en
Feedback
MSPORTS.KZ

MSPORTS.KZ

Open in Telegram

https://msports.kz/ сайтының ресми арнасы! Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтарының жаршысы. № KZ31VPY00101321 – Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі берілген.

Show more
1 307
Subscribers
No data24 hours
-107 days
-3530 days
Posts Archive
⚡️Қазақстан құрамасы ІХ қысқы Азия ойындарының салтанатты шеруінен жүріп өтті 🇰🇿Еліміздің көк Туын хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шықты. 📌 Айта кетейік, Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында өтетін қысқы Азия ойындарына Қазақстан құрамасынан 137 спортшы қатысады. 🥇 Жерлестеріміз 6 спорт түрінен бақ сынап, 51 медаль жиынтығын сарапқа салады.

⚡️🥅 Қазақстандық хоккейші қыздар Азия чемпионатын жарқын жеңіспен бастады 👀 Топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Гонконгпен ке
⚡️🥅 Қазақстандық хоккейші қыздар Азия чемпионатын жарқын жеңіспен бастады 👀 Топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Гонконгпен кездесіп, 12:0 есебімен жеңіске жетті. 🔖 Келесі ойынын ертең Астана уақытымен 16:30-да Тайландқа қарсы өткізеді. 🗓 Шайбалы хоккейден бәсеке 14 ақпан күні мәресіне жетеді.

🇪🇺 Жеребе тартылды: "Ман Сити" ⚔️ "Реал" Чемпиондар лигасында 9-24 орын алған командалар арасындағы ойындардың жеребесі тар
🇪🇺 Жеребе тартылды: "Ман Сити" ⚔️ "Реал" Чемпиондар лигасында 9-24 орын алған командалар арасындағы ойындардың жеребесі тартылды 🇫🇷 "Брест" – "ПСЖ" 🇫🇷 🇵🇹 "Бенфика" – "Монако" 🇫🇷 🇮🇹 "Ювентус" – ПСВ 🇳🇱 ⚽️ "Фейеноорд" – "Милан" 🇮🇹 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 "Ман Сити" – "Реал" 🇪🇸 ⚽️ "Селтик" – "Бавария" 🇩🇪 🇧🇪 "Брюгге" – "Аталанта" 🇮🇹 🇵🇹 "Спортинг" – "Боруссия Д" 🇩🇪 🗓 Алғашқы матчтар 11-12 ақпанға, ал қарымта матчтар 18-19 ақпанға жоспарланған.

⚡️Ресми! Станислав Черчесов қызметінен кетті 🇰🇿 Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызме
⚡️Ресми! Станислав Черчесов қызметінен кетті 🇰🇿 Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды. 🇰🇿 Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, 1 ұпай ғана жинады. 👋 Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті. 📊 Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр. msports.kz

⛸️🥉 Конькимен жүгіруден Калгариде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді 🇰🇿 Қазақс
⛸️🥉 Конькимен жүгіруден Калгариде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді 🇰🇿 Қазақстандық спортшылар Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова үштігі командалық спринтте сәтті өнер көрсетті. Жарыс қашықтығын 1:26.36 секундта еңсеріп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды. 📊 Жарыста Канада құрамасы жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Польшадан келген спортшылар иеленді. 🥇 Алтын жүлде – Канада (1:24.90) 🥈 Күміс жүлде – Польша (1:25.02) 🥉 Қола жүлде – Қазақстан (1:26.36) msports.kz

2nd round ✔️ Әмір Омарханов Australian Open жарысының үшінші айналымына шықты 🇰🇿 Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөс
2nd round ✔️ Әмір Омарханов Australian Open жарысының үшінші айналымына шықты 🇰🇿 Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты. 🎾 17 жастағы отандасымыз екінші айналымда аустралиялық Юмерали Ибраимиді жарыс жолынан шығарды. Екі сет қорытындысы бойынша 2:0 (6:4, 6:3) есебімен жеңіске жетті. ⏰ Ойын 1 сағат 35 минутқа созылды. 🤝 Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Омарханов ширек финалға шығу үшін швециялық теннисші, 17 жастағы Виллям Режхтман Винцигаррамен кездеседі. 💪 Айта кетейік, Әмір Омарханов өткен жылы да өз жас категориясы бойынша сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға дейін шыққан болатын. msports.kz

