cookie

Мы используем файлы cookie для улучшения сервиса. Нажав кнопку «Принять все», вы соглашаетесь с использованием cookies.

avatar

MSPORTS.KZ

Спорт әлеміндегі ең соңғы және қызықты ақпараттар арнасы

Больше
Рекламные посты
1 411
Подписчики
-424 часа
-117 дней
-3630 дней
Архив постов
Фото недоступноПоказать в Telegram
Бес қазақстандық жүзуден Түркия ашық чемпионатында жүлдегер атанды Жарысқа барлығы 11 қазақстандық қатысты.
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿 Эльжана Таниева Азия чемпионатында көпсайыста алтын алып, Парижге лицензия алды.
Показать все...
👍 3
Фото недоступноПоказать в Telegram
Бір жүзігі облыс бюджетіндей. Криштианудың сүйіктісі қаншаға киінеді?
Показать все...
00:16
Видео недоступноПоказать в Telegram
🇩🇪 "Боруссия Д" жартылай финалдағы бірінші ойында жеңіске жетті Қарымта матч 8 мамыр күні Парижде өтеді. Қай команда финалға шығады деп ойлайсыз?
Показать все...
🔥 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
Елена Рыбакина – жартылай финалда 🇰🇿Елена Рыбакина қазақстандық дербиде Мадридтегі доданың жартылай финалына жолдама алды. Өте тартысты өткен ойын есебі 1:2 (6:4, 6:7, 5:7) есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. @msportskz
Показать все...
👍 5
Фото недоступноПоказать в Telegram
🇩🇪🇪🇸Барлығы Мадридте шешіледі! БАВАРИЯ 💶:💶 РЕАЛ 24' ⚽️ Винисиус Жуниор (0:1) 53' ⚽️ Лерой Сане (1:1) 57' ⚽️ Харри Кейн, пенальти (2:1) 83' ⚽️ Винисиус Жуниор, пенальти (2:2)
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
🆕🇺🇿ӨЗБЕК ФУТБОЛШЫЛАРЫ ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСАДЫ Бүгін футболдан Қатарда өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі Азия кубогында Өзбекстан құрамасы жартылай финалда Индонезияны 2:0 есебімен жеңіп, алғаш рет Олимпиадаға қатысуға мүмкіндік алды✔️ 🆕🇺🇿Өзбекстан өз тарихында бірінші рет командалық сайыста жүлдеге таласады. ⚽🇰🇿Өзбекстан сапында «Қайрат» клубында доп тебетін Иброхимхалил Юлдашев те бар. Дәл қазіргі сәтте Өзбекстан елінен Париж Олимпиадасына баратындардың саны 55-ке жетті. ⚽Футбол — 18 адам
Показать все...
👏 4 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿 Күрес түрлерінен соңғы лицензиялық жарысқа қатысатын балуан қыздар белгілі болды Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Олимпиадаға жолдама беретін соңғы іріктеу турниріне қатысатын балуандарды атады. Түркияның Стамбул қаласында өтетін лицензиялық турнирге қатысатын балуандар тізімі: 50 келі: Лаура Ғаниқызы 53 келі: Марина Седнева 57 келі: Лаура Алмағанбетова 62 келі: Ирина Кузнецова 68 келі: Елена Шалыгина 76 келі: Эльмира Сыздықова Күрес түрлерінен соңғы іріктеу турнирі 9-12 мамыр күндері өтеді.
Показать все...
🔥 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
⚽️ Футзалдан 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның үш қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын барлық құрама анықталды. ✍️ Жеребе тарту рәсімі 26 мамыр күні Самарқанд қаласында өтеді.
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿 1996 жылдан бері Қазақстан 7 жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, 7 алтын, 22 күміс, 35 қола медаль еншілеген. ⭐️ Жүлде бұйырған спорт түрлері: 🥊 Бокс – 7🥇, 7🥈, 10🥉 🏃‍➡️ Жеңіл атлетика – 2🥇, 1🥈, 2🥉 🤼 Күрес – 1🥇, 5🥈, 11🥉 🏋 Ауыр атлетика – 1🥇, 4🥈, 6🥉 🚴 Велоспорт – 1🥇, 1🥈 🏹 Қазіргі бессайыс – 1🥇 🏊‍♂ Жүзу – 1🥇 🥋 Дзюдо – 2🥈, 2🥉 🔫 Нысана көздеу – 2🥈, 1🥉 🥋 Каратэ – 2🥉 🥋 Таеквондо – 1🥉
Показать все...
