uz
Feedback
Казахский язык за год | Қазақ тілі – 1 жылда

Казахский язык за год | Қазақ тілі – 1 жылда

Kanalga Telegram’da o‘tish

Наш чат @soileuchat | Сообщество @soileu_kz 09.08.24 - я решил начать изучение казахского https://t.me/SoileuKZ/2 24.05.25 - запустил Марафон «Казахский язык за год» https://t.me/SoileuKZ/199 24.05.26 - запустил второй марафон https://t.me/SoileuKZ/666

Ko'proq ko'rsatish
1 106
Obunachilar
+224 soatlar
+107 kun
+2130 kun
Postlar arxiv
🕰️ НОСТАЛЬГИЯ СЕЗІМІ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ? ОТКУДА ВЗЯЛАСЬ НОСТАЛЬГИЯ? 📌 Глагол дня: аңсау — сильно желать, тосковать, томить
🕰️ НОСТАЛЬГИЯ СЕЗІМІ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛАДЫ? ОТКУДА ВЗЯЛАСЬ НОСТАЛЬГИЯ? 📌 Глагол дня: аңсау — сильно желать, тосковать, томиться, жаждать XVII ғасырдың соңында медицина факультетінің студенті Йоханнес Хофер туған жерінен жырақта қызмет етіп жүрген швейцариялық сарбаздардың бойынан біртүрлі жағдайды байқады. В конце XVII века студент-медик Йоханнес Хофер заметил странное состояние у швейцарских солдат, служивших вдали от дома. Олар шаршау, ұйқысыздық, жүрек соғысының жиілеуі және басқа да белгілерден зардап шекті. Они страдали от усталости, бессонницы, учащённого сердцебиения и других симптомов. Хофер мұның себебін туған жерін қатты сағынумен байланыстырды. Ол бұл күйді грек тіліндегі «үйге оралу» және «ауырсыну, сағыныш» деген сөздерден құрап, «ностальгия» деп атады. Хофер решил, что причиной была сильная тоска по родине, и назвал это состояние ностальгией — от греческих слов «возвращение домой» и «боль, тоска». Алғашында ностальгияны ауру деп санаған. Сначала ностальгию считали болезнью. Кейін бұл ұғымның мағынасы кеңейе түсті: ностальгия деп тек туған жерді сағынуды ғана емес, өткен күндерді, өмірдегі маңызды оқиғаларды, жерлер мен адамдарды аңсауды да атай бастады. Позже это понятие стало гораздо шире: ностальгией начали называть не только тоску по дому, но и общую тоску по прошлому — воспоминания о значимых событиях, местах и людях. Ностальгия кезінде жоғалтқан нәрсеңе деген өкініш пен мұң жылы әрі жағымды сезімдермен қатар жүруі мүмкін. При этом ностальгия может сочетать чувство утраты и грусть с тёплыми и приятными эмоциями. Сондықтан уақыт өте келе оны ауру деп қабылдамай, адамның табиғи эмоциялық күйі ретінде қарастыра бастады. Поэтому со временем её перестали считать болезненным состоянием и стали воспринимать как естественное эмоциональное переживание. Зерттеулер ностальгияның әрдайым көңіл күйдің нашарлауымен қатар жүрмейтінін көрсетті. Исследования показали, что ностальгия не всегда сопровождается ухудшением настроения. Өткен өмірдегі маңызды оқиғалар мен жақын адамдар туралы естеліктер адамның өзіне деген сенімін арттырып, өзін бір ортаға тиесілі сезінуіне көмектеседі. Сондай-ақ олар көңіл күйдегі ауыртпалықты жеңілдетіп, адамды жомарт болуға да ынталандыруы мүмкін. Воспоминания о важных событиях прошлого и близких людях могут повышать самооценку и чувство принадлежности, помогать справляться с эмоциональным напряжением и даже побуждать человека быть щедрее.

♨️ САУНА ӨМІРДІ ҰЗАРТА АЛА МА? МОЖЕТ ЛИ САУНА ПРОДЛИТЬ ЖИЗНЬ? 📌 Глагол дня: күшею — усиливаться 1980 жылдардың басында ғалым
♨️ САУНА ӨМІРДІ ҰЗАРТА АЛА МА? МОЖЕТ ЛИ САУНА ПРОДЛИТЬ ЖИЗНЬ? 📌 Глагол дня: күшею — усиливаться 1980 жылдардың басында ғалымдар 2000-нан астам фин ер азаматтарының денсаулығын ұзақ жылдар бойы зерттей бастады. В начале 1980-х учёные начали многолетнее исследование здоровья более 2000 финских мужчин. 20 жылдан кейін қызықты байланыс анықталды: саунаға аптасына 4–7 рет баратын ер адамдардың денсаулығы бірнеше көрсеткіш бойынша жақсырақ болған. Спустя 20 лет обнаружилась интересная связь: мужчины, которые посещали сауну 4–7 раз в неделю, по нескольким показателям были здоровее. Бірақ саунада ағзамызда қандай өзгерістер болады? Но что происходит с организмом в сауне? Фин саунасындағы температура 90 °C-қа дейін жетуі мүмкін. В финской сауне температура может достигать 90 °C. Ыстықтың әсерінен қан тамырлары кеңейіп, жүрек жиірек соға бастайды, қан айналымы күшейіп, адам терлейді. Под воздействием жары кровеносные сосуды расширяются, сердце начинает биться быстрее, усиливается кровообращение и выделяется пот. Ағзаның мұндай реакциясы белгілі бір дәрежеде орташа қарқындағы дене жаттығуларына ұқсайды. Такая реакция отчасти напоминает умеренную физическую нагрузку. Саунадағы ыстық спортзалдағы жаттығуларды алмастыра алмаса да, оған үнемі бару жүрек-қан тамырлары жүйесін шынықтырады. Регулярное воздействие контролируемого тепла сауны хотя и не заменяет физических упражнений в спортзале, но все же тренирует сердечно-сосудистую систему. Қан айналымының күшеюі бұлшықеттерге де пайдалы, өйткені оларға оттегі мен қоректік заттар көбірек жеткізіледі. Бұл жаттығудан кейін бұлшықеттердің қалпына келуіне және нығаюына көмектеседі. Усиление кровообращения полезно также и для мышц, тк. к ним поступает больше кислорода и питательных веществ, что помогает их восстановлению после нагрузки и укреплению. Сонымен қатар сауна адамның психикалық және эмоциялық жағдайына да жақсы әсер етеді. А еще сауна оказывает мощное психоэмоциональное воздействие. Стресс гормоны — кортизол деңгейінің төмендеуі және жүйке жүйесінің босаңсуы ұйқының сапасы мен жалпы көңіл күйге тікелей әсер етеді. Снижение уровня гормона стресса — кортизола — и расслабление нервной системы напрямую влияют на качество сна и общее самочувствие.

