cookie

We use cookies to improve your browsing experience. By clicking «Accept all», you agree to the use of cookies.

avatar

MSPORTS.KZ

Спорт әлеміндегі ең соңғы және қызықты ақпараттар арнасы

Show more
Advertising posts
1 467Subscribers
-624 hours
-407 days
-22230 days
Posting time distributions

Data loading in progress...

Find out who reads your channel

This graph will show you who besides your subscribers reads your channel and learn about other sources of traffic.
Views Sources
Publication analysis
PostsViewsSharesViews dynamics
01
🥇92 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын Сағындық Тоғамбай Бакуде өткен "Ұлы Жібек жолы" бәсекесінде топ жарды. Ол финалда 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Альфонсо Домингесті жеңді. Әзербайжан елінің атынан жұдырықтасып жүрген кубалыққа қарсы жекпе-жекте Сағындық ширақ жұдырықтасты. Төрешілер бірауыздан отандасымызды жеңімпаз деп таныды. Осылайша ұлттық құрама қоржынына үшінші алтын медальды салды. Бұған дейін Талғат Сырымбетов пен Дархан Дүйсебай жарыс жеңімпазы атанған болатын. Ал Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш күміс жүлдені қанағат тұтты. Қазақстан құрамасы Бакудегі бәсекені 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен аяқтады.
730Loading...
02
🥇 Боксшы Дархан Дүйсебай Бакуде өтіп жатқан "Ұлы Жібек жолы" жарысының жеңімпазы атанды. Ол финалда өзбек боксшысы Бегзод Хамидовтан басым түсті. 71 килоға дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте отандасымыз қарсыласына мықтылығын мойындата білді. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды.
850Loading...
03
🥇Талғат Сырымбетов Бакудегі бәсекеде алтын алды Бакуде өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. 60 келі салмақ дәрежесінде айқасқан Талғат Сырымбетов финалда турнир қожайыны Азрак Бабировты жеңді. Үш раундта да қарқынын бәсеңдетпеген Талғат бірінші раундта-ақ қарсыласының аптығын басып тастаған. Ал үшінші раундта әзірбайжандық боксшы, тіпті, жұдырықтасудан қалды. Нәтижесінде, төрешілердің бірауызды шешімімен отандасымыз жеңіске жетті. @msportskz
860Loading...
04
🥊 Өзбек боксшысын нокдаунға түсірген Тимур Қабдеш чемпион атана алмады Баку бәсекесінде 54 келі салмақтағы жерлесіміз Тимур Қабдеш күміс жүлдегер атанды. Финалда ол өзбек боксшысы Худжаназар Нортожиевпен кездескен. 🔴 Бірінші секундтардан бастап шабуылға кіріскен Тимур жақын айқаста қарсыласын бесінші нүктеге отырғызып, есеңгіреткен. Алайда төрешілер ұпай санағанда бұл нокдаунды ескермеді. Ал екінші раундта қарсыласы баспен кіріп, қабағы жарылды. Нәтижесінде үшінші раундта дәрігер жекпе-жекті тоқтату жөнінде төрешіге кеңес беріп, ұпай санымен өзбекстандық боксшы жеңімпаз болып танылды. Жекпе-жек соңынан Тимур нәтижеге көңілі толмайтынын байқатты. Өзбек боксшысы да оның қолын көтеріп құрмет көрсетті. Айта кетейік, осыған дейін 48 кило салмақта Теміртас Жүсіпов те финалда жұдырықтасып, әзербайжан боксшысы Хасан Маликовқа жол берген еді.
870Loading...
05
🥊 Бакудағы бокстың финалы басталғалы тұр 5 боксшымыз алтын медаль үшін жұдырықтасады. 👊 Шешуші жекпе-жектерде Теміртас Жүсіпов (48 кг), Тимур Қабдешов (54 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг) және Сағындық Тоғамбай (92 кг) шаршы алаңға шығады. Тікелей эфир сілтемесі 👉 https://www.youtube.com/watch?v=wdPpubKFS30
790Loading...
