Қазақстан Бас прокуратурасы
ҚР Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Show more📈 Analytical overview of Telegram channel Қазақстан Бас прокуратурасы
Channel Қазақстан Бас прокуратурасы (@genpr) is an active participant. Currently, the community unites 17 251 subscribers, ranking 458 in the Law category and 490 in the Kazakhstan region.
📊 Audience metrics and dynamics
Since its creation on невідомо, the project has demonstrated rapid growth, gathering an audience of 17 251 subscribers.
According to the latest data from 05 November, 2026, the channel demonstrates stable activity. Although there has been a change in the number of participants by -134 over the last 30 days and by 1 over the last 24 hours, overall reach remains high.
- Verification status: Not verified
- Engagement rate (ER): The average audience engagement rate is 5.94%. Within the first 24 hours after publication, content typically collects 5.00% reactions from the total number of subscribers.
- Post reach: On average, each post receives 1 025 views. Within the first day, a publication typically gains 863 views.
- Reactions and interaction: The audience actively supports content: the average number of reactions per post is 0.
📝 Description and content policy
The author describes the resource as a platform for expressing subjective opinions:
“ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78”
Thanks to the high frequency of updates (latest data received on 06 November, 2026), the channel maintains relevance and a high level of publication reach. Analytics show that the audience actively interacts with content, making it an important point of influence in the Law category.
Loading data
| Date | Subscriber Growth | Mentions | Channels | |
| 06 November | +1 | |||
| 05 November | +10 | |||
| 04 November | +4 | |||
| 03 November | +7 | |||
| 02 November | +2 | |||
| 01 November | +3 |
| 2 | Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.
📌 Дүйсенбі
🔹 Бизнеске заңсыз араласу: Қызылорда облысының прокуратурасы «TEMA RETAILKZ» ЖШС-не қатысты заңсыз жедел ден қою шарасының күшін жойды. Заңдылық қалай қалпына келтірілді? Толығырақ осы жерден оқыңыз.
🔹 Жұмысқа орналастыру квотасы ұлғайтылды: Алматы облысының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарға арналған жұмыс орындарының квотасын 97-ден 963-ке дейін ұлғайтуға қол жеткізді. Прокурорлар қандай шаралар қабылданды? Осы жерден оқыңыз.
🔹 Бәсекелестік туралы заңнаманы бұзу: БҚО прокуратурасы бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын жобаларда бәсекелестікке қарсы әрекеттерді анықтады. 648 мың теңге айыппұл салынды. Қандай заңбұзушылық анықталды? Толығырақ сілтемеден оқыңыз!
📌 Сейсенбі
🔹 5 млрд теңгелік зауыт: СҚО прокуратурасы түйіршіктелген жоңышқа өндіретін зауыттың электрмен жабдықтау мәселесін шешуге көмектесті. Жобаны іске асыруға не кедергі болды? Осы жерден оқыңыз!
🔹 Қызметке тапсырыс берудегі алаяқтық: Астанада ер адам төбе жабындарын орнату және жиһаз жасау үшін алдын ала төлем алып, 15 азаматты алдаған. Шығын 21 млн теңгеден асты. Алаяқ қалай әрекет етті? Толығырақ сілтемеде!
🔹 Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: Бас Прокурор Берік Асылов пен Үндістан Елшісі қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе сот үкімін орындау үшін іздестіріліп жатқан адамдарды беру туралы шартқа қол қойды. Келісім қандай мүмкіндіктер ашады? Толығырақ осы жерден қараңыз.
📌 Сәрсенбі
🔹 Инвестор үшін жаңа мүмкіндіктер: Ақтөбе прокуратурасы құны 3,5 млрд теңгелік «KAMAZ» сервистік орталығының құрылысына кедергі болған мәселелерді шешті. Жоба іске қосылғанда 70 жұмыс орны ашылады. Мәселе қалай шешілді? Толығырақ осында.
🔹 Қазақстан тергеудің жаңа технологияларын зерделеуде: Бас прокуратура делегациясы Бас Прокурордың орынбасары Асхат Жұмағалидың басшылығымен АҚШ-тағы IACP халықаралық конференциясына қатысты. Қандай технологиялар зерделенді? Осы жерден көріңіз.