🏙️ ЗӘУЛІМ ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЕҢ БИІК ШЕГІ ҚАНДАЙ? КАКАЯ МАКСИМАЛЬНАЯ ВЫСОТА У НЕБОСКРЕБОВ? 📌 Глагол дня: төтеу — устоять, протер
🏙️ ЗӘУЛІМ ҒИМАРАТТАРДЫҢ ЕҢ БИІК ШЕГІ ҚАНДАЙ? КАКАЯ МАКСИМАЛЬНАЯ ВЫСОТА У НЕБОСКРЕБОВ? 📌 Глагол дня: төтеу — устоять, протерпеть, выдерживать 1956 жылы сәулетші Фрэнк Ллойд Райт биіктігі бір миль, яғни шамамен 1,6 шақырым болатын зәулім ғимарат салуды ұсынды. В 1956 году архитектор Фрэнк Ллойд Райт предложил построить небоскрёб высотой в одну милю — около 1,6 км. Ол кезде бұл жоба қиял сияқты көрініп, көпшілік оны күлкіге айналдырды: сол кездегі әлемдегі ең биік ғимарат — Empire State Building небәрі 381 метр болатын. Тогда проект казался фантастикой и над ним многие смеялись: самое высокое здание мира, Empire State Building, достигало всего 381 метра. Бүгінде рекорд биіктігі 828 метрлік Бурдж-Халифаға тиесілі, ал Сауд Арабиясында биіктігі бір шақырымнан асатын Jeddah Tower салынып жатыр. Сегодня рекорд принадлежит Бурдж-Халифе высотой 828 метров, а в Саудовской Аравии уже строят Jeddah Tower, которая должна превысить один километр. Сондықтан 70 жыл бұрын мүмкін еместей көрінген Райттың идеясы біртіндеп шындыққа айналып келеді. Поэтому идея Райта, казавшаяся почти невозможной 70 лет назад, постепенно становится всё более реальной. Ең басты қиындық — ғимараттың орасан зор салмағы. Бірақ қазіргі темірбетон өте үлкен жүктемеге төтеп бере алады. Главная трудность — огромный вес. Однако современный армированный бетон выдерживает колоссальные нагрузки. Мысалы, Бурдж-Халифаның салмағы шамамен жарты миллион тонна, ал оның іргетасы тереңдігі 50 метрден асатын 192 темірбетон қадаға тірелген. Например, Бурдж-Халифа весит около полумиллиона тонн, а его фундамент опирается на 192 железобетонные сваи глубиной более 50 метров. Тағы бір мәселе — жел. Сондықтан биік ғимараттарды аэродинамикалық пішінде салады, ал олардың шайқалуын азайту үшін алып қарсы салмақтар қолданылады. Другая проблема — ветер. Поэтому высокие здания делают аэродинамичными, а для уменьшения раскачивания используют огромные противовесы. Taipei 101 ғимаратында мұндай қарсы салмақ ретінде салмағы жүздеген тонна болатын ілулі металл шар пайдаланылады. В Taipei 101 таким противовесом служит подвешенный металлический шар массой в сотни тонн. Соңғы мәселе — мыңдаған адамды қабаттар арасында жылдам тасымалдау. Ал қазіргі лифтілердің жылдамдығы сағатына 70 шақырымнан асады. Наконец, тысячи людей нужно быстро перевозить между этажами. И современные лифты уже развивают скорость свыше 70 км/ч.

👓 КӨЗІЛДІРІК ЖАҚСЫ КӨРУГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ? КАК ОЧКИ ПОМОГАЮТ НАМ ЛУЧШЕ ВИДЕТЬ? 📌 Глагол дня: бағыттау — направлять Көзілд
👓 КӨЗІЛДІРІК ЖАҚСЫ КӨРУГЕ ҚАЛАЙ КӨМЕКТЕСЕДІ? КАК ОЧКИ ПОМОГАЮТ НАМ ЛУЧШЕ ВИДЕТЬ? 📌 Глагол дня: бағыттау — направлять Көзілдіріктің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін алдымен жарықтың сыну құбылысын түсініп алу керек. Чтобы понять, как работают очки, нужно разобраться с преломлением света. Қалыпты жағдайда көздің алдыңғы мөлдір қабаты мен көз бұршағы жарықты көздің артындағы жарықты сезетін торлы қабыққа дәл бағыттайды. В норме роговица и хрусталик направляют свет точно на сетчатку — светочувствительную ткань в задней части глаза. Бірақ кейде жарық торлы қабықтың алдында немесе артында шоғырланащңхды, сол кезде адам заттарды бұлдыратып көреді. Но иногда свет фокусируется перед сетчаткой или за ней, и изображение становится размытым. Жақыннан көргіштік кезінде жарық торлы қабықтың алдында шоғырланады, сондықтан алыстағы заттар бұлыңғыр көрінеді. При близорукости свет фокусируется перед сетчаткой, поэтому удалённые предметы видны хуже. Алыстан көргіштік кезінде жарық торлы қабықтың артына шоғырланып, адамға жақындағы заттарды анық көру қиындайды. При дальнозоркости фокус оказывается за сетчаткой, и человеку сложнее видеть вблизи. Астигматизм кезінде көздің алдыңғы мөлдір қабатының пішіні біркелкі болмайды. Сондықтан жарық торлы қабықтың бір нүктесіне дәл шоғырланбай, адам заттарды бұлыңғыр көреді. При астигматизме роговица имеет неправильную форму, поэтому свет не фокусируется точно в одной точке на сетчатке, и изображение становится размытым. Жас ұлғайған сайын көз бұршағының иілгіштігі азайып, жақындағы заттарға көзді дәл шоғырландыру қиындайды. Бұл пресбиопия деп аталады және әдетте 40 жастан кейін байқалады. С возрастом хрусталик становится менее гибким и хуже фокусируется на близких предметах. Это называется пресбиопией и обычно проявляется после 40 лет. Көзілдірік бұл көру кемшіліктерін линзалардың көмегімен түзетеді. Очки исправляют эти нарушения с помощью линз. Линзалар жарық көзге түспей тұрып оның бағытын өзгертеді, соның арқасында жарық қайтадан торлы қабыққа дәл шоғырланады. Они изменяют направление света ещё до его попадания в глаз, благодаря чему он снова фокусируется на сетчатке. Дәл осы қарапайым қағида көзілдіріктің кескінді анық көрсетуіне мүмкіндік береді. Именно этот простой принцип позволяет очкам делать изображение чётким.

🐒 ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІЛІ БАР МА? ЕСТЬ ЛИ У ЖИВОТНЫХ ЯЗЫК? 📌 Глагол дня: бірігу — объединяться, біріктіру — объединять Жануарлар
🐒 ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІЛІ БАР МА? ЕСТЬ ЛИ У ЖИВОТНЫХ ЯЗЫК? 📌 Глагол дня: бірігу — объединяться, біріктіру — объединять Жануарлар бір-бірімен белсенді түрде қарым-қатынас жасайды. Шаяндар қысқыштарын сермейді, каракатицалар терісінің түсі мен өрнегін өзгертеді, ал аралар би арқылы ақпарат жеткізеді. Животные активно общаются друг с другом. Крабы машут клешнями, каракатицы меняют цвет и узор на коже, а пчёлы танцем передают информацию. Бірақ мұндай қарым-қатынасты тіл деп атауға бола ма? Но можно ли назвать такое общение языком? Ғалымдар тілдің төрт маңызды қасиетін бөліп көрсетеді: дискреттілік — жеке элементтерді қолдану; грамматика — оларды біріктіру ережелері; өнімділік — жаңа хабарламалар құра білу; орын ауыстыру қасиеті — дәл қазір қасыңда жоқ нәрселер туралы айта білу. Учёные выделяют четыре важных свойства языка: дискретность — использование отдельных элементов; грамматика — правила их сочетания; продуктивность — возможность создавать новые сообщения; перемещаемость — способность говорить о том, чего нет рядом. Аралар қоректің қай жерде орналасқанын хабарлай алады. Пчёлы могут сообщить, где находится пища. Дала иттері жыртқыштар туралы өз тобындағы басқа жануарларға ескертіп, олардың көлемі, пішіні және қозғалу жылдамдығы жайлы ақпарат береді. Луговые собачки предупреждают сородичей о хищниках и передают информацию об их размере, форме и скорости. Адамдар ым тіліне үйреткен маймылдар белгілерді біріктіріп, жаңа тіркестер құра алады. Коко есімді горилла мыңнан астам ымды білген және өліп қалған марғауын есіне түсіре алған. Обезьяны, обученные людьми языку жестов, способны объединять знаки в новые фразы. Горилла Коко знала более тысячи жестов и могла вспоминать умершего котёнка. Дельфиндер де жасанды тілдің кейбір ережелерін түсіне алады. Дельфины тоже способны понимать некоторые правила искусственного языка. Алайда мұндай қарым-қатынас тәсілдерін толыққанды тіл деп атауға болмайды. Однако все эти способы коммуникации нельзя назвать полноценным языком. Әртүрлі жануарларда тілдің жекелеген қасиеттері кездеседі, бірақ жануарлардың бізге белгілі қарым-қатынас жүйелерінің ешқайсысы осы төрт қасиеттің барлығын бірдей қамтымайды. У разных животных встречаются отдельные свойства языка, но ни одна известная система общения животных не сочетает все четыре. Тек адам тілі ғана осы қасиеттердің бәріне бір мезгілде ие және сан алуан тақырыпта шексіз көп хабарлама құруға мүмкіндік береді. Только человеческий язык обладает всеми ими одновременно и позволяет создавать бесконечное количество сообщений на самые разные темы.