06
Аргентина ұлттық құрамасы мен "Интер Майами" командасының шабуылшысы Лионель Месси футболдан өзге қандай спорт түрлерін жақсы көретінін айтты. Мен теннис, падел, баскетбол және америкалық футболды жаныма жақын тұтамын. Кейінгі уақытта америкалық футбол жайлы көп біле бастадым, білген сайын қызығушылығым артуда, - деді Месси MBC каналындағы Big Time подкастында.
1020Loading...
07
💣 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында бокстан 63,5 кило салмақ дәрежесінде іріктеу өтеді. Олимпиадаға баруға үмітті 6 боксшы арасындағы жарыста жеңгені Бангкоктағы лицензиялық жарысқа қатысады. Елордадағы іріктеу жарысына Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов, Ертуған Зейнуллин, Сабырхан Төрехан, Жандос Қыдыралиев және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қатысады. Қазіргі таңда ерлер арасында 63,5 кило салмақта ғана Олимпиада жолдамасы жоқ. Өзге салмақта отандастарымыз төртжылдықтың басты додасына жолдама алып үлгерді. @msportskz
1040Loading...
08
🥊 Бесінші боксшымыз финалға шықты Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан “Ұлы жібек жолы” халықаралық бәсекесінің финалында 5 қазақ жұдырықтасады. Соңғы болып жерлестерімізден финалға 71 келіде Дархан Дүйсебай шықты. Жартылай финалда ирандық Касра Тахмасевимен кездескен жерлесіміз арақашықтықты сақтай жүріп, қарсыласына лайықты жауап қатып отырды. Соққыларын әлдеқайда дөп тигізуінің арқасында төрешілер бірауыздан Дарханды жеңімпаз деп таныды. @msportskz
1200Loading...
09
🥊 Талғат Сырымбетов өзбек боксшысынан айласын асырды Бакудегі бәсекенің финалына тағы бір боксшымыз жолдама алды. 60 кило салмақ дәрежесіндегі Талғат Сырымбетов жартылай финалда өзбек жігіті Бахтиер Асадовтан басым түсті. Жалпы, Талғат бетін екі қолымен жауып, жабық жұдырықтасатын боксшы. Дегенмен жұдырық сілтегенде соққысының жылдамдығына көз ілеспейді. Асадовты да әбден зерттегені көрініп тұрды. Бірінші раундтан басымдығын байқатқан жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермей жеңіске жетті. Құтты болсын, қазақ елі 🇰🇿
1100Loading...
10
🥊 Тимур Қабдешов Еуропа чемпионын жеңді Бакуде өтіп жатқан халықаралық бәсекеде тағы бір боксшымыз финалға шықты. 54 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ресейлік Максим Кузнецовпен жұдырықтасқан Тимур Қабдешов финалға жолдама алды. Алғашқы екі раундта ұпайын түгендеп алғар жерлесіміз үшінші раундта екінші нөмірде жұдырықтасып, мұнда да үстемдігін көрсетті. @msportskz
1050Loading...
11
🥊 Теміртас Жүсіпов – финалда Бакуде өтіп жатқан “Ұлы жібек жолы” турнирінде тәжірибелі боксшымыз Теміртас Жүсіпов финалға шықты. Жартылай финалда ресейлік Адам Алиевпен кездескен жерлесіміз төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. @msportskz
1060Loading...
12
🥋 Грузия астанасы Тбилисиде өткен дзюдодан Grand Slam турниріндегі жеңісінен соң қазақстандық Нұрқанат Серікбаев әлемдік рейтингте жоғарылады. 60 кило салмақта сынға түскен Нұрқанат Тбилисидегі жеңісі үшін 1000 ұпай еншіледі. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 20-орыннан 15-орынға көтерілді. Ал олимпиадалық рейтинг әлі жаңарған жоқ. Айта кетейік, Нұрқанат Серікбаев Антальяда өтетін Grand Slam турнирінде де бақ сынайды.
