en
Feedback
KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал

KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал

Open in Telegram

Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру! Kitapal дүкені ресми парақшасы 📚Кітапқа тапсырыс беру үшін: 🔸сайт www.kitapal.kz 🔹уатсап 8-777-572-22-33

Show more
6 460
Subscribers
-324 hours
-297 days
-15730 days
Posts Archive
Кімде-кім жақсы адаммын ба әлде жаманмын ба деп ойланып жүрсе... Жақсы адам деген кім өзі? - Бала-шағасына мейіріммен қарайты
Кімде-кім жақсы адаммын ба әлде жаманмын ба деп ойланып жүрсе... Жақсы адам деген кім өзі? - Бала-шағасына мейіріммен қарайтын; - Әйеліне (жарына) көркем мінезбен қарым-қатынас жасайтын; - Ешкім одан зиян тиеді-ау деп қорықпайтын; - Тілімен де, қолымен де ешкімге зақым келтірмейтін; - Жұмысын жақсы істейтін; - Көршісімен тату тұратын; - Туыс, бауырлармен қатынасын үзбейтін; - Ашуын басқара білетін; - Құдайдың берген нығметін өзгелермен бөлісе алатын адамды жақсы адам деуге әбден болады. Бұны өмірлік қағидаға айналдырып, сол бойынша сүріп өткен адам бар. Сол жайлы оқып, сіз де жақсы адам болуға жақындай бастайсыз. Кітапқа тапсырыс бер: https://clck.ru/3TJfVu

Сендер осы кітапты ұмытып кетпедіңдер ме? Таңғы мотивация деп сториз қарағанша, осы кітаптың бір бетін ашып жіберіңіз. Бір кү
Сендер осы кітапты ұмытып кетпедіңдер ме? Таңғы мотивация деп сториз қарағанша, осы кітаптың бір бетін ашып жіберіңіз. Бір күнге рухани азық болар: - бір аят - бір хадис - бір дұға - бір мақал берілген. Оқисың да, шабыттанасың. Ұмытпайсың. Қысқа да нұсқа. Осылай 365 күн қамтылған. Өзі жұқа, іші бұқа кітап.

Өмір. Ги де Мопассан. Кітаптан үзінділер: Жиі еске алып тұратын естеліктеріңнің жоғалғанда, жақыныңнан айырылғандай ауыр күй
Өмір. Ги де Мопассан. Кітаптан үзінділер: Жиі еске алып тұратын естеліктеріңнің жоғалғанда, жақыныңнан айырылғандай ауыр күй кешесің. Не десек те, өмір деген – адамдар ойлағандай соншалық жақсы да, жаман да емес. Өмір – тау секілді. Өрге қарай беттегенде көзің шыңда, көңілің шат-шадыман. Бірақ шыңына қалай шығасың, артынша төмен қарай құлдилау басталады. Соңы – өлім. Баяу көтеріледі екенсің, тез түсесің. Алыста жүргенде сүйікті жандарды көп ойлайсың. Бірақ көзден кеткен соң көңілден де кете бастайды. Қайта қауышқанда біртүрлі жатсынасың. Өзің түсінбейтін бір межеден өтіп, қайта жарасып кеткенше, сол сезім тарқамайды. Сөйтіп, ол махаббат туралы армандай бастады. Махаббат! Екі жылдан бері жүрегінде оянып келе жатқан махаббаттан қорқу сезімі де туып жатқан еді. Енді сүйсе де өз еркі. Тек сол адамды кездестіру керек. Сол адамды. Ол кім екен? Ешқашан елестетіп те көрмеген, тіпті ойланған да емес. Көрген кезде білер. Болды. Бар болғаны осы. Кітапқа тапсырыс бер: https://clck.ru/3TJfVu

Алла Тағала – қарттың бойұсынуын жақсы көреді, бірақ жастың бойұсынуын одан да артық жақсы көреді. Ал жастың күнәсі Алланың а
Алла Тағала – қарттың бойұсынуын жақсы көреді, бірақ жастың бойұсынуын одан да артық жақсы көреді. Ал жастың күнәсі Алланың ашуын тудырады, алайда қарттың күнәсі одан бетер қаһарға ұшыратады. Себебі жас – илаһи нұрға бет бұрудың уақыты, ал кәрілік – рухани кемелдіктің мезгілі. Егер жас өткен сайын адам өзгермесе, жетілмесе, демек, ол өмір бойы арқалап келген жылдар қапшығынан ешқандай хақиқат сабағын жинай алмаған, оларды зая жіберген деген сөз.