🛤️ ТЕМІРЖОЛ БОЙЫНА НЕ ҮШІН ТАС ТӨСЕЙДІ? ЗАЧЕМ ВДОЛЬ ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНЫХ ПУТЕЙ НАСЫПАЮТ КАМНИ? 📌 Глагол дня: төсеу — стелить, ук
🛤️ ТЕМІРЖОЛ БОЙЫНА НЕ ҮШІН ТАС ТӨСЕЙДІ? ЗАЧЕМ ВДОЛЬ ЖЕЛЕЗНОДОРОЖНЫХ ПУТЕЙ НАСЫПАЮТ КАМНИ? 📌 Глагол дня: төсеу — стелить, укладывать Теміржол бойындағы рельстердің астында жатқан тастарды бәріңіз де байқаған шығарсыздар. Бірақ олардың не үшін төселетінін ойланып көрдіңіздер ме? Наверняка вы все замечали камни, лежащие под рельсами вдоль железнодорожных путей. Но задумывались ли вы, зачем их туда насыпают? Рельстердің астына төселетін тастар теміржол балласты деп аталады. Камни под рельсами называются железнодорожным балластом. Әдетте бұл қалыңдығы 25–30 см болатын қиыршық тас қабаты. Ол бірнеше маңызды қызмет атқарады. Обычно это слой щебня толщиной 25–30 см, который выполняет несколько важных функций. 🛤️ Шпалдарды орнында ұстайды. Қиыршық тастардың өткір қырлары бір-біріне ілінісіп, берік негіз құрайды. Ал тегіс малтатастар бұл мақсатқа жарамайды, өйткені олар пойыздардың салмағынан оңай жылжып кетеді. Удерживает шпалы. Острые грани щебня друг за друга, создавая устойчивое основание. Гладкая галька для этого не подходит: она легко смещается под тяжестью поездов. ⚖️ Қиыршық тастар жүктемені біркелкі бөледі. Балласт көп тонналық пойыздардың салмағын үлкен аумаққа таратып, теміржолдың шөгуіне жол бермейді. Щебень распределяет нагрузку. Балласт распределяет вес многотонных составов по большой площади, предотвращая проседание пути. 🔉 Шу мен дірілді азайтады. Қиыршық тастар жүріп келе жатқан пойыздардан пайда болатын тербелістерді ішінара сіңіреді. Снижает шум и вибрацию. Шебень частично поглощают колебания от движущихся поездов. 💧 Суды ағызып жібереді. Қиыршық тастардың арасындағы саңылаулар жаңбыр суының төмен қарай өтуіне мүмкіндік беріп, тот басу қаупін азайтады. Отводит воду. Промежутки между камнями позволяют дождевой воде уходить вниз, уменьшая риск коррозии. 🌱 Арамшөптердің өсуіне кедергі жасайды. Арамшөптер теміржолдың орнықтылығын бұзуы мүмкін. Препятствует росту сорняков, которые могут нарушать устойчивость пути. 🌡️ Ыстықта рельстердің орнынан жылжып кетпеуіне көмектеседі. Өйткені температура көтерілгенде металл кеңейеді. Помогает удерживать рельсы в жару, когда металл расширяется. Уақыт өте келе қиыршық тасқа құм мен кір жиналады. Сондықтан оны арнайы машиналармен тазартады немесе жаңасына ауыстырады. Со временем щебень загрязняется песком и грязью, поэтому его очищают специальными машинами или заменяют новым.

🌋 ЖАНАРТАУЛАР — ОТ ШАШҚАН ТАУЛАР ВУЛКАНЫ — ОГНЕДЫШАЩИЕ ГОРЫ 📌 Глагол дня: шашу — разбрасывать, рассыпать, извергать Жанарта
🌋 ЖАНАРТАУЛАР — ОТ ШАШҚАН ТАУЛАР ВУЛКАНЫ — ОГНЕДЫШАЩИЕ ГОРЫ 📌 Глагол дня: шашу — разбрасывать, рассыпать, извергать Жанартау — Жер қойнауынан жер бетіне балқыған тау жыныстары, газдар мен күл атқылап шығатын орын. Вулкан — это место на поверхности Земли, через которое из её недр вырываются раскалённая лава, газы и пепел. Жер астындағы балқыған тау жынысы магма деп аталады, ал жер бетіне шыққан кезде лаваға айналады. Под землёй расплавленная горная порода называется магмой, а когда она выходит наружу — лавой. Жанартаулар көбінесе жер қыртысының алып тақталары бір-бірімен соқтығысатын немесе бір-бірінен ажырайтын жерлерде пайда болады. Вулканы чаще всего образуются там, где огромные плиты земной коры сталкиваются или расходятся. Магма жарықтар арқылы жоғары көтеріліп, кратер деп аталатын саңылаудан жер бетіне шығады. Осылайша жанартау атқылайды. Магма поднимается по трещинам и выходит через отверстие — кратер. Так происходит извержение. Кейде лава тау беткейлерімен баяу ағады, ал кейде күшті жарылыс күлді өте биікке атқылайды. Иногда лава медленно стекает по склонам, а иногда мощный взрыв выбрасывает пепел на огромную высоту. Жанартаулар белсенді, ұйқыдағы және сөнген болып бөлінеді. Вулканы бывают действующими, спящими и потухшими. Ұйқыдағы жанартау жүздеген жыл бойы атқыламай, кейін қайта оянуы мүмкін. Спящий вулкан может не извергаться сотни лет, а затем снова пробудиться. Жанартаудың атқылауы қауіпті: ыстық лава жолындағының бәрін жойып жібереді, ал күл тыныс алуды қиындатып, ұшақтардың ұшуына кедергі келтіреді. Извержения опасны: горячая лава уничтожает всё на своём пути, а пепел затрудняет дыхание и мешает полётам самолётов. Сондықтан вулканологтар деп аталатын ғалымдар қауіпті жанартауларды бақылап, адамдарға алдын ала ескерту жасауға тырысады. Поэтому учёные — вулканологи — наблюдают за опасными вулканами и стараются заранее предупредить людей. Бірақ жанартаулардың пайдасы да бар. Қатып қалған лава жаңа аралдар түзіп, жағалауларды кеңейте алады, ал жанартау күлі уақыт өте келе топырақты құнарландырады. Но вулканы приносят и пользу. Застывшая лава может создавать новые острова и расширять берега, а вулканический пепел со временем делает почву плодородной.