1030Loading...
13
😱 What a knockout! 57 кило салмақтағы жекпе-жек. Қырғыз Санжар Сейдакматов 🇰🇬 Бакуде өтіп жатқан "Ұлы Жібек жолы" турнирінде тәжік боксшысын есінен тандырды. IBA бұл нокаутты айрықша бағалады. @msportskz
1150Loading...
14
🇰🇿 Бүгін Бакуде төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады! Күрзі жұдырықты жігіттерге сәттілік серік болсын ✊🏻 @msportskz
1150Loading...
15
🏆 Еуропа чемпионатына қатысатын барлық құрама анықталды ✅ Ұлттар лигасының А және В жолдары арқылы Уэльс пен Украина финалдық кезеңге жолдама алды. 🇬🇪 Ал Грузия Ұлттар лигасы С жолы бойынша плей-офф сатысы финалында Грекияны пенальтиден жеңіп кетті. Осылайша Грузия өз тарихында алғаш рет Еуропа чемпионаты финалдық сатысына жолдама алды. 🏆 Еуро-2024 додасы 14 маусым мен 14 шілде аралығында Германия төрінде өтеді. Биыл Еуропа чемпионы қай құрама атанады деп ойлайсыздар? @msportskz
1272Loading...
16
🇰🇿Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің жартылай финалына шықты Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Ол ширек финалда әлемнің 8-ракеткасы Мария Саккариді жарыс жолынан шығарды. 2 сағат 49 минутқа созылған ойында Елена қарсыласын 7:5, 6:7 (4:7), 6:4 есебімен ұтып шықты. Жартылай финалда Елена беларусь теннисшісі Виктория Азаренкомен (32-ракетка) кездеседі. @msportskz
1250Loading...
17
⏳ Ойын аяқталды. Люксембургте жеңіліс таптық. 🇱🇺 2:1 🇰🇿 ⚽️ 2’ Садыбеков (0:1) ⚽️ 24’ Родригес (1:1) ⚽️ 45’ Синани (2:1) #KFFTeam | #BizdinJigitter💛💙 | #LuxembourgKazakhstan
1500Loading...
18
🥋 Дзюдодан кезекті Grand Slam турнирін Анталья қабылдайды. Түркияда қазақ спортшылары толық құрамда өнер көрсетеді. Назарларыңызға Антальяға аттанатын команда құрамын ұсынамыз: ⏺Ерлер: 60 келі: Нұрқанат Серікбаев 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев 73 келі: Данияр Шамшаев 81 келі: Абылайхан Жұбаназар 90 келі: Ермахан Әнуарбеков 100 келі: Нұрлыхан Шархан, Әділет Сапарғалиев +100 келі: Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев ⏺ Әйелдер: 48 келі: Абиба Әбужақынова, Диана Буркеева 52 келі: Толғанай Әбеуова 57 келі: Бақыт Құсақбаева 63 келі: Самалай Ерғалиева, Гүлнұр Баханова 70 келі: Екатерина Токарева 78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангелдина +78 келі: Ақерке Рамазанова, Мадина Парагульгова 📆 Grand Slam турнирі 29-31 наурыз күндері өтеді.
1560Loading...
19
𝐌𝐀𝐓𝐂𝐇𝐃𝐀𝐘 ⚔️ 🆚 Люксембург 🇱🇺 ⚽️ Жолдастық кездесу 📆 26-27/03/2024 | 00:45 🏟 «Стад де Люксембург», Люксембург 📺 QAZSPORT Алға, жігіттер! Алға, қазақ елі!
1400Loading...