Бір нәрсені қалайтынын айтқан адам оған қолын созбаса, жете алмайды Сен не қалайсың? Жаныңа не керек? Тізімін жасап көрдің бе? Армандаудың ұяты жоқ. Қайта өте қажет. Қағазға түскен жазу - жоспардың алғашқы сатысы. Енді тізім бойынша уақыт белгілеп көр. Қайсысын бір күнде орындауға болады? Қайсысына бір апта кетеді? Қайсысы бір айлық? Бір жылдық? Бес жылдық? Он жылдық? Енді әр пункт бойынша нақты жоспар жасау керек. Мысалы, "Адамзаттың асыл тәжі" кітабын оқып бітіргің келеді. Оған шамамен 1 ай уақыт қажет. Күніне 10 бет. Кететін уақыт: 30 минут. Ағылшын тілін үйренгің келеді. Нақты 3 айға жоспар жасап, бір тексеру керек. Күніне 45-60 минут. Күн сайын: 3 жаңа сөздік. Дүйсенбі - ереже, сейсенбі - speaking club-қа бару, сәрсенбі - ереже, бейсенбі - подкаст тыңдау, жұма - ереже, сенбі - кино көру, кітап оқу, жексенбі - ережені, сөздікті қайталау. Осылай істесең, бәрі оңай. Асығу қажет емес. Аз-аздан күн сайын жасау. Сонда үш айда нәтижеңді тексересің. Сен сонда тұрып қалған су емес, ағынға айналасың. Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu

Бәленің саған келуі сені дүрліктірмесін. Жақындауы сені үрейлендірмесін. Себебі бәле сені құрту үшін емес, сені сынау үшін ке
Бәленің саған келуі сені дүрліктірмесін. Жақындауы сені үрейлендірмесін. Себебі бәле сені құрту үшін емес, сені сынау үшін келеді, сенің иманыңның шынайылығын өлшеу үшін келеді… Хаққа берілгендігіңді күшейтуді қалайды; ол сенен риза болып, сені Хаққа сүйіншілейді. Алла Тағала былай дейді: «Біз сендерді сынаймыз – араларыңнан кімдердің күрескер екенін анықтау үшін… және амалдарыңды көріп-білу үшін». "Адамзаттың асыл тәжі - Мұхаммед пайғамбардың өмірі" кітабына тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:

Адам жалғыз өзі бидай өсіріп, одан ұн жасап, нан пісіре ала ма? Ағашты ойып, қайық жасай ала ма? Ешкіні ұстап алып, қораға қа
Адам жалғыз өзі бидай өсіріп, одан ұн жасап, нан пісіре ала ма? Ағашты ойып, қайық жасай ала ма? Ешкіні ұстап алып, қораға қамап, қолға үйрете ала ма? Теріден қолшатыр, киім тіге ала ма? Егер оның дұшпандары болса ше? Мысалы, адамжегіштер, құйынды дауылдар, қарақшылар, қараңғылық, белгісіздік, үмітсіздік... Белгісіз аралда отыз жылға жуық уақыт жалғыз өмір сүрген Робинзонның оқиғасы әрқашан қызық. Ол қай жұмысты істесе де, қасында дым істемей, әңгімесін тыңдап оқырман отырады. Онымен бірге қуанып, қайығы аударылып қалса, бірге мұңаяды. Бұл кітап үлкенге де, жастарға да қызық. Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

Қорқыныш – ең қиын дұшпан, ең қауіпті тұзақ Баскервильдер әулеті бұрынғы қатыгездіктері үшін қарғысқа ұшырап, итке таланып өл
Қорқыныш – ең қиын дұшпан, ең қауіпті тұзақ Баскервильдер әулеті бұрынғы қатыгездіктері үшін қарғысқа ұшырап, итке таланып өледі дейтін аңыз бар. Шынымен де әулеттің адамдары жұмбақ өліммен өледі. Мәйіттің көзінде қорқыныш, ал қасында иттің үлкен іздері сайрап жатады. Енді Генри Баскервильге де кезек келді. Ол өзіне өлім қаупі төніп тұрғанына сенді. Сөйтіп көлеңкесінен қорқатын халге жетті. Бұл шын аңыз ба әлде өтірік пе? Соны анықтауға Шерлок Холмс және Ватсон дәрігер арнайы келіп зерттей бастайды. Сонымен, ол қандай ит? Қайдан шыққан бәле? Кім ол шетінен бәрін қырып бара жатқан? Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

