cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

Advertising posts
197
Subscribers
-124 hours
-57 days
-1730 days

Data loading in progress...

Subscriber growth rate

Data loading in progress...

Сүннетті тастамайтын адамның, шайтан қалай парызына тиісе алады?
Show all...
1
Ілім мал - мүліктен 7 нәрседе артық: 1. Ілім пайғамбарлардың мирасы. Пайғамбарлардан мирасқа динар,дирхам қалмады, ілім қалды. Ал, мал-мүлік болса Перғауынның мирасы. 2. Ілімді жұмсасаң көбейеді, дүниені жұмсасаң азаяды. 3. Ілім иесін сақтайды, ал дүние сақтаушыға мұқтаж 4. Адам өмірден өтсе дүние артында қалады, ал ілім иесімен қабірге кіреді. 5. Аллаһ мүлікті момынға да кәпірге де береді, ілімді тек момынға береді 6. Барлық адам ілім иесіне мұқтаж өмірдің әр кезеңінде. Ал, дүние иесіне мұқтаж емес 7. Ілім сираттан өткізеді, ал, мал мүлік кедергі болады Хәзірет Әли رَضِي اَللهُ عَنْهُ
Show all...
1
Әр ұстаздың дәріс беру тәсілі әртүрлі. Кейінгі кезде онлайн дәріс алып жүрген ұстазыма үйге берген тапсырма, тақырыпты өзім түсіндіремін. Ол кісі тыңдап дұрыс жерін мақұлдап, бұрыс жерін түзетіп отырады. Осы тәсіл ерекше ұнады. Артықшылықтары: 📌Өзім түсіндіретін болғасын, жақсылап дайындаламын 📌Жауапкершілік артты 📌Есте жақсы сақталады 📌Болашақта біреуге үйрететін болсам, жеңіл болады
Show all...
1
Пендешілікпен ұмытып кетеміз. Құдды шын өмірде емес, экранның ар жағында болып жатырған секілді. Ол іс бізді төмендетпесе, жоғарылатпайды. Бір - бірімізге еске салып тұрайық.
Show all...
1
Photo unavailableShow in Telegram
Әйелдің негізгі миссиясының бірі күйеуіне үйде тыныштық және жаны жай табатындай жағдай жасау. Біздің аналарымыз діннен алыстау болса да, осы нәрсе олардың тәрбиесінде болды. Әкеміз үйде ұйықтап жатырғанда, біз аяқтың ұшымен жүретін едік. Яғни, әкеміз үйге асығуға бар жағдай жасалынатын. Осы негізгі қасиет бойында бар әйел, басқа кемшіліктері болса да еріне құрметті болады. 10 жыл шамасында бала сүйе алмай жатырған бір ағамыз бар. Алайда, оның ойына жарына талақ беру кіріп шықпайды. Неге ? Себебі, жұбайында негізгі қасиет бар. Оның қасында жаны жай табады. Алла әйелге ерінің ризалығын алуды бұйырды ма, демек, ол нәрседе үлкен қайыр бар. Мейлі, ер лайық болсын болмасын….
Show all...
👍 2 1
وَمِنۡ ءَايَٰتِهِۦٓ أَنۡ خَلَقَ لَكُم مِّنۡ أَنفُسِكُمۡ أَزۡوَٰجٗا لِّتَسۡكُنُوٓاْ إِلَيۡهَا وَجَعَلَ بَيۡنَكُم مَّوَدَّةٗ وَرَحۡمَةًۚ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَأٓيَٰتٖ لِّقَوۡمٖ يَتَفَكَّرُونَ • ар-Рум:21 Сондай-ақ Оның (құдіретінің шексіздігін көрсететін) айқын дәлелдерінің бірі – оларға бауыр басып, жандарың жай тапсын деп, сендер үшін өз болмыстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік һәм мейірім сезімін ұялатқандығы. Міне, осының өзінде ақылға салып ойланатын қауым үшін ап-айқын дәлелдер мен талай ғибрат бар.
Show all...
👍 2 1
Мал шаруашылығы бар және үлкен сауда үйін ұстап отырған дәулетті бауырымнан сұрадым - Бай болу қиын шығар? - несі қиын ? - мысалы: айына 500-600 мың тауып отырған адамға 100-200 мың садақа беру қиын емес ай сайын. Ал, 5-10 млн тауып отырғанға 2-3 млн ай сайын беру қиын ба? - өте қиын Сол үшін де бай болу қиын) дүниең артқан сайын, оны өзіне сай мөлшерде қиып беру қиындай береді. Тіпті, жылына бір беретін зекеттің өзін ойып тұрып бере салу жаныңа батуы мүмкін…
Show all...
4
Біз қалаған нәрсенің бола бермеуі, тек бір Алланың қалауы болатынының белгісі
Show all...
4
Кешегі желінің сыртында өмір сүрген аналарымыз шүкіршіл еді. Болмай не қолжетпей жатқан дүние болса, сабырмен қабылдайтын. Кім жетісіп жатыр деп өзін жұбататын. Бүгінде өзгелердің желіде бөліскен жылтыр жақтарын көргендер, таяқтың екі үші барын ескере бермейді. Адамдар көбіне тек жақсы дүниемен бөлісетінін қаперде сақтамайды. Салдарынан жанжал, өзгемен салыстыру, тағдырына разы болмау деген қасіретке ұрынады, береке қашады…
Show all...
2👏 1