ch
Feedback

不要被骗子欺骗!Telemetrio 会找到并标记这些频道 👉 如果想查看标记,请订阅

KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал

KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал

前往频道在 Telegram

Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру! Kitapal дүкені ресми парақшасы 📚Кітапқа тапсырыс беру үшін: 🔸сайт www.kitapal.kz 🔹уатсап 8-777-572-22-33

显示更多
6 356
订阅者
-524 小时
-357 天
-6730 天
帖子存档
Ақша жинауға қысыласың ба? КСРО кезінде туғандар қолына артық ақша бітсе, тез құтылуға тырысады. Бір туысқаны қарыз сұрап кел
Ақша жинауға қысыласың ба?   КСРО кезінде туғандар қолына артық ақша бітсе, тез құтылуға тырысады. Бір туысқаны қарыз сұрап келсе бере салады. Садақа ғып бер десе, бірден береді. Өйткені «қолымда бар ақшаны бермей қойсам, өтірік айтқан боп қалмаймын ба?» деген ой мазалайды. Біз жалпы мықты мұсылман тұлғалардың өмірін оқығанда «бұлар өзінде бір тиын да артық ұстамаған, бәрін ізгілік жолында жұмсаған» деп қорытып аламыз. Ал сахабалардың өмірін оқығанда мүлде басқаша сипатты байқаймыз.   Абдурахман ибн Ауф, Сад ибн Әбу Уаққас, Әбу Бәкір, Осман, Талха дегендер шіріген бай болған. Садақаны да аямаған, бірақ қорды да көп жинаған. Неге десеңіз, «артымда қалған мұрагерлерім, бала-шағаларым кедей боп, біреуге алақан жайғанын көргенше, одан да олар кедейлік көрмейтіндей көп байлық қалдырғаным дұрыс» деген пікірді ұстанған. Садақа берсе де мың теңгенің үш жүз теңгесін беруді дұрыс көрген.   Олар бай болған, бірақ бай сияқты өмір сүрмеген. Бастысы – осы. Ендеше ақша жинаудан қысылма. Туысқаның сұраса, қайтармай қойған күнде ішің ашымайтын соманы қарызға бер. Садақа сұраса, он пайызын ойланбай бере бер.   Әрине, әкенің малы балаға мал болмайды деген сөз бар. Оларды дайын асқа тік қасық қылмай, еңбектенуге үйрету керек.   Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
20 11月, 05:31

😍Осы төрт кітап 11 000 тгнің орнына 2950 тг! Классика!!! Көркем әдебиет. Бүкіл адам оқуына болады.
😍Осы төрт кітап 11 000 тгнің орнына 2950 тг! Классика!!! Көркем әдебиет. Бүкіл адам оқуына болады.
18 11月, 05:15

Бақытсыз болған кезде өзгелердің бақытсыз күйін жақсырақ түсінеміз. Сезіну күшейіп кеткен жоқ, тек осы жолы назарымыз сонда а
Бақытсыз болған кезде өзгелердің бақытсыз күйін жақсырақ түсінеміз. Сезіну күшейіп кеткен жоқ, тек осы жолы назарымыз сонда ауды.   Ф.Достоевский   Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
17 11月, 10:54

Динара Болат: Адам оқығанымен емес, түйгенімен өлшенеді / Kitapal podcast #60 Бүгінгі подкастта жазушы, «Өмірге шексіз ғашық», «Соңына дейін әйел» кітаптарының авторы, жиһанкез Динара Болат ханыммен сұхбаттасамыз. Подкаст барысында шетелге шықпас алдын кітап оқу, әйелге лайықты құрмет, жанға жайлы кітаптар жазу, кітап жазудың қиындығы, саяхат, т.б. жайлы қызықты ойлар қозғалады. https://youtu.be/2_C9KUp42k4?si=dOyneIHk-oWcJIZx
16 11月, 07:51