Кімде-кім бір нәрсені қатты жақсы көрсе, оны жиі еске алады Бұл – бір хадистің мәтіні. Күні бойы және ұйықтар алдында нені, к
Кімде-кім бір нәрсені қатты жақсы көрсе, оны жиі еске алады Бұл – бір хадистің мәтіні. Күні бойы және ұйықтар алдында нені, кімді жиі еске алсаңыз, махаббатыңыз сол екенін бағамдай беріңіз. Біз қазір қандай затты жақсы көреміз? Смартфонды? Көңіл көтеретін пайдасыз видеоны? Сериал мен киноны? Сұлу адамды? Көлікті? Әдемі үйді? Аллаға, пайғамбарға, Құранға орын қалды ма өзі жүректе? Неге таңда ұйқыдан ояна сала, телефонды тексереміз? Демек махаббатымыз ауып кеткен. Пайғамбарды қатты жақсы көрсек, жиі еске алар едік. Жиі еске алсақ, соған ұқсар едік. Соған ұқсасақ, көркем мінезді, еңбекқор, батыл болар едік. Сонда алмайтын асуымыз қалмас еді. Эх... Неге жақсы көре алмаймыз Алла Елшісін? Бәлкім танымағаннан шығар. Адам – жете танымаған нәрсесінің дұшпаны емес пе? Ендеше не тұрыс, таниық, танысайық. Тануға ең лайықты, құрметті орны бар тұлға – Мұхаммед пайғамбар емес пе (Алланың сәлемі мен игілігі болсын)? Бұл кітапта танымал салауаттар берілген. Соны оқи отырып, махаббатымыз артады. Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

Ойландыратын үзінділер Қасіретті ұмыту қиын. Бірақ қуанышты еске түсіру одан да қиын. Өйткені бақыт жүректе тыртық қалдырмайд
Ойландыратын үзінділер Қасіретті ұмыту қиын. Бірақ қуанышты еске түсіру одан да қиын. Өйткені бақыт жүректе тыртық қалдырмайды. «Күнделік» — Чак Паланик Ең үздік кітаптар саған өзіңнің іштей баяғыдан білетін ақиқатыңды айтып береді. «1984» — Джордж Оруэлл Ол сүйді әрі қиналды. Ақшаны сүйді, ал оның жоқтығынан азап шекті. «Он екі орындық» — Илья Ильф, Евгений Петров Сен ешқашан жолықпаған бір адамды сағынғандай күй кешіп көрдің бе? «Мәңгілікке апарар көпір» — Ричард Бах Маған әйел адам ер азаматқа «сені сүйемін» деп айтуға тиіс емес сияқты көрінетін. Оның орнына мұны жанарының нұрынан, шынайы бақытына толы көзінен-ақ аңғаруға болады. Өйткені сондай көзқарас кез келген сөзден әлдеқайда әсерлі. Роберт Локамп, «Үш жолдас» — Эрих Мария Ремарк Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

Қарапайымнан күрделіге өту арқылы ағылшын тілін үйрену This is an apple – Мынау алма. This is a red apple – Бұл қызыл алма. I
Қарапайымнан күрделіге өту арқылы ағылшын тілін үйрену This is an apple – Мынау алма. This is a red apple – Бұл қызыл алма. I like to eat – Мен жеуді ұнатамын. I like to eat a red apple – Мен қызыл алма жеуді ұнатамын. I ate a red apple yesterday – Мен кеше қызыл алма жедім. If I eat a red apple every day, I don’t get sick – Күн сайын қызыл алма жесем, ауырмаймын. Ағылшын тілінің 52 ережесін осы әдіспен үйрену үшін «2 айда ағылшын тілін үйрен» кітабымен жұмыс жасаңыз. Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