😱 Қамшыбек Қоңқабаев карьерасын аяқтады 🗣️ Бұл туралы Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов айтты. 🇫🇷 Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасынан кейін шаршы алаңға оралмаған еді. 👏 – құрметке лайық

🇰🇿 Али Ахмедов (23-1, 17 КО) қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді Қазақстандық боксшы Калифорниядағы бокс кешінде америкалық Малком Джонсты (17-5-1, 10 КО) оңай жеңіп шықты.

🔥 Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек күні белгіленді 📱 Келесі кездесуі жайлы қазақстандық боксшының өзі жазды. Бірақ ашып айтп
🔥 Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек күні белгіленді 📱 Келесі кездесуі жайлы қазақстандық боксшының өзі жазды. Бірақ ашып айтпай, жұмбақ күйінде қалдырды. Келесі жекпе-жек күні белгіленді. Жақында кездесеміз, достар! - деп жазды. 💪 Айта кетейік, Жәнібек биыл күзге дейін үш бірдей чемпиондық атақтың басын біріктіргісі келеді.

✔️ Ресми: Ғалымжан Кенжебек – «Кошице» ойыншысы атанды ✍️ Тараптар арасындағы келісімшарт 2027 жылдың маусым айына дейін жара
+2
✔️ Ресми: Ғалымжан Кенжебек – «Кошице» ойыншысы атанды ✍️ Тараптар арасындағы келісімшарт 2027 жылдың маусым айына дейін жарамды. 🇸🇰 «Кошице» Словакияның жоғарғы лигасында өнер көрсететін клуб. Қазіргі сәтте турнирлік кестеде жетінші орында келеді.

🥇 Алғашқы алтын! Анастасия Городко Универсиада чемпионы атанды 🇰🇿 Қазақстандық могулшы Туринде басталған қысқы Универсиада ойындарында топ жарды. 📊 Жарыстың ашылу салтанатында Туды ұстап шыққан Аяулым Әміренова 5-орыннан көрінді.

🥇 Дінмұхаммед Райымқұл әлем чемпионатында алтын медаль алды 🇰🇿 Қазақстандық жас спортшы Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. 👏 Отандасымыз фристайл-акробатикада үздік болып шықты. Финалда 104.52 ұпай жинады. 📹 Спортты дамыту дирекциясы

🇦🇺 Australian Open-2025. Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды 🎾 Мельбурнде теннистен Аустралия ашық чемпиона
🇦🇺 Australian Open-2025. Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды 🎾 Мельбурнде теннистен Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды.  🇰🇿 Елена Рыбакина – Эмерсон Джонс 🇦🇺 🇰🇿 Юлия Путинцева – Элина Аванесян 🇦🇲 🇰🇿 Александр Бублик – Франсиско Серундоло 🇦🇷 🇰🇿 Александр Шевченко – Карлос Алькарас 🇪🇦 msports.kz

⚡️🥇 Анастасия Городко алтын алды 🇰🇿 Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 🔖 Бір күн бұрын Анастасия жекелей жарыста күміс алған еді.