📰 ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ҚАЛАЙ ТАРАЛАДЫ? КАК РАСПРОСТРАНЯЕТСЯ ЛОЖНАЯ ИНФОРМАЦИЯ? 📌 Глагол дня: ұқсау — быть похожим, походить Қазір
📰 ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ҚАЛАЙ ТАРАЛАДЫ? КАК РАСПРОСТРАНЯЕТСЯ ЛОЖНАЯ ИНФОРМАЦИЯ? 📌 Глагол дня: ұқсау — быть похожим, походить Қазіргі заманда ақпарат лезде таралады, бірақ оның шынайылығы әрдайым тексеріле бермейді. Сегодня информация распространяется мгновенно, но её достоверность не всегда проверяют. Жалған жаңалықтардың таралу тетіктерінің бірі — бір-біріне сілтеме жасау арқылы ақпаратты растау. Один из механизмов распространения ложных новостей — круговое цитирование. Мысалы, А сайты тексерілмеген деректі жариялайды, Б сайты оны қайталайды, ал кейін А сайты Б сайтына дәлел ретінде сілтеме жасайды. Например, сайт А публикует непроверенный факт, сайт Б его повторяет,ф а затем сайт А ссылается на сайт Б как на доказательство. Оқырмандарға ақпаратты бір-бірінен тәуелсіз дереккөздер растағандай көрінеді. Алайда олардың бәрі бір қатені қайталап отыр. Читателям кажется, что информацию подтвердили независимые источники, хотя все повторяют одну ошибку. Қателер тіпті ғылым саласында да кездеседі. Беделді British Medical Journal медициналық журналында жасөспірімдердің компьютерлік ойындар кезінде қанша энергия жұмсайтыны туралы әзіл ретінде жазылған мақала жарияланған. Ошибки встречаются даже в научной среде. В авторитетном медицинском журнале British Medical Journal вышла шуточная статья о расходе энергии подростками во время компьютерных игр. Басқа зерттеушілер оның әзіл екенін түсінбей, өздерінің ғылыми еңбектерінде оған 400-ден астам рет сілтеме жасаған. Другие исследователи не распознали шутку и более 400 раз сослались на неё в серьёзных научных публикациях. Осындай жағдай Уикипедияда да кездеседі. Журналист одан тексерілмеген деректі алып, мақала жариялайды. Кейін сол мақала энциклопедияда ақпаратты растайтын дереккөз ретінде пайдаланылады. Похожая ситуация возникает с Википедией. Журналист берёт из неё непроверенный факт, публикует статью, а затем её используют в энциклопедии как подтверждающий источник. Осылайша қате ақпарат шындыққа ұқсап көріне бастайды. Так ошибка получает видимость достоверности. Негізгі қорытынды: жаңалықты басқалармен бөліспес бұрын, оның бастапқы дереккөзін тауып, деректердің дұрыстығын тексеру қажет. Главный вывод: прежде чем делиться новостью, нужно найти первоисточник и проверить факты.

🌊 АҒЫН КҮЙІНЕ ҚАЛАЙ ЕНУГЕ БОЛАДЫ? КАК ВОЙТИ В СОСТОЯНИЕ ПОТОКА? 📌 Глагол дня: шоғырлану — сосредоточиваться, скапливаться Кейде бір іске беріліп кететініміз соншалық, уақыттың қалай өткенін аңғармай қаламыз. Иногда мы настолько увлекаемся делом, что перестаём замечать время. Жұмыс жеңіл жүріп, зейініміз толық шоғырланады да, бөгде ойлар сейіледі. Мұндай жағдайды ағын күйі деп атайды. Работа идёт легко, внимание полностью сосредоточено, а посторонние мысли исчезают. Это называют состоянием потока. Адам іске толық берілген кезде аз алаңдайды, өзін үнемі бағалауды және қателесуден қорқуды қояды. Бұл оның шығармашылықпен ойлауына және өнімдірек жұмыс істеуіне көмектеседі. В потоке человек меньше тревожится, перестаёт постоянно оценивать себя и бояться ошибок. Это помогает ему мыслить творчески и работать продуктивнее. Ағын күйінің пайда болуы үшін үш шарт маңызды. Для возникновения потока важны три условия. 1️⃣ Біріншіден, айналысатын іс қызықты немесе адамның өзі үшін мәнді болуы тиіс. Во-первых, занятие должно быть интересным или иметь личный смысл. 2️⃣ Екіншіден, оның күрделілігі дағдыларымызға сәйкес келуі қажет: тым жеңіл тапсырма зеріктіреді, ал шамадан тыс күрделі тапсырма мазасыздық туғызады. Во-вторых, его сложность должна соответствовать нашим навыкам: слишком простая задача вызывает скуку, а слишком трудная — тревогу. 3️⃣ Үшіншіден, нақты мақсат қойып, өз ілгерілеуіңді көре білу қажет. В-третьих, необходимы ясная цель и возможность видеть свой прогресс. Ағын күйіне оңайырақ ену үшін телефонды шетке қойып, тыныш орын тауып, назарыңызды бір іске шоғырландырыңыз. Чтобы легче войти в поток, уберите телефон, найдите спокойное место и сосредоточьтесь на одном деле. Ауқымды тапсырманы шағын кезеңдерге бөліп, олардың күрделілігін біртіндеп арттырыңыз. Разделите большую задачу на небольшие этапы и постепенно повышайте их сложность. Алайда өзіңізді ағын күйіне күштеп енгізуге тырыспаңыз. Ол туралы үздіксіз ойлау назарыңызды тек басқа жаққа аударады. Но не пытайтесь заставить себя войти в поток. Постоянные мысли об этом только отвлекают. Ең дұрысы, істеп жатқан ісіңізге зейініңізді аударыңыз — сонда көп ұзамай уақыттың қалай өткенін де байқамай қалуыңыз мүмкін. Лучше сосредоточьтесь на самом занятии — и, возможно, вскоре вы забудете о времени. 📓 Cловарь | 📘 Грамматика | 🎯 Упражнения | 💬 Обсуждение

🌊 АҒЫН КҮЙІНЕ ҚАЛАЙ ЕНУГЕ БОЛАДЫ? КАК ВОЙТИ В СОСТОЯНИЕ ПОТОКА? 📌 Глагол дня: шоғырлану — сосредоточиваться, скапливаться К
🌊 АҒЫН КҮЙІНЕ ҚАЛАЙ ЕНУГЕ БОЛАДЫ? КАК ВОЙТИ В СОСТОЯНИЕ ПОТОКА? 📌 Глагол дня: шоғырлану — сосредоточиваться, скапливаться Кейде бір іске беріліп кететініміз соншалық, уақыттың қалай өткенін аңғармай қаламыз. Иногда мы настолько увлекаемся делом, что перестаём замечать время. Жұмыс жеңіл жүріп, зейініміз толық шоғырланады да, бөгде ойлар сейіледі. Мұндай жағдайды ағын күйі деп атайды. Работа идёт легко, внимание полностью сосредоточено, а посторонние мысли исчезают. Это называют состоянием потока. Адам іске толық берілген кезде аз алаңдайды, өзін үнемі бағалауды және қателесуден қорқуды қояды. Бұл оның шығармашылықпен ойлауына және өнімдірек жұмыс істеуіне көмектеседі. В потоке человек меньше тревожится, перестаёт постоянно оценивать себя и бояться ошибок. Это помогает ему мыслить творчески и работать продуктивнее. Ағын күйінің пайда болуы үшін үш шарт маңызды. Для возникновения потока важны три условия. Біріншіден, айналысатын іс қызықты немесе адамның өзі үшін мәнді болуы тиіс. Во-первых, занятие должно быть интересным или иметь личный смысл. Екіншіден, оның күрделілігі дағдыларымызға сәйкес келуі қажет: тым жеңіл тапсырма зеріктіреді, ал шамадан тыс күрделі тапсырма мазасыздық туғызады. Во-вторых, его сложность должна соответствовать нашим навыкам: слишком простая задача вызывает скуку, а слишком трудная — тревогу. Үшіншіден, нақты мақсат қойып, өз ілгерілеуіңді көре білу қажет. В-третьих, необходимы ясная цель и возможность видеть свой прогресс. Ағын күйіне оңайырақ ену үшін телефонды шетке қойып, тыныш орын тауып, назарыңызды бір іске шоғырландырыңыз. Чтобы легче войти в поток, уберите телефон, найдите спокойное место и сосредоточьтесь на одном деле. Ауқымды тапсырманы шағын кезеңдерге бөліп, олардың күрделілігін біртіндеп арттырыңыз. Разделите большую задачу на небольшие этапы и постепенно повышайте их сложность. Алайда өзіңізді ағын күйіне күштеп енгізуге тырыспаңыз. Ол туралы үздіксіз ойлау назарыңызды тек басқа жаққа аударады. Но не пытайтесь заставить себя войти в поток. Постоянные мысли об этом только отвлекают. Ең дұрысы, істеп жатқан ісіңізге зейініңізді аударыңыз — сонда көп ұзамай уақыттың қалай өткенін де байқамай қалуыңыз мүмкін. Лучше сосредоточьтесь на самом занятии — и, возможно, вскоре вы забудете о времени.

