Best analytics service

Add your telegram channel for

  • get advanced analytics
  • get more advertisers
  • find out the gender of subscriber
CategoryNot specified
Channel location and language
Not specified

audience statistics Tiek

Тілде тиек жоқ Арнамызға жазыла отырыңыздар 
2820
~94
~13
33.33%
Telegram general rating
Globally
4 651 857place
of 7 260 722

Subscribers gender

Find out how many male and female subscibers you have on the channel.
?%
?%

Audience language

Find out the distribution of channel subscribers by language
Russian?%English?%Arabic?%
Subscribers count
ChartTable
D
W
M
Y
help

Data loading is in progress

User lifetime on the channel

Find out how long subscribers stay on the channel.
Up to a week?%Old Timers?%Up to a month?%
Subscribers gain
ChartTable
D
W
M
Y
help

Data loading is in progress

Since the beginning of the war, more than 2000 civilians have been killed by Russian missiles, according to official data. Help us protect Ukrainians from missiles - provide max military assisstance to Ukraine #Ukraine. #StandWithUkraine
Астанада Микеланжело, Леонардо, Рафаель, Донателло келіп, біреуі дауыс берді.
62
0
«Пинтаны» айтып болсақ, сайлауға оралайық 🙂 Алматыдағы «Тәуелсіз бақылаушылар» ұйымы кейінгі күндері қатарына қосылуға ниет білдірген студенттер күрт көбейгенін байқапты. Бақылаушылар таңнан қара кешке дейін тапжылмай отырып, дауыс беру кезінде заңсыздық болмауын бақылайды, сайлау комиссиясы ата жауын көргендей шүйлігеді, учакеден қуады, қудалайды... Оңай емес. Ерікті студент тым көп келіп жатқаны да, олардың сөзі де күмәнді көрінеді. Ұйым өкілі бір студенттен: «Қайдан келдің?» деп сұраса: «Чаттан жіберді» деп шынын айтып қояды. Әлгі чатты қараса, студенттерге үш адам бар нұсқау беріп отыр екен. Олар чат мүшелеріне тәуелсіз бақылаушылардың сайтын жіберіп, «осында тіркеліңдер, бізге ақпарат беріңдер» деп жазады. Тіркеліп, ұйым атынан бақылаушы куәлігін алған студентке 20 мың теңге (!) береді. Админнің бірі — Абзал Әріп есімді азамат. Ол — әкімдіктерден тендер алғыш «Қазақстан еріктілер лигасы» деп аталатын қоғамдық бірлестіктің Алматыдағы жетекшісі. Ол Азаттық сұрағын естіді де телефонды қоя салды. Бірлестік құрылтайшысы — Айсұлу Ерниязова. Оны жақсы танисыздар 🙂 Қазір ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі. Студенттер омбудсмені. «Аманаттың» жастар қанатын басқарған. Толығырақ жақтан көріңіздер.
Show more ...
79
0
“Әбдіров, сайлау учаскелерін тексеріңіз” Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасына осындай үндеу жолданды. “Ел дауысы” қорының жетекшісі Аида Жексен Нұрлан Әбдіровты сайлау учаскелеріндегі былықты 19 наурызда өз көзімен көруге шақырып отыр. Әбдіров жасырын аралайды дегенге сенесіз бе?
Tiek on TikTok
“Ел дауысы” қорының өкілдері бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасына үндеу жасады #сайлау2023 #выборыказахстан #жаңақазақстан @Tiek
103
0
Құрметті арулар! Мереке құтты болсын! Әр ошақтың берекесін арттырып, шаттығын асыра беріңіздер. Әлемді тербеткен қолмен әлемге бейбітшілік шуағын шашыңыздар. Бас аман, бауыр бүтін болғай!
101
0
Қазір мәжіліс депутаттығына #1 сайлау округі бойынша кандидат Уәлихан Қайсар мен Тәңірберген Бердоңғар арасында дебат өтіп жатыр. Сілтеме төменде
97
0
Белгілі журналист Бақытжан Қосбармақовтың осы пікірімен келісесіз бе?

IMG_2785.MOV

127
0
Қаңтарда оққа ұшқан Айкөркемнің әкесі халықаралық ұйымдар мен халықтан қолдау сұрады. Айдос Мелдехан қызының өліміне кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп алаңдаулы.