20
✅ Әзірге 31 жолдама Қазіргі таңда Қазақстан делегациясының қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензиясы бар (бокс (ерлер) – 6, нысана көздеу – 5, садақ ату – 4, семсерлесу – 4, тас жолдағы велоспорт – 3, қазіргі бессайыс – 2, таэквондо – 2, бокс (әйелдер) – 1, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастика – 1, батуттағы гимнастика – 1). Лицензия санын өңірлер үлесіне бөлер болсақ, Алматы, Шымкент қалалары мен Жетісу облысы үздік нәтижемен көш бастап тұр. Үшеуінің де еншісінде бес жолдамадан бар. Кейінгі орындарға ШҚО (4), Астана қаласы (3), Жамбыл (2), СҚО (2), Ақмола (1), Қызылорда (1), Абай (1), Қарағанды (1) және Түркістан облыстары (1) жайғасқан. Ал қалған өңірлерде Олимпиаданың бірде-бір жолдамасы жоқ. Айта кетейік, Олимпия ойындарына дейін әлі 50-ден аса лицензиялық жарыс бар. Оның ішінде спортшыларымыз әлем чемпионаттары, Азия чемпионаттары және рейтингтік турнирлерге қатысады.
1450Loading...
21
⚡ Париж Олимпиадасына +1 жолдама Батутты гимнастикадан Қазақстан командасының мүшесі Данил Мұсабаев Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Мұсабаевтың Котбуста (Германия) өткен әлем кубогі кезеңінде көрсеткен нәтижесі есепке алынды. Германиядағы әлем кубогі кезеңінде ол 47-орыннан көрінген болатын. Олимпиадаға лицензия алу үшін жыл бойы өткен әлем кубогі кезеңдерінің ішіндегі екі үздік нәтиже таңдалады. @msportskz
1540Loading...
22
🤺 Шпагамен семсерлесуден Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан командасы Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленді. ✅ Тбилисиде әлем кубогінің шешуші кезеңі өтіп жатыр. Бұл бәсекедегі Қазақстанның басты қарсыласы саналған Оңтүстік Корея 1/8 финалда Чехия құрамасына жол беріп, Қазақстан командасынан 26 ұпайға қалып қойды. 🇰🇿 Осылайша, семсерлесуден Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет командалық сында Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Тбилисидегі шешуші сында Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Ерлік Сертай мен Вадим Шарлаимов төрттігі Олимпиадаға лицензия иеленді. Әлемдік ереже бойынша, командалық сынға бір, жекелей сында үш жолдама Қазақстан қоржынына түсті.
2 7002Loading...
23
🥇 Литваның Каунас қаласында өткен Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирде қазақ боксшылары 6 алтын медаль еншіледі ➡️ 57 келі. Асылжан Серікбай ➡️ 63,5 келі. Жандос Қыдыралиев ➡️ 67 келі. Елнұр Сүйінбай ➡️ 71 келі. Фарух Тохтасунов ➡️ 75 келі. Азамат Бектас ➡️ 80 келі. Тұрсынбай Құлахмет 🔹 Жалпы аталған турнирге 11 боксшы аттанған болатын.  Өкінішке қарай, Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Алмат Әбдуәли (60 келі), Абзал Құттыбеков (92 келі) ақтық сында сүрініп, күміс медаль иеленді. Ал Даниял Сабит (51 келі) пен Аманат Сабырғали (92+ келі) жартылай финалда жеңіліп, қоланы қанағат тұтты.
1780Loading...
24
🇬🇷 Грекия 5–0 Қазақстан 🇰🇿 Осымен ойын аяқталды... Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына берілетін жолдама жолындағы жорығын аяқтады. Рақмеееет, жігіттер! Жеңісті күндер әлі алда деп білеміз!
2531Loading...
25
😗 Үзіліс... 🇬🇷 Грекия 4–0 Қазақстан 🇰🇿
2 8871Loading...
26
🏟️ Match Day✅ Қазақ футболы тарихындағы ең маңызды сәттің бірі! 🆚 Грекия 🇬🇷 🏆 Еуро-2024 іріктеу кезеңі | Плей-офф 📆 21-22/03/2024 | 00:45 🏟 Agia Sophia Stadium (OPAP Arena), Афина 📺 QAZSPORT, QAZAQSTAN Алға, жігіттер! Алға, қазақ елі!
2370Loading...