🫂 ЖАҚСЫ ТЫҢДАУШЫ БОЛУДЫҢ ТӨРТ ЕРЕЖЕСІ ЧЕТЫРЕ ПРАВИЛА ХОРОШЕГО СЛУШАТЕЛЯ 📌 Глагол дня: нығайту — укреплять Тыңдай білу қарым
🫂 ЖАҚСЫ ТЫҢДАУШЫ БОЛУДЫҢ ТӨРТ ЕРЕЖЕСІ ЧЕТЫРЕ ПРАВИЛА ХОРОШЕГО СЛУШАТЕЛЯ 📌 Глагол дня: нығайту — укреплять Тыңдай білу қарым-қатынасты нығайтуға және адамдарды жақсырақ түсінуге көмектеседі. Умение слушать помогает укреплять отношения и лучше понимать людей. Бірақ жақсы тыңдаушы жай ғана үндемей, бас изеп отырмайды — ол әңгімелесушісіне шын жүректен қызығушылық танытады. Но хороший слушатель не просто молчит и кивает — он искренне интересуется собеседником. 1️⃣ Алаңдататын нәрселерді алып тастаңыз. Устраните отвлекающие факторы. Телефонды шетке қойып, теледидарды өшіріңіз де, бар назарыңызды әңгімеге аударыңыз. Уберите телефон, выключите телевизор и сосредоточьтесь на разговоре. Тіпті көзге көрініп жатқан телефонның өзі адамдар арасындағы сенімді азайтуы мүмкін. Даже телефон, лежащий на виду, может снижать доверие между людьми. 2️⃣ Сөзін бөлмеңіз және сұрақтар қойыңыз. Не перебивайте и задавайте вопросы. Адамға ойын аяқтауға мүмкіндік беріңіз. Дайте человеку закончить мысль. «Содан кейін не болды?» немесе «Сол кезде не сезіндің?» деген сұрақтар оның ашылып сөйлеуіне және өзін жақсырақ түсінуіне көмектеседі. Вопросы «Что произошло дальше?» или «Что ты почувствовал?» помогут ему раскрыться и лучше понять себя. 3️⃣ Әңгімелесушіні дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізіңіз. Проверяйте, правильно ли вы поняли собеседника. Естігеніңізді өз сөзіңізбен қысқаша қайталап беріңіз. Кратко перескажите услышанное своими словами. Адам сөйлеп жатқанда, не деп жауап беретініңізді ойламаңыз, әйтпесе маңызды нәрсені байқамай қалуыңыз мүмкін. Не обдумывайте ответ, пока человек говорит, иначе можете упустить важное. 4️⃣ Үнсіздіктен және келіспеушіліктен қорықпаңыз. Не бойтесь пауз и разногласий. Жауап беруге асықпаңыз. Тіпті келіспесеңіз де, адамды өз пікіріңізге көндіруге емес, оның көзқарасын түсінуге тырысыңыз. Не спешите отвечать. Даже если вы не согласны, постарайтесь понять чужую точку зрения, а не переубедить человека. Жақсы тыңдай білу — барлық нәрсеге келісе беру деген сөз емес. Хорошо слушать — не значит со всем соглашаться. Ең бастысы — әңгімелесуші өзін тыңдап, түсінгеніңізді сезінуі керек. Главное, чтобы собеседник чувствовал, что его услышали и поняли.

🔥 ОТ — ҚАТТЫ ДЕНЕ МЕ, СҰЙЫҚТЫҚ ПА, ӘЛДЕ ГАЗ БА? ОГОНЬ — ЭТО ТВЁРДОЕ ТЕЛО, ЖИДКОСТЬ ИЛИ ГАЗ? 📌 Глагол дня: жарқырау — блесте
🔥 ОТ — ҚАТТЫ ДЕНЕ МЕ, СҰЙЫҚТЫҚ ПА, ӘЛДЕ ГАЗ БА? ОГОНЬ — ЭТО ТВЁРДОЕ ТЕЛО, ЖИДКОСТЬ ИЛИ ГАЗ? 📌 Глагол дня: жарқырау — блестеть, сиять, сверкать Біз алаудың жанында отырғанда, оның жылуын сеземіз, отынның сықырлаған дыбысын естиміз және жалынға қарап отырамыз. Когда мы сидим у костра, то чувствуем тепло, слышим треск дров и наблюдаем за пламенем. Бірақ ғылыми тұрғыдан алғанда, от дегеніміз не? Но что такое огонь с научной точки зрения? От газға ұқсайды, алайда газ шексіз ұзақ уақыт сақтала алады, ал жалын ерте ме, кеш пе сөніп қалады. Огонь похож на газ, однако газ может существовать неограниченно долго, а пламя рано или поздно исчезает. Кейбіреулер отты плазма деп санайды, бірақ плазманың түзілуі үшін әдетте бірнеше мың градус температура қажет. Некоторые считают огонь плазмой, но для её образования обычно требуются температуры в тысячи градусов. Шын мәнінде, от — зат емес, жану деп аталатын химиялық реакцияның көзге көрінетін көрінісі. На самом деле огонь — не вещество, а видимое проявление химической реакции, называемой горением. Жану үшін үш жағдай қажет: отын, оттегі және жылу. Для неё необходимы три условия: топливо, кислород и тепло. Ағаш қызған кезде ыдырап, жанғыш заттар бөледі. При нагревании древесина разлагается и выделяет горючие вещества. Олар оттегімен әрекеттесіп, көмірқышқыл газы мен су буын түзеді. Они реагируют с кислородом, образуя углекислый газ и водяной пар. Ыстық газдар жоғары көтеріліп, жалынға созылыңқы пішін береді. Горячие газы поднимаются вверх, придавая пламени вытянутую форму. Жалынның түсі температура мен заттардың құрамына байланысты. Цвет пламени зависит от температуры и состава веществ. Ең ыстық жалын ақ немесе көгілдір түсті болуы мүмкін, ал оттың сары-қызғылт сары болып жарқырауына қатты қызған күйе бөлшектері себеп болады. Самое горячее пламя может быть белым или голубым, а жёлто-оранжевое свечение костра создают раскалённые частицы сажи. Отын немесе оттегі таусылған кезде жану тоқтап, жалын сөнеді. Когда заканчивается топливо или кислород, горение прекращается и пламя исчезает.