1
Фото недоступноПоказать в Telegram
✔️ Елена Рыбакина алғашқы кезеңнен сүрінбей өтті 🇰🇿 Қазақстандық теннисші WTA 1000 додасының 1/32 финалында италиялық Лючия Бронцеттиді 2:0 (6:4, 6:3) есебімен жеңді.
Показать все...
🔥 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
🔵 Күніне 100 рет отырып тұру жаттығуын жасасаң ағзада қандай өзгерістер болады? Саламатты өмір салтының басты кепілі – физикалық белсенділік. Күнделікті жаттығулар мен белсенді қозғалыста болу арқылы ағзаны дұрыстап, көңіл күйді реттеуге болады. Арнайы залға бармай-ақ, үйде немесе өзге де ыңғайлы орындарда жасауға болатын жаттығулар да бар. Соның қарапайым бір түрі – отырып тұру жаттығуы. Отырып тұру жаттығуы сергектік сыйлап қана қоймай, бұлшықеттерді де ширықтыра түсері анық. Ал күніне 100 рет жасайтын болсаңыз ағзада қандай өзгерістер болуы мүмкін? Отырып тұру жаттығуының пайдасы: ✅ Аяқ бұлшықеттеріне күш береді ✅ Икемді боласыз ✅ Бой өсіретін гормон көбірек бөліне бастайды ✅ Тепе-теңдік сақтау жақсарады ✅Эндорфин гормоны артады ✅ Калория көп жұмсалады ❌ Отырып тұру жаттығуының кері әсерлері: 👇👇👇 сілтемеге кіріп оқи аласыз
Показать все...
👍 2
✅ Күніне 100 рет отырып тұру жаттығуын жасасаң ағзада қандай өзгерістер болады? Саламатты өмір салтының басты кепілі – физикалық белсенділік. Күнделікті жаттығулар мен белсенді қозғалыста болу арқылы ағзаны дұрыстап, көңіл күйді реттеуге болады. Арнайы залға бармай-ақ, үйде немесе өзге де ыңғайлы орындарда жасауға болатын жаттығулар да бар. Соның қарапайым бір түрі – отырып тұру жаттығуы. Отырып тұру жаттығуы сергектік сыйлап қана қоймай, бұлшықеттерді де ширықтыра түсері анық. Ал күніне 100 рет жасайтын болсаңыз ағзада қандай өзгерістер болуы мүмкін? Отырып тұру жаттығуының пайдасы: Аяқ бұлшықеттеріне күш бередіИкемді боласыз Бұл жаттығудың тізеге, бөксе мен санға пайдасы зор. Қимыл-қозғалыста ширақ әрі икемді болуға көмектеседі. Бой өсіретін гормон көбірек бөліне бастайды Күнделікті отырып тұру жаттығуы арқылы ағзада бой өсіретін гормон көбірек бөліне бастайды. Бұл арқылы терінің қалыпқа келуі, сүйектің бекем болуы және ағзадағы энергияның үлесі артады. Тепе-теңдік сақтау жақсарады Отырып тұру арқылы аяқтағы бұлшықеттер қалпына келіп, ширап, адам өз салмағын тепе-теңдікте сақтауы дұрысталады. Жүгіргенде оқыстан тайып кетпес үшін немесе кей жаттығуларды орындағанда тепе-теңдік сақтау үшін бұл жаттығудың пайдасы зор. Эндорфин гормоны артады Физикалық жаттығулар, оның отырып тұру эндорфин гормонының көбірек бөлінуіне сеп болады. Эндорфин «бақыт гормоны» деп те аталады. Бұл арқылы адамның көңіл күйі көтеріліп, күйзелісін ұмытады. Калория көп жұмсалады Отырып тұру арқылы арықтауға да болады. Себебі күнделікті бұл жаттығуды жасау арқылы калорияны көп жұмсайсыз. Бұл салмақты қалыпты ұстауға, арықтауға көмектеседі. Отырып тұру жаттығуының кері әсерлері:
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
🎮 "Болашақтың ойындары" 2026 жылға шегерілді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін қаржыны үнемдеу мақсатында елімізде өтетін имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізбеуді және кейінге шегеруді тапсырды. Осылайша биыл күзде ұйымдастырылатын 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу шығындарын оңтайландыру, "Болашақтың ойындары" халықаралық мультиспорт турнирін ұйымдастыру және өткізу бойынша дайындық жұмыстарын 2025 жылдан 2026 жылға ауыстыру туралы шешім қабылданды. @msportskz
Показать все...