27
🕒 Қазақстан мен Грекия арасындағы өзара кездесулер тарихы: 2004 жыл. ӘЧ іріктеу кезеңі 🇬🇷 Грекия 3:1 Қазақстан 🇰🇿 2005 жыл. ӘЧ іріктеу кезеңі 🇰🇿 Қазақстан 1:2 Грекия 🇬🇷 2006 жыл. Жолдастық матч 🇬🇷 Грекия 2:0 Қазақстан🇰🇿 ⏺ 3 ойынды да гректер жеңіске жетіпті. Бүгін бұл көрсеткішке нүкте қойылады деп ойлаймыз.
3 4131Loading...
28
🛬 Қазақстан ұлттық құрамасы Афинаға аман-есен жетті ⚽️ Жоспар бойынша бүгін баспасөз мәслихаты мен ойын алды жаттығу өтеді 🕐 Ойын 21-нен 22-не қараған түні біздің уақытпен 00:45-те басталады (Грекияның уақытымен 20:45)
2630Loading...
29

10Loading...
30
😭"Қош бол, палуан". Олимпиада чемпионы атанған қазақ спортшысы қапияда қаза болды 2014 жылы Нанкинде өткен жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы, еркін күрес шебері Мұхамбет Қуатбек 27 жасында өмірден озды. Бұл туралы әлеуметтік желідегі күрес парақшалары хабарлады. Спортшы кейінгі уақытта жұмыс бабымен Филадельфияда (АҚШ) тұрған. Неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз.
2450Loading...
31
Ресейлік белгілі спорт комментаторы Василий Уткин өмірден озды Ол 21 наурыз күні Алматыға келуі керек еді. Мұнда жабық көрсетілімде Қазақстан мен Грекия құрамалары арасындағы матчты жүргізуі керек болған. @msportskz
2390Loading...
32
💰Қазақстандық төрешілер бір ойынға қанша еңбекақы алады? Төрешілердің еңбекақысы ойынның дәрежесіне қарай тағайындалады. Қазақстан премьер-лигасында бас төреші әр ойынға 727 еуро (356 395 теңге) еңбекақы алады. Өзге де жарыстардағы еңбекақы көлемі: 🏆 2022 жылғы әлем чемпионаты Бас төреші – €3000, 1/8 финалдан – €10 000. 🇪🇺 Чемпиондар лигасы Бас төреші - €7000 🇪🇸 Испандық Ла-Лига Бас төреші – €4 200 🇩🇪 Германия Бундеслигасы Бас төреші – €3 600 🇮🇹 Италияның А Сериясы Бас төреші - €3 400 🇫🇷 Франциялық Лига 1 Бас төреші – €2 900 🇵🇹 Португальдық Примейра Бас төреші – €1 500 🇬🇧 Англия Премьер-лигасы Бас төреші – €1 300 🇷🇺 Ресей Премьер-лига Бас төреші – €1 983 🇰🇿 Қазақстан Премьер-лигасы Бас төреші – €727
2303Loading...
33
⚡ Жарыс алдында танымал теннисшінің сүйіктісі қайтыс болды Белгілі хоккей маманы, "Салават Юлаев" командасы бас жаттықтырушысының кеңесшісі Константин Кольцов қайтыс болды. Ол сүйіктісі Арина Соболенконы (әлемнің екінші ракеткасы) жарыста қолдау үшін Майамиге барған. Спорт маманы 42 жасында өмірден өтті. Неден қайтыс болғаны әзірге белгісіз. "Салават Юлаев" командасы Константиннің қайтыс болғанын растап, туыстарына көңіл айтты. Константин Кольцов пен Арина Соболенко 2021 жылдан бастап кездесе бастады. Хоккейшінің бірінші әйелінен үш баласы бар. Арина бүгін басталатын Майамидегі жарыстың фавориті болатын. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның басты қарсыластарының бірі. @msportskz
2 4881Loading...