IMG_2780.MP4

111
0
🔸Журналистерге шабуыл ұйымдастырғандар ұсталды ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырды деп күдік келтірілген топтың іс-әрекетін әшкерелеп, жолын кесті. «Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды. Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді телеграмм-аккаунттарда «тапсырыстар» беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді», – делінген ІІМ ақпаратында. Аталған топ В.Борейкоға, Г.Бажкеноваға, Г.Ерғалиеваға, С.Ибраеваға және бұқаралық ақпарат құралдарының басқа да өкілдеріне қарсы 30-дан астам арандатушылық жасаған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл жағдайларды назарда ұстайды. (с) ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Show more ...
Tiek
Тілде тиек жоқ Арнамызға жазыла отырыңыздар
87
0
✍️ Журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін 18 адам ұсталды   2022 жылғы қыркүйектен бастап ағымдағы жылғы 20 ақпанға дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекеттер жасалды. Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды. Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 115 “Қауіп”, 147 “Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату”, 158 “Журналистік қызметке кедергі жасау”, 202 “Бөтеннің мүлкін қасақана жою”, 293 “Бұзақылық” баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды. Дәлелдемелік базаны нығайту бойынша қажетті тергеу-жедел іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Show more ...
63
0
Журналистер мен блогерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасағаны үшін 18 адам ұсталды   Ақпаратты ІІМ таратты. 2022 жылғы қыркүйектен бастап осы жылдың 20 ақпанына дейін Алматы және Астана қалаларында 6 журналист пен блогерге, сондай-ақ 1 адамға қатысты олардың қызметімен байланысты бірқатар құқыққа қарсы әрекеттер жасалған. Жәбірленушілерге қатысты жылжымайтын мүлікке қасақана зақым келтіру, автокөліктерді өртеу, оларға әртүрлі заттарды жөнелту арқылы қорқыту фактілері, жәбірленушілердің мекенжайлары бойынша терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар және Интернет желісінде дербес деректерін тарату фактілері жасалды. Осы қылмыстарды ашу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 115 “Қауіп”, 147 “Жеке өміріне қатысты мәліметтерді тарату”, 158 “Журналистік қызметке кедергі жасау”, 202 “Бөтеннің мүлкін қасақана жою”, 293 “Бұзақылық” баптары бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды. Бұған қатысы бар 18 адам ұсталды. Дәлелдемелік базаны нығайту бойынша қажетті тергеу-жедел іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Show more ...
1
0
“Украинада соғысып жүрген қазақстандықтар туралы ресми дерек жоқ”. Украинадағы Қазақстанның елшісі Дархан Қалетаев TIEK каналына берген сұқбатында осылай деді. Сондай-ақ дипломат Азамат Әбілдаевтың “Ресейдің арнайы операциясын қолдаймын” деген мәлімдемесінің Қазақстан мен Украинаның қарым-қатынасына қалай әсер еткені туралы да айтты. Және соғыс кезіндегі екі ел арасындағы сауда-саттық барысы жөнінде де ақпарат берді "ҚЫРТЫП СӨЙЛЕЙ БЕРЕДІ ҒОЙ". ДАРХАН ҚАЛЕТАЕВ РЕСЕЙДІҢ СОҒЫСЫН ҚОЛДАЙМЫН ДЕУШІЛЕР ТУРАЛЫ
Show more ...
"ҚЫРТЫП СӨЙЛЕЙ БЕРЕДІ ҒОЙ". ДАРХАН ҚАЛЕТАЕВ РЕСЕЙДІҢ СОҒЫСЫН ҚОЛДАЙМЫН ДЕУШІЛЕР ТУРАЛЫ
Украинадағы елші соғысқа қарамастан Қазақстан мен арадағы сауда-саттықтың тоқтамағанын айтып отыр. Екі елдің қарым-қатынасына қылау түспегеніне де кепілдік берді. Ал Украина немесе Ресей тарапында соғысып жүрген отандасарымыз туралы ақпаратты растай алмады #tiek #Украинавойна
65
0
Сот сараптамасы осындай шешім шығарды Толығырақ:
70
0
«Үрдіске айналып барады»: Журналист Вадим Борейкомен жұмыс істейтін оператордың екі көлігі жарылды YouTube-тегі «Гиперборей» арнасының авторы, алматылық журналист Вадим Борейко әлеуметтік желідегі парақшасында 20 ақпанға қараған түні операторының екі автокөлігі жарылғанын хабарлады.