👏 1😁 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
😳 Магомед Адиев ұлттық құрама бапкері қызметінен кете ме? Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов және футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевтің қатысуымен 29 сәуір күні Астанада баспасөз мәслихаты өтеді. ҚФФ таратқан ақпарат бойынша, отырыстағы басты тақырыптар – Қазақстан футболының дамуы – қазіргі жағдайы және перспективалары, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің қорытындысы. @msportskz
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
🏟️ Жазғы трансферлік кезеңде "Барселона" командасы ойыншыларының көбін сатылымға қоймақ. AS ақпараты бойынша команда бірінші болып жартылай қорғаушы Френки де Йонгпен қош айтыспақ. Нидерланд футболшысы команда сапындағы ең қымбат және ең көп жалақы алатын ойыншылардың бірі. Френки де Йонг осы маусымда 30 матчқа қатысып, 2 гол соқты. 💰 Қазіргі таңда Transfermarkt интернет порталы ойыншының трансферлік құнын 70 миллион еуроға бағалап отыр. @msportskz
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿 Бүгін Қазақстан футболы күні 🚩 2002 жылы 25 сәуірде Стокгольмде өткен УЕФА-ның 26-конгресінде Қазақстан Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағына (УЕФА) ресми түрде қабылданды. Дәл осы күні отандық футболдың тарихында жаңа белестер басталды. Олай болса Қазақстан құрамасының жарқын жеңістерін бірге еске алып көрейік. ТОП-5! Қазақ футболы тарихындағы жарқын жеңістер
Показать все...
3
Фото недоступноПоказать в Telegram
Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Мадияр Құрамысов мамыр айында Стамбулда (Түркия) өтетін соңғы лицензиялық жарысқа кімдердің қатысатынын айтты. Бас бапкердің айтуынша, әлемдік лицензиялық турнирге баратын спортшылар Түркияда өткен "Яшар Догу" турнирінде анықталған.
"Біз Азия аймақтық лицензиялық турнирі басталмай тұрып, жолдама болмаған жағдайда, соңғы іріктеуде кімдердің күресетінін белгілеп қойдық. "Яшар Догу" халықаралық турнирінің қорытындысын назарға аламыз. Қазір бізде 3 салмақта жолдама жоқ. Сондықтан, Стамбулдағы соңғы турнирге төмендегі балуандар қатысады: 57 кило: Рахат Қалжан; 65 кило: Адлан Асқаров; 74 кило: Талғат Сырбаз. Жолдаманы кім жеңіп алады, сол Олимпиадаға барады", - деді бас бапкер.
Күрес түрлерінен соңғы лицензиялық жарыс 8 мамырда басталады. Ал Бішкекте өткен лицензиялық турнирде Әлішер Ерғали (97 кило) мен Юсуп Батырмұрзаев, Сербиядағы әлем чемпионатында Азамат Дәулетбеков (86 кило) жолдама иеленген. @msportskz
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
Үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салынды Қырғызстанның президент әкімшілігі алқасының отырысында елдің премьер-министрі Ақылбек Жапаров Үкімет мүшелеріне тойға баруға тыйым салды. Оның айтуынша, президенттің жарлықтары мен тапсырмалары сапалы әрі мерзімінде орындалуға тиіс. Сонымен қатар, ол Садыр Жапаровтың той өткізу кезінде ысырапшылдыққа тыйым салу туралы жарлығына тоқталды. ❓Сіз бұл заң туралы не ойлайсыз? massaget.kz
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
2023 жылдың қыркүйек айында мансабын аяқтаған қазақ дзюдошысы Дидар Хамза спортқа қайта оралды.
"Азия ойындарынан соң сондай қиын күй кештім. Мұндай жағдай әрбір спортшының басында болады деп ойлаймын. Әр жарыста ұтыла берген соң, күресуге, татамиге шығуға жігер қалмайды. Менің де басымнан осы жағдай өтіп, спорттан кетемін деп шештім. Бірақ аздаған үзілістен соң күресуге деген ынтам қайта оянды. Жігіттердің күресін, жарыстарды көріп, әлі де белдесуге болатынын түсіндім, - дейді.
Дидар 3-5 мамыр аралығында Душанбеде (Тәжікстан) өтетін "Үлкен дулыға" турниріне қатысады. Спортшы алдағы ірі 3 жарыста жоғары нәтиже көрсететін болса, Олимпиада ойындарына баруына да мүмкіндік бар.
Бапкерлер шешімімен, Душанбеде (Тәжікстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысушылар тізіміне ендім. Қазір рейтингте 40-орындамын. Олимпиадаға жолдама алатын әлі де мүмкіндік бар сияқты. Алда соңғы үш жарыс қалды. Бұйырғанын көреміз", - дейді спортшы.
Дидардың ең үлкен жетістігі - 2018 жылғы жазғы Азия ойындарының алтын медалі.
Показать все...