🔹 Алимент берешегі өтелді: Жамбыл облысының прокуратурасы 2024 жылдан бері бала асырауға төленбей келген 1,7 млн теңгені өндіріп алуға қол жеткізді. Борышкерді төлем жасауға не итермеледі? Толығырақ сілтемеден оқыңыз!
📌 Бейсенбі
🔹 Алимент есебіне мүлік берілді: Маңғыстау облысының прокуратурасы алимент алушылардың пайдасына 134,8 млн теңге өндіріп алды. Берешек есебінен 2 пәтер, жер учаскесі және 3 автокөлік берілді. Төлемге қалай қол жеткізілді? Толығырақ сілтемеде!
🔹 Грузиядан экстрадиция: Қазақстанға медициналық жабдықты отандық өнім ретінде көрсетіп, бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген азамат жеткізілді. Шығын 4,5 млрд теңгеден асты. Қылмыстық схема қалай әшкереленді? Осы жерден қараңыз.
🔹 Қылмыстық процестегі цифрлық дәлелдемелер: Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров бастаған делегация Римде өткен халықаралық конференцияға қатысты. Қазақстандық мамандар Еуропаның қандай тәжірибесін зерделеді? Толығырақ осы жерден оқыңыз!
📌 Жұма
🔹 Жаңа мақта өңдеу зауыты: Түркістан облысының Жетісай ауданында құны 2,8 млрд теңге болатын зауыт іске қосылды. Кәсіпорында 200 жұмыс орны ашылады. Инвесторға кедергі болған мәселелер қалай шешілді? Толығырақ осында.
🔹 Астықты заңсыз сату және тасымалдаушылар алдындағы берешек: Қостанай облысында «Эклипс Агро» ЖШС директоры 352 тонна өзгенің бидайын сатып, тасымалдаушыларға 11,1 млн теңге қарыз болған. Ол қанша жылға сотталды? Осы жерден көріңіз!
🔹 Бюджет қаражаты үнемделді: Ақмола облысының прокуратурасы қаланы күтіп-ұстау жұмыстары бойынша сметаның көтерілгенін және жұмыс көлемінің негізсіз арттырылғанын анықтады. 1,8 млрд теңгеге 21 мемлекеттік сатып алу рәсімі жойылып, 714 млн теңгенің тиімсіз жұмсалуына жол берілмеді. Кімдер жауапқа тартылды? Сілтемеден оқыңыз!
Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 357 |
| 3 | Прокуратурой ВКО продолжается работа по защите прав лиц с инвалидностью
Органами прокуратуры Восточно-Казахстанской области на системной основе проводится работа по защите прав социально уязвимых категорий населения, в том числе по обеспечению доступности социально значимых услуг для лиц с инвалидностью.
Очередные меры по восстановлению нарушенных прав граждан приняты в Уланском районе.
Установлено, что на территории района проживают 1 049 лиц с инвалидностью. При этом услуги инватакси оказывались всего одним специализированным автомобилем, которым на регулярной основе пользовались лишь 7 человек.
В то же время, как установлено проведенным прокуратурой анализом, фактически в услугах инватакси нуждались 62 жителя района, которые не были охвачены данной мерой социальной поддержки.
Кроме того, прокуратурой установлены нарушения порядка организации перевозок, а также недостаточная информированность населения о возможности получения указанных услуг.
В результате принятых надзорных мер дополнительно выделены 2 специализированных автомобиля, пересмотрен режим работы инватакси, актуализированы списки нуждающихся граждан и усилена информационно-разъяснительная работа с населением района о действующих мерах господдержки лиц с инвалидностью.
Виновные должностные лица привлечены к дисциплинарной ответственности.
Работа по защите социальных прав граждан продолжается.
Ссылка на сайт прокуратуры Восточно-Казахстанской области:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-vko/press/news/details/1325236?lang=ru
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 675 |
| 4 | ШҚО прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыруда
Шығыс Қазақстан облысының прокуратура органдары халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарының құқықтарын қорғау, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік маңызы бар қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
Азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша кезекті шаралар Ұлан ауданында қабылданды.