Егер Абай жолын түсінбесеңіз... Бұл ешқандай да кітаптың кесірі емес. Жай ғана сіздің сөздік қорыңыз әбден түгесіліп, қазақты
Егер Абай жолын түсінбесеңіз...   Бұл ешқандай да кітаптың кесірі емес. Жай ғана сіздің сөздік қорыңыз әбден түгесіліп, қазақтың қарапайым әдеби сөздерін түсінуден қалғансыз. «Мына сөз нені білдіреді?», «мына сөзді бірінші рет көріп тұрмын», «неге сонша қиын сөздермен жазған?» деп, іштей ұнатпаушылық болса, бұл демек белгі.   Қандай белгі?   Уақыт жоғалтпай, әдеби кітаптарды көп оқу керек. Білмейтін сөздердің бірден мағынасын ұғып алуға болады. Қазақтың бір кездегі күнделікті сөздері бүгінгі заманда архаизмге айналып кетпес үшін бәріміз білуге, қолдануға тиіспіз.   «Тілі жойылған халықтың өзі де жойылады» дейді Алаштық бабаларымыз. «Ойбай, Абай жолының тілі қиын» деп оны оқудан қашқақтағанша, өзімізді қинап болса да оқуымыз керек. Тіл өзіміз үшін керек.   Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
16 11月, 06:19

АЗ ҰЙЫҚТАУДЫҢ ЗИЯНЫ Терең ұйқы (NREM) кезінде, яғни көзіңіз қимылдамай ұйықтайтын кезде организмде үлкен жөндеу жұмыстары жүр
АЗ ҰЙЫҚТАУДЫҢ ЗИЯНЫ   Терең ұйқы (NREM) кезінде, яғни көзіңіз қимылдамай ұйықтайтын кезде организмде үлкен жөндеу жұмыстары жүреді. Бірақ сіз ондағы құрал-сайманның дауысын естімейсіз. Мида күні бойы «бета-амилоид» деген токсин, яғни у жиналып қалады. Осыны терең ұйқы фазасында сыртқа төгіп тастайды. Ал енді ойлап көріңізші, жеңіл-желпі ғана мызғып алып, терең ұйқыға сүңгімесеңіз, сол заһар мида жинала береді, көбейе береді. Туалеттегі қоқыс шелегіне қағаз толып, сыртына шашылып жатқанындай. Ең қорқыныштысы – дәл осы бета-амилоид деген токсин қатты көбейгенде Альцгеймер ауруын тудырады.   Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
12 11月, 03:54

Адамның таным деңгейіне қарай сөйле. Әзірет Әли Қарапайым азаматқа ғалымға сөйлегендей қиын терминдермен, ауыр түсінілетін те
Адамның таным деңгейіне қарай сөйле. Әзірет Әли Қарапайым азаматқа ғалымға сөйлегендей қиын терминдермен, ауыр түсінілетін теориялармен әңгіме айтып қажет емес. Құр босқа басын қатырасың, сөзің қабырғаға тиіп, қайта келеді. Жас балаға үлкендердің әңгімесін айту артық. Оның түсінетін деңгейіне сай, оңай сөздермен, өмірде бар мысалмен баяндаған жөн. Ең бастысы, балаға пайдасы тиетін оқиға айтқан дұрыс. Жалпы кім-кімге болсын бос сөзбен миын ашытып керек емес. Әр сөздің сұрауы бар. Босқа кеткен уақыттың да. Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
06 11月, 06:06

Екі күні қатар өткен, яғни дым дамымаған адам шынымен ұтылып жатыр. Кешегіге қарағанда бүгін бір пайдалы кітап оқып, жаңа нәр
Екі күні қатар өткен, яғни дым дамымаған адам шынымен ұтылып жатыр. Кешегіге қарағанда бүгін бір пайдалы кітап оқып, жаңа нәрсе үйреніп, қоғамға пайдалы бір іс жасау керек. Сізді байытатын, құныңызды арттыратын жаңа қабілет, тіл үйренуіңіз керек. Сол арқылы да ми жаңарады, қартаймайды. Тұлғалық даму жолын дәл қазір бастау кеш емес. Өзіңізді жан-жақты дамытқыңыз келсе, Мирас Кесебаевтың кітаптары көмекші болмақ.
04 11月, 05:26