Егер Алла тыйым салған бір іске тап келсең, мынадай күйде бол: - буындарың ажырағандай болсын - сезімің өшсін - жүрегің тарыл
Егер Алла тыйым салған бір іске тап келсең, мынадай күйде бол: - буындарың ажырағандай болсын - сезімің өшсін - жүрегің тарылсын - тәнің өліп қалғандай сезілсін - үмітің үзілсін - салт-ғұрып пен сыртқы ресми әдеттерді ұмыт - Жанарларыңа барша мекен қап-қараңғы көрінсін - тұрған орның – құлап бара жатқан, ескі үй секілді болсын - Төбесі құлауға жақын, ал сен сонда дәрменсіз жатқаныңды сезін - Құлағың керең болсын – тіпті солай жаратылғандай бол - Ернің қимылдамасын, тілің – сөйлеуге қауқарсыз болсын - Тісің әлденеге қиналып, түсейін деп тұрғандай болсын - Қолың – еш нәрсені ұстай алмайтын шолақ - аяқтарың – жансыз, жүре алмайтын, орыннан қозғалмайтын хәлде болсын - Өзіңді жыныстық қатынасқа мүлде қауқарсыз сезін – тіпті мұндай нәрсені өміріңде білмегендей бол - Ішің – тамаққа толы болсын, ас ішуді қаламайтын күйде бол - Ақылың – адасқан, өзіңді есерге теңе - Өзіңді қабірге қарай бара жатырмын деп ойла. «Бақыт формуласы» кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

Ол қарадан шығып хан болған азамат. Яғни, айдаладағы ауылда кедейдің үйінде туып өскен жас бала АҚШ президенті болғаны ғажап.
Ол қарадан шығып хан болған азамат. Яғни, айдаладағы ауылда кедейдің үйінде туып өскен жас бала АҚШ президенті болғаны ғажап. Жай басшы емес, құлдықтың жойылуына жол ашқан кісі. Ол кедей болғандықтан дұрыс білім ала алмаған. Бірақ болатын балаға не кедергі дейсің? Тауып кітап оқыды, білім іздеді, заңгер болды, саясатқа келді. Оның өмір жолында кездескен қиындықтар қазіргі батыл, білгір мінезін қалыптастырды десек болады. Осы жерде өз өміріңіз туралы ойлап көріңізші. Біз адамдарға, тіпті өзімізге тым ерте баға беріп қоямыз. Қазіргі жағдайымызға қарап, болашағымызды шешіп тастаймыз. «Жасы отызға келді, бітірген дымы жоқ». «Қырыққа келді, әлі қуып жүр». «Бірнеше рет сәтсіздікке ұшырады, демек қолынан келмейді». Линкольнға да осылай деуге болар еді. Бірақ бұл жігіт кедей болғанына, мүмкіндігі аз болғанына тағдырды кінәлаған жоқ. Өміріңізді дәл қазір тұрған жеріне қарап бағаламаңыз. Мүмкін әлі кіріспе бөлімінде ғана тұрған шығарсыз. Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

Миллиард тұрғыны бар Үндістанды Ұлыбританияның отарынан бір оқсыз және шығынсыз тәуелсіздік алып берген адамның сөздері Алғаш
Миллиард тұрғыны бар Үндістанды Ұлыбританияның отарынан бір оқсыз және шығынсыз тәуелсіздік алып берген адамның сөздері Алғашында олар саған мән бермейді. Кейін сыртыңнан күледі. Одан соң сенімен күреседі. Ақырында сен жеңесің. Бізді құрдымға жетелейтін нәрселер: принципі жоқ саясат, арсыздықпен алған ләззат, еңбексіз келген байлық, мінезді көркемдемейтін білім, мағынасыз бизнес, адамгершілікке бастамайтын ғылым және ештеңе құрбан етпей құлшылық жасау. Өзіңді табудың ең жақсы жолы — өзгенің көңілінен шығуға ұмтылуды доғару. Бір жұмбақтың шешуін таба алмадым: адам өзі сияқты біреуді қорлай отырып, өзін қалайша құрметтей алады? Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