Аудан аумағында мүгедектігі бар 1 049 адам тұратыны анықталды. Бұл ретте инватакси қызметін тек 1 арнайы автокөлік көрсеткен, оны тұрақты түрде бар болғаны 7 адам пайдаланған.
Сонымен бірге, прокуратура жүргізген талдау нәтижесінде анықталғандай, іс жүзінде бұл әлеуметтік қолдау шарасымен қамтылмаған ауданның 62 тұрғыны инватакси қызметіне мұқтаж болған.
Бұдан бөлек, прокуратура тасымалдауды ұйымдастыру тәртібінің бұзылуын, сондай-ақ халықтың аталған қызметтерді алу мүмкіндігі туралы ақпараттандырылуы жеткіліксіз екенін анықтады.
Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде қосымша 2 арнайы автокөлік бөлінді, инватаксидің жұмыс режимі қайта қаралды, мұқтаж азаматтардың тізімдері өзектендірілді және аудан тұрғындарымен мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы күшейтілді.
Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау бойынша жұмыс жалғасуда.
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-vko/press/news/details/1325236?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 575 |
| 5 | Прокуратурой города Степногорск предотвращено необоснованное расходование бюджетных средств на сумму 714 млн теңге
Прокуратурой города установлены нарушения требований бюджетного законодательства со стороны акимата города Степногорск при формировании и планировании работ по содержанию города.
В частности, нарушения выразились в необоснованном завышении сметной стоимости, включении избыточных и экономически необоснованных объемов работ, в том числе работ, не подлежащих выполнению в соответствующий период, а также установлении требований, не соответствующих законодательству и ограничивающих конкуренцию.
В результате мер прокурорского надзора отменены 21 процедура государственных закупок на общую сумму 1,8 млрд теңге. В результате сметная стоимость пересмотрена, необоснованные расходы исключены. Это позволило предотвратить неэффективное расходование бюджетных средств на сумму 714 млн теңге.
За допущенные нарушения законности к дисциплинарной ответственности привлечены руководители городского отдела жилищно-коммунального хозяйства и отдела пассажирского транспорта и автомобильных дорог.
Вопросы целевого и эффективного использования бюджетных средств находятся на постоянном контроле прокуратуры.
Ссылка на сайт прокуратуры Акмолинской области:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1325062?lang=ru
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 654 |
| 6 | Степногорск қаласының прокуратурасы бюджет қаражатының 714 млн теңге сомасындағы негізсіз шығындалуының алдын алды
Қала прокуратурасымен Степногорск қаласының әкімдігі тарапынан қаланы күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды қалыптастыру және жоспарлау кезінде бюджет заңнамасының талаптарын бұзу фактілері анықталды.
Атап айтқанда, бұзушылықтар сметалық құнның негізсіз жоғарылатылуынан, жұмыстардың артық және экономикалық тұрғыдан негізделмеген көлемдерінің енгізілуінен, оның ішінде тиісті кезеңде орындалуы қажет емес жұмыстардың жоспарлануынан, сондай-ақ заңнама талаптарына сәйкес келмейтін және бәсекелестікті шектейтін талаптардың белгіленуінен көрініс тапқан.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы сомасы 1,8 млрд теңгені құрайтын 21 мемлекеттік сатып алу рәсімі жойылды. Нәтижесінде сметалық құн қайта қаралып, негізсіз шығындар алынып тасталды. Бұл бюджет қаражатының 714 млн теңге сомасындағы тиімсіз жұмсалуының алдын алуға мүмкіндік берді.
Заңдылықты бұзғаны үшін қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Бюджет қаражатының нысаналы әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мәселесі прокуратураның тұрақты бақылауында.
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1325062?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 651 |
| 7 | В области Жетісу восстановлены трудовые права более 700 граждан
Прокуратура Коксуского района области Жетісу провела анализ соблюдения трудового законодательства, в ходе которого выявлены нарушения прав работников. В результате сверки данных с медицинскими учреждениями установлено, что за последние два года более 50 работников не прошли ежегодные скрининговые обследования, при этом работодатели не предоставили им предусмотренные законодательством социальные отпуска.
