Ilim_ordasy📚
Open in Telegram
Хадис,уағыз,жазба,насихат. Адамдарға әсер қалдырып үйрен. Әр Пост (жазба) Аманат. . Біз дүниеден өтіп кеткеннен кейін де адамдарға пайда беруін тоқтатпайтын арна болсын!
Show more1 978
Subscribers
-324 hours
-297 days
-12730 days
Posts Archive
1 978
Repost from MAUARA-NAHR ما وراء النهر
Бауырлар!
Қазақ аудиториясында алғаш рет діни бағытта түрлі дәрістерді қамтыған қосымша пайда болды. Осы кереметтей қосымшаны жасап шыққан Мұрат бауырыма алғыс білдіремін. Енді сіз еліміздегі мықты ұстаздардың білімге, рухани уағыз-насихатқа қатысты сабақтарын рет-ретімен осы қосымшадан қарай аласыз. Дәрістерге жазылу құны нәбәрі - 890 тнг. Қосымшаны App Store немесе Play Market тен жүктей аласыздар. Сіздер сұрадыңыздар, бауырлар жасап берді. Енді осы қосымшаға сіз-біз боп атсалысайық, қолдайық✊🏻
1 978
Көрдім сонау, ұмтылдым бір белеске
Көз тартады, бүйрек бұрды ерекше
Жақын барып енді міне, қалғанда,
Алыстайды, айналады елеске
1 978
Әдетте адамдар жүрегі қатайып бара жатса ҚҰРАН оқиды, бұл жақсы нәрсе. ҚҰРАН жүректі жұмсартатынын бәрі біледі.
Бірақ, көпшілік білмейтін жүректі жұмсартатын тағы да жолдар бар екен. Соның бірі салиқалы адамдардың жүзіне қарау. Өйткені, олардың бойы ҚҰРАНмен қаныққан, АЛЛАһтан қорқады…
Авторы белгісіз
1 978
Сыр деген — біреудің сізге “ешкімге айтпа” немесе “арамызда қалсын” деп айтқан сөздері ғана емес. Мысалы, сізбен жақын араласатыны себепті жеке өміріне (отбасына, мал-мүлкіне т.с.с.) қатысты нәрселермен бөліссе, оны да сақтау сыр сақтауға жатады. Әсіресе, жеке басының шаруасы туралы ақыл сұраса. Хадисте ақыл сұраудың аманат екені айтылады. Яғни білгенін айтып, сырын сақтау керек.
©️Дастан Құрманбаев
1 978
Қателіктерге қатты қайғырып қажет емес . Өйткені олар болмаса , қалай дұрыс жасауды ешқашан білмей өтер едің. Егер өмірде жолың болмай, сәтсіздіктерге ұрына берсең, онда бағытыңды өзгертетін уақыттың келгені.
©️Алтынбек АбуМухаммад
1 978
Пасықтармен жүріп тәтті тамақ жегенше, ізгілермен жүріп тас тасыған артық…
©️Нұрсұлтан Рысмағанбетұлы
1 978
"Дүние-мүлкіңе жомарт, ал сырыңа сараң бол! Себебі, дүние-мүлкін берген жан абыройлы, ал сырын айтқан қор болады".
Ғұлама Ибраһим Хаққы Ерзуруми (Алла оны рақымына бөлесін).
1 978
Аллаһ неге дұғамызды бірден қабыл етпей жатыр деп сабырсыздық танытамыз, ал күнә жасағанда неге бірден жазаламайтынын ойламаймыз
©️Мурад Алискеров
1 978
Бүкіл әлем мұсылмандарының уайымын жеу - нағыз мұсылманға қатысты сипат.
Аллаһтың алдына барғанда, “дін дұшпандарының жасап жатқанына қарсы не жасадың?” - деп сұраған кезде, біз жоқ дегенде ішімізде уайыммен өттік. “Аллаһ маған мүмкіндік бергенде мен сол нәрсені осылай өзгертер едім” - деген уайым болу керек.
1 978
Ұйықтап жатқан адам түс көріп жатқанын оянғанда біледі, сол сияқты мына дүниеге алданып, Аллаһты ұмытқан адам жағдайын қабірге түскенде біледі
1 978
Атты міне арайлап жұма таңы
Әр мұсылман жұманы ұнатады
Тәубе етіп, сауапқа асықпасақ
Шәйтан нәпсі шалқадан құлатады
Аллаһым бос қайтармай ұялады
Жайылса мұсылманның алақаны
Садақа еселенер күн туыпты
Бастайық ниеттеніп садақаны
1 978
Бір адаммен қарым - қатынасыңды тоқтатсаң, оның бүкіл құпия - сырларын жина да , бір жерге жасыр . Сосын ол жерді ұмытып кет . Ал , біреу саған ашуланып , алайда еш жамандық жасамаса , оны өзіңе дос тұт . Себебі ашу адамның бетпердесін ашады.
©️Алтынбек АбуМухаммад
1 978
Repost from shakirt_jazbalary
Кенеттен оқыс жағдайға тап болып, аяқ тайып не бір нәрсе тиіп кеткенде аузымыздан қандай сөз шығады, байқадық па?
Адам күтпеген жерден бір жерін ұрып не жырып жатқанда абайсыздан айтатын сөзі - оның шынайы бейнесі. Өзіңді содан - ақ танып аласың.
Кейбірулер қалай өмір сүрсеңде, кетеріңде кәлима айтсаң жекілікті деп ойлайды. Алайда артымыздан ит қуғанда ауыздан ерсі* сөздер шығып жатырса, өлім періштесі алдыңнан келіп көзіңе тура қарағанда, кәлима айту бұйырар ма екен?!
Аяққа тікен кіргенде ауыз былғанса, ажалдың оғы кіргенде Алланы ұлықтай алар ма екенбіз?!
“Сабыр - соққының алғашқы сәтінде” болса, көбімізде сабыр жоқ.
Әсіресе ер адамдар көлікпен жолда көп сыналамыз. Айтса ауызға, тыңдаса құлаққа сыймайтын сөздерді айтып, соңғы демімізде кәлимадан үміттіміз…
Кей тақуа мұсылманды көргенде шын қызығасың, қолынан тәспі, аузынан зікір түспейді. Сынақ келсе де Раббысынанﷻ кешірім сұрайды. Таяқтың тиген ұшына емес, себебіне қарап, кемшілікті өзінен іздейді. Сырты халықпен болса да, іші үнемі ХАҚпен байланыста.
Солардың қатарына бірге ұмтылуға шақырамын
1 978
Тәрбиелілік, Бернард Шоу айтқандай, тек араздасқанда емес, қуанған мен қайғырғанда да, сондай - ақ жоспарсыз іске ойда жоқта жолыққанда да көрінеді