IMG_1942.MP4

76
0
Сайлау осылай басталды видеосы
Кандидаттардың үгіт-насихаты даудан басталды
19 наурызда өтетін парламент сайлауына кандидаттар арасында үгіт-насихат қағаздарының бүлініп жатқанын айтқан шағым жиіледі. Кейбірі билік партиясы "Аманатты" айыптайды. Originally published at - https://www.azattyq.org/a/kazakhstan-parliament-election-agitation-candidates-astana/32279671.html
71
0
75
0
2 миллиард 700 миллион теңге Бірмандаттық жүйе бойынша сайлауға түскелі отырған кандидаттардың жарнасы осы шамада екен. Алдымен мәжіліс туралы айтсақ. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы келтірген ақпаратқа сүйенсек, төменгі палата депутаты болуға ниетті 435 (359 өзін-өзі ұсынса, 76 адамды партиялар ұсынған) үміткер тіркелген. Олардың әрқайсысы 1 миллион 50 мың теңгеден жарна төледі. Яғни қазынаға 456 750 000 теңге түсті деген сөз. Әртүрлі деңгейдегі мәслихат депутаттығына 6359 кандидат тіркелген. Олардың әрбірі 350 мың теңге төледі десек, онда 2 миллиард 225 миллион 650 мың теңге түсті. Мәжіліс пен мәслихатты қосқанда 2 миллиард 682 миллион теңге шығады. Бұған партиялардың тізімдегі әр үміткері үшін төлейтінін айта кету керек. Алдыңғы сайлау нәтижесі бойынша парламентке өткен 3 партия (Аманат, Ақжол, ҚХП) жарна төлемегеннің өзінде өзге 4 партияның өзі қазынаға біраз түсім түсіретіні анық. Мәслихатта да солай. Айта кетерлігі, сайлау қорытындысы бойынша 5 пайыздан артық дауыс жинаған үміткерлер ғана төлеген жарнасын қайтарып алады. Алайда, биылғы бәсекені ескерсек, ол қиындау болатын сияқты.
Show more ...
Tiek
Тілде тиек жоқ Арнамызға жазыла отырыңыздар
86
0
Шатаспасам бұл Қарағандының оңтүстік шығысы. Пиано жақ. Аманатқа айыппұл,  мына бесеуін де тізімнен алып тастаса деймін
100
0
Түркияда үйінді астында қалған қазақстандықтарды құтқару үшін техника жетпей жатыр Хатай қаласында Мирус Құрмашев пен Әділ Қадырбековты іздеу жұмыстары жалғасуда. Адиль Кадырбеков. Бұл туралы Astana Hub технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев айтты.

file

94
0
Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді. Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды. – Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.
Show more ...
83
0
Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.
72
0
​​Журналист Динара Егеубаеваның ұлына қолында пистолеті бар біреулер шабуыл жасамақшы болыпты. Ол туралы Динара ханым Инстаграмда жазыпты. Динара Егеубаеваның былтырдан бері журналистік жұмысын Қаңтар қырғынына арнап келе жатқанын, Мәжіліс сайлауына қатысуға ниетті екенін жариялағанын, сондай-ақ былтыр бірнеше рет онлайн шабуылға ұшырағанын, президент сайлауы қарсаңында полиция бірнеше рет мазалағанын, жақында көлігін біреулер өртеп кеткенін ескерсек, бұл инцидент те саяси қысымның бір түрі болуы әбден мүмкін. Инстаграмдағы бүгінгі постында Динара ханым ұлының Еуроодақтағы мемлекеттің бірінің азаматы екенін атап өтіпті. Өткенде Егеубаеваның сөзін бұрмалап, ауылдың қазақтарын “маргинал” деді деп манипуляция жасап, журналистті жеккөрінішті қылып көрсетуге тырысқан “журналистерге” бұл мәлімет те жақсы ілмек болайын деп тұр. Оларға алдын ала айтар өтінішім: грамм ұятыңыз қалса, бүйректен сирақ шығармай тыныш отырыңыздар. Динара Егеубаеваға жасалған қысым, азаматтық қоғамға жасалған қысым. Silence is violence. Үнсіз қалмайық. Ертең сізге қысым жасалғанда, қолдау білдіретін ешкім қалмауы мүмкін. Фото: Д.Егеубаеваның Инстаграм аккаунтынан.
Show more ...
image
99
0
Бағлан Майлыбаев - ҚР ҚК 361 бабының 4 тармағф “Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану” және 185 бап 3 тармақ “Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету” бойынша 5 жылға сотталып, 3 жылдан соң босатылды Қуандық Бишімбаев - пара алды деп 10 жылға сотталып, 1 жылдан соң босап шықты Василий Ни - “Қорғас” ісі бойынша 1 миллион доллар пара алды деп айыпталып, кінәсін мойындағаны үшін сот залынан босап шықты Махамбет Әбжан - Жалған ақпарат таратты, бопсалады деп 9 жылға сотталды Жаңа Қазақстан Сурет:
Show more ...
118
0
Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталып кетті Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты журналист Махамбет Әбжанға үкім шығарды.
94
0
✍️ Мемлекет басшысы «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» қол қойды. ✍️ Главой государства подписан «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в марте-июне и сентябре-декабре 2023 года».
Show more ...
90
0
📽Видеода: үйлер су объектісінің жанында салынғандықтан, су тасқыны қаупі жоғары екендігін байқауға болады. Қазіргі уақытта еріген қар және жаңбыр суларының мол түсуіне байланысты Арыс қаласы арқылы өтетін Қабылсай каналы толып жатыр. 🧑‍🚒ТЖМ құтқару бөлімшелері түні бойы су тасқынына қарсы күресті жалғастырды. 📽На видео видно, что дома построены вблизи от водного объекта, что предопределяет их подверженность подтоплениям. В настоящее время канал Кабылсай, проходящий по городу Арысь, переполнен в связи с обильным поступлением талых и дождевых вод. 🧑‍🚒Между тем спасательные подразделения МЧС всю ночь продолжали борьбу с подтоплениями.
Show more ...