Кроме того, в отношении 70 работников отсутствовали договоры обязательного страхования от несчастных случаев при исполнении трудовых обязанностей. Также выявлены факты неразмещения работодателями сведений о свободных рабочих местах на Электронной бирже труда, что ограничивало возможности безработных граждан своевременно трудоустроиться.
По выявленным нарушениям прокуратурой района внесен акт надзора, по результатам рассмотрения которого 25 работодателей привлечены к административной ответственности. Восстановлены трудовые права более 700 граждан, трудоустроены свыше 50 безработных, в том числе 7 лиц, имеющих задолженность по алиментам на содержание несовершеннолетних детей и находящихся под пробационным контролем.
Защита трудовых прав граждан и обеспечение законности в сфере занятости остаются приоритетными направлениями деятельности прокуратуры области Жетісу.
Ссылка на сайт прокуратуры области Жетісу:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1325045?lang=ru
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 727 |
| 8 | Жетісу облысында 700-ден астам азаматтың еңбек құқықтары қалпына келтірілді
Жетісу облысы Көксу ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, жұмыскерлердің құқықтарының бұзылғанын анықтады. Медициналық мекемелердің деректерін салыстыру нәтижесінде соңғы екі жылда 50-ден астам жұмыскердің жыл сайынғы скринингтік тексерулерден өтпегені, ал жұмыс берушілердің оларға заңнамада көзделген әлеуметтік демалыс бермегені белгілі болды.
Сонымен қатар, 70 жұмыскерге қатысты еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары жасалмаған. Бұдан бөлек, жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді Электрондық еңбек биржасында орналастырмағаны анықталды. Бұл жұмыссыз азаматтардың уақытылы жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін шектеген.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша аудан прокуратурасы қадағалау актісін енгізіп, оны қарау нәтижесінде 25 жұмыс беруші әкімшілік жауаптылыққа тартылды. 700-ден астам азаматтың еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, 50-ден астам жұмыссыз адам жұмыспен қамтылды. Олардың қатарында кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент бойынша берешегі бар және пробациялық бақылауда тұрған 7 адам бар.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және жұмыспен қамту саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету Жетісу облысы прокуратурасы қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1325045?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 648 |
| 9 | Прокуратура восстановила права сельчан на земельные и водные ресурсы
Прокуратура Алматинской области добилась возврата в государственную собственность земельного участка площадью 29,1 га в Уйгурском районе, который был передан в частную собственность в 2008 году.
На территории участка расположены пруд, гидротехническое сооружение площадью 0,7 га и кладбище площадью 0,5 га. В результате передачи земли в частную собственность местные жители столкнулись с ограничениями при выпасе скота и пользовании водными ресурсами.
Между тем земельное и водное законодательство не допускает передачу таких участков в частную собственность третьим лицам.
По иску прокуратуры, судом принято решение вернуть земельный участок в государственную собственность.
Ссылка на сайт прокуратуры Алматинской области:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1324978?lang=ru
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 684 |
| 10 | Прокуратура ауыл тұрғындарының жер және су ресурстарына құқықтарын қалпына келтірді
Алматы облысының прокуратурасы Ұйғыр ауданында 2008 жылы жеке меншікке берілген 29,1 гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтаруға қол жеткізді.
Аталған жер учаскесінің аумағында тоған, көлемі 0,7 гектар гидротехникалық құрылыс және 0,5 гектар зират орналасқан. Жердің жеке меншікке берілуі салдарынан жергілікті тұрғындар мал жаю және су ресурстарын пайдалану кезінде шектеулерге тап болған.
Алайда жер және су заңнамасының талаптарына сәйкес, мұндай жер учаскелерін үшінші тұлғалардың жеке меншігіне беруге жол берілмейді.
Прокуратураның талап арызы бойынша сот жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады.
Алматы облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1324978?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 669 |
| 11 | Продажа 352 тонн пшеницы и долги перевозчикам: руководитель компании осужден на 6 лет лишения свободы
В Житикаринском районном суде вынесли приговор директору ТОО «Эклипс Агро».