ТЕЛЕФОНДАҒЫ ҒАЖАЙЫП ӨМІРІМ Инстаграмдағы «Сақталғандар» бөлімін ашып қарайсыз ба арасында? Сіздің идеалды өміріңіз сонда «сақ
ТЕЛЕФОНДАҒЫ ҒАЖАЙЫП ӨМІРІМ Инстаграмдағы «Сақталғандар» бөлімін ашып қарайсыз ба арасында? Сіздің идеалды өміріңіз сонда «сақталып» жатыр. Қабырғасы ақшыл сары түспен боялған үй, төбеге дейін созылған асхана жиһазы, Түркияға барғанда қонам деген қонақ үй, саяхаттаймын дейтін көл, мінем дейтін көлік, өз үйімде жасаймын деп сақтаған жеке кітапхана... Инстаграмнан шыққан бетте шынайы өміріңнің бейнесін көріп, дофамин дереу азайып кетеді де, көңіл-күйің түседі. Тіпті дәл қазір 10 мың тг тапсаң да, идеалды өміріңнің бір кірпішін де қалауға жетпейтінін түсінесің. Сөйтіп бәріне қолыңды бір сілтейсің. 5 жылдан кейін де дәл осы бейне, түк өзгермеген. Дофаминнің тұзағы деген осы. Одан қалай құтыламыз? Шешім: бір істі соңына дейін жеткізу үшін уақыт қою керек. Мысалы, түрік тілін үйренуге 3 ай уақыт белгілеңіз. Үш айдан кейін ары қарай жалғастырасыз ба, тоқтатасыз ба, белгілі болады. Осылай алға жылжу басталады. Аз ғана қадам, бірақ жылжу бар. Оқуға кеңес беретін кітаптар: 1) Дофаминге тәуелді ұрпақ 2) Мазасыз ұрпақ 3) Әдет күші 4) Сен (Скаков) 5) Лайфхактар Кітапқа тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

Сократ: Өзіңді таны Ол нені білдіреді? Өзіңді қалай танисың? Жалпы біреуді қалай танисың? Мысалы, түрінен, даусынан, мамандығ
Сократ: Өзіңді таны Ол нені білдіреді? Өзіңді қалай танисың? Жалпы біреуді қалай танисың? Мысалы, түрінен, даусынан, мамандығынан, мінезінен, тұратын жерінен, денесінен танисың. Басқа адамдардан солай ажыратасың. Ал енді дәл осылай өзіңді танып көрдің бе? Мінезің қандай, қандай жақсы қырларың бар, қандай жаман әдеттерің бар? Мына дүниеге не үшін жіберілдім деп ойлайсың? Бойыңда қандай қабілеттер бар? Қай мамандыққа көбірек әуессің? Өміріңде нені өзгерту керек? Егер өзіңді видеоойынның кейіпкері деп елестетсең, нені қосар едің, нені алар едің, нені күшейтер едің және өзіңді қайда жіберер едің? Бір проблеманы шешу үшін неше кітап оқыдың? Бір қабілетті үйрену үшін неше кітап оқыдың? Міне, осылай өзіңді зерттей келе, жақсырақ танып бастайсың. Адам – танымаған нәрсесінің дұшпаны. Мүмкін осы уақытқа дейін өзіңе өзің дұшпан боп келген шығарсың? Өсектеудің зиян екенін білмей, өзіңе залал келтіріп жүрген шығарсың? Енді өзіңді танығалы мұндай жаман әдеттен бас тартасың. Өзін таныған әлемді таниды. Өзін таныған Раббысын таниды. Өзін танымаған адам басқа ешкімді танымайды да. Өзіңді танымай тұрып, басқа адамды қалай танымақсың? Кітаптарға тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

Бір данышпанның дұғасы Бір кісі қалтасын олай да бұлай ақтарып, ақша салған әмиянын таппады. Оны ұрлап кеткенін түсінді. Дере
Бір данышпанның дұғасы Бір кісі қалтасын олай да бұлай ақтарып, ақша салған әмиянын таппады. Оны ұрлап кеткенін түсінді. Дереу қолын жайып: "Аллаһым! Оны ұрлаған адам оған мұқтаж болса, қажетіне жаратсын, оны кешір. Егер мұқтаж болмаса, онда бұны оның ең соңғы күнәсі қыл" - деп дұға етеді. Ең таңдаулы дұғаларды бір кітапшаға жинақтадық. Күн сайын оқып, дұғаңыз дереу қабыл болатын адамдардың санатына кіріңіз. Кітаптарға тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