Есеппен құрылған неке бақыт әкелмейді Анау қыз жігіт туралы өсек-аяңға сеніп, асығыс баға беріп, маңына жуытпайды. Ұл да жеті
Есеппен құрылған неке бақыт әкелмейді Анау қыз жігіт туралы өсек-аяңға сеніп, асығыс баға беріп, маңына жуытпайды. Ұл да жетісіп тұрған жоқ. Қыздың отбасын кедей деп менсінбей, өзінше боп, мұрнын шүйіріп жүреді. Бұрынғы кезде қыздар тұрмысқа шығар алдын күйеудің байлығын негізгі себеп ретінде бағалайды екен. Қазір де сондай шығар... Бірақ махаббат біткен жерде есеп басталады. Есепке құрылған отбасы ұрыс-керістен көз ашпайды. Осы кітапты оқып, классикалық әдебиеттің не үшін классикаға айналатынын түсінесіз. Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
02 11月, 04:15

Қазақтың саны 40 млн болар еді... Егер ашаршылық болмаса. Сол кезде 3 млн халық жайдан-жай қырылып қала салды. Жайдан-жай еме
Қазақтың саны 40 млн болар еді... Егер ашаршылық болмаса. Сол кезде 3 млн халық жайдан-жай қырылып қала салды. Жайдан-жай емес, қолдан қырды. Тек халық емес, өнер, білім, байлық, әдебиет, мәдениет – бәрі түгел сол адамдармен бірге жойылды. Оның орнына күмән, сенімсіздік, ашкөздік, сатқындық, аштық деген дерттер пайда болды. Ашаршылық зұлматын көзбен көргендерден артық кім айта алады? Бұл кітапта сондай куәгерлердің естеліктері берілген. Кезінде «Жұлдыз» журналында тұрақты жарияланып тұрған мақалалар жинағы. Біз тарихты ұмытпауымыз керек. Сол боздақтар – қазіргі бейбіт өміріміз үшін жасалған құрбандықтар екенін түсініп, қадіріне жетуіміз керек. Сол геноцид қайталанбас үшін білімді, қуатты, өнерлі болуымыз керек. Сондай болуымыз үшін осы тарихи естеліктер жанымызды қайрайды. Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
23 10月, 05:16

Кітап деген тура бір вампир сияқты. Сіз оны қолға алғанша шаң басқан сөрелерде күтіп жатады. Қалай оны алып оқи бастайсың, бі
Кітап деген тура бір вампир сияқты. Сіз оны қолға алғанша шаң басқан сөрелерде күтіп жатады. Қалай оны алып оқи бастайсың, бірден жаныңды сорып алғандай, бір бөлігіңе айналады. Мишель Турнье, француз жазушысы Әр кітап – бір тағдыр. Сол тағдырды сүріп шыққандай боласың. Бүтін бір дәуірдің шындығын бастан кешесің. Заман өзгерер, бірақ адамның өмірі өзгермейді. Бәрі бақытты іздейді, ақиқатты қуады, әділдік үшін күреседі, артына із қалдырғысы келеді. Әр заманның тамырын басып, аңысын аңдау үшін сол кезеңді жырлаған ақын, жырау, жазушыларын оқу керек. Халықтың жүрек күйі қандай, нені аңсады, неден тартынды – бәрін сол шығармалардан табасың. Әдеби кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
21 10月, 06:10

Қасыңызға келіп отырған адамның бойынан жағымсыз иіс мүңкіп тұрса, сіз бірден ол адамнан жиіркеніп, орныңыздан тұрып кетсеңіз
Қасыңызға келіп отырған адамның бойынан жағымсыз иіс мүңкіп тұрса, сіз бірден ол адамнан жиіркеніп, орныңыздан тұрып кетсеңіз, онда сізде тәкаппарлықтың ұшқыны бар. Ал егер ол адамнан емес, тек жағымсыз иістен жиіркенсеңіз, орныңыздан тұрып кетсеңіз, онда тұрған ештеңе жоқ. Кейбіреулер өздерінің жағымсыз исі бар екенін білмейді. Ал енді біреулер кез келген иіске сезімтал келеді. Осы жерде айырмашылықты жақсы білу керек: 1) Адамның жеке басынан жиіркену – тәкаппарлық 2) Ал тек иістен жиіркену – табиғи нәрсе. Тәкаппарлық – біреуден өзіңді артық санау, жоғары сезіну, салыстыру, келеке ету, мазақтау, тұқырту. Толығырақ Имам Ғазалидің «Ихия улумиддин» кітабынан оқи аласыздар. 5 томнан тұрады. 1 – ғибадат 2 – әдеп бөлімі 3 – жаман мінез 4 пен 5 – көркем мінез бөлімі Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
21 10月, 01:59