Согласно материалам обвинения, в октябре 2024 года он получил 352,56 тонны пшеницы стоимостью 28,5 млн теңге, принадлежавшей КХ. Позже документы на зерно переоформили на ТОО «Эклипс Агро», после чего пшеницу продали третьим лицам без согласия собственника.
Кроме того, по версии обвинения, компания не оплатила трём перевозчикам транспортные услуги на общую сумму 11,1 млн теңге.
Защита настаивала, что между сторонами существовала совместная хозяйственная деятельность. Однако прокурор указал на отсутствие договора о совместной деятельности и документов, подтверждающих право распоряжаться чужим зерном.
Гособвинитель просил назначить подсудимому 8 лет лишения свободы. Суд признал его виновным и назначил 6 лет лишения свободы с лишением права занимать определённые должности сроком на 6 лет.
Приговор не вступил в законную силу.
Ссылка на сайт прокуратуры Костанайской области:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-kostanay/press/news/details/1324907?lang=ru
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 700 |
| 12 | 352 тонна бидайды сату және тасымалдаушылар алдындағы берешек: компания басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды
Жітіқара аудандық сотында «Эклипс Агро» ЖШС директорының ісі бойынша үкім шығарылды.
Айыптау материалдарына сәйкес, 2024 жылдың қазан айында ол шаруа қожалығына тиесілі, құны 28,5 млн теңге болатын 352,56 тонна бидайды алған. Кейін астыққа қатысты құжаттар «Эклипс Агро» ЖШС атына қайта рәсімделіп, бидай меншік иесінің келісімінсіз үшінші тұлғаларға сатылған.
Бұдан бөлек, айыптау нұсқасы бойынша, компания үш тасымалдаушыға көрсетілген көлік қызметтері үшін жалпы сомасы 11,1 млн теңгені төлемеген.
Қорғау тарапы тараптар арасында бірлескен шаруашылық қызмет болғанын алға тартты. Алайда прокурор бірлескен қызмет туралы шарттың, сондай-ақ бөтен астыққа билік ету құқығын растайтын құжаттардың жоқ екенін атап өтті.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот оны кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, сотталушы 6 жыл мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-kostanay/press/news/details/1324907?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 691 |
| 13 | Прокуратура Жетысайского района помогла запустить хлопкозавод стоимостью 2,8 млрд теңге
Прокуратура Жетысайского района в рамках защиты прав инвесторов оказала содействие ТОО «Бірлік-Е» в решении инфраструктурной проблемы, препятствовавшей запуску хлопкоперерабатывающего предприятия стоимостью 2,8 млрд теңге.
Инвестиционный проект предусматривает глубокую переработку до 50 тысяч тонн хлопкового волокна в год и создание 200 рабочих мест. С 2025 года запуск производства находился под угрозой из-за отсутствия подключения завода к техническому водоснабжению.
В целях оперативного решения вопроса прокуратура района инициировала подписание трехстороннего меморандума между надзорным органом, инвестором и подрядной организацией. В течение одного месяца на объекте пробурены скважины и предприятие получило необходимый объем технической воды.
В результате принятых мер завод вышел на проектную мощность, позволив увеличить объемы переработки сельхозпродукции в регионе.
Кроме того, прокуратурой внесен акт надзора по факту бездействия со стороны местных исполнительных органов, по итогам рассмотрения двое должностных лиц привлечены к дисциплинарной ответственности.
Защита прав инвесторов является приоритетным направлением органов прокуратуры.
Ссылка на сайт прокуратуры Туркестанской области:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-turkestan/press/news/details/1324867?lang=ru
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 767 |
| 14 | Жетісай ауданының прокуратурасы құны 2,8 млрд теңге мақта зауытының іске қосылуына ықпал етті
Жетісай ауданының прокуратурасы инвесторларды сүйемелдеу жұмыстарының шеңберінде «Бірлік-Е» ЖШС-нің құны 2,8 млрд теңге болатын мақта өңдеу зауытын іске қосуға кедергі келтірген мәселені шешті.