+1
UFC-дің 2024 жылғы үздік нокауты мен сабмишені 🥊 Ұйым өткен жылдың үздік сәттерін анықтады. Нокаут нұсқасы бойынша Макс Холлоуэй үздік деп танылды. Ол UFC 300 турнирінде Джастин Гэйджиді сұлатып түсірген болатын. ✔️ Ал сабмишен әдісінде Ислам Махачев үздік болып шықты. msports.kz

🇰🇿 Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup жарысының жартылай финалына шықты ✔️ Бірінші ойында Елена Рыбакина Лаура Зигемун
+2
🇰🇿 Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup жарысының жартылай финалына шықты ✔️ Бірінші ойында Елена Рыбакина Лаура Зигемундпен кездесіп, 6:3 және 6:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Осылайша Рыбакина жаңа маусымдағы үш ойынында да жеңіске жетті. ✔️ Ал Александр Шевченко Даниэль Мазурдан айласын асырып, 6:7(5), 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. 🔖Турнир Аустралияның Перт қаласында өтіп жатыр. Жылдың алғашқы жеңісі құтты болсын! 👏

🔥 Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің ширек финалына шықты 🇰🇿 Қазақстандық теннисшілер Аустралияда өтіп жат
+1
🔥 Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің ширек финалына шықты 🇰🇿 Қазақстандық теннисшілер Аустралияда өтіп жатқан турнирде Грекия құрамасын ұтты. 🎾 Бірінші болып кортқа шыққан Александр Шевченко (78) сенсация жасады. Ол әлемнің 11-ші ракеткасы Стефанос Циципасты 6:4 және 7:6 (7:0) есебімен жеңіп шығып, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. 🎾 Екінші болып кортқа шыққан Елена Рыбакина Мария Саккариді 2:0 (6:4, 6:3) айқын жеңіп шықты. 🔖 Қазақстан құрамасы ширек финалда "Е" тобынан үздік шыққанымен кездеседі. Ол топта Қытай, Бразилия және Германия құрамалары бар. 🗓 Бұл ойын 1 қаңтарға жоспарланған. msports.kz

⚡️ Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді 🇰🇿 Қазақстандық шахматшы қыз Нью-Йоркта өтіп жатқан әйелдер ар
⚡️ Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді 🇰🇿 Қазақстандық шахматшы қыз Нью-Йоркта өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында рапидтен 8-орын алды. 📊 Отандасымыз 11 ойын өткізіп, ешбірінде ұтылған жоқ. 4 қарсыласынан басым түсіп, 7 рет тең ойнады. Барлығы 7,5 ұпай жинады. 🔼Соңғы турда Бибісара 17 дүркін әлем чемпионы атағына ие қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен ойнап, тең түсті. Нәтижесінде қарсыласы чемпион атана алмады. 🥇 Хампи Конеру (Үндістан) - 8,5 ұпай 🥈 Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) - 8 ұпай 🥉 Екатерина Лагно (Ресей) - 8 ұпай Меруерт Қамалиденова 16-орыннан көрінді. 🔜 Ары қарай Нью-Йорктегі әлем чемпионаты блиц сайысымен жалғасады

+1
Теннистен Қазақстан құрамасы Испанияны ұтты 🇰🇿  United Cup турнирінде қазақстандық теннисшілер Испаниядан басым болды. ❌ Александр Шевченко 0:2 Пабло Карреньо-Буста ✅ Елена Рыбакина 2:0 Лена Джессика Бусас Манейро ✅ Шевченко/Рыбакина 2:1 Кавалье-Реймерс/Карреньо-Буста. msports.kz

⚡️🥇 Қазақстандық ауыратлет әлем чемпионатынан кейін Азияда алтын алды 🏋️ Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Дохада өтіп
⚡️🥇 Қазақстандық ауыратлет әлем чемпионатынан кейін Азияда алтын алды 🏋️ Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Дохада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. 🔼Чуркин жарыста 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келі көтерді. 🥈🥉Екінші орынды ирандық Илия Салехипур еншіледі – 356 (161+195) келі, ал қола медальді тағы бір ирандық Аббаспур Алиреза жеңіп алды – 355 (159+196) келі. 🔖Айта кетейік, жақында Манама қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Алексей Чуркин күміс жүлдеге ие болған еді. msports.kz