Кітапханашы күнделігі
前往频道在 Telegram
635
订阅者
+124 小时
-17 天
-1830 天
帖子存档
Ми,сана,жүрек,сезім. Өзара түрлі ой сап жатыр. Маған. Жақсылыққа жақсылық, жамандыққа жақсылық,
Жақсылыққа жамандық туралы ма,сонда,дейді. Жоқ деймін. Бұл жерде санасу дегенді алып тастаңдар. Көңіл ғой. Жүрек, көңіл берген жерге сен де соны қалдырғың кеп тұрмай ма?! Көңілін алып келсе сен де сондай көңіл танытқың кеп тұрмай ма?! Бұл заттың әңгімесі емес. Бұл жүректің дедім, оларға...
Дәрігер, кәсіпкерлер. Мың сан пациенттері, клиенттері бар ғой...Өзің қандай қатынас жасайсың, соны аласың дейін десем... тағы тіл тістеуге тура келеді. Сенің қатынасыңның, көңіліңнің құнын көк тиын жасайтындар бар ғой...
Ал бұл адамдар мамандықтан бұрын адамдықты алға қойғандар.
Бүгін осындай "шам" адамдар есіме түсті. Көңіл көшем қараңғылана бастаған-ау, шамасы. "Шам" адамдар азаймасыншы. Олар менің, мен олардың көңілін ағартып, жүрегін жұмсартып жүре берейік.
Ол шаштың мастері. Астанада айына бір рет жолығатын ек. Көп жылғы құрбың сені ол түсінгендей түсінбейді. Бір-бірімізге сыйлық жасаймыз. Көңілді әңгіме айтамыз. Ой бөлісеміз.Сіздің тураңыз бөлек деп қуантып қояды.Кәсіпкер ғой. Бірақ алқынып ақша табатындар қатарынан емес. Арасында хабар алысып тұрамыз. Өткенде хат жазып жіберіпті. Келіп кетіпсіз, мені ұмыттыңыз ба деп. Ұмытпадым. Оны ұмыту мүмкін емес.
Ол гүл сатады. Адамға қуаныш сыйлайтын дүние екенін сезінген. Жай ғана табыс көзі емес. Танығалы екі жылға жуықтады. Екі рет ғана жүздестім. Қалған уақытта хатпен.Үнемі бір қалыпта. Үдеңізден шыға алдым ба деп сұрап қояды. Сізге ғана осы баға дегенді де ұмытпайды. Басқа алушылармен де солай екеніне күмәнім жоқ. Туған күніме де ғажап түсті розалар жіберіпті. Кейде гүлдің ақшасын сәл кешіктіремін. Тықақтамайды. Сапарда жүрсе де үнемі жауап береді.Ол тек гүл сатушы емес. Оның миссиясы бөлек. Ерекше. Ол жаныңды жай ғана бір ауыз сөзбен жылыта салады.
Аптаның соңы болса да оның жүзі үнемі жылы. Дауысының өзі ем.Жып-жылы, шынайы жүзінен ауруханада отырғаныңды ұмытып кетесің. Сені диагнозыңа байлап қоймайды. Шошытпайды. Өмірдің берекесін кіргізіп жүрген осындай ғажап жандар. Олар аз. Оларды сақтау керек.
1776 жылы Томас Пейннің "Здравый смысл" брошюрасы шығады. Екі жыл алдын Бен Томастың Филадельфияға көшіп келуіне және осы еңбегінің шығуына тікелей себепші болған екен. Бірінші бестселлер.Американың.
Брошюраны барлық жерде,көшеде,кофейняда,шіркеуде,кітап дүкендерінде бас алмай оқыпты.
Ол кезде авторлық құқық болмапты. Барлық типография басып шығара берген. Пейн де қаламақысыз қалмапты. Тапқан табысының бір бөлігін Америка солдаттарына жұмсайды .Оларға қолғап әпереді.
Үйімнің кітапханасын жасап берші десе кімдерді қояр едім, қояр едіңіз. Бұрын әлемдік классиканың көп томдығы кәдімгідей қат және қымбат болды. Екінің бірі ала алмайтын. Қазір ше?!
Франклин 1744 жылдан бастап Шекспирдің кітаптарын сата бастапты. Бірқатар элитаның үйінде драматургтың кітабы пайда болды дейді.
#тамгдеживуткниги
1717 жылы Бенджаминнің ағасы Джеймс баспа ашады. Бен сол жерге жұмысқа тұрады. Ағасы осы келісімшарт біткенше үйленбейсің,құмар ойын ойнамайсың, сыраханаға бармайсың деп шарт қояды. Беннің өзі де бұларға құмар емес еді. Оның есіл-дерті кітап оқу болды. Беньянның ,,Путешестсвие Пилигрима в небесную страна" және " Сравнительная жизнеописание" Плутарх. Ең сүйікті кітаптары болған екен.
Адам мен кітапта ұқсастық көп. Қазір адам да көп, кітап та көп. Айналаңда. Жаныңды түсінетін адамды да, кітапты да табу қиын.
Бір кітаптың аты да, түр-түсі де күшті болады. Ішін ашсаң өлі әріптер. Адам да сондай. Сөйлегенде енді ғажап. Жанына үңілсең жалған иіс...
Біреу өте ақылды кітап, біреу терең, біреу мағынасыз кітапқа кезігеді?!
Кей кітапты қайталап оқығанда бұрын байқамаған дүниені байқайсыз. Неге бір оқырман мазмұндағы күллі дүниені көреді, сөйлем арасындағы мазмұнды байқайды, сөздің әуенін естиді, тіпті, дәмін, түсін, иісін сезеді?! Ал кейбірі мүлде ештеңе сезбейді. Бір адамға неге мың қайталау керек, ал біреуі салған жерден ұғады. Автормен бір толқында болғыңыз келсе тереңдеп оқы дейді философ Адлердің бұл кітабы осы айтылғандарға жауап береді.
#жаңакітап
Диагнозымды айттым ғой. Бірнеше айдан кейін деген ... Иә, жарық дүниемен қоштасатын уақыт таяған.
Сол кезде осы кітаптар келе бастады. Әрқайсы өмірге құштарлық оятты. Күш-қуатым қайта пайда болды. Кітаптар дәрі-дәрмек бермеген күш берді.
#Кітапдүкенініңиесі
Қайырлысын бер. Жүрек көзімді ашуға мүмкіндік бер. Жақсы күннің жақсылығы мол болсыншы.
Жаныңды ауырта беретіндерден алыста. Сені сақтамағанды сен неге сақтайсың?! Жаның-аманатың ғой. Оны тепкіге бермеуге тырысып бақ.
Бүгінгі таң салқын. Әдемі болып тұр. Ішкі түйсікті, жанды тыңдайтын уақ. Сен не ойлап тұрсың. Ол не қалап тұр. Жаның...
Ақтама,ақталма. Адам жасағысы келсе жасайды. Айтқысы келсе айтады. Қалғаны сылтау.
现已上线!2025 年 Telegram 研究 — 年度关键洞察 
