақ мерзімдерді қысқарту: халықаралық классикалық BNPL («қазір сатып ал, кейін төле») форматы 4 айдан 1 жылға дейінгі мерзімді көздейді, ал Қазақстанда банктер бөліп төлеу мерзімін 5 жылға дейін созып жіберген. Реттеуші тауар санаты мен сатып алу сомасын ескере отырып, мерзімдерге нақты шектеу қоймақшы. ✅ Қаржылық емес бөліп төлеуді реттеу аймағына кіргізу: тауарды бөліп төлеуге сататын BNPL сервистерін, дүкендерді, автодилерлер мен құрылыс салушыларды қаржы нарығының ортақ ережелеріне бағындыру. ✅ Азаматтардың нақты борыштық жүктемесін есепке алу: нарықтың барлық қатысушыларын мұндай мәмілелер туралы мәліметтерді кредиттік бюроларға міндетті түрде беруге міндеттеу. 📌 Қазіргі нарықтың негізгі түйткілі неде: ✅ Ұғымдардың ауыстырылуы: маркетологтар «бөліп төлеу» терминін әртүрлі құрылымдарға (кейіннен сатып алу құқығымен жалға беру, үшжақты факторинг, байланыс операторларының келісімшарттық телефондары немесе құрылыс компанияларының бөліп төлеуі) қатысты қолдана береді. ✅ Тұтынушылардың қорғалмауы: заң тұрғысынан мұндай мәмілелер қаржылық несие емес, Азаматтық кодекс аясындағы қарапайым сатып алу-сату шарты болып саналады. Нәтижесінде сатып алушының құқығы қаржылық қызметтерді қорғау заңнамасымен қорғалмайды. ✅ Банктерге көрінбейтін қарыздар: қаржылық емес ұйымдар алдындағы міндеттемелер кредиттік тарихқа міндетті түрде түспейді. Салдарынан азаматтар дүкендер мен BNPL сервистерінде қарызға батып, көлеңкелі борыштық жүктеме қалыптастырады, ал банктер мен реттеуші жаңа несие берген кезде бұл міндеттемелерді көре алмайды.

QORJIN
1 598
🚨 Алаяқтар сіздің атыңызға кредит рәсімдетуі мүмкін. Сақ болыңыз! Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі азаматтарды әлеуметтік инженерия әдістерін қолданатын алаяқтардан сақ болуға шақырады. 🗣️ Алаяқтар қалай әрекет етеді? Қаскүнемдер өзін банк, байланыс операторы, мемлекеттік орган немесе құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, сізді қорқытуға немесе асықтыруға тырысады. 🔴 «Қорғаныш» немесе «техникалық» кредит Алаяқтар сіздің атыңызға кредит рәсімделіп жатқанын немесе шотыңызда күдікті операция бар екенін айтады. Содан кейін: - «кредитті болдырмау» үшін жаңа кредит рәсімдеуді; - SMS-кодты айтуды; - биометриялық сәйкестендіруден өтуді;банк қосымшасында операцияларды растауды; - экранды көрсетуді немесе бейнебайланыс қосуды; - ақшаны «қауіпсіз» немесе «резервтік» шотқа аударуды сұрайды. ❗ Шын мәнінде, бұл әрекеттердің барлығы алаяқтардың сіздің ақшаңызға немесе қаржылық сервистеріңізге қол жеткізуіне әкелуі мүмкін.

QORJIN
1 598
photo content