🔥 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
💣 UFC ұйымы ирландиялық спортшы Конор Макгрегордың жекпе-жегі мен қарсыласын ресми түрде жариялады. Жартылай және жартылай жеңіл салмақта промоушен чемпионы болған Конор Макгрегор үш жылдан бері октагонға шықпаған еді, - деп жазады msports.kz. Конор Макгрегор 30 маусым күні Лас-Вегаста өтетін кеште (UFC 303) америкалық Майкл Чендлермен шайқасады. Спортшы оңғы рет Дастин Порьеге қарсы жекпе-жегінде аяғын сындырып алып, шайқасты техникалық нокаутпен аяқтаған болатын. @msportskz
Показать все...
🔥 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🥊 27 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Аталған бокс бәсекесіне қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды. ⛔ Қазақстан U22 құрамасының тізімінде Санжар Тәшкенбай жоқ. Ол жарақатына байланысты құрлық додасынан сырт қалды. 🇰🇿 Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылар тізімі: 48 кило: Ернар Қарап 51 кило: Кенже Мұратұлы 54 кило: Нұрсұлтан Алтынбек 57 кило: Ерболат Сабыр 60 кило: Руслан Күзеубаев 63,5 кило: Ерасыл Танкай 67 кило: Елнұр Сүйінбай 71 кило: Сабыржан Аққалықов 75 кило: Диас Молжігітов 80 кило: Ерасыл Жакпеков 86 кило:Темірлан Мұқатаев 92 кило: Бекнұр Батырбек +92 кило: Аманат Сабырғали
Показать все...
👍 3
🇰🇿 Қытайдың Шанхай қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем кубогі кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы жүлдесіне қол жеткізді. Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан намысын Адель Жексенбинова, Виктория Лян және Айжан Сейдахметова қорғады. Бұл садақ атудан Қазақстан әйелдер құрамасының әлем кубогі кезеңдерінде жеңіп алған алғашқы жүлдесі. Бұған дейін біздің команда кубоктік сындардан мүлде медаль алмаған.
Показать все...
🔥 3👍 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
⚡ Қазақстан спортшылары бір аптада 15 жолдама иеленді Алдағы уақытта Олимпиада лицензиясы сарапқа салынатын 30-ға жуық жарыс бар.
Показать все...
🔥 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿 3-5 мамыр аралығында Душанбеде (Тәжікстан) дзюдодан "Үлкен дулыға" турнирі өтеді. Оған Қазақстан ұлттық құрамасы да қатысады. Ерлер арасындағы жарысқа қатысатындар тізімінде Азия ойындарының жеңімпазы Дидар Хамза да бар. Дидар өткен жылдың қыркүйек айында мансабын аяқтағаны жайлы хабарлаған еді. Одан бергі аралықта жарыстарға қатысқан жоқ. 90 кило салмақта мансабын қайта жалғап, алдағы "Үлкен дулыға" турнирінде бағын сынамақ.
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Англиялық «Манчестер Юнайтед» футбол клубының қақпашысы Андре Онананың үйін қазақтар салып жатыр. 🇨🇲 Арыс қаласының тумасы Таңғат Ертай 5 жыл бұрын Африка құрлығындағы Камерун республикасына жұмыс бабымен көшіп барған. Қазір ол Камерунда отбасымен бірге тұрады. 🏘 Сондай-ақ қазақстандық азамат ірі құрылыс компанияларының бірінде қаржы директоры болып жұмыс істейді. Камерунда дүниеге келген әйгілі футболшы Андре Онана жақында туған жеріне барып, ата-анасына үй салып беруді шешіпті. Спортшы бұл істі Таңғат Ертайға сенім тапсырған. «Андре Онаның үйін салуды бастадық. Ол анда-санда туған жеріне келіп тұрады, бірақ негізі бұл жақта тұрмайды. Ата-анасына үй салып беруді шешіп, бізге тапсырыс берді. Білуімше, Камерун атақты футболшыларға толы», – деді Таңғат Ертайдың жұбайы Нұрдина Жұмабай.
Показать все...
😁 1
🇰🇿 Қазақстан қоржынына Олимпиаданың 47-ші жолдамасы түсті Бүгін стенд атудан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан лицензиялық турнирде Ұлттық құрама спортшысы Мария Дмитриенко Олимпиада лицензиясына иелік етті. @msportskz
Показать все...