📝 ӘЗІЛДЕП ЖАЗУДЫ ҚАЛАЙ ҮЙРЕНУГЕ БОЛАДЫ? КАК НАУЧИТЬСЯ ПИСАТЬ С ЮМОРОМ? 📌 Глагол дня: әзілдеу — шутить, подшучивать Неліктен
📝 ӘЗІЛДЕП ЖАЗУДЫ ҚАЛАЙ ҮЙРЕНУГЕ БОЛАДЫ? КАК НАУЧИТЬСЯ ПИСАТЬ С ЮМОРОМ? 📌 Глагол дня: әзілдеу — шутить, подшучивать Неліктен кейбір оқиғалар бізді күлдірсе, енді біреулері еш әсер етпейді? Америкалық сценарист Чери Стейнкеллнер әңгімені күлкілі әрі қызықты етуге көмектесетін бірнеше тәсіл ұсынады. Почему одни истории вызывают смех, а другие оставляют нас равнодушными? Американская сценаристка Чери Стейнкеллнер предлагает несколько приёмов, которые помогают сделать рассказ смешнее. Кейіпкердің мінезін әсірелеңіз. Мысалы, бәрін білгіш адам өзі ештеңе түсінбейтін мәселеде де ақыл-кеңес береді. Преувеличивайте черты героя. Например, всезнайка раздаёт советы даже там, где ничего не понимает. Күтпеген жағдай туғызыңыз. Оқырман бір нәрсені күтеді, ал оқиға мүлде басқаша өрбиді: данышпан детектив тығырыққа тіреледі, ал жұмбақтың шешімін бала кездейсоқ тауып қояды. Нарушайте ожидания. Читатель ждёт одного, а происходит другое: гениальный детектив заходит в тупик, но загадку случайно разгадывает ребёнок. «Үштік ережесін» қолданыңыз. Алғашқы екі таныс нәрсе белгілі бір ой қалыптастырады, ал үшіншісі оны күтпеген жерден өзгертеді: «Бақытты болу үшін маған денсаулық, махаббат және жақсы Wi-Fi керек». Используйте правило трёх. Два привычных элемента создают ожидание, а третий его нарушает: «Для счастья мне нужны здоровье, любовь и хороший Wi-Fi». Нақты детальдар қосыңыз. «Ол қатты кешікті» деудің орнына: «Ол тойға жас жұбайлар үйленгендерінің бір жылдығын атап өтіп жатқанда келді» деп жазыңыз. Добавляйте конкретные детали. Вместо «он сильно опоздал» напишите: «Он пришёл на свадьбу, когда молодожёны уже отмечали годовщину». Кейіпкердің реакциясын өзгертіңіз. Маңызды оқиғаның алдында ол абыржудың орнына түскі ас ішіп үлгеретін-үлгермейтінін жайбарақат сұрауы мүмкін. Меняйте реакцию героя. Вместо паники перед важным событием он может спокойно спросить, успеет ли пообедать. Әзілге қайта оралыңыз. Егер әңгіменің басында кейіпкер кілттерін жоғалтып алса, соңында оларды тапқанын салтанатты түрде жариялауы мүмкін. Бірақ артынша пәтерді шатастырып алғанын байқайды. Возвращайтесь к шутке. Если в начале герой потерял ключи, в конце он может торжественно объявить, что нашёл их, — и обнаружить, что перепутал квартиру. Күнделікті өмірдегі қарапайым бір жағдайды алып, осы тәсілдердің бірін қолданып көріңіз. Попробуйте взять обычную ситуацию и применить к ней один из этих приёмов.

💊 ПЛАЦЕБО ӘСЕРІНІҢ КҮШІ СИЛА ЭФФЕКТА ПЛАЦЕБО 📌 Глагол дня: іске қосу — вводить в действие, запускать 1996 жылы 56 ерікті жа
💊 ПЛАЦЕБО ӘСЕРІНІҢ КҮШІ СИЛА ЭФФЕКТА ПЛАЦЕБО 📌 Глагол дня: іске қосу — вводить в действие, запускать 1996 жылы 56 ерікті жаңа ауырсынуды басатын дәріні зерттеуге қатысты. Олардың бір саусағына жаңа дәрі деп препарат жағып, екінші саусағына ештеңе жақпады. В 1996 году 56 добровольцев участвовали в исследовании нового обезболивающего. На один палец им наносили якобы новый препарат, а второй оставляли без него. Содан кейін екі саусақты да ауыртатын қысқыштармен қысты. Қатысушылар дәрі жағылған саусақтың азырақ ауырғанын айтты. Затем оба пальца сжимали болезненными зажимами. Участники утверждали, что обработанный палец болел меньше. Бірақ дәрінің құрамында ауырсынуды басатын ешқандай зат болмаған. Но никакого обезболивающего вещества в препарате не было. Бұл құбылысты плацебо әсері деп атайды — яғни құрамында әсер ететін заты жоқ дәрі адамның өзін жақсырақ сезінуіне көмектеседі. Это явление называют эффектом плацебо — когда средство без действующего вещества всё же помогает человеку почувствовать себя лучше. Плацебоның неліктен әсер ететіні әлі толық анық емес. Оның бір себебі — жағдайдың жақсаратынын күту. Почему плацебо работает, до конца не ясно. Одна из причин — ожидание улучшения. Мұндай үміт ағзада нақты физиологиялық процестерді іске қосуы мүмкін: мысалы, ауырсынуды азайтатын эндорфиндердің бөлінуі, күйзеліс гормондары деңгейінің төмендеуі және т.б. Оно может запускать реальные физиологические процессы в организме: например, выделение эндорфинов, уменьшающих боль, снижение уровня гормонов стресса, и др. XVIII ғасырдың өзінде кейбір дәрігерлер бұл әсерді біліп, науқастарға қанттан жасалған таблеткалар беріп немесе кәдімгі суды егіп отырған. Соның өзінде кейбір науқастар шынымен де өздерін жақсырақ сезінген. Ещё в XVIII веке некоторые врачи, зная об этом эффекте, могли давать пациентам сахарные таблетки или делать инъекции обычной воды, и некоторые пациенты действительно чувствовали себя лучше. Ал 1950 жылдардан бастап ғалымдар дәрілерді сынау кезінде плацебоны қолдана бастады: бір топқа нағыз дәрі берілсе, екінші топқа сыртқы түрі дәл сондай, бірақ құрамында әсер ететін заты жоқ дәрі берілді. А с 1950-х годов учёные начали использовать плацебо при испытаниях лекарств: одна группа получала настоящий препарат, а другая — внешне такую же пустышку. Осылайша кейде дәрінің нақты тиімділігін анықтауға болады. Так иногда можно определить реальную эффективность лекарства.

🏃 ЖҮГІРУ ЖОЛАҒЫНЫҢ КӨЛЕҢКЕЛІ ТАРИХЫ ТЁМНАЯ ИСТОРИЯ БЕГОВОЙ ДОРОЖКИ 📌 Глагол дня: әлсіреу — ослабевать, истощаться Бүгінде ж
🏃 ЖҮГІРУ ЖОЛАҒЫНЫҢ КӨЛЕҢКЕЛІ ТАРИХЫ ТЁМНАЯ ИСТОРИЯ БЕГОВОЙ ДОРОЖКИ 📌 Глагол дня: әлсіреу — ослабевать, истощаться Бүгінде жүгіру жолағы — ең танымал жаттығу құрылғыларының бірі, алайда оның тарихы спорттан басталған жоқ. Сегодня беговая дорожка — один из самых популярных тренажёров, но её история началась не со спорта. XIX ғасырда Англияда осындай құрылғы тұтқындарды жазалау және ауыр жұмысқа салу үшін жасалған. В XIX веке подобное устройство создали в Англии для наказания и тяжёлого труда заключённых. 1818 жылы инженер Уильям Кьюбитт баспалдақтары бар алып дөңгелек ойлап тапты. В 1818 году инженер Уильям Кьюбитт придумал огромное колесо со ступенями. Тұтқындар бірнеше сағат бойы сол басқыштармен жоғары көтеріліп, су айдайтын немесе астық ұнтақтайтын механизмді айналдыратын. Заключённые часами поднимались по ним, вращая механизм, который перекачивал воду или измельчал зерно. Мұндай «жүгіру жолағында» тұтқындар күніне 6 сағатқа дейін жұмыс істеген. На такой «дорожке» проводили до 6 часов в день. Бұл кездегі жүктеме 1500–4300 метр биіктікке көтерілумен тең болатын. Нагрузка при этом равнялась подъёму на высоту от 1500 до 4300 метров. Ауыр жұмыстан және нашар тамақтанудан адамдар әлсіреп, жарақат алған. Из-за изнурительной работы и скудного питания люди истощались и получали травмы. 1898 жылы Англияда мұндай жазаға тыйым салынды. В 1898 году такое наказание в Англии запретили. Бұл құрылғының тарихы АҚШ-та жалғасты: 1913 жылы онда қозғалмалы таспасы бар құрылғы патенттелді, ал 1952 жылы жүрек жұмысын тексеруге арналған моторлы жүгіру жолағы жасалды. История устройства продолжилась в США: в 1913 году там запатентовали конструкцию с движущейся лентой, а в 1952-м создали моторизированную дорожку для кардиотестов. 1970 жылдары жүгірудің танымал болуына байланысты бұл жаттығу құрылғысы фитнес-клубтарда кеңінен қолданыла бастады. В 1970-х, на волне бума бега, тренажёр окончательно завоевал фитнес-клубы. Осылайша, жүгіру жолағы түрмедегі көлеңкелі тарихынан салауатты өмір салтының нышандарының біріне айналғанға дейін ұзақ жолдан өтті. Так беговая дорожка прошла путь от мрачной тюремной истории до одного из символов здорового образа жизни.