Аталған кәсіпорын жылына 50 мың тонна мақта талшығын терең өңдеуге және 200 жаңа жұмыс орнын ашуға бағытталған. Алайда 2025 жылдан бері өндірістік нысан техникалық сумен қамтамасыз етілмей, зауытты толық қуатта іске қосу мүмкін болмаған.
Қадағалау органының үйлестіруімен аудан прокуратурасы, инвестор және мердігер арасында үшжақты меморандум түзілді. Нәтижесінде кәсіпорын үшін арнайы ұңғымалар қазылып, нысан бір айдың ішінде қажетті өндірістік сумен толық қамтылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыруға жол ашылды.
Сонымен қатар прокуратура жергілікті атқарушы органдардың әрекетсіздігі бойынша прокурорлық қадағалау актісін енгізіп, екі лауазымды тұлға тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі.
Түркістан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-turkestan/press/news/details/1324867?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 888 |
| 15 | Цифровые доказательства и права человека: Академия обсудила в Риме будущее уголовного правосудия
4 ноября 2026 года в Риме, на кампусе Европейского университета права и управления (ELGU), прошла международная конференция «Право на защиту в цифровом уголовном правосудии: технологии, доказательства и гарантии справедливого судебного разбирательства».
Организаторами форума выступили Европейская организация публичного права (EPLO) и Союз палат адвокатов по уголовным делам Италии – крупнейшее национальное объединение адвокатов-криминалистов страны.
В работе конференции приняла участие делегация Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан во главе с ректором Нургалымом Абдировым.
Форум собрал европейских ученых, адвокатов и прокуроров. Главный вопрос дискуссии: как сохранить баланс между эффективностью расследования и правами участников процесса, когда ключевые доказательства существуют только в цифровой форме.
Участники обсудили использование переписки из зашифрованных мессенджеров в качестве доказательств и дистанционные судебные процессы. Говорили также о трансграничном обмене электронными доказательствами по Регламенту ЕС e-Evidence и о требованиях к достоверности данных, полученных с помощью искусственного интеллекта.
Для Казахстана эта повестка особенно актуальна: уголовное судопроизводство в стране последовательно переходит в электронный формат. Европейский опыт войдет в учебные курсы и научные исследования Академии.
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 1 072 |
| 16 | Цифрлық дәлелдемелер және адам құқықтары: Академия Римде қылмыстық сот төрелігінің келешегін талқылады
2026 жылғы 4 қарашада Рим қаласындағы Еуропалық құқық және басқару университетінің (ELGU) кампусында «Цифрлық қылмыстық сот төрелігіндегі қорғану құқығы: технологиялар, дәлелдемелер және әділ сот талқылауының кепілдіктері» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Форумды Еуропалық жария құқық ұйымы (EPLO) және Италияның қылмыстық істер жөніндегі адвокаттар алқалары одағы бірлесіп ұйымдастырды. Бұл ұйым елдегі қылмыстық істер бойынша адвокаттардың ең ірі ұлттық бірлестігі болып табылады.
Конференцияға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіров бастаған делегация қатысты.
Форумға еуропалық ғалымдар, адвокаттар мен прокурорлар жиналды. Талқылаудың негізгі өзегі тергеу тиімділігі мен процеске қатысушылардың құқықтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау мәселесі болды. Әсіресе негізгі дәлелдемелер тек цифрлық форматта болған жағдайда әділ сот талқылауының кепілдіктерін қамтамасыз етуге баса назар аударылды.
Қатысушылар шифрланған мессенджерлердегі хат алмасуларды дәлелдеме ретінде пайдалану және сот процестерін қашықтан өткізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Еуропалық Одақтың e-Evidence регламенті аясында электрондық дәлелдемелермен трансшекаралық алмасу және жасанды интеллект көмегімен алынған деректердің анықтығына қойылатын талаптар қарастырылды.
Бұл мәселелер Қазақстан үшін де өзекті. Елімізде қылмыстық сот ісін жүргізу жүйесі біртіндеп электрондық форматқа көшуде. Еуропалық тәжірибе Академияның оқу курстары мен ғылыми зерттеулеріне енгізілетін болады.