👍 2 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🥋 Гонконгта өткен дзюдодан Азия чемпионатының соңғы жарыс күнінде Қазақстан командасы бір қола медаль еншіледі. 🥉 Командалық сында Қазақстан Түркменстанды 4:2 есебімен жеңіп, қола медаль жеңіп алды. Біздің дзюдошышылар ширек финалда Үндістан командыс 4:0 қылып жеңгенімен, жартылай финалда Жапонияға 0:4 есебімен есе жіберген болатын. 3️⃣ Ал жекелей сында отандық дзюдошылар үш қола медаль еншілеген болатын: ⏺ 48 келі – Ғалия Тынбаева ⏺ 63 келі – Эсмигуль Куюлова ⏺ 66 келі – Жанарыс Рахметқали
Показать все...
🔥 3
Фото недоступноПоказать в Telegram
🥊 Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 63,5 кило салмақта жұдырықтасқан Санатәлі Төлтаев кәсіпқой боксқа ауысты. Ол 2021 жылы (Белград, Сербия) және 2023 жылы (Ташкент, Өзбекстан) өткен бокстан екі Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында өнер көрсетті.
Показать все...
🔥 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
⭐️ Кеше Испания астанасы Мадрид қаласында “жыл спортшысы” жеңімпазын марапаттау рәсімі өтті 🎲 Аталмыш атаққа таласта Новак Джокович жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанды. ⏩ Laureus World Sportsman of the Year (Бүкіләлемдік жыл спортшысы) атағына үміткер болған спортшылар: 👟 Лионель Месси 🤸‍♀️ Мондо Дуплантис ⚽️ Эрлинг Холанд 🏃‍♂️ Ной Лайле 🏎️ Макс Ферстаппен
Показать все...
00:39
Видео недоступноПоказать в Telegram
👏 Бішкекте күрес түрлерінен Олимпиаданың Азия аймақтық іріктеу жарысы аяқталды. Өзбекстан құрамасы әйелдер арасында алғаш рет Олимпиада жолдамасына қол жеткізді. Тарихи лицензияны қандас қазақ қызы Ақтеңге Кеунимжаева (-50 кило) жеңіп алды. Балуан қыз белгілі спорт журналисі Телжан Күдеровке берген сұхбатында қазақ екенін айтып, руын да айта кеткен.
Показать все...
👏 4
Фото недоступноПоказать в Telegram
💚 QFL Премьер-лигасының 5-тур аясында өткен «Қайрат» - «Ақтөбе» кездесуі 22 804 жанкүйер жинап, ел біріншілігіндегі рекордты жаңартты! 🥇 «Қайрат» - «Ақтөбе» – 22 804 көрермен (2024 ж) 🥈 ⁠ «Ордабасы» – «Оқжетпес» – 22 168 көрермен (2023 ж) 🥉 «Қайрат» - «Ақтөбе» - 21 845 көрермен (2023 ж) 🔥 Сонымен қатар, осы жылы QFL Премьер-лигасы мачтарына келген жанкүйерлер саны 111 мыңнан асқан! 🇰🇿 Қазақ футболы жасай берсін!
Показать все...
Фото недоступноПоказать в Telegram
🇪🇸 Эль-Классикода "Реал Мадрид" жеңіске жетті!
Показать все...
👍 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿 Айдос Сұлтанғали Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды 👊 60 келі салмақта сынға түскен спортшымыз жартылай финалда тайпейлік Джиу Чи Хуанды жеңіп, лицензия иегері атанды. 🔹 44 жолдама болды!
Показать все...
👍 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿 Елена Рыбакина Штутгартта өткен WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды. ✅ Отандасымыз финалда украиналық Марта Костюкты 2:0 (6:2, 6:2) есебімен жеңді. 🏆 Еленаның осы жылдағы үшінші титулы
Показать все...
👍 1
Фото недоступноПоказать в Telegram
🇰🇿 Елена Рыбакина финалда 🎾 Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалында Елена әлемнің бірінші ракеткасы, поляк қызы Ига Швентекті 2:1 (6:3, 4:6, 6:3) есебімен жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.
Показать все...
👍 3
Фото недоступноПоказать в Telegram
🥇 Катар астанасы Дохада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар екі медаль жеңіп алды Еркін жаттығудан Милад Карими чемпион атанды. Ол 14.766 ұпай жинады. Дмитрий Патанин 14.500 ұпаймен қола медаль жеңіп алды. Ал күміс медальді 14.566 ұпаймен ұлыбританиялық Люк Уайтхаус иеленген. Айта кетелік, Милад іріктеу кезеңінде де еркін жаттығудан көш бастаған болатын.
Показать все...
👍 2
Фото недоступноПоказать в Telegram
⚡ Ауыр салмақтағы қазақ балуаны Юсуф Батырмурзинов (+125 кило) Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды! 🇰🇿 Қоржында 41 жолдама болды!
Показать все...
👍 2