🤔 ДЕЖАВЮ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОЛ НЕГЕ ПАЙДА БОЛАДЫ? ЧТО ТАКОЕ ДЕЖАВЮ И ПОЧЕМУ ОНО ВОЗНИКАЕТ? 📌 Глагол дня: еске түсіру — вспом
🤔 ДЕЖАВЮ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОЛ НЕГЕ ПАЙДА БОЛАДЫ? ЧТО ТАКОЕ ДЕЖАВЮ И ПОЧЕМУ ОНО ВОЗНИКАЕТ? 📌 Глагол дня: еске түсіру — вспоминать Дежавю — мүлде жаңа жағдай немесе орын бізге бұрыннан таныс болып көрінетін ерекше сезім. Дежавю — это странное ощущение, когда совершенно новая ситуация или место кажутся нам уже знакомыми. Ғалымдар оның табиғатын әлі күнге дейін нақты түсіндіре алмайды: дежавю күтпеген жерден пайда болып, ұзаққа созылмайды, сондықтан оны зерттеу қиын. Учёные пока не могут точно объяснить его природу: дежавю возникает неожиданно и длится недолго, поэтому его трудно изучать. Дежавюдің пайда болуын түсіндіретін қырықтан астам теория бар. Существует более сорока теорий возникновения дежавю. Солардың кейбіріне тоқталайық. Вот некоторые из них. Солардың біріне сәйкес, ақпарат миға әртүрлі жүйке жолдары арқылы түседі. Согласно одной из них, информация поступает в мозг по разным нервным путям, Егер сигналдардың бірі сәл кешіксе, ми оны қайталанған оқиға ретінде қабылдауы мүмкін. и если один сигнал немного запаздывает, мозг может воспринять его как повторное событие. Тағы бір теория дежавюді ұмытылған естеліктермен байланыстырады. Другая теория связывает дежавю с забытыми воспоминаниями. Жаңа ортаның қандай да бір бөлшегі бізге көп жыл бұрын көрген нәрсемізді еске түсіруі мүмкін. Какая-то деталь новой обстановки может напоминать то, что мы видели много лет назад. Біз сол естеліктің өзін есімізге түсіре алмаймыз, бірақ жағдай бізге таныс болып көрінеді. Само воспоминание мы не узнаём, но возникает чувство знакомой ситуации. Үшінші теория зейіннің басқа жаққа ауып кетуімен байланысты. Третья теория связана с рассеянным вниманием. Біз бір затқа қарап тұрған кезде, ми айналадағы жағдайды санадан тыс қабылдайды. Пока мы смотрим на один предмет, мозг неосознанно воспринимает окружающую обстановку. Назарымыз соған ауған кезде, бізге мұның бәрін бұрын көргендей болып көрінеді. Когда внимание переключается на неё, нам кажется, что мы уже всё это видели.

😀 КАЛОРИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ НЕГЕ ДЕНЕСІ ТОЛЫҚ АДАМ «ТОЙМАЙ» ЖҮРУІ МҮМКІН? ЧТО ТАКОЕ КАЛОРИЯ И ПОЧЕМУ ПОЛНЫЙ ЧЕЛОВЕК МОЖЕТ БЫ
😀 КАЛОРИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ НЕГЕ ДЕНЕСІ ТОЛЫҚ АДАМ «ТОЙМАЙ» ЖҮРУІ МҮМКІН? ЧТО ТАКОЕ КАЛОРИЯ И ПОЧЕМУ ПОЛНЫЙ ЧЕЛОВЕК МОЖЕТ БЫТЬ «НЕПОЛНЫМ»? 📌 Глагол дня: жетіспеу — не хватать, недоставать, не успевать Калория — ағзаның тағамнан алатын энергиясын өлшейтін бірлік. Калория — это единица измерения энергии, которую организм получает из пищи. Энергияның шамамен 70%-ы ағзалар мен тіндердің жұмысына қажет, 20%-ы дене белсенділігіне, ал 10%-ы ас қорытуға жұмсалады. Около 70% энергии необходимо для работы органов и тканей, 20% уходит на физическую активность, а 10% — на пищеварение. Сондықтан біз тыныштықта, яғни еш қимылсыз отырғанның өзінде де энергия жұмсаймыз. Поэтому мы расходуем энергию даже в покое. Орташа есеппен адамға күніне 2000–2500 калория қажет, бірақ бұл қажеттілік дене салмағына, бұлшықет массасына және дене белсенділігіне байланысты. В среднем человеку требуется 2000–2500 калорий в день, но потребность зависит от веса, мышечной массы и активности. Мысалы, «Тур де Франс» жарысына қатысушы спортшы тәулігіне 9000 калорияға дейін энергия жұмсауы мүмкін. Например, участник «Тур де Франс» может расходовать до 9000 калорий в сутки. Егер ағзаға түсетін энергия жұмсалатын энергиядан көп болса, оның артығы, соның ішінде май түрінде, қор болып жиналады, ал энергия жетіспеген кезде ағза осы қорларды пайдаланады. Если энергии поступает больше, чем расходуется, организм запасает избыток, в том числе в виде жира, а при дефиците использует эти запасы. Бірақ май — энергия қоры, ағзаға қажетті барлық заттардың қоры емес. Но жир — это запас энергии, а не всех необходимых веществ. Мысалы, газды сусынның 200 калориясы мен ет қосылған қарақұмықтың 200 калориясы шамамен бірдей энергия береді, бірақ олардың құрамы мен тойымдылығы әртүрлі. Так, 200 калорий газировки и гречки с мясом дают примерно одинаковое количество энергии, но отличаются по составу и насыщению. Өйткені ағзаға ақуыздар, майлар, дәрумендер, минералдар мен тағамдық талшықтар да қажет. Ведь организму нужны также белки, жиры, витамины, минералы и клетчатка. Сондықтан адамның ағзасында май түрінде энергия артық жиналғанымен, кейбір қоректік заттар жетіспеуі мүмкін. Поэтому у человека может быть избыток энергии в виде жира и одновременно недостаток некоторых питательных веществ. Дене салмағының жоғары болуы ағзаның барлық қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз етілгенін білдірмейді. Большая масса тела ещё не означает полноценного питания.

😴 БІЗ ТҮСТІ НЕ ҮШІН КӨРЕМІЗ? ДЛЯ ЧЕГО МЫ ВИДИМ СНЫ? 📌 Глагол дня: қалпына келу — восстанавливаться Адамдар мыңдаған жылдар
😴 БІЗ ТҮСТІ НЕ ҮШІН КӨРЕМІЗ? ДЛЯ ЧЕГО МЫ ВИДИМ СНЫ? 📌 Глагол дня: қалпына келу — восстанавливаться Адамдар мыңдаған жылдар бойы түстің табиғатын түсінуге тырысып келеді, бірақ ғалымдар біздің не үшін түс көретінімізді әлі күнге дейін нақты білмейді. Бұған қатысты бірнеше қызықты теория бар. Люди пытаются понять природу сновидений уже тысячи лет, но учёные до сих пор точно не знают, зачем мы видим сны. Существует несколько интересных теорий. Зигмунд Фрейд түстер біздің жасырын ойларымызды, тілектеріміз бен ішкі толғаныстарымызды бейнелейді деп есептеген. Зигмунд Фрейд считал, что сны отражают наши скрытые мысли, желания и переживания. Басқа бір теория бойынша, түс ақпаратты есте сақтауға көмектеседі: адамдар жақында үйренген нәрселерін түсінде көрсе, тапсырманы жақсырақ орындайды. Согласно другой теории, они помогают запоминать информацию: люди лучше справляются с задачей, если во сне видят то, чему недавно учились. Бұған қарама-қарсы пікір де бар: түс миды қажетсіз байланыстар мен артық ақпараттан арылтып, оларды ұмытуға көмектеседі. Есть и противоположная версия: сны помогают забывать, избавляя мозг от ненужных связей и лишней информации. Сондай-ақ түс сыртқы әлемнен келетін ақпарат ағыны толық тоқтаған кезде мидың жұмысын жалғастыруына мүмкіндік береді деген болжам бар. Мұндайда ми өзі түрлі бейнелер жасай бастайды. Также возможно сны также позволяют мозгу продолжать работать, когда поток информации из внешнего мира почти прекращается, а мозг сам начинает генерировать что-то. Түс өзіндік жаттығу да болуы мүмкін: түсіміздегі қауіпті жағдайлар шынайы өмірде қауіп төнген кезде дайын болуымыз үшін «шайқас немесе қаш» реакцияларын жаттықтыруға мүмкіндік береді. Сны могут служить тренировкой: опасные ситуации позволяют репетировать реакции «бей или беги», чтобы в реальной опасной ситуации в жизни быть готовыми. Түстер психологиялық тұрғыдан қалпына келуге көмектесіп, жағымсыз оқиғаларды күйзеліс деңгейін төмендете отырып қайта бастан өткеруге мүмкіндік береді. Сны помогают психологическому восстановлению, позволяя переживать неприятные события при меньшем уровне стресса. қырында, түстер мәселелерді шешуге де көмектесуі мүмкін. Түс кезінде ойлау күнделікті қалыптасқан логикамен шектеле бермейді. Сондықтан ми кейде күндіз ойымызға келмейтін шешімдерді табуы мүмкін. Наконец, сны могут помогать решать проблемы. Во сне мышление меньше ограничено привычной логикой, поэтому мозг иногда находит решения, которые не приходят нам в голову днём.