https://www.youtube.com/watch?v=7mo3VgdxlFI Арман Әлменбет: Әдеби шығарманың бағасын талғамы бар адамдар береді / Kitapal pod
https://www.youtube.com/watch?v=7mo3VgdxlFI Арман Әлменбет: Әдеби шығарманың бағасын талғамы бар адамдар береді / Kitapal podcast #59 Бүгінгі подкастта жазушы, баспагер, филолог, Президенттің жас әдебиетшілерге арналған арнаулы сыйлығының иегері Арман Әлменбет мырзамен кітап авторлары Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов сұхбаттасады. Подкаст барысында әдебиет қызықтары, классиктердің өмірі, қазақ тілінің мәселесі, сын мәдениеті, жазушылық сырлары жайлы қызықты ойлар қозғалады.
20 10月, 10:06

Жұт кезінде байығандар Кризис кезінде көптеген компаниялар құлдырап, өшіп, нарықтан жоқ боп кетеді. Мұндай кезде компанияны т
Жұт кезінде байығандар Кризис кезінде көптеген компаниялар құлдырап, өшіп, нарықтан жоқ боп кетеді. Мұндай кезде компанияны табысқа шығармай-ақ, жай ғана ұстап тұрудың өзі үлкен ерлік. Ал керісінше кризис кезінде байып, 10 есе, 20 есе пайда табатын компаниялар бар. Бәрі құрдымға кетіп жатқанда бұлардыкі не күшею? Не құпиясы бар? Қандай стратегия қолданады? Толығырақ кітаптан оқи аласыздар. Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
16 10月, 07:03

Қандай таңдау жасағанымыз, қандай шешім қабылдағанымыз кім екенімізді көбірек көрсетеді. Бойдағы қабілеттерден гөрі осы маңыз
Қандай таңдау жасағанымыз, қандай шешім қабылдағанымыз кім екенімізді көбірек көрсетеді. Бойдағы қабілеттерден гөрі осы маңызды, Хәрри. Хәрри Поттер, Жасырын бөлме Жиырма жылдан кейін істеген нәрселеріңнен гөрі істемеген нәрселерің үшін бармағыңды тістейтін боласың. Х. Джексон Браун-младший, «P.S. Я люблю тебя» Дым істемеудің кесірінен ойыңды қорқыныш пен күмән басып алады. Ал әрекет етсең, сенімділік пен батылдық пайда болады. Дейл Карнеги Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
15 10月, 10:06

Байлық жинаудың құпиясы Ақша аз уақытта дүниеге келген миллиениалдар үшін ақша жинау – қиынның қиыны. Себебі бала кезде ақшағ
Байлық жинаудың құпиясы Ақша аз уақытта дүниеге келген миллиениалдар үшін ақша жинау – қиынның қиыны. Себебі бала кезде ақшаға қатысты жоқшылық зардабын көргендіктен, жинап үйренбегендіктен, ересек кезде соның бәрі кедергі боп алдынан шығады. Жинаған ақшаны жаратып жібере беру деген дерт бар. Оны пайдасыз нәрсеге емес, қажет-ау деген дүниеге жұмсайды. Бірақ соны жұмсамай-ақ жинау дегенді білмейді. Сізде осындай проблема болса, онда осы кітапты оқуға кеңес береміз. Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
15 10月, 02:00

Бұл жастар ертең біздің баламызды емдейді, сабақ береді, біз тұратын үй салады, біз жейтін тамақты пісіреді, біз мінетін көлікті құрастырады. Бұл - болашаққа салынған инвестиция👍
13 10月, 04:39

Студенттің алаңсыз білім алуына жағдай жасау - жақсылықтың ең сауаптысы💪
13 10月, 04:37

Әр ағаш жасыл болса, бүкіл орман жасыл боп көрінеді. Әр жас білімді болса, саналы болса, бүкіл Қазақстан қандай болатынын елестетіп көріңіз✊
13 10月, 04:36

Елдің даму барысын жастарға қарап біле аламыз❤️
13 10月, 04:33