IMG_2094.MP4

97
0
Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Запаровтың су басқан аудандардағы жағдай бойынша түсініктемесі. Жедел телефон желісі жұмыс істейді: Астанада - 87172533284; Түркістан облысында - 87253357881. Арна материалдарын пайдаланған кезде дереккөзге сілтеме көрсетуді сұраймыз. Комментарий заместителя начальника Департамента по чрезвычайным ситуациям Туркестанской области Бахытжана Запарова по текущей ситуации в подтопленных районах. Работают телефоны горячей линии: В Астане - 87172533284; В Туркестанской области- 87253357881. При использовании материалов канала просим указывать ссылку на источник.
Show more ...

IMG_8452.MP4

IMG_8453.MP4

IMG_8454.MP4

76
0
ЖАРИЯЛАНЫМ ІЗІМЕН Арқалық полицейлері көшеде балаларды аңдыған адамды ұстады. Қазір қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы "Қоғамдық орындарда тиісу"бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жағдай ювеналды полицейлердің бақылауында. ⚡ПО СЛЕДАМ ПУБЛИКАЦИЙ Сотрудники полиции города Аркалыка установили мужчину, который на улице подошел к детям. Житель города привлечен к административной ответственности по ст. 449 КоАП РК "Приставание в общественных местах". Ситуация под контролем ювенальных полицейских.
Show more ...
87
0
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Берік Серікұлы Беркімбаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. ✍️ Распоряжением Главы государства Беркимбаев Берик Серикович освобожден от должности заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы.
78
0
Түркістан облысында ауылды су басты. Мына видеода Үлгілі деген ауыл дейді

IMG_2236.MP4

IMG_2235.MP4

IMG_2234.MP4

89
0
Түрікше бір желіде соғыста жүрген бір түрік баланың жазуларын оқыдым. Ресей азаматы. Мобик. Әкесі түрік, шешесі орыс. Түрікше жазады. Әлі ешқандай шайқасқа қатыспаған. Ондай пәлендей жоқ дейді. Тек екі жақтың артиллериясы бір бірін атқылап жатқан. Күйген ет иісі жиіркенішті, бірақ үйреніп кеткенін айтады. Жағдайлары онша емес. Командирлер профи емес дейді. Телефон ұстауларына болмайды, бірақ бәрінде бар дейді. Қаланы босатып, шет жағына ығыса бастағандарын түсіндім. Рагнароктан да қорқады екен. Көп жазбайды. Айына 2-3 рет. Бұрынғы жазуларына қарасам, соғысқа қарсы жігіт. Ұзақ уақыт жазбай кетсе, өліп қалды деп ойлай беруге болатын шығар. Осылай соғыс күнделігін жазып жүргендерді байқадыңыздар ма? Сондай шын нәрселерді оқиық. Әйтпесе екі жақтың да ақпараттарында өтірік көп сияқты
Show more ...
90
0
Last updated: 10.11.22
Privacy Policy Telemetrio