🚶 КҮНІНЕ 10 000 ҚАДАМ ЖҮРУ КЕРЕК ДЕГЕНДІ КІМ ОЙЛАП ТАПҚАН? КТО ВООБЩЕ ПРИДУМАЛ, ЧТО ЕЖЕДНЕВНО НУЖНО ПРОХОДИТЬ 10 000 ШАГОВ?
🚶 КҮНІНЕ 10 000 ҚАДАМ ЖҮРУ КЕРЕК ДЕГЕНДІ КІМ ОЙЛАП ТАПҚАН? КТО ВООБЩЕ ПРИДУМАЛ, ЧТО ЕЖЕДНЕВНО НУЖНО ПРОХОДИТЬ 10 000 ШАГОВ? 📌 Глагол дня: жақсарту — улучшать Жаяу жүру — дене белсенділігінің ең қарапайым әрі қолжетімді түрлерінің бірі. Ходьба — один из самых простых и доступных видов физической активности. Тұрақты түрде жаяу жүру бұлшықеттер мен сүйектерді нығайтады, жүрек пен қан тамырларының жұмысын жақсартады, дене салмағын қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі, төзімділікті арттырады, сондай-ақ көңіл күй мен ұйқыға оң әсер етеді. Регулярные прогулки укрепляют мышцы и кости, улучшают работу сердца и сосудов, помогают поддерживать нормальный вес, повышают выносливость, а также положительно влияют на настроение и сон. Көп адам денсаулықты сақтау үшін күніне 10 000 қадам жүру қажет деп санайды. Многие считают, что для здоровья необходимо проходить 10 000 шагов в день. Алайда бұл сан медициналық ұсыныстардан шыққан жоқ. Однако эта цифра появилась вовсе не в медицинских рекомендациях. 1965 жылы жапондық компания Manpo-kei — «10 000 қадам есептегіш» деп аталатын қадам өлшегіш шығарды. В 1965 году японская компания выпустила шагомер Manpo-kei — «счётчик 10 000 шагов». Сәтті жүргізілген жарнаманың арқасында бұл көрсеткіш біртіндеп күнделікті норма ретінде қабылдана бастады. Благодаря успешной рекламе эта цифра постепенно стала восприниматься как ежедневная норма. Қазіргі зерттеулер жаяу жүрудің пайдасы 10 000 қадамға жетпей-ақ байқалатынын көрсетеді. Современные исследования показывают, что ходьба приносит пользу задолго до достижения 10 000 шагов. Күнделікті белсенділікті 2–3 мың қадамнан 4–5 мың қадамға дейін арттырудың өзі денсаулыққа оң әсер етеді. Даже увеличение ежедневной активности с 2–3 до 4–5 тысяч шагов уже положительно влияет на здоровье. Сонымен қатар, тұрақты түрде жаяу жүру энергия жұмсауға, қан айналымын жақсартуға және бірқатар созылмалы аурулардың даму қаупін төмендетуге көмектеседі. Кроме того, регулярная ходьба помогает расходовать энергию, улучшает кровообращение и снижает риск развития ряда хронических заболеваний. Сондықтан нақты бір санға емес, күн сайын көбірек қимылдауды әдетке айналдыруға мән берген маңызды. Поэтому важна не конкретная цифра, а привычка больше двигаться каждый день.

🌊 ЦУНАМИ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛАДЫ ЖӘНЕ ОЛ НЕГЕ СОНШАЛЫҚТЫ ҚАУІПТІ? КАК ВОЗНИКАЕТ ЦУНАМИ И ПОЧЕМУ ОНО ТАК ОПАСНО? 📌 Глагол дня: бә
🌊 ЦУНАМИ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛАДЫ ЖӘНЕ ОЛ НЕГЕ СОНШАЛЫҚТЫ ҚАУІПТІ? КАК ВОЗНИКАЕТ ЦУНАМИ И ПОЧЕМУ ОНО ТАК ОПАСНО? 📌 Глагол дня: бәсеңдеу — замедляться, ослабевать Цунамиді көбіне алып тасқын толқыны деп атайды, алайда оның кәдімгі тасу-қайту құбылысына ешқандай қатысы жоқ. Цунами часто называют огромной приливной волной, хотя с обычными приливами оно не связано. Көбінесе цунами тектоникалық плиталар ығысқан кезде болатын суасты жер сілкінісінен пайда болады. Чаще всего оно возникает из-за подводного землетрясения, когда смещаются тектонические плиты. Сондай-ақ оған жанартаудың атқылауы немесе су астындағы көшкін себеп болуы мүмкін. Причиной также могут стать извержение вулкана или подводный оползень. Су астындағы дүмпу судың орасан зор массасын қозғалысқа келтіріп, үлкен толқын тудырады. Цунами дәл осылай пайда болады. Под водой происходит толчок, который приводит в движение огромную массу воды и создаёт большую волну. Именно так возникает цунами. Ашық мұхитта цунами байқалмайды деуге болады, бірақ оның жылдамдығы сағатына 800 шақырымнан асуы мүмкін. В открытом океане цунами почти незаметно, хотя может двигаться со скоростью более 800 км/ч. Жағаға жақындаған сайын толқынның жылдамдығы бәсеңдейді, есесіне биіктігі күрт артып, кейде шамамен 30 метрге дейін жетеді. При приближении к берегу волна замедляется, но её высота резко увеличивается — иногда примерно до 30 метров. Цунами алдында теңіз суы кенеттен жағадан алысқа шегініп кетуі мүмкін. Перед цунами море может неожиданно отступить далеко от берега. Бұл — жақындап келе жатқан толқынның қауіпті белгісі. Это опасный признак приближающейся волны. Жағаға соққан алып су толқыны жағалауды басып, ғимараттарды қиратып, үйінділерді қайтадан теңізге алып кетеді. Обрушившись на сушу, вода затапливает побережье, разрушает здания и уносит обломки обратно в море. 2004 жылы Үнді мұхитында болған ең жойқын цунамилердің бірі 200 мыңнан астам адамның өмірін қиды Одно из самых смертоносных цунами произошло в Индийском океане в 2004 году и унесло более 200 тысяч жизней. Сондықтан ерте ескерту жүйелері аса маңызды, ал аман қалудың ең тиімді жолы — қауіпті аймақтан мүмкіндігінше тезірек кету. Поэтому особенно важны системы раннего предупреждения, а лучший способ спастись — как можно быстрее уйти с пути стихии.