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 835 |
| 17 | НАРУШЕНИЕ УСЛОВИЙ СОЦИАЛЬНОЙ ПОДДЕРЖКИ ПОВЛЕКЛО ВЗЫСКАНИЕ 36 МЛН ТЕҢГЕ
Прокуратурой Жанибекского района ЗКО проведен анализ законности использования бюджетных средств, выделенных в качестве социальной поддержки молодым специалистам, прибывшим в сельскую местность.
Установлено, что работникам предоставлялась единовременная социальная поддержка с условием обязательной работы сроком не менее пяти лет.
Работники, получившие пакет социальной поддержки уволились с работы не исполнив обязательства. Но несмотря на это не вернули полученные средства с госбюджета.
По акту прокурорского надзора предъявлены иски в суд о взыскании долга.
Все исковые заявления судом удовлетворены. В настоящее время исполнительные листы направлены судебным исполнителям для принудительного исполнения.
Прокуратура продолжает работу по обеспечению законности, защите государственных интересов.
Ссылка на сайт прокуратуры Западно-Казахстанской области:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-zko/press/news/details/1324457?lang=ru
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 814 |
| 18 | ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРТТАРЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ 36 МЛН ТЕҢГЕНІ ӨНДІРУГЕ СЕБЕП БОЛДЫ
БҚО Жәнібек ауданының прокуратурасы ауылдық елді мекендерге жұмысқа келген жас мамандардың әлеуметтік қолдау ретінде бөлінген бюджет қаражатының заңдылығына талдау жүргізді.
Талдау нәтижесінде шартқа сәйкес әлеуметтік қолдау алған қызметкерлер кемінде бес жыл міндетті түрде жұмыс жасауы тиіс болса да оны орындамастан өз еріктерімен жұмыстан шығып, бюджет қаражатын қайтармағанын анықтады.
Прокуратураның қадағалау шаралары нәтижесінде сотқа талап арыздар беріліп, олар қанағаттандырылды.
Қазіргі уақытта атқару парақтары сот орындаушыларына мәжбүрлеп орындатуға жолданды.
Прокуратура бюджет қаражатының заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қорғауды жалғастырады.
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-zko/press/news/details/1324457?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 765 |
| 19 | В Кызылорде погашена задолженность по зарплате на 177,5 млн теңге
Прокуратура города Кызылорда добилась полного погашения задолженности по заработной плате перед 190 работниками частной школы, на общуюсумму 142 млн теңге.
В ходе анализа соблюдения требований трудового законодательства прокуратурой города выявлены нарушения, связанные с несвоевременной и неполной выплатой работникам денежных средств за ежегодный трудовой отпуск.
В результате перед 190 работниками образовательного учреждения образовалась задолженность по заработной плате.
По акту прокурорского надзора приняты меры, направленные на восстановление нарушенных трудовых прав граждан. В результате задолженность в размере 142 млн теңге погашена в полном объёме.
В целом за истекший период текущего года прокуратурой города Кызылорды защищены конституционные права 1 998 граждан, взыскано 177,5 млн теңге.
Защита трудовых прав граждан, а также обеспечение законности в сфере трудовых отношений остаются на постоянном контроле органов прокуратуры.
Ссылка на сайт прокуратуры Кызылординской области:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1324444?lang=ru
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 797 |
| 20 | Қызылордада қызметкерлерге 177,5 млн теңге жалақы берешегі төленді
Қызылорда қаласының прокуратурасы жеке мектептің 190 қызметкеріне жалақы бойынша 142 млн теңгені құрайтын берешекті толық өтетуге қол жеткізді.
Еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына жүргізілген талдау қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысы үшін төленетін ақшаның уақтылы әрі толық төленбеу фактілерін анықтады.
Соның салдарынан білім беру ұйымының 190 қызметкері алдында жалақы бойынша берешек қалыптасқан.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде азаматтардың бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданды. Нәтижесінде 142 млн теңге көлеміндегі берешек толық өтелді.
Жалпы, ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Қызылорда қаласының прокуратурасы 1 998 азаматтың конституциялық құқықтарын қорғап, 177,5 млн теңге өндіріп алды.
Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету прокуратура органдарының тұрақты бақылауында.
Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/org/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1324444?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП | 798 |