34
🇰🇿 Қамшыбек Қоңқабаев бастаған қазақ боксшылары Бакудегі турнирде бақ сынайды 23 наурыз күні Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан халықаралық турнир өтеді. Бір аптаға созылатын бәсекеге Қазақстан боксшылары да қатысады. Оннан астам елден 100-ден аса боксшы қатысатын турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі. 🔵 Турнирге қатысатын Қазақстан боксшылары: 48 келі: Теміртас Жүсіпов 51 келі: Дамир Әбдіқадыр 54 келі: Тимур Қабешов 60 елі: Талғат Сырымбетов 63,5 келі: Серік Теміржанов 67 келі: Бақтияр Смағұлов 71 келі: Дархан Дүйсебай 75 келі: Тимур Нұрсейітов 86 келі: Бекзат Таңатар 92 келі: Сағындық Тоғамбай 92+ келі: Қамшыбек Қоңқабаев 🟢 Жаттықтырушылар: Мырзағали Айтжанов, Марат Жақиев, Азамат Мақажанов, Нұржан Насанов. @msportskz
1730Loading...
🥇92 килоға дейінгі салмақта жұдырықтасатын Сағындық Тоғамбай Бакуде өткен "Ұлы Жібек жолы" бәсекесінде топ жарды. Ол финалда 2021 жылғы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Альфонсо Домингесті жеңді. Әзербайжан елінің атынан жұдырықтасып жүрген кубалыққа қарсы жекпе-жекте Сағындық ширақ жұдырықтасты. Төрешілер бірауыздан отандасымызды жеңімпаз деп таныды. Осылайша ұлттық құрама қоржынына үшінші алтын медальды салды. Бұған дейін Талғат Сырымбетов пен Дархан Дүйсебай жарыс жеңімпазы атанған болатын. Ал Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш күміс жүлдені қанағат тұтты. Қазақстан құрамасы Бакудегі бәсекені 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медальмен аяқтады.
Show all...
🥇 Боксшы Дархан Дүйсебай Бакуде өтіп жатқан "Ұлы Жібек жолы" жарысының жеңімпазы атанды. Ол финалда өзбек боксшысы Бегзод Хамидовтан басым түсті. 71 килоға дейінгі салмақта өткен жекпе-жекте отандасымыз қарсыласына мықтылығын мойындата білді. Осылайша Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды.
Show all...
🔥 1
🥇Талғат Сырымбетов Бакудегі бәсекеде алтын алды Бакуде өтіп жатқан халықаралық турнирде Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті. 60 келі салмақ дәрежесінде айқасқан Талғат Сырымбетов финалда турнир қожайыны Азрак Бабировты жеңді. Үш раундта да қарқынын бәсеңдетпеген Талғат бірінші раундта-ақ қарсыласының аптығын басып тастаған. Ал үшінші раундта әзірбайжандық боксшы, тіпті, жұдырықтасудан қалды. Нәтижесінде, төрешілердің бірауызды шешімімен отандасымыз жеңіске жетті. @msportskz
Show all...
🔥 1
🥊 Өзбек боксшысын нокдаунға түсірген Тимур Қабдеш чемпион атана алмады Баку бәсекесінде 54 келі салмақтағы жерлесіміз Тимур Қабдеш күміс жүлдегер атанды. Финалда ол өзбек боксшысы Худжаназар Нортожиевпен кездескен. 🔴 Бірінші секундтардан бастап шабуылға кіріскен Тимур жақын айқаста қарсыласын бесінші нүктеге отырғызып, есеңгіреткен. Алайда төрешілер ұпай санағанда бұл нокдаунды ескермеді. Ал екінші раундта қарсыласы баспен кіріп, қабағы жарылды. Нәтижесінде үшінші раундта дәрігер жекпе-жекті тоқтату жөнінде төрешіге кеңес беріп, ұпай санымен өзбекстандық боксшы жеңімпаз болып танылды. Жекпе-жек соңынан Тимур нәтижеге көңілі толмайтынын байқатты. Өзбек боксшысы да оның қолын көтеріп құрмет көрсетті. Айта кетейік, осыған дейін 48 кило салмақта Теміртас Жүсіпов те финалда жұдырықтасып, әзербайжан боксшысы Хасан Маликовқа жол берген еді.