КЛАССИКАЛЫҚ КІТАПТАРДАН ӘДЕМІ ҮЗІНДІЛЕР Адам он жеті жасында бәрін білемін деп ойлайды. Ал жиырма жетіге келгенде әлі де бәрі
КЛАССИКАЛЫҚ КІТАПТАРДАН ӘДЕМІ ҮЗІНДІЛЕР Адам он жеті жасында бәрін білемін деп ойлайды. Ал жиырма жетіге келгенде әлі де бәрін білемін деп санаса, демек ол сол он жеті жастағы күйінен есеймеген. «Бақбақ шарабы» — Рэй Брэдбери Сен бәрін жақсы көремін дейсің. Бірақ бәрін бірдей жақсы көру – ешкімді шын сүймеумен тең. Өйткені ондай адамның ешқайсысы сен үшін ерекше емес. Лорд Генри, «Дориан Грейдің портреті» — Оскар Уайльд Кітап оқудың ең ғажап парадоксы – ол бізді шынайы өмірден уақытша алыстатып, қайта оралғанда сол өмірдің мәнін тереңірек ұғындырады. «Роман секілді» — Даниэль Пеннак Бұрын мені надандығым мен топастығым үшін менсінбейтін. Енді ақылым мен білімім үшін жек көреді. Уа, Жаратқан, олар менен тағы не қалайды? «Элджернонға арналған гүлдер» — Дэниел Киз Ерлік – жеңілетініңді алдын ала біле тұра іске кірісіп, қандай қиындық кездессе де соңына дейін тайсалмай бару. Көбіне жеңілесің. Бірақ кейде дәл сол табандылық жеңіске жеткізеді. Аттикус Финч, «Күлдіргіш құсты өлтіру» — Харпер Ли Кітаптарға тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu

Әр қой өз аяғымен асылады Әркім өз амалымен таразыға салынады. Өз күнәсіне жауап береді. Біреудің күнәсіне жауап бермейді. Бі
Әр қой өз аяғымен асылады Әркім өз амалымен таразыға салынады. Өз күнәсіне жауап береді. Біреудің күнәсіне жауап бермейді. Біреудің жауапкершілігін арқаламайды. Біреудің күнәсін арқалағысы келсе де, арқалай алмайды. Тек бір күнәның таралуына себепкер болсаң, онда сенен кейін соны қайталағандардың күнәсі де саған қосымша боп жазыла береді.

ҚАЗІР КӨКТЕМ МЕЗГІЛІ «Қазір көктем мезгілі» деп, баршаңызды күшің сарқылғанша еңбектенуге, барыңды беруге шақырамыз. «Мен осы
ҚАЗІР КӨКТЕМ МЕЗГІЛІ «Қазір көктем мезгілі» деп, баршаңызды күшің сарқылғанша еңбектенуге, барыңды беруге шақырамыз. «Мен осынша бердім, жетпей ме?» деп айтпаңыз. Неге көктем мезгілі? Жаз бітіп жатқан жоқ па дейтін шығарсыз. Көктем деген – шаруаның бас алмай жұмыс істейтін кезеңі. Жер жыртып, арам шөбін тазалап, дән егіп, күтімін жасап, суғарып, зиянкестерден қорғап, қисығын түзеп баптайтын уақыт. Ал жемісін күзде көреді. Көктемде қаншалықты тер төксең, өнімді де мол жиясың. Қазір Қазақстанда нағыз еңбектенетін уақыт. Бізде шешілмеген мәселелер шаш-етектен. Денсаулық, білім, қорғаныс, қауіпсіздік, бірлік, құрылыс – бүкіл салаға баспен кіріп, проблемаларды бірінен соң бірін шешу керек. Арқаны кеңге салып, демалу былай тұрсын, мұрын сіңбіруге мұрша болмауға тиіс. Еңбек, іс, жұмыс, шаруа... Ал жемісін біздің бала-шағамыз, немерелеріміз көреді. Көктем күтіп тұрмайды, уақыты да ұзақ емес. Ұрпақтарымыз азып тозып кетпес үшін, алаңсыз білім-ғылыммен айналысуы үшін дәл қазір қол қусырып қарап отырмауымыз керек. Тапсырыс беру: https://clck.ru/3TJfVu