Show all...
👍 2
🥊 Бакудағы бокстың финалы басталғалы тұр 5 боксшымыз алтын медаль үшін жұдырықтасады. 👊 Шешуші жекпе-жектерде Теміртас Жүсіпов (48 кг), Тимур Қабдешов (54 кг), Талғат Сырымбетов (60 кг), Дархан Дүйсебай (71 кг) және Сағындық Тоғамбай (92 кг) шаршы алаңға шығады. Тікелей эфир сілтемесі 👉 https://www.youtube.com/watch?v=wdPpubKFS30
Show all...
Great Silk Way International Boxing Tournament..Final 28.03.2024

Аргентина ұлттық құрамасы мен "Интер Майами" командасының шабуылшысы Лионель Месси футболдан өзге қандай спорт түрлерін жақсы көретінін айтты.
Мен теннис, падел, баскетбол және америкалық футболды жаныма жақын тұтамын. Кейінгі уақытта америкалық футбол жайлы көп біле бастадым, білген сайын қызығушылығым артуда, - деді Месси MBC каналындағы Big Time подкастында.
Show all...
💣 8-10 сәуір аралығында Астана қаласында бокстан 63,5 кило салмақ дәрежесінде іріктеу өтеді. Олимпиадаға баруға үмітті 6 боксшы арасындағы жарыста жеңгені Бангкоктағы лицензиялық жарысқа қатысады. Елордадағы іріктеу жарысына Дулат Бекбауов, Серік Теміржанов, Ертуған Зейнуллин, Сабырхан Төрехан, Жандос Қыдыралиев және Мұхаммедсабыр Базарбайұлы қатысады. Қазіргі таңда ерлер арасында 63,5 кило салмақта ғана Олимпиада жолдамасы жоқ. Өзге салмақта отандастарымыз төртжылдықтың басты додасына жолдама алып үлгерді. @msportskz
Show all...
🥊 Бесінші боксшымыз финалға шықты Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан “Ұлы жібек жолы” халықаралық бәсекесінің финалында 5 қазақ жұдырықтасады. Соңғы болып жерлестерімізден финалға 71 келіде Дархан Дүйсебай шықты. Жартылай финалда ирандық Касра Тахмасевимен кездескен жерлесіміз арақашықтықты сақтай жүріп, қарсыласына лайықты жауап қатып отырды. Соққыларын әлдеқайда дөп тигізуінің арқасында төрешілер бірауыздан Дарханды жеңімпаз деп таныды. @msportskz
Show all...
🔥 2
🥊 Талғат Сырымбетов өзбек боксшысынан айласын асырды Бакудегі бәсекенің финалына тағы бір боксшымыз жолдама алды. 60 кило салмақ дәрежесіндегі Талғат Сырымбетов жартылай финалда өзбек жігіті Бахтиер Асадовтан басым түсті. Жалпы, Талғат бетін екі қолымен жауып, жабық жұдырықтасатын боксшы. Дегенмен жұдырық сілтегенде соққысының жылдамдығына көз ілеспейді. Асадовты да әбден зерттегені көрініп тұрды. Бірінші раундтан басымдығын байқатқан жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермей жеңіске жетті. Құтты болсын, қазақ елі 🇰🇿
Show all...
👏 3
🥊 Тимур Қабдешов Еуропа чемпионын жеңді Бакуде өтіп жатқан халықаралық бәсекеде тағы бір боксшымыз финалға шықты. 54 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ресейлік Максим Кузнецовпен жұдырықтасқан Тимур Қабдешов финалға жолдама алды. Алғашқы екі раундта ұпайын түгендеп алғар жерлесіміз үшінші раундта екінші нөмірде жұдырықтасып, мұнда да үстемдігін көрсетті. @msportskz
Show all...
2🔥 1
Sign in and get access to detailed information

We will reveal these treasures to you after authorization. We promise